Доктор Мом® от простуды

Производитель: Unique Pharmaceutical Laboratories (a Division of J.B. Chemicals & Pharmaceuticals Ltd.)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005243
Информация о регистрации в РК: 25.02.2013 - 25.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор Мом® суық тиюден

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 20 г жақпамай

Құрамы

20 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар:

ментол …………………………0,61 г

камфора ..........………..……….1,05 г

тимол ………………….………0,02 г

скипидар майы..... ……….….1,11 мл

эвкалипт майы....... ………….0,30 мл

мускат майы...... ……………...0,11 мл

қосымша зат жұмсақ ақ парафин 20 г-ге дейін

Сипаттамасы

Ментол мен камфораның өзіне тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті жартылай мөлдір жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелік сіңірілуі төмен болғандықтан, препарат фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Жергілікті тітіркендіретін, аулақтатқыш, қабынуға қарсы және антисептикалық әсер етеді. Теріге ысқылағанда ментол салқынды, шаншуды және жеңіл күйдіруді сезінумен қатар жүретін жүйке ұштарының тітіркенуін туғызады. Жергілікті әлсіз және антисептикалық әсер береді.

Жергілікті қолданғанда камфораның тітіркендіргіш және әлсіз антисептикалық белсенділік әсері бар.

Скипидар майы жергілікті тітіркендіргіш, аулақтатқыш әсер көрсетеді және антисептикалық қасиеттерге ие. Скипидар майының аулақтатқыш әсері тері рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде эпидермис арқылы өту және ағзада рефлекторлық өзгерістер туғызу қабілетіне байланысты.

Теріге ысқылағанда эвкалипт майының әлсіз жергілікті қабынуға қарсы және антисептикалық белсенділік әсері бар.

Жергілікті қолданғанда тимол антисептикалық әсер көрсетеді.

Мускат майының антисептикалық қасиеттері бар.

Қолданылуы

  • тұмаумен, мұрынның бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларды симптоматикалық емдеуде

  • бұлшықеттің ауыруында, арқаның ауыруында

  • бас ауыруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек сыртқа қолдануға арналған!

Ересектер мен 2 жастан асқан балалар үшін жақпамайдың азғантай мөлшерін жұқа қабатпен тәулігіне 2-3 рет жағады:

  • тұмау немесе мұрынның бітелуінде жақпамай мұрын желбезектері терісіне жағылады

  • бұлшықет, арқаның ауыруында жақпамай ауырған аумаққа жағылады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ауырған аумақты жылы таңғышпен жауып қою керек

  • бас ауырғанда жақпамайды самай аумағының терісіне жағылады

Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • ларингоспазм, бронхоспазм 

Сирек

  • камфора әсерінен болған құрусылардың дамуы 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • тері жабындарының зақымданулары, препараттың болжамды қолданылатын аумақтарында тері ауруларының болуы

  • 2 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайдың көзге, мұрынның және ауыз қуысының шырышты қабықтарына, сондай-ақ, терінің зақымдалған бөліктеріне түсуін болдырмау керек.

Ларингоспазм, бронхоспазм симптомдары, құрысулар пайда болғанда пайдалануды тоқтатып, тез арада дәрігерге қаралу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану тәжірибесі жоқтығына байланысты препаратты аталған топқа тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде препараттың артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ, жағымсыз әсерлерінің күшеюі болуы мүмкін.

Емісимптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұрандалы қақпағы бар полиэтиленмен ламинацияланған алюминий фольгамен тұмшаланған полипропилен банкілерде 20 г препараттан. Әр банкіге өздігінен желімденетін қағаз заттаңба жапсырылған.

1 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

15 ºС -ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Юник Фармасьютикал Лабораториз» («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі)

Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4-қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай – 400 030, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон  Джонсон» ЖШҚ филиалы

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, 23-А павильоны

тел./факс: +7 (727) 2458810, 2458815

электронды поштасы: safetyru@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

457480741477976948_ru.doc 48.5 кб
665898201477978126_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники