Диффалон (4 мг)

МНН: Монтелукаст
Производитель: Лабораториос Лесви С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122001
Период регистрации: 21.01.2016 - 21.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Диффалон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар, 4 мг

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді зат – натрий монтелукасты 4.15 мг

(монтелукастқа баламалы) 4.00 мг

қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, құлпынай хош иістендіргіші, аспартам, темірдің қызыл тотығы (Е172), магний стеараты

Сипаттамасы

Қызғылт түсті, сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «4» таңбаланған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа да препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст.

АТХ коды RO3DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

2-ден 5 жасқа дейінгі балаларда 4 мг шайнайтын таблетканы ашқарынға қабылдағаннан кейін Сmах 2 сағаттан соң жетеді.

Орташа Сmах таблетканы ішке 10 мг дозада қабылдағаннан кейін, ересектердегі осындайдан 66%-ға асады, бұл кезде орташа Cmin төмендейді.

Таралуы

Монтелукаст қан плазмасы ақуыздарымен 99%-дан астам байланысады. Тепе-тең жағдайда монтелукасттың таралу көлемі, орта есеппен, 8-11 литр құрайды. Монтелукаст гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді.

Метаболизмі

Монтелукаст бауырда белсенді метаболизденеді. Емдік дозаларда қолданғанда қан плазмасындағы монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары тепе-тең жағдайларда ересектер мен балаларда анықталған жоқ.

CYP3А4, 2А6 және 2С9 изоферменттері монтелукаст метаболизміне қатысады, бірақ емдік концентрацияларда монтелукаст CYP3А4, 2С9, 1А2, 2А6, 2С19 және 2D6 изоферменттерін тежемейді. Монтелукаст метаболиттері аздаған фармакологиялық белсенділікке ие.

Шығарылуы

Дені сау ересектерде монтелукасттың плазмалық клиренсі, орта есеппен, минутына 45 мл құрайды. Таңбаланған монтелукастты ішке қабылдағаннан кейін препараттың 86% 5 күн бойы ішек арқылы және <0.2%-дан азы бүйрекпен шығарылды. Монтелукаст пен оның метаболиттері негізінен өтпен шығарылады.

Монтелукасттың жоғары дозаларында (ересектерге ұсынылғаннан 20- және 60-есе), қан плазмасында теофиллин концентрациясының азаюы байқалды. Бұл әсер тәулігіне 1 рет 10 мг ұсынылған дозаларда байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы

Монтелукаст жуан жасушалар мен эозинофильдерді қоса, әртүрлі жасушалардан бөлініп шығады және тиімді қабыну эйкозаноидтары болып табылатын цистеин лейкотриендеріне (LTC4, LTD4, LTE4) жатады.

Бронх демікпесінде бронхтардың гиперреактивтілігін демейтін осы созылмалы персистерленген қабыну медиаторлары тыныс жолдарында цистеинді лейкотриендер рецепторларымен (CysLT) байланысады, ол өз кезегінде бронх түйілуінің дамуына, қақырық секрециясының артуына, тамырлар өткізгіштігінің өзгеруі және эозинофильдердің көшуіне әкеледі.

Монтелукаст CysLT-рецепторлармен жоғары дәрежедегі ұқсастықпен және таңдап байланысады. Препаратты қолдану бронхтүйілуінің ерте және кеш фазасын тежейді. Монтелукаст тіпті төмен дозада қолданғанның өзінде (5 мг) бронхтүйілуін азайтады. Бронходилатация препаратты ішке қабылдағаннан кейін 2 сағатқа созылады. Бета-агониспен туындаған бронходилатация әсері монтелукастпен туындаған әсерді күшейтеді. Монтелукаст ересектер мен балалардың шеткергі қанында және тыныс жолдарында (қақырықта) эозинофилдер мөлшерін төмендетеді және бронх демікпесінің клиникалық ағымын бақылауды жақсартады.

Ересек пациенттерде ОФВ1 ертеңгі деңгейін айтарлықтай жақсартады. Монтелукаст ингаляциялық глюко-кортикостероидтардың (ГКС) клиникалық әсерін күшейтеді. Бронх демікпесінің күндізгі (жөтел, сырылдау, тыныс алудың қиындауы, қызметтік шектелуді қоса) және түнгі симптомдарының айқындығын азайтады. Монтелукаст қажет болғанда қабылданатын (жағдайы нашарлағанда) бета-агонистерге және ГКС қажеттілікті төмендетеді. Монтелукаст қабылдайтын пациенттерде оны қабылдамайтын пациенттермен салыстырғанда ұзағырақ ремиссия байқалады. Емдік әсер алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін байқалады. Жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы бронх демікпесімен және эпизодтық өршумен 2 жастан бастап балаларда, монтелукаст бронх демікпесінің өршу эпизодтары жиілігін айтарлықтай төмендетеді тыныс алу функциясын жақсартады.

Дене жүктемесі аясында пайда болған (ЕIB) бронхтүйілуін бәсеңдетеді. Аспиринге сезімтал бронх демікпесімен, ингаляциялық және/немесе пероральді ГКС қатар ем қабылдайтын пациенттерде, монтелукастпен емдеу бронх демікпесі симптомдарын бақылаудың айтарлықтай жақсаруына әкеледі.

Қолданылуы

- қажеттігіне қарай ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа мерзім әсер ететін β- агонистермен емдеудің клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша жеңіл және орташа ауырлықтағы персистирленген демікпемен 2 жастан асқан пациенттер үшін

- жеңіл дәрежедегі персистирленген демікпемен пациенттерде (пероральді кортикостероидтарды қабылдауды талап ететін, бронх демікпесінің елеулі ұстамасынсыз, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтарды көтере алмаған жағдайда) ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозасының орнына 2 жастан асқан пациенттер үшін демікпені емдеудің баламалы әдісі

- дене жүктемесімен байланысты бронх түйілуі ұстамаларының профилактикасында 2 жастан асқан пациенттер үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

2-5 жастағы балалар үшін: 4 мг тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан (кешке қарай, ас қабылдағанға дейін 1 сағат бұрын немесе ас қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң). Осы жас тобында дозаны таңдау талап етілмейді.

Жалпы ұсынымдар

Бронх демікпесімен байланысты симптомдарға Диффалон препаратының емдік әсері бір күн ішінде байқалады. Пациенттер бронх демікпесінің симптомдарын бақылауға қол жеткен кезде де, сондай-ақ оның өршуі кезінде де препаратты қабылдауды жалғастыру керек.

Диффалон препаратын құрамында монтелукаст бар басқа препараттармен бірге қабылдауға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігімен, жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге қатысты деректер жоқ

Ұлдар мен қыздар үшін препараттың дозасы бірдей.

Диффалон препараты персистирленген жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы бронх демікпесін емдеуде төмен дозадағы ингаляциялық кортикостероидтар үшін баламалы дәрі болып табылады, бірақ орташа дәрежедегі ауырлықтағы персистирленген бронх демікпесімен пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды.

Диффалон препаратын персистирленген жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы бронх демікпесімен балаларда төмен дозадағы ингаляциялық ГКС-ке баламалы ем ретінде қолдануды соңғы кезде пероральді ГКС қабылдауды талап ететін бронх демікпесінің елеулі ұстамалары болмаған немесе ингаляциялық кортикостероидтарды қолдана алмайтын пациенттер үшін ғана қарастыру керек.

Егер бронх демікпесінің симптомдарын қанағаттандырарлықтай бақылауға қол жетпесе (әдетте 1 ай ішінде), қосымша немесе бронх демікпесін сатылы емдеу жүйесіне сәйкес басқа қабынуға қарсы емді қосу мүмкіндігін қарастыру керек. Пациенттер емдеу тиімділігін бағалау үшін мезгіл-мезгіл тексерілуі керек.

Диффалон препаратымен бронх демікпесін емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімде емдеу.

Егер препарат ингаляциялық ГКС қабылдау аясында тағайындалса, ингаляциялық ГКС препаратпен күрт алмастыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10), жиі емес (≥1/1000 <1/100), сирек (≥1/10000 <1/1000), өте сирек (<1/10 000)

Жиі:

- бас ауыруы, бас айналуы

- шөлдеу

- іштің ауыруы, диспепсия

- бөрту

- мұрынның бітелуі

Жиі емес:

- анафилаксия түріндегі аллергиялық реакциялар, есекжем, қышыну

- ашушаңдық, мазасыздық, ұйқысыздық

- құсу, диарея

Сирек

- Чердж-Стросс синдромы

Өте жиі:

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы*

Жиі:

- диарея*, жүрек айнуы*, құсу*

- қан сарысуында трансаминазалардың жоғары деңгейі (АЛаТ, АСаТ)

- бөрту*

- температураның жоғарылауы*

Жиі емес:

- ауыздың құрғауы, диспепсия

- гематомалар, есекжем, қышыну

- астения/жоғары шаршағыштық, жайсыздық сезімі, ісінулер

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде анафилаксиялық реакциялар

- әдеттегіден тыс түстер көру, оның ішінде қорқынышты түстер, ұйқысыздық, сомнамбулизм, шыдамсыздық, озбыр мінез-құлық немесе жауығушылық, депрессиялар, бағдарсыздықты қоса қозу

- мұрыннан қан кету, өкпе эозинофилиясы

- сылбырлық, бас айналуы, парестезия/гипестезия, құрысулар

- артралгия, бұлшықет құрысуын қоса миалгия

- энурез

Өте сирек

- гепатит (оның ішінде холестаздық, гепатоцеллюлярлық, бауырдың аралас генездегі зақымдануы)

- түйінді эритема, мультиформалы эритема

- бауырдың эозинофильді инфильтраттары

- елестеулер, суицидальді ниет және мінез құлық (суицид әрекетін қоса)

- Чердж - Стросс синдромы

Сирек:

- ангионевроздық ісіну

- зейін шоғырландырудың бұзылуы, жадының нашарлауы, психомоторлық жоғары белсенділік (ашушаңдық, үрейлену және треморды қоса)

- қанағыштыққа бейімділік

- жүрек қағуының жиілеуі

* бұл жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулер барысында монтелукаст, сондай-ақ плацебо да қабылдаған пациенттерде байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;

- 2 жасқа дейінгі балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған);

- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам бар)

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукастты, әдетте, демікпенің алдын алу және оны ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттармен қолдануға болады. Препарат ұсынылған дозаларда мынадай дәрілік заттардың: теофиллин, преднизон, преднизолон, ішуге арналған контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфариннің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыда елеулі әсерін тигізбеген.

Қан плазмасындағы монтелукаст AUC фенобарбитал қолданған пациентерде шамамен 40% төмендеген. Монтелукаст CYP 3A4 изоферментінің қатысуымен метаболизденетіндіктен, әсіресе балаларға препаратты фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4 индукторларымен бір мезгілде абайлап қолдану керек.

Іn vitro зерттеулері монтелукасттың CYP 2C8 изоферментінің күшті тежегіші екенін көрсетті. Алайда монтелукаст пен росиглитазонның (негізгі метаболизмі CYP 2C8 изоферментінің қатысуымен жүретін дәрілік заттарға арналған маркерлі субстрат) клиникалық өзара әрекеттесуінің зерттеулерінің нәтижесі in vivo монтелукасттың CYP 2C8-ді тежейтін әсерін анықтаған жоқ.

Сондықтан монтелукаст осы ферменттің қатысуымен метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) биотранформациясын айтарлықтай өзгертпейді деп саналады.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттер және ата-аналар/қамқоршылар ішу арқылы қолдануға арналған монтелукасттың ешқашан жедел демікпе ұстамаларын емдеуге пайдаланылмайтынын, сондай-ақ олардың тиісті жедел жәрдем препаратын үнемі өзімен алып жүру керектігін білуі тиіс. Жедел ұстамада қысқа әсер ететін ингаляциялық β‑агонистерді қолдану керек. Егер олар қысқа әсерлі β‑агонисін әдеттегіден көп мөлшерде қажет етсе, пациенттер дәрігермен мүмкіндігінше тезірек кеңесуі тиіс.

Монтелукаст ингаляциялық немесе ішуге арналған кортикостероидтарды күрт алмастырмауы тиіс.

Препараттың шайнауға арналған таблеткаларын бронх демікпесінің жедел ұстамасын басу үшін қолдануға болмайды. Ұстама пайда болған жағдайда ингаляциялық бета-агонистерді қолдану ұсынылады. Қысқа мерзім әсер ететін бета-агонистерді қолдануға қажеттілік жоғарылаған жағдайда пациенттерге мүмкіндігінше жылдамырақ дәрігерге қаралу ұсынылады.

Препаратты қатар қолданған жағдайда пероральді ГКС дозасын азайту мүмкіндігін растайтын деректер жоқ.

Сирек жағдайда монтелукастты қоса, бронх демікпесін емдеу үшін препараттар қабылдайтын пациенттерде кейде васкулиттің клиникалық біліністерімен және Чердж-Стросс синдромымен қатар жүретін жүйелі эозинофилия дамуы мүмкін; бұл жағдайлар жүйелі ГКС қабылдайды.

Осындай жағдайлар әдетте әрдайым пероральді ГКС дозасын азайтумен немесе оны қабылдауды тоқтатумен байланысты емес.

Лейкотриенді рецепторлар антагонисін қабылдау Чердж-Страусс синдромының пайда болуымен байланысы мүмкіндігін жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дәрігерлер, пациенттерде эозинофилия, васкулиттік бөртпе, өкпе симптомдарының күшеюі, жүрек тарапынан асқынулар және/немесе нейропатиялардың пайда болу мүмкіндігіне қатысты хабардар болуы керек.

Жоғарыда аталған симптомдар пайда болған пациенттер қайта тексерілуден өтуі, ал оларды емдеу режимі қайта қарастырылуы керек.

Диффалонның құрамында фенилаланиннің көзі болып табылатын аспартам бар. Фенилкетонуриямен пациенттерге әрбір шайнайтын 4 мг таблетканың құрамында 2,4 мг аспартам барын ескеру керек.

Жүйке-психикалық бұзылыстар

Психика тарапынан болатын бұзылуларға қозу, озбыр мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін шоғырландырудың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеу, ұйқысыздық, ашушаңдық, есте сақтаудың нашарлауы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса) және тремор сияқты жағымсыз әсерлер жатады.

Пациенттер мен медицина қызметкерлері осындай құбылыстардың пайда болуы мүмкін екенін білу керек. Аталған жағымсыз құбылыстар пайда болғанда Диффалонмен емді жалғастыру үшін пайда/қауіп арақатынасын бағалау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: қолда бар деректер Диффалон қолдану мен бүкіләлемдік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған мальформацияның (аяқ-қол кемістіктері сияқты) туындауы арасында өзара себеп-салдарлы байланыс барын көрсетпейді.

Монтелукасттың әйелдердің емшек сүтіне өтуі белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Алайда пациенттерде өте сирек жағдайларда ұйқышылдық байқалды.

Артық дозалануы

Бронх демікпесімен пациенттерде монтелукастты 2 апта ішінде/200 мг асатын дозада және 1 апта ішінде/900 мг дозада қабылдағанда артық дозалану симптомдары туралы деректер анықталған жоқ. 1000 мг асатын дозада (42 айлық бала үшін шамамен 61 мг/кг) ересектер мен балаларда монтелукасттың жедел артық дозалану жағдайлары байқалды. Алынған клиникалық және зертханалық нәтижелер ересектер мен бала жасындағы пациенттердің қауіпсіздік бейінімен сәйкестендірілді.

Симптомдары: іштің ауыруы, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу, арнайы у қайтарғысы жоқ. Перитонеальді диализде немесе гемодиализде монтелукасттың шығарылу мүмкіндігі туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Лабораториос Лесви С.Л., Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Гранд Медикал Групп АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гранд Медикал Групп АГ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Мамыр-4, 297а үй, 3 кеңсе

Тел: 8 (727) 225-69-90, 225-27-28

Тел/факс: 8 (727) 228-17-83

 

Прикрепленные файлы

509390871477976316_ru.doc 69 кб
208248101477977558_kz.doc 116.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники