Дифлюкан® (2 мг/мл, 50 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дифлюкан®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флуконазол
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне енгізуге арналған 2 мг/мл 50 мл ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 0,2 мг флуконазол,
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Зеңдерге қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол
АТХ коды J02АС01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін флуконазол организмнің тіндері мен сұйықтықтарына жақсы өтеді. Плазмадағы концентрациялары дозасына тікелей пропорциональді болып келеді.
Тепе-теңдік концентрациясының 90 % деңгейіне препаратты тәулігіне бір рет бірнеше күн енгізгеннен кейін 4 – 5-ші күнге қарай жетеді.
1-ші күні орташа тәуліктік дозасынан 2 есе артық екпінді дозасын енгізу 90 % концентрациясына (Css) 2-ші күнге қарай жетуге мүмкіндік береді.
Таралуы
Болжалды таралу көлемі организмдегі судың толық көлеміне сәйке келеді деуге болады. Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен (11 - 12 %).
Флуконазолдың сілекей мен қақырықтағы деңгейі оның қан плазмасындағы мөлшеріне тең. Зеңдік менингиті бар пациенттерде флуконазолдың жұлын сұйықтығындағы деңгейлері плазмадағы сәйкесінше деңгейлерінің шамамен 80 %-ын құрайды.
Флуконазол қан сарысуындағы концентрациясынан асып түсетін терідегі жоғары концентрациясына терінің мүйізді қабатында, эпидермисте/дермада және экзокриндік бездерден бөлінетін терде жинақталуының арқасында жетеді. Флуконазолдың жинақталуы мүйізді қабатта жүреді. Тәулігіне бір рет 50 мг дозасын қолданғаннан кейін флуконазолдың концентрациясы 12 күн емдеуден соң 73 мкг/г және емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күннен соң 5,8 мкг/г құрады. Аптасына бір рет 150 мг дозасын қолданғанда флуконазолдың мүйізді қабаттағы концентрациясы 7-ші күні 23,4 мкг/г және екінші дозасын қабылдағаннан кейін 7 күннен соң 7,1 мкг/г құрады.
Аптасына бір рет 150 мг дозасымен 4 ай емдегеннен кейін флуконазолдың тырнақтардағы концентрациясы сау тырнақтарда 4,05 мкг/г және ауру тырнақтарда 1,8 мкг/г құрады; флуконазол тырнақ үлгілерінде тіпті емдеу аяқталғаннан кейін 6 ай өткен соң да анықталып отырды.
Метаболизмі
Флуконазол тек екіншілік метаболиттеріне дейін метаболизденеді. Радиоактивті дозасының бар болғаны 11 %-ы өзгеріссіз күйінде несеппен шығарылған. Флуконазол CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерін, сондай-ақ CYP2C19 селективті тежейді.
Шығарылуы
Флуконазолдың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 30 сағатты құрайды. Шығарылуының негізгі жолы бүйректік экскреция болып табылады: қабылданған дозасының шамамен 80 %-ы несеппен өзгермеген дәрілік препарат түрінде шығарылады. Флуконазолдың клиренсі креатинин клиренсіне пропорциональді. Айналымда метаболиттері бар екендігінің белгілері жоқ.
Плазмадан жартылай шығарылуының ұзақ жолына қынаптық кандидозды емдеу үшін бір реттік дозасын қолдану, басқа көрсетілімдер үшін тәулігіне бір рет немесе аптасына бір рет қолдану негіз болады.
Бүйрек функциясының бұзылуы кезіндегі фармакокинетикасы
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 20 мл/мин.) пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі 30-дан 98 сағатқа дейін артты. Осының салдарынан дозасын төмендету қажет. Флуконазол гемодиализ үдерісінде және азғантай дәрежеде перитонеальді диализдің көмегімен шығарылады. Үш сағаттық гемодиализ сеансынан кейін қаннан 50 %-ға жуық флуконазол шығарылады.
Балалардағы фармакокинетикасы
9 айдан 15 жасқа дейінгі балалар 2 - 8 мг/кг флуконазолды қабылдағаннан кейін олардағы AUC 1 мг/кг дозалау бірлігінде 38 мкг х сағ/мл құрады. Бірнеше реттік дозаларын қолданғаннан кейін флуконазолдың плазмадан жартылай шығарылу кезеңінің орташа ұзақтығы 15 және 18 сағат арасында ауытқып тұрды, ал таралу көлемі шамамен 880 мл/кг құрады. Препаратты бір рет қолданғаннан кейін плазмадан жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтау болғаны, ол 24 сағатқа жуықты құрағаны байқалды. Бұл деректерді флуконазолды 11 күннен 11 айға дейінгі балаларға 3 мг/кг көлемінде көктамыр ішіне енгізгеннен кейінгі оның плазмадан жартылай шығарылу кезеңімен салыстыруға болады. Аталған жас тобындағылардағы таралу көлемі шамамен 950 мл/кг құрады.
Флуконазолдың жаңа туған сәбилерде қолданылу тәжірибесі шала туылған сәбилер үшін фармакокинетикасын зерттеумен шектелді.
Мерзімі жетіп туылған нәрестелер үшін дозалануы жөніндегі фармакокинетикалық деректер жеткіліксіз.
Алғашқы дозасын қолданған сәттегі пациенттердің орташа жасы гестация мерзімі 28 апталық шала туылған 12 сәбидің арасында 24 сағатты (9 сағаттан 36 сағатқа дейінгі ауқымда), ал туылған кездегі орташа салмағы - 0,9 кг (0,75-тен 1,10 кг дейінгі ауқымда) құрады. Жеті пациент хаттамаға сәйкес толық емдеу курсынан өтті; оларға флуконазол әр 72 сағат сайын көктамыр ішіне 6 мг/кг дозада, жалпы алғанда бес дозадан асырмай енгізілді. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі (сағат) 1 - ші күні 74 (44 – 185 ауқымында) құрады, содан соң 7-ші күні орташа алғанда 53-ке дейін (30 – 131 ауқымында) және 13-ші күні 47-ге дейін (27 – 68 ауқымында) қысқарды. Фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (мкг х сағ/мл) 1-ші күні 271 (173 – 385 ауқымында) құрады, содан соң 7-ші күні орташа алғанда 490-ға дейін (292 – 734 ауқымында) артты және 13-ші күні орташа алғанда 360-қа дейін (167 – 566 ауқымында) қысқарды. Таралу көлемі (мл/кг) 1-ші күні 1183 (1070 – 1470 ауқымында) құрады, содан соң уақыт өте келе 7-ші күні орташа алғанда 1184-ке дейін (510 – 2130 ауқымында) және 13-ші күні 1328-ге дейін (1040 -1680 ауқымында) артты.
Жаңа туған сәбилерде флуконазолдың шығарылуы баяу жүреді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалардағы флуконазолдың фармакокинетикасы зерттелген жоқ.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Дифлюкан®- триазолдық топқа жататын зеңге қарсы дәрі. Оның әсер етуінің негізгі механизмі зеңдердегі эргостерол биосинтезінде шешуші зат болып табылатын 14 - альфа - ланостеролдың зеңдік Р - 450 цитохромы түрткі болатын деметилдену реакциясын бәсеңдетуге негізделеді. 14 - альфа – метилстеролдардың жинақталуы кейіннен зеңдердің жасуша жарғақшалары құрамына кіретін эргостерол деңгейінің төмендеуін туғызады; бұл үдеріс флуконазолдың зеңге қарсы әсеріне негізделеді. Дифлюкан® препаратының, сүтқоректілердің P - 450 цитохромы жүйесінің түрлі изоферменттеріне қатысты алғандағыға қарағанда, зеңдердің Р - 450 цитохромы жүйесінің изоферменттеріне қатысты селективті екендігі анықталды.
Зерттеулер, 50 мг флуконазолды 28 күнге дейін күн сайын қабылдау ерлерде плазмадағы тестостерон деңгейіне немесе бала туатын жастағы әйелдерде стероидтар концентрациясына әсер етпейтінін көрсетті. Дені сау ерікті ерлерде флуконазолды күн сайын 200 - 400 мг дозада қолдану эндогендік стероидтар деңгейіне және АКТГ көтермелейтін реакцияға клиникалық тұрғыдан елеулі әсер еткен жоқ. Антипиринмен өзара әрекеттесуін зерттеулер, флуконазолдың 50 мг дозаларын бір рет қабылдау да, бірнеше рет қабылдау да оның метаболизміне әсер етпейтінін көрсетті.
In vitro сезімталдығы
In vitro флуконазол зеңнің клиникалық тәжірибеде анағұрлым кең таралған Candida түрлеріне (C. albicans, C. parapsilosis, C. Tropicalis қоса) қатысты зеңге қарсы белсенділік танытады. C. glabrata зеңі кең ауқымда сезімталдық танытады, ал C. krusei флуконазолдың әсеріне төзімді болып келеді.
Флуконазол сонымен қатар, Cryptococcus neoformans пен Cryptococcus gattii-ге қатысты, сондай-ақ эндемиялық Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis зең саңырауқұлақтарына қарсы in vitro белсенділік көрсетті.
Резистенттілігінің даму механизмі
Candida тектестердің өкілдерінде азолдар тобына жататын антимикотиктердің әсеріне қарсы бірқатар қорғаныс механизмдері анықталды. Мұндай резистенттілік механизмдердің біреуін немесе бірнешеуін өндіретін зең штамдары үшін флуконазолдың ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы (ЕТБК) жоғары, бұл in vivo зерттеулер мен клиникалық тәжірибеде препараттың тиімділігіне теріс әсер етеді.
Тек C. albicans штамынан ғана емес, негізінен флуконазолға сезімтал емес (мысалы, Candida krusei) Candida тектес басқа штамдардан да туындаған асқын инфекцияның туындағаны туралы деректер бар. Ондай жағдайларда зеңге қарсы баламалы емді қолдану қажет болады.
Қолданылуы
Ересектердегі ем:
- криптококтық менингитте
- кокцидиоидомикозда
- инвазивтік кандидозда
- шырышты қабықтардың кандидозында, соның ішінде орофарингеальді кандидозда, өңеш кандидозында, кандидурияда және созылмалы тері – шырышты қабық кандидозында
- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті ем жеткіліксіз болғанда
Ересектердегі профилактика:
- қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі криптококтық менингиттің қайталануларында
- АИТВ инфекциясы бар, қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі орофарингеальді кандидоз бен өңеш кандидозының қайталануларында
- ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі (гемобластоздары бар, химиотерапия қабылдап жүрген пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жүргізіліп жатқан пациенттер) кандидоздық инфекциялардың профилактикасы үшін
Мерзімі жетіп туылған нәрестелерді, сәбилер мен 17 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін.
- шырышты қабықтардың кандидозында
- инвазивтік кандидозда және криптококтық менингитте
- қайталанулар қаупі жоғары балалардағы криптококтық менингиттің қайталануларын болдырмау мақсатындағы демеуші емде
- Иммунитеті әлсіз пациенттердегі Candida тектес зеңдерден туындаған инфекциялардың профилактикасы үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Инфузияға арналған 50 мл ерітінді құйылған бір құтының ішінде 100 мг Дифлюкан® препараты бар.
Препараттың көктамырішілік инфузиясын енгізу жылдамдығы 10 мл/минуттан аспауы тиіс. Дифлюкан® препараты инфузияға арналған ерітінді түрінде шығарылады, онда әсер етуші заты натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9 %) ерітіндісінде ерітіледі; әр құтыдағы 200 мг препаратта (көлемі 100 мл) 15 ммольден Na+ және C1- иондары бар. Дифлюкан® препараты сұйылтылған тұзды ерітінді түрінде қолжетімді болғандықтан, натрий немесе сұйықтық тұтынылуын шектеу қажет пациенттер үшін енгізілетін сұйықтық мөлшерін есепке алу қажет.
Дозасы зең инфекциясының сипаты мен ауырлығына негізделуі тиіс. Инфекциялардың бірнеше реттік дозаларын қолдануды қажет ететін түрлерін емдеуді, клиникалық көрсеткіштер немесе зертханалық тестілер, белсенді зең инфекциясының толығымен емделгенін көрсеткенше жалғастыру керек. Емдеу кезеңінің жеткіліксіздігі белсенді инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін.
Емдеуді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін бастауға болады, алайда ол нәтижелер алынғаннан кейін инфекцияға қарсы емді тиісінше түзету керек.
Ересектерде қолданылуы
Криптококкоз:
-
Криптококтық менингитті емдеу: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 400 мг, келесі дозасы - 6 аптадан 8 аптаға дейін тәулігіне 200 - 400 мг құрайды. Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларды емдеу жағдайларында тәуліктік дозасын 800 мг дейін арттыруға болады.
-
Қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококтық менингиттің қайталануларын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне 200 мг.
Кокцидиоидомикоз: 11 - 24 ай бойына немесе, пациенттің жағдайына байланысты одан ұзағырақ 200 - 400 мг. Кейбір, әсіресе ми қабықтарының зақымдануымен жүретін инфекциялар үшін, тәулігіне 800 мг дозасы қарастырылуы мүмкін.
Инвазивтік кандидоз: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 800 мг, келесі дозасы – тәулігіне 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығы жөніндегі жалпы ұсыным – пациенттің қанында кандидемияның бар екендігіне алғашқы теріс нәтиже алынғаннан және кандидемия симптомдары толығымен жойылғаннан кейін 2 апта.
Шырышты қабықтың кандидозын емдеу:
-
Орофарингеальді кандидоз: қанықтырғыш дозасы – алғашқы күні 200 - 400 мг, келесі дозасы - 7 - 21 күн бойы тәулігіне 100 - 200 мг (орофарингеальді кандидоздың ремиссиясына жеткенше). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде емдеудің ұзағырақ кезеңдерін пайдалануға болады.
-
Өңеш кандидозы: қанықтырғыш дозасы – алғашқы күні 200 - 400 мг, келесі дозасы - 14 - 30 күн бойы тәулігіне 100 - 200 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенше). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде емдеудің ұзағырақ кезеңдерін пайдалануға болады.
-
Кандидурия: 7 - 21 күн бойы тәулігіне 200 - 400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде емдеудің ұзағырақ кезеңдерін пайдалануға болады.
4. Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне 50 мг.
5. Созылмалы тері – шырышты қабық кандидозы: 28 күнге дейін тәулігіне 50 - 100 мг дозалары. Инфекцияның ауырлығына немесе иммундық функция бұзылуы мен инфекцияның қатарлас жүруіне байланысты емдеудің ұзағырақ кезеңдерін пайдалануға болады.
АИТВ инфекциясы бар, қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталануларының алдын алу
-
Орофарингеальді кандидоз: созылмалы иммунитет төмендеуі бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне 100 - 200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.
-
Өңеш кандидозы: созылмалы иммунитет төмендеуі бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне 100 - 200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.
Ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялардың профилактикасы: 200 - 400 мг. Емдеуді нейтропенияның туындауы күтілген күннен бірнеше күн бұрын бастау және нейтрофилдер саны мм3-та 1000 жасушадан асқаннан кейін 7 күн бойы жалғастыру керек.
Егде жастағыларда қолданылуы
Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаса, препаратты әдеттегі дозада тағайындайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқасатарда қолданылуы
Бір рет қабылдаған кезде дозасын өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда препаратты бірнеше рет қолданғанда алдымен 50 мг-ден 400 мг дейінгі екпінді дозасын енгізу керек, содан кейін тәуліктік дозасын (көрсетіліміне байланысты) келесі кестеге сәйкес белгілейді:
Креатинин клиренсі (мл/мин)
Ұсынылатын дозасының пайызы
>50
≤50 (диализсіз)
Жүйелі диализ
100 %
50 %
Әр диализден соң 100 %
Жүйелі түрде диализ жүргізілетін науқастар әр диализден соң ұсынылған дозасының 100 %-ын қабылдауы тиіс; диализ жоқ күндері, науқастар өздерінің креатинин клиренсіне сәйкес, қысқартылған дозасын қабылдау тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылуы
Дифлюкан® препаратын бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі, сондықтан ондай пациенттерде бұл препаратты сақтықпен қолдану керек.
Балаларда қолданылуы
Дифлюкан® препараты балаларға күнделікті бір реттік дозасы түрінде тағайындалады.
Балалардаға ең жоғарғы дозасы тәулігіне 400 мг аспауы тиіс.
Ересектердегі осыларға ұқсас инфекциялар кезіндегі сияқты емдеу ұзақтығы, клиникалық және микологиялық жауапқа негізделуі тиіс.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар бала жастағы пациенттерге арналған дозалары жоғарыда «Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылуы» бөлімінде көрсетілген.
28 күннен 11 жасқа дейінгі сәбилер мен балалар
- Шырышты қабықтардың кандидозы: бастапқы дозасы тәулігіне 6 мг/кг, келесі дозалары тәулігіне 3 мг/кг-ден. Тепе-теңдік концентрациясына жылдамырақ жету үшін алғашқы күні бастапқы дозасын қолдануға болады.
- Инвазивтік кандидоз бен криптококтық менингит: Тәулігіне 6-дан 12 мг/кг дейінгі дозасы. Ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты.
- Қайталанулар қаупі жоғары балалардағы криптококтық менингиттің қайталануларының алдын алу мақсатындағы демеуші ем. Тәулігіне 6 мг/кг дозасы. Ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты.
- Иммунитеті әлсіз пациенттердегі Candida тектес зеңдерден туындаған инфекциялардың профилактикасы. Тәулігіне 3-тен 12 мг/кг дейінгі дозасы. Ұзақтығы индукцияланған нейтропенияның дәрежесі мен айқындығына байланысты.
Жасөспірімдер (12 жастан 17 жасқа дейінгі)
Пациенттің дене салмағы мен жыныстық жетілуіне байланысты дәрігер, қандай дозалау режимі (ересектер немесе балалар үшін) қолайлырақ болып табылатындығына баға беруі тиіс. Клиникалық деректер, балаларда флуконазолдың клиренсі ересектерге қарағанда жоғарырақ екендігін көрсетеді. Ересектердегі 100, 200 және 400 мг дозалары салыстырмалы жүйелі экспозициясы алынатын балалардағы 3, 6 және 12 мг/кг дозаларына сәйкес келеді.
Мерзімі жетіп туылған нәрестелер (0 күннен 27 күнге дейінгі)
- Мерзімі жетіп туылған нәрестелер (0 күннен 14 күнге дейінгі): әр 72 сағат сайын сәбилер мен 11 жасқа дейінгі балаларға арналған мг/кг дозасы қолданылады. Әр 72 сағат сайын 12 мг/кг құрайтын ең жоғарғы дозасын арттырмау керек.
- Мерзімі жетіп туылған нәрестелер (15 күннен 27 күнге дейінгі): әр 48 сағат сайын сәбилер мен 11 жасқа дейінгі балаларға арналған мг/кг дозасы қолданылады. Әр 48 сағат сайын 12 мг/кг құрайтын ең жоғарғы дозасын арттырмау керек.
Жағымсыз әсерлері
Барлық жағымсыз әсерлері туындау жиілігіне сәйкес атап келтірілген: жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1000 дейін).
Жиі
- бас ауыруы
-
іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея
-
аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің артуы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
-
бөртпе
Жиі емес
- анемия
- тәбеттің төмендеуі
-
ұйқышылдық, ұйқысыздық
-
құрысулар, парестезия (ұю, шаншу сезімі, «түршігу» түріндегі тері сезімталдығының бұзылуы), бас айналуы, дәм сезудің өзгеруі
- вертиго
-
іштің қатуы, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы
-
холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы
-
қышыну, дәрілік бөртпе (тұрақты дәрі-дәрмектік бөртпені қоса), есекжем, қатты терлеу
-
миалгия
-
қатты қажу, дімкәстану, астения, қызба
Сирек
-
агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения
-
анафилаксия
-
гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия
-
тремор
-
көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия, QT аралығының ұзаруы
-
бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымданулар
-
уытты эпидермальді некролиз, Стивенс - Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематоздық пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция
Бала жастағы пациенттер
Бала жастағы пациенттерде клиникалық зерттеулер кезінде анықталған жағымсыз реакциялардың сипаты мен жиілігі, сондай-ақ зертханалық көрсеткіштердің нормадан ауытқулары ересек пациенттердегі осындайлармен салыстырмалы.
Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау
Дәрілік препаратты тіркеуден кейін жағымсыз әсерлері туралы деректерді хабарлаудың препаратты қолданудың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізу үшін маңызы зор. Барлық медицина қызметкерлері мен пациенттер кез келген жағымсыз реакциялар туралы осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға және телефондар бойынша хабарлауы керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- флуконазолға, құрылымы жағынан флуконазолға ұқсас азолдық заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- Дифлюкан® препаратын тәулігіне 400 мг және одан да жоғары тәуліктік дозада бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау
- QT аралағын ұзартатын және цизаприд, астемизол, эритромицин, амиодарон, пимозид және хинидин сияқты P - 450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді
Цизаприд: Дифлюкан® препараты мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар жағдайлары, соның ішінде көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия жағдайлары тіркелді. Күніне бір рет 200 мг Дифлюкан® препараты мен күніне төрт рет 20 мг цизапридті бір мезгілде қолдану цизапридтің қан плазмасындағы деңгейлерінің елеулі артуына және QT аралығының ұзаруына алып келеді. Терфенадин: өзара әрекеттесуін зерттеулер зеңге қарсы азолдық препараттарды терфенадинмен бірге қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы себепті дамыған күрделі жүрек аритмиясының туындауы себепті жүргізілді. Зерттеу деректері бойынша, флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданғанда QT аралығының ұзаруы байқалған жоқ. Флуконазол тәулігіне 400 мг және 800 мг-ден қабылдаған басқа зерттеу, флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан артық дозаларда қабылдау терфенадиннің плазмалық деңгейлерінің елеулі артуына алып келетінін көрсетті. 400 мг және одан артық дозалардағы Дифлюкан® препараты мен терфенадинді бір мезгілде қолдануға болмайды. Тәулігіне 400 мг аз дозалардағы Дифлюкан® препараты мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.
Астемизол: Дифлюкан® препараты мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Астемизолдың плазмадағы жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін.
Пимозид: Дифлюкан® препараты мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Пимозидтің плазмалық концентрацияларының жоғарылығы QT аралығының ұзаруына, және сирек жағдайларда көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін.
Хинидин: Дифлюкан® препараты мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Хинидинді қолданғанда QT аралығының ұзаруы және көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның сирек жағдайлары байқалды.
Эритромицин: Дифлюкан® препараты мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылығының зор қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) және соның салдары ретінде, кенеттен жүректен болатын өлім қаупін арттырады. Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану амиодарон метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Амиодаронды қолдану QT аралығының ұзаруымен қатар жүрді.
Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды
Галофантрин: Дифлюкан® CYP3A4 ферментіне тежегіштік әсеріне байланысты, галофантриннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылығының потенциальды қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) және соның салдары ретінде, кенеттен жүректен болатын өлім қаупін арттырады.
Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты және олардың дозасын түзетуді қажет етеді
Басқа дәрілік препараттардың флуконазолға әсері
Рифампицин: Дифлюкан® препараты мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәндерінің 25 %-ға төмендеуіне және жартылай шығарылу кезеңінің 20 %-ға қысқаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдап жүрген пациенттерге флуконазолдың дозасын арттыру керек.
Гидрохлортиазид: флуконазолды қабылдап жүрген дені сау еріктілерде гидрохлортиазидтің бірнеше дозасын бір мезгілде қолдану флуконазолдың қан плазмасындағы концентрациясын 40 %-ға арттырды. Сонымен қатар, диуретиктерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде флуконазолды қабылдау режимін өзгерту қажет емес.
Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға әсері
Дифлюкан® P - 450 цитохромының CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші, және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ Дифлюкан® CYP2C19 изоферментін де тежейді. Сонымен қатар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін және Дифлюкан® препаратымен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдастарының плазмалық концентрациясының арту қаупі бар. Сондықтан бұл препараттарды сақтықпен үйлестіру керек, және пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Дифлюкан® препаратының ферменттерге тежегіштік әсері, оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты, аталған препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 4 - 5 күн бойы жалғасады.
Алфентанил: Дифлюкан® препараты (400 мг) мен көктамырішілік алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында дені сау еріктілерде алфентанилдің AUC10 мәні 2 есе артады, бұл CYP3A4 ферментінің тежелуінен болуы мүмкін. Алфентанилдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.
Амитриптилин, нортриптилин: Дифлюкан® амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5 – нортриптилиннің және (немесе) S - амитриптилиннің концентрациясын қатарлас емдеуді бастар алдында және одан кейін бір аптадан соң өлшеуге болады. Қажет болған жағдайда, амитриптилиннің немесе нортриптилиннің дозасына түзету жүргізу керек.
Амфотерицин В: Дифлюкан® препараты мен амфотерицин B бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетеді: C. albicans-тен туындаған жүйелі инфекциялар кезіндегі зеңге қарсы әлсіз аддитивтік әсері, Cryptococcus neoformans-тен туындаған бассүйекішілік инфекция кезінде ешқандай өзара әрекеттестігі жоқ, Aspergillus fumigatus-тен туындаған жүйелі инфекция кезіндегі екі препараттың антагонизмі.
Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолданылуы барысында, Дифлюкан® препаратын варфаринмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде, протромбиндік уақыттың ұзаруымен қатар жүретін қан кетулер (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) анықталды. Дифлюкан® препаратымен және варфаринмен қатарлас емдеу кезінде протромбиндік уақыт 2 есе артады, бұл варфарин метаболизмінің CYP2C9 изоферменті арқылы тежелуіне байланысты болуы мүмкін. Кумариндік немесе индандиондық антикоагулянттарды Дифлюкан® препаратымен бірге қабылдап жүрген пациенттерде протромбиндік уақытты бақылау керек. Антикоагулянттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.
Бензодиазепиндер (әсер қысқа) (мидазолам, триазолам): мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін Дифлюкан® мидазолам концентрацияларының елеулі жоғарылауына және психомоторлық әсерлерге алып келеді. Дифлюкан® препаратын қабылдап жүрген пациенттерді бензодиазепинмен қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, бензодиазепиннің дозасын азайту және пациенттерге тиісінше қадағалау жүргізу керек.
Карбамазепин: Дифлюкан® карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының қан сарысуындағы концентрациясын 30 %-ға арттырады. Карбамазепиндік уыттылықтың даму қаупі бар. Карбамазепиннің дозасын концентрациясы көрсеткіштеріне немесе әсеріне байланысты түзету қажет болуы мүмкін.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденеді. Дифлюкан® кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсерлерін жиі бақылау ұсынылады.
Целекоксиб: Дифлюкан® препаратымен (тәулігіне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатарлас емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax және AUC 68 % және 134 %-ға артады. Целекоксиб дозасының Дифлюкан® препаратымен үйлестірілген кезде жартысы қажет болуы мүмкін.
Циклофосфамид: циклофосфамид пен Дифлюкан® препаратын біріктіріп емдеу қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің артуына алып келеді. Біріктірілімін қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің арту қаупі пайда болғанға дейін пайдалануға болады.
Фентанил: өлімге соқтырған, фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен туындауы мүмкін бір жағдай тіркелді. Бұдан өзге, дені сау еріктілерде, Дифлюкан® фентанилдің элиминациясын едәуір кідіртетіні көрсетілді. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Пациенттерге тыныстың тарылу қаупінің болуы мүмкіндігіне байланысты мұқият қадағалау жүргізу керек. Фентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Гидроксиметилглутарил - кофермент A - редуктаза (ГМГ – КоA - редуктаза) тежегіштері: Дифлюкан® аторвастатин және симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы, немесе флувастатин сияқты CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ - КоA – редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалғанда, миопатия мен қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, науқас миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты дәрігердің қадағалауында болуы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. Егер креатинкиназа деңгейінің елеулі артуы немесе миопатия немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе дамуына күдік болса, ГМГ - КоA – редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.
Иммунодепрессанттар
Циклоспорин: Дифлюкан® циклоспориннің концентрациясы мен AUC мәнін едәуір арттырады. Дифлюкан® препараты (тәулігіне 200 мг дозада) мен циклоспоринді (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе жоғарылағаны байқалды. Препараттардың бұл біріктірілімін циклоспориннің дозасын концентрациясына байланысты төмендете отырып пайдалануға болады.
Эверолимус: CYP3A4 ферментінің тежеуіне байланысты, Дифлюкан® эверолимустың қан сарысуындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.
Сиролимус: Дифлюкан® сиролимустың плазмалық концентрациясын, шамасы, сиролимус метаболизмін CYP3A4 арқылы және Р – гликопротеинді тежеуі арқылы арттырады. Бұл біріктірілімін сиролимустың дозасын әсері мен концентрациясының көрсеткіштеріне байланысты түзеткен кезде пайдалануға болады.
Такролимус: Дифлюкан® ішу арқылы қолданғанда такролимустың қан сарысуындағы концентрациясын CYP3A4 ферментінің ішекте тежелуі салдарынан такролимус метаболизмінің тежелуі себепті 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты көктамыр ішіне қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістері байқалған жоқ. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылықтың дамуына алып келді. Ішу арқылы қолданған кезде такролимустың дозасын оның концентрациясыа байланысты азайту керек.
Лозартан: Дифлюкан® лозартанның өзінің, лозартанмен емдеу кезінде орын алатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің көп бөлігіне жауап беретін белсенді метаболитіне (Е - 3174) метаболизмін тежейді. Науқастар артериялық қысымды үнемі бақылап отыруы тиіс.
Метадон: Дифлюкан® қан сарысуындағы метадон концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флурбипрофенмен монотерапияны салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC Дифлюкан® препаратымен бір мезгілде тағайындағанда 23% және 81%-ға артады. Осы сияқты, Дифлюкан® ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен бір мезгілде тағайындалғанда (400 мг), соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомерінің (S - (+) - ибупрофен) Cmax және AUC 15 % және 82 %-ға артады.
Дифлюкан®, CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерін күшейтуі мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсері мен уыттылығына жиі мониторинг жүргізу ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Пероральді контрацептивтер: Дифлюкан® 50 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі әсері байқалған жоқ, ал тәуліктік 200 мг дозасы кезінде, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация – уақыт қисығы астындағы ауданы) 40% және 24%-ға артты. Осылайша, Дифлюкан® препаратын жоғарыда көрсетілген дозаларда бірнеше рет қолдану ұрықтануға қарсы ішілетін біріктірілген препараттардың тиімділігіне әсер етпейді.
Ивакафтор: муковисцидоз кезінде трансжарғақшалық өткізгіштік реттегіші генінің стимуляторы (CFTR) ивакафтормен бір мезгілде қолдану, ивакафтордың әсер ету деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил - ивакафтордың (M1) әсер ету деңгейін - 1,9 есе арттырды. Ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету, флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге ұсынылады.
Фенитоин: Дифлюкан® фенитоиннің бауырлық метаболизмін тежейді. Дифлюкан® препаратын 200 мг дозада және фенитоинді 250 мг дозада көктамыр ішіне бір мезгілде бірнеше рет қолдану фенитоиннің AUC24 мәнінің 75 %-ға және Cmin мәнінің 128 %-ға жоғарылауына алып келді. Бір мезгілде қолданғанда фенитоиннің уыттылық көріністерін болдырмау үшін, фенитоин концентрациясының қан сарысуындағы деңгейлері тексерілуі тиіс.
Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін преднизонмен ем қабылдаған пациентте, флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай анықталды. Дифлюкан® препаратын тоқтату CYP3A4 ферменті белсенділігінің жоғарылауына алып келді, бұл өз кезегінде преднизон метаболизмінің күшеюін туғызды деп шамаланады. Дифлюкан® препаратымен және преднизонмен ұзақ уақыт ем қабылдаған пациенттерді Дифлюкан® препаратын тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігінің дамуына қатысты қадағалау керек.
Рифабутин: Дифлюкан® препаратымен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы рифабутиннің AUC шамасының 80%-ға дейін артуына алып келеді. Дифлюкан® мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған науқастарда увеит дамыған жағдайлар туралы хабарланды, және рифабутин уыттылығының біліну симптомдарына көңіл бөлу керек. Рифабутин мен Дифлюкан® препаратын бір мезгілде қабылдап жүрген науқастардың жағдайын мұқият бақылау қажет.
Саквинавир: CYP3A4 ферментінің қатысуымен саквинавирдің бауырлық метаболизмін тежеуіне, сондай-ақ P-гликопротеинді тежеуіне байланысты, Дифлюкан® ферменттердің қатысуымен саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін сәйкесінше 50 % және 55 %-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ және анағұрлым айқын болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.
Сульфонилмочевина препараттары: сульфонилмочевина препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда Дифлюкан® қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қандағы глюкозаны жиі бақылау және сульфонилмочевинаның дозасын тиісінше азайту ұсынылады.
Теофиллин: Дифлюкан® препаратын 14 күн бойы 200 мг қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18 %-ға төмендеуіне алып келеді. Дифлюкан® препараты мен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген науқастарды немесе теофиллиннің уытты әсерінің қаупі жоғары науқастарды, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында мұқият қадағалау қажет; олар пайда болған жағдайда, емдеуді тиісінше өзгерту керек.
Қабыршөп алкалоидтары: Дифлюкан® қабыршөп алкалоидының плазмалық деңгейлерін арттыруы (мысалы, винкристин және винбластин) және CYP3A4-ке тежегіштік әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа алып келуі мүмкін.
А дәрумені: толықтай транс - ретиной қышқылымен (A дәруменінің қышқыл түрі) және Дифлюкан® препаратымен біріктіріп емдеуден өткен пациенттің бір клиникалық жағдайының сипаттамасында ОЖЖ тарапынан Дифлюкан® препаратын тоқтатқаннан кейін басылған идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлердің дамығаны анықталды. Бұл біріктірілімін пайдалануға болады, бірақ ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерін анықтау мақсатында пациенттерді қадағалау керек.
Зидовудин: Ішу арқылы қабылдағанда зидовудин клиренсінің шамамен 45 %-ға төмендейтіндігіне байланысты, Дифлюкан® зидовудиннің Cmax және AUC на 84 % және 74 %-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі Дифлюкан® препаратымен біріктіріп емдеуден кейін шамамен 128 %-ға ұзарады. Бұл біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалауда болуы тиіс. Зидовудиннің дозасын азайту қажет болуы мүмкін.
Көктамыр ішіне енгізуге арналған Дифлюкан® келесі ерітінділермен үйлесімді:
- 5 % және 20 % глюкоза ерітіндісі,
- Рингер ерітіндісі,
- Хартманн ерітіндісі,
- калий хлоридінің глюкозадағы ерітіндісі,
- 4,2 % және 5 % натрий бикарбонаты ерітіндісі,
- 3,5 % аминазин ерітіндісі,
- 0,9 % натрий хлориді ерітіндісі,
- Диалафлекс (6,36 % перитонеальді диализге арналған ерітінді).
Айрықша нұсқаулар
Бастың шашты бөлігінің дерматофитиясы
Флуконазолдың балалардағы бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеуде қолданылуын зерттеулер, оның тиімділігі жағынан гризеофульвиннен асып түспейтіндігін көрсетті: емдеудің жалпы сәттілігі 20 %-дан азды құрады. Бұдан шығатын қорытынды, Дифлюкан® препаратын бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін қолданбау керек.
Криптококкоз
Дифлюкан® препаратының басқа аймақтардағы криптококкозды (мысалы, өкпе және тері криптококкозын) емдеудегі тииімділігі туралы дәлелденген деректер жеткіліксіз, сондықтан препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар беру мүмкін емес.
Терең эндемиялық микоздар
Дифлюкан® препаратының паракокцидиоидомикоз, тері - лимфалық споротрихоз және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа формаларын емдеу үшін тиімділігі жөніндегі дәлелденген деректер шектеулі, сондықтан препаратты мұндай жағдайларда дозалау жөніндегі ұсынымдар жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Дифлюкан® препаратын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бүйрекүсті бездері функциясының бұзылуы
Кетоконазолдың бүйрекүсті безі жеткіліксіздігін туғызатыны белгілі, бұл сирек жағдайларда флуконазолды қолданған кезде де байқалуы мүмкін.
Бауыр және өт шығару жолдары функциясының бұзылуы
Дифлюкан® препаратын бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану, негізінен күрделі қатарлас аурулары бар науқастарда ауыр, соның ішінде өлімге соқтыратын гепатоуыттылықпен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозасымен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жас шамасымен қандай-да бір өзара байланыстылығы байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін басылып отырды.
Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емдеу кезінде бауырдың ауырырақ зақымданулары дамуының алдын алу мақсатында тұрақты қадағалауда болуы тиіс.
Емдеуші дәрігер пациенттерді бауырға тән ауыр салдарларының симптомдары (астения, анорексия, тұрақты түрде жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы хабардар етуі тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату, ал пациент дәрігерге қаралуы керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі
Кейбір азолдарды, соның ішінде флуконазолды қолданғанда, электрокардиограммада QT аралығы ұзарған жағдайлары орын алған. Тіркеуден кейінгі қадағалау барысында Дифлюкан® препаратын қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы мен полиморфты қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) өте сирек жағдайлары тіркелген. Аталған жағдайлардың ішінен, осы жағдайға әсер етуі мүмкін жүректің құрылымдық аурулары, электролиттік бұзылулар және қатарлас препараттар сияқты көптеген қатарлас қауіп факторлары бар ауыр науқасқа шалдыққан пациенттер туралы хабарламалар болды.
Дифлюкан® препаратын мұндай проаритмиялық жағдайлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. QT аралығын ұзартатыны және P - 450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Галофантрин
Галофантрин ұсынылған емдік дозасында QT аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Тері реакциялары
Сирек жағдайларда флуконазолмен емдеу кезінде пациенттерде Стивенс - Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыған. ЖИТС-ке шалдыққан пациенттер көптеген дәрілік препараттарға білінетін ауыр тері реакцияларының дамуына бейімірек келеді. Егер беткейлік зең инфекциясынан емделіп жүрген пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатындай бөртпе пайда болса, аталған дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазивтік /жүйелі зең инфекциялары бар пациенттерде бөртпе туындаса, оларды мұқият қадағалау және буллездік зақымданулар немесе полиморфты эритема дамыған жағдайда, флуконазолды тоқтату керек.
Аса жоғары сезімталдық
Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары анықталды.
P - 450 цитохромы
Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің де тежегіші болып табылады. Дифлюкан® препаратын емдік ауқымы тар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері арқылы метаболизденетін дәрілік препараттармен бір мезіглде қабылдап жүрген пациенттерге қадағалау жүргізу керек.
Терфенадин
Тәулігіне 400 мг аз дозалардағы фуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.
Қосымша заттар
Бұл дәрілік препараттың құрамында 1 мл-де 0,154 ммоль натрий бар. Мұны препаратты натрий тұтынылуы шектелген диета тағайындалған пациенттерде қолданған кезде ескеру керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Дифлюкан® препаратын жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.
Алғашқы триместрде флуконазолдың стандартты дозаларын (тәулігіне < 200 мг) бір рет немесе қайталап қабылдаған жүкті әйелдерден алынған деректер, препараттың шаранаға жағымсыз әсерінің болмағанын көрсетті.
Аналары үш ай немесе одан да ұзақ уақыт бойы кокцидиоидомикозға қатысты флуконазолдың жоғары дозаларымен (тәулігіне 400 - 800 мг) ем қабылдаған жаңа туған сәбилерде көптеген туа біткен аномалиялар (соның ішінде брахицефалия, құлақ дисплазиясы, алып маңдай еңбегі, ортан жіліктің қисаюы және тоқпан-кәрі жілік синостозы) тіркелді. Флуконазолды қолдану мен аталған жағдайлар арасындағы өзара байланыстылық белгісіз.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетті.
Егер анық қажеттілігі болмаса, стандартты дозалардағы Дифлюкан® препараты мен қысқа мерзімді емдеуді жүктілік кезінде қолданбау керек.
Өмірге қауіпті инфекция жағдайларынан басқа кезде, жоғары дозалардағы Дифлюкан® препаратын және (немесе) ұзақ емдеуді жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.
Бала емізу кезінде пайдаланылуы
Дифлюкан® препаратының емшек сүтіндегі концентрациялары оның қан плазмасындағы концентрацияларынан төмен. Флуконазолдың 200 мг немесе одан аз стандартты дозасын бір рет қабылдағаннан кейін бала емізуді жалғастыра беруге болады.
Бірақ флуконазолды бірнеше рет қолданғаннан немесе жоғары дозасын қабылдағаннан кейін бала емізу ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дифлюкан® препаратының көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ. Дифлюкан® препаратын қабылдау кезінде пациенттер бас айналуын немесе құрысу ұстамаларын бастан өткеруі мүмкін, сондықтан осы симптомдардың кез келгені туындаған жағдайда автокөлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс жасаудан аулақ болу керек.
Артық дозалануы
Дифлюкан® препаратымен артық дозалану жағдайлары тіркелген.
Симптомдары: препараттың елестеулермен және параноидтық мінез-құлықпен қатар жүретін жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі - симптоматикалық (соның ішінде демеуші шаралар және асқазанды шаю).
Дифлюкан® негізінен несеппен шығарылады, сондықтан қарқынды диурез препараттың шығарылуын жеделдетуі мүмкін.
3 сағатқа созылатын гемодиализ сеансы Дифлюкан® препаратының плазмадағы деңгейін шамамен 50 %-ға төмендетеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл препараттан I типті бейтарап шыныдан жасалған, резеңке тығындармен тығындалған және пластик ендірмесі бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған мөлдір құтыларға құйылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
30°С-ден төмен температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші және қаптаушы
Фарева Амбуаз, Франция
Зона Индустриале - 29 роут дес Индастриес
37530 Поце Сур Циссе, Франция
Тіркеу куәлігінің иесі
Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн, Нью-Йорк, АҚШ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниясының өкілдігі,
Алматы қ., Фурманов к-сі, 100/4
тел.: (727) 250-09-16
факс: (727) 250-42-09
электронды поштасы: PfizerKazakhstan@pfizer.com