Дификлир

МНН: Фидаксомицин
Производитель: Патеон Инк.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фидаксомицин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021130
Период регистрации: 16.01.2015 - 16.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Дификлир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фидаксомицин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 200 мг фидаксомицин,

Сипаттамасы

Фармакодинамикасы

Фидаксомицин - антибиотик, макроциклдік антибактериялық препараттар класына жатады.

Фидаксомициннің бактерицидтік әсері бар және бактериялар РНҚ-полимеразасы жүзеге асыратын РНҚ синтезін тежейді. Рифамициндер әсер ету аумағынан ерекшеленетін РНҚ-полимераза аумағындағы әсерге кедергі келтіреді. Клостридия РНҚ-полимеразасы әсерін бәсеңдету E.coli ферментін бәсеңдету үшін қажетті болатыннан 20 есе төмен концентрацияда жүреді (20 мкМ салыстарғанда 1 мкМ), бұл бір жағынан фидаксомицин әсерінің айқын өзіндік сипатын түсіндіреді.

Фидаксомицин C. difficile спора түзілуін in vitro тежейді.

Іn vitro алынған деректер фидаксомицинге уақытқа тәуелді бактерицидті әсер тән екендігін дәйектейді және ішінде концентрациясы ең төменгі бәсеңдететін концентрациядан (МБК) асып түсетін уақыттың анағұрлым жақсы болжамды клиникалық тиімділік параметрі болуы мүмкіндігін көрсетеді.

Фидаксомицин жүйелік жұқпаларды емдеу үшін пайдаланыла алмайтын, жергілікті әсер ететін дәрілік препарат болып табылады. Сондықтан клиникалық шекаралық мәнін белгілеу аса маңызды емес. Эидемиологиялық бөлу нүктесі фидаксомицин және жабайы типті популяцияны жүре біткен төзімділігі бар штамдардан бөлетін C. difficile үшін ≥ 1,0 мг/л құрайды.

Микробқа қарсы әсерінің ауқымы

Фидаксомицин C. Difficile қатысты бактерицидті әсері бар, әсер ету ауқымы тар микробқа қарсы дәрілік препарат болып табылады.

Фидаксомицин МБК90 C. difficile қатысты 0,25 мг/л, ал оның негізгі метаболиті, ОР-1118 қатысты - 8 мг/л құрайды. Грамтеріс организмдер фидаксомицинге сезімтал емес.

Ішек флорасына әсер етуі

Зерттеу барысында фидаксомицинмен емдеу бактероидтар концентрациясына және Clostridium difficile туындатқан жұқпасы бар емделушілер нәжісінде микробиоттың басқа да негізгі компоненттеріне әсер етпейтіні көрсетілген.

Төзімділік механизмінің дамуы

Фидаксомицинге төзімділік беретін агенттер белгісіз. Антибиотиктер класының, β-лактамды антибиотиктер, макролидтер, метронидазол, хинолондар, рифампицин және ванкомицинді қоса, кез келген басқаларына айқаспалы төзімділігі айқындалмаған. Фидаксомицинге сезімталдықтың төмендеуі РНҚ-полимеразаның спецификалық мутацияларымен астасуынан болады.

Клиникалық тиімділігі

Клиникалық зерттеулерде емдеу аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде аурудың қайталап туындау жиілігі салдарлы соңғы нүкте ретінде қарастырылған. Аурудың қайталап туындау жиілігі (рецидивтерді қоса) фидаксомицинмен емдеу кезінде (95 % СА (сенімді аралық) [-16,8 %; - 6,8 %] кезінде 26,0 % салыстырғанда 14,1 %) айтарлықтай төмен болған.

Дегенмен, осы зерттеулер дизайны жаңа штаммен жұқтырудың алдын алуды дәлелдеуге мүмкіндік берген жоқ.

Қолданылуы

- ересектерде Clostridium difficile туындатқан, сондай-ақ C. difficile-астасқан диарея ретінде белгілі жұқпаларды емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдау үшін.

Тамақтанумен бір мезгілде немесе оған байланыссыз қабылдауға болады. Ересектер мен егде жастағы адамдар (≥ 65 жастағы)

Ұсынылатын доза 200 мг (бір таблетка) күніне 2 рет (әрбір 12 сағат сайын) 10 күн бойы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзетудің қажеті жоқ. Емделушілердің осы тобында қолданылуы жөніндегі клиникалық деректердің шектеулі болуымен байланысты, Дификлир бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзетудің қажеті жоқ. Емделушілердің осы тобында қолданылуы жөніндегі клиникалық деректердің шектеулі болуымен байланысты, Дификлир бауырдың орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (1/100 - < 1/10)

  • жүрек айну, құсу, іштің қатуы

Жиі емес (1/1000 - < 1/100)

- бас айналу, бас ауыру, дисгевзия

- ауыздың құрғауы, іштің кебуі, метеоризм

- тәбеттің төмендеуі

- аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

Жиілігі белгісіз

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевротикалық ісіну, диспноэ)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді компонентіне немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фидаксомицин Р-гликопротеин үшін субстрат болып табылады және ішекте соңғысының әлсіз немесе орташа тежегіші болуы мүмкін.

А циклоспорині Р-гликопротеин тежегіші мен Дификлир препаратының бір реттік дозасын бірге енгізу дені сау еріктілерде фидаксомициннің Смакс және AUC (Area Under the Curve – фармакокинетикалық қисық асты ауданы) мәндерінің, сәйкесінше, 4 есе және 2 есе жоғарылауына, оның негізгі метаболиті - ОР-1118 Смакс және AUC мәндерінің, сәйкесінше, 9,5 есе және 4 есе жоғарылауына әкелген. Мұндай концентрация жоғарылаудың клиникалық мәнділігі түсініксіз болғандықтан, препаратты циклоспорин, кетоконазол, эритромицин, кларитромицин, верапамил, дронедарон және амиодарон сияқты Р-гликопротеиннің күшті тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды.

Дификлир 200 мг дозада күніне 2 рет қабылдаған кезде жүйелік қан ағымында дигоксин концентрациясына елеусіз, клиникалық болмашы әсер етеді.

Дегенмен, Р-гликопротеинге арналған субстраттарға барынша айқын әсерін де жоққа шығаруға болмайды, оларда биожетімділік анағұрлым төмен болады және ішекте дабигатран этексилат сияқты Р-гликопротеинді басуға барынша қабілетті.

Айрықша нұсқаулар

Жедел ангионевротикалық ісінуді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланған.

Шектеулі клиникалық деректердің болуына байланысты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге немесе бауырдың орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге фидаксомицин сақтықпен қолданылуы тиіс.

Шектеулі клиникалық деректердің болуына байланысты жалғанжарғақшалы колиті, фульминантты немесе C. difficile туындатқан өмірге қауіп төндіретін жұқпасы бар емделушілерде фидаксомицин сақтықпен қолданылуы тиіс.

Ішектің қатар жүретін қабыну аурулары бар емделушілерде препаратты қолдану жөніндегі деректер жоқ. Мұндай емделушілерде сіңудің артуы және жүйелік жағымсыз реакциялар дамуының ықтимал қаупіне байланысты фидаксомицин сақтықпен қолданылуы тиіс. Препаратты циклоспорин, кетоконазол, эритромицин, кларитромицин, верапамил, дронедарон және амиодарон сияқты Р-гликопротеин күшті тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды.

Балалар

18 жастан кіші балаларда фидаксомициннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Фидаксомицинді жүкті әйелдерге қолдану жөніндегі деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер нәтижелері ұрпақ өрбіту ағзаларына уытты әсер ету тұрғысынан тікелей немесе жанама зиянды әсерінің бар екендігін көрсетпеген. Сақтану шарасы ретінде жүктілік кезінде мүмкіндігінше Дификлир препаратын қолданбаған жөн.

Фидаксомицин және оның метаболиттерінің емшек сүтімен шығу-шықпауы белгісіз. Жүйелік қан ағымында фидаксомицин концентрациясы төмен болғандықтан емшек еміп жүрген жаңа туған нәрестелерге немесе сәбилерге қандай да бір әсер ету ықтималдығы болмауына қарамастан, жаңа туған нәрестелер немесе сәбилер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Емшекпен қоректендіруді тоқтатуға немесе Дификлир препаратымен емдеуді тоқтатуға/бас тарта тұруға қатысты шешімді бала үшін емізудің қажеттілігі мен анасы үшін емдеудің пайдасын ескере отырып, қабылдау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дификлир механизмдерді жүргізу және басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жедел артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий үлбірден және алюминий фольгадан жасалған блистерде 10 таблеткадан. 2 немесе 10 блистерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Патеон Инк., Канада

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Астеллас Фарма Юроп Б.В.», Силвиусвег 62, 2333 ВЕ, Лейден, Нидерланды

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Астеллас Фарма Юроп Б.В.» ҚР өкілдігі

Алматы қ., 050559, Әл-Фараби д-лы 15, «Нұрлы Тау» ПФО, 4В ғим., №20 кеңсе 

Телефон (727) 311-13-89 Факс  (727) 311-13-90

www.astellas.ru, e-mail   astellas@com.kz

Прикрепленные файлы

081203281477976510_ru.doc 66.5 кб
910114571477977664_kz.doc 85 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники