Доксипрокт плюс

МНН: Дексаметазон, Кальция добезилат, Лидокаин
Производитель: ОМ PHARMA S.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты и их комбинации
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018620
Информация о регистрации в РК: 19.01.2012 - 19.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Доксипрокт плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

20 г жақпамай

Құрамы

100 г препарат құрамында

белсенді зат: 4 г - кальций добезилат моногидраты, 2 г - лидокаин гидрохлориді, 0,025 г- дексаметазон ацетаты,

қосымша заттар: -

ЩЕСТВО полисорбат 80, пропил галлат, бутилгидроксианизол, сусыз лимон қышқылы, цетил спирті, полиэтиленгликоль 300, полиэтиленгликоль 1500, полиэтиленгликоль 4000, пропиленгликоль.

Сипаттамасы

Ақ түсті, иіссіз жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Геморройды және анальді сызаттарды емдеуге жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер.

АТЖ коды С05АХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетика бойынша деректері зерттелмеген, алайда Доксипрокт плюс препаратының құрамына кіретін белсенді компоненттер ішінара тері арқылы енетіні белгілі.

Фармакодинамикасы

Кальций добезилаты қылтамырлар қабырғаларына олардың қызметін қалыпты ете отырып, жоғары өткізгіштігін және иілгіштігінің төмендеуін, қабынуын азайтып, әсер етеді. Кальций добезилаты сондай-ақ антитромботикалық әсерге ие.

Лидокаин гидрохлориді, жергілікті жансыздандыратын дәрі , ауырудың азаюына ықпал етеді. Дексаметазон ацетаты, жергілікті қолдануға арналған кортикостероид, қабынуға қарсы және қышымаға қарсы әсері бар.

Доксипрокт плюс қабынуды, қанағыштықты, анальді аумақтың қабынуына байланысты белгілер мен симптомдардың, ауыруын, ашуын, қышуын және ширығу сезімдерінің жылдам басылуын қамтамасыз етеді.

Кальций добезилатын кортикостероидпен үйлестіру тек айқын қабыну үдерісінде ұсынылады.

Қолданылуы

- ішкі және сыртқы геморройда

- анальді қышымада

- анальді аумақтың экземасында

- анит, перианит, криптит, папиллитте

- жедел геморроидальді тромбоз және артқы өтіс сызатында

- геморроидэктомиядағы операцияға дейінгі және операциядан кейінгі емде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді және сыртқа, тәулігіне 2-3 рет. Жақпамайды таңертең және ұйықтар алдында, егер мүмкін болса дефекациядан кейін де жағады. Ішкі геморрой жағдайында жақпамайы бар сықпаға бұрап кигізілген канюляны пайдаланады.

Канюляны тік ішекке терең енгізеді, содан соң жеңіл қимылмен жақпамайды сыға отырып, бір мезгілде сықпаны басады.

Осылай қолданғанда сықпа 8 апликацияға дейін жетеді.

Сыртқы геморрой жағдайында немесе анальді қышымада жақпамайды күніне 2-3 рет жұқа қабатпен жағады.

Емнің ұзақтығы, әдетте, бірнеше күнді құрайды. Егер 1-2 апта емнен кейін симптомдардың жақсаруы байқалмаса немесе нашарлауы байқалса дәрігерге хабарлау керек. Емді дәрігер кеңесінсіз қайта жаңғыртуға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- ішек тасымалының өзгерісі

- уақытша күйдіру сезімі және қолданған аумақтағы ауыру

- қолданған бөлікте тері атрофиясының болуы мүмкін, әсіресе ұзақ қолданғанда

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыма, жергілікті аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заттарына және басқа компоненттеріне асқын сезімталдық

- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жаста

- бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін дәрілердің еш өзара әрекеттесуі белгісіз.

Сақтық мақсатында дексаметазон ацетатымен байланысты өзара әрекеттесуін назарда ұстаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды.

Жүктілік және емшекпен емізу

Доксипрокс плюсті жүктілік кезінде ана үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда, абсолюттік көрсеткіштер бойынша ғана тағайындауға болады. Лидокаин гидрохлориді мен дексаметазон ацетаты жергілікті қолданғаннан кейін ана сүтіне бөлінеді, жүйелі әсер ете алады, плацентарлық кедергі арқылы өтеді. Препаратты қолданғанда емшекпен емізуді тоқтату керек немесе препаратты тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозаланғанда

Артық дозалану жағдайлары туралы мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г алюминий сықпаға салынған. Сықпа полиэтилен ректальді канюлямен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепті арқылы

Өндіруші

OM PHARMA S.A.

Rua da Industria No 2, Quinta Grande

2610-088 Amadora – Португалия

Тіркеу куәлігінің иесі

OM PHARMA S.A.

Rua da Industria No 2, Quinta Grande

2610-088 Amadora – Португалия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

OM PHARMA S.A.

Rua da Industria No 2, Quinta Grande

2610-088 Amadora – Portugal

 

Прикрепленные файлы

742227791477977195_ru.doc 50.5 кб
515181141477978350_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники