Доксипрокт

МНН: Кальция добезилат, Лидокаин
Производитель: ОМ PHARMA S.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения геморроя и анальных трещин для местного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018619
Информация о регистрации в РК: 19.01.2012 - 19.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Доксипрокт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г жақпамай

Құрамы

100 г препарат құрамында

белсенді зат: 4,0 г - кальций добезилат моногидраты, 2,0 г - лидокаин гидрохлориді,

қосымша заттар: -

ЩЕСТВО000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 полисорбат 80, пропил галлат, бутилгидроксианизол, сусыз лимон қышқылы, цетил спирті, полиэтиленгликоль 300, полиэтиленгликоль 1500, полиэтиленгликоль 4000, пропиленгликоль.

Сипаттамасы

Ақ түсті, иіссіз жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Геморройды және анальді сызаттарды емдеуге жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер.

АТЖ коды С05АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Кальций добезилаты қылтамырлар қабырғаларына олардың қызметін қалыпты ете отырып, жоғары өткізгіштігін және иілгіштігінің төмендеуін, қабынуын азайтып, әсер етеді. Кальций добезилаты сондай-ақ антитромботикалық әсерге ие.

Лидокаин гидрохлориді, жергілікті жансыздандыратын дәрі , ауырудың азаюына ықпал етеді.

Доксипрокт® қабынуды, қанағыштықты, серозды сұйықтық бөлінуін қойғызады және анальді аумақтың қабынуына байланысты белгілер мен симптомдардың, ауыруын, ашуын, қышуын және ширығу сезімдерінің жылдам басылуын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- ішкі және сыртқы геморройда

- анальді қышымада

- анит, перианит, криптит, папиллитте

- жедел геморроидальді тромбоз және артқы өтіс сызатында.

- геморроидэктомиядағы операцияға дейінгі және операциядан кейінгі емде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді және сыртқа, тәулігіне 2-3 рет. Жақпамайды таңертең және ұйықтар алдында, егер мүмкін болса дефекациядан кейін де жағады. Ішкі геморрой жағдайында жақпамайы бар сықпаға бұрап кигізілген канюляны пайдаланады.

Канюляны тік ішекке терең енгізеді, содан соң жеңіл қимылмен жақпамайды сыға отырып, бір мезгілде сықпаны басады.

Осылай қолданғанда сықпа 10 апликацияға дейін жетеді.

Сыртқы геморрой жағдайында немесе анальді қышымада жақпамайды күніне 2-3 рет жұқа қабатпен жағады.

Емнің ұзақтығы, әдетте, бірнеше күнді құрайды. Егер 1-2 апта емнен кейін симптомдардың жақсаруы байқалмаса немесе нашарлауы байқалса дәрігерге хабарлау керек. Емді дәрігер кеңесінсіз қайта жаңғыртуға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- ішек тасымалының өзгерісі

- уақытша күйдіру сезімі және қолданған аумақтағы ауыру

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыма, жергілікті аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заттарына және басқа компоненттеріне асқын сезімталдық

- 14 жасқа дейінгі балалық жас

- бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін дәрілердің еш өзара әрекеттесуі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Нәжістен қан табылғанда немесе қан барына күдіктенгенде, бұл ауыру мен қызбамен қатар жүргенде дереу дәрігерге қаралу керек.

Асқын сезімталдық реакциялары білінген жағдайда емді дереу тоқтату керек.

Ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды.

Жүктілік және емшекпен емізу

Доксипроксті ® жүктілік кезінде ана үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана тағайындауға болады. Лидокаин гидрохлориді жергілікті қолданғаннан кейін ана сүтіне бөлінеді, жүйелі әсер ете алады, плацентарлық кедергі арқылы өтеді. Препаратты қолданғанда емшекпен емізуді тоқтату керек немесе препаратты тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозаланғанда

Артық дозалану жағдайлары туралы мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г алюминий сықпаға салынған. Сықпа полиэтилен ректальді канюлямен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

OM PHARMA S.A.

Rua da Industria No 2, Quinta Grande

2610-088 Amadora – Португалия

Тіркеу куәлігінің иесі

OM PHARMA S.A.

Rua da Industria No 2, Quinta Grande

2610-088 Amadora – Португалия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

OM PHARMA S.A.

Rua da Industria No 2, Quinta Grande

2610-088 Amadora – Portugal

 

Прикрепленные файлы

800387461477977192_ru.doc 47 кб
391735161477978349_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники