Доктор Мом® от простуды (мазь, Юник Фармасьютикал Лабораториз)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 20 г
Құрамы
20 г жақпамайдың құрамында
белсендi заттар: левоментол 0,61 г,
камфора 1,05 г,
тимол 0,02 г,
скипидар майы 1,11 мл,
эвкалипт майы 0,30 мл
қосымша заттар: мускат майы, жұмсақ ақ парафин
Сипаттамасы
Өзіне тән левоментол және камфора иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті жартылай мөлдір жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар.
АТХ коды R05X
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жүйелік сіңірілудің төмен болуына байланысты, препараттың фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Жергілікті тітіркендіргіш, алаңдатқыш, қабынуға қарсы және антисептикалық әсерге ие. Левоментолды теріге жаққан кезде салқындату, шаншу және аздап шымылдату сезімімен қатар жүретін жүйке ұштарының тітіркенуін тудырады. Жергілікті ауыруды әлсіз басатын және антисептикалық әсері бар.
Камфораны жергілікті қолданған кезде тітіркендіргіш және әлсіз антисептикалық белсенділік көрсетеді.
Скипидар майы жергілікті тітіркендіргіш, алаңдатқыш әсер көрсетеді және антисептикалық қасиеттері бар. Скипидар майының алаңдатқыш әсер көрсетуі эпидермис арқылы өту және тері рецепторының тітіркендіру нәтижесінде ағзада рефлекторлық өзгерісті туғыза алатын қабілетінің болуымен байланысты.
Эвкалипт майы теріге жаққан кезде аздап жергілікті қабынуға қарсы антисептикалық белсенділікке ие.
Тимол жергілікті қолданған кезде антисептикалық әсерге ие.
Қолданылуы
тұмаумен, мұрынның бітелу сезімімен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларды симптоматикалық емдеу;
бұлшықеттердің ауыруы, арқаның ауыруы;
бас ауыруы.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек сыртқа қолдануға ғана арналған!
Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға жақпамайды аз мөлшерде жұқа қабатпен тәулігіне 2-3 рет жағады:
- тұмау немесе мұрын бітелген кезде жақпамайды мұрын жақтаулары терісіне жағады;
- бұлшықет, арқа ауырған кезінде жақпамайды ауырған аймаққа жағады.
- жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ауырсынатын жерді жылы таңғышпен жабыңыз;
- бас ауыруы кезінде жақпамайды терінің самай бөлігіне жағады.
Емдеу курсы 5-7 күннен асырмай.
Жағымсыз әсерлері
Дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі кезеңде қолданғанда анықталған жағымсыз реакциялар төмендегідей жіктелді:
Өте жиі ≥1/10
Жиі ≥1/100 және <1/10
Жиі емес ≥1/1000 және <1/100
Сирек ≥1/10000 және <1/1000
Өте сирек <1/10000
Анықталмаған жиіліктің жеке хабарламалары (пайда болу жиілігін қол жетімді мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакциялар)
- камфораның әсер етуінің салдарынан құрысулардың дамуы
- анафилаксиялық шок
- бронх түйілуі
- аллергиялық дерматит, аздап қызару, қышыну, шымылдатып күйдіру сезімі және бөртулер.
Симптомдар әдетте 24 сағат ішінде қайтады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- тері жабындарының зақымданулары, препарат қолданылуы мүмкін жерлердегі күйікті, экзема, дерматиттер мен іріңді ауруларды қоса, тері ауруларының болуы;
бронх демікпесі;
3 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен клиникалық мәнді өзара байланысуы анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Егер ауру симптомдары сақталса немесе жай-күйдің нашарлағаны байқалса, препаратты пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бала препаратты жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Жақпамайды көзге, мұрынның шырышты қабығына және ауыз қуысына, сондай-ақ терінің зақымданған жеріне түсірмеуге тырысу керек.
Ларингоспазм, бронхоспазм, құрысу симптомдары пайда болған кезде пайдалануды тоқтатып, жылдам дәрігерге қаралу керек.
Егер дәрілік зат жарамсыз болып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе – оны ағын суға немесе далаға тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салып, қоқыс тастайтын контейнерге салыңыз. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану тәжірибесі жоқ болғандықтан бұл топтағыларға препаратты тағайындау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат зейіннің шоғырлануын және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді (көлік құралдарын басқару, қозғалыстағы механизмдерімен жұмыс жасау, диспетчерлік және операторлық жұмыс).
Артық дозалануы
Симптомы: препаратты жаққан жерде терінің тітіркенуі, бронхоспазм, ларингоспазм.
Емі: жақпамайдың артық мөлшерін өсімдік майына малынған дәкенің немесе қағаз сүрткінің көмегімен сүртіп тастауға болады. Бронхоспазм, ларингоспазм кезінде дереу дәрігерге қаралу керек.
Жақпамайды жұтып қойған жағдайда құсу және диарея сияқты асқазан-ішек симптомдарын болдыруы мүмкін. Жоғарыда аталған симптомдар пайда болған кезде симптоматикалық ем қажет болуы мүмкін.
Жақпамайдың ауқымды мөлшерін байқаусызда жұтып қойған жағдайда жүрек айнумен, құсумен, іштің ауыруымен және бас ауыруымен, бас айналуымен, ысыну ұстамаларымен/терінің қызаруымен, құрысулармен, тұншығумен және комамен қатар жүретін жедел улануды болдыруы мүмкін.
Препаратты байқаусызда жұтып қойған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек. Құстырудың қажеті жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай.
Бұрандалы қақпағы бар полиэтиленмен ламинатталған, алюминий фольгамен тығындалған полипропиленнен жасалған банкіде 20 г.
Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға 1 банкіден салынады.Сақтау шарттары
15-тен 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзiмi
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Юник Фармасьютикал Лабораториз» («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі)
Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай – 400 030, Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Джонсон Джонсон» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Қазақстан Республикасындағы «Джонсон Джонсон» ЖШҚ филиалы
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі 42, 23-А павильоны
тел./факс: +7 (727) 356-88-11, +7 (727) 356-88-19
электронды пошта: safetyru@its.jnj.com