Дистрептаза®

МНН: Стрептодорназа, Стрептокиназа
Производитель: "Биомед-Люблин" Вытвурня Суровиц и Щепёнэк Спулка Акцыйна
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Стрептокиназа, комбинация
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121670
Период регистрации: 28.09.2015 - 28.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ДИСТРЕПТАЗА®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальдi суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: стрептокиназа 13 500 – 16 500 ХБ, стрептодорназа 1250 – 20000 ХБ,

қосымша заттар: витепсол Н15, парафин майы.

Сипаттамасы

Пішіні ұшы сүйір конус немесе торпеда тәріздес, дақтары мен бұдырлары, ауа көпіршіктері, жарылуы мен механикалық зақымдары жоқ тегіс беткейлі крем тәріздес-ақ түсті суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Гематологиялық басқа да препараттар. Ферменттік препараттар.

Стрептокиназа, біріктірілім.

АТХ коды В06АА55

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың құрамында екі белсенді субстанция бар: стрептокиназа және стрептодорназа. Стрептокиназа адам қанында болатын және стрептокиназаның әсерімен адам қанындағы ұйындыларды ерітетін қасиеті бар плазминге айналатын плазминоген проэнзимінің белсенділендіргіші болып табылады. Стрептодорназа нуклеопротеиндер, өлі жасушалар немесе іріңдердің жабысқыш массасын, тірі жасушаларға және олардың физиологиялық функцияларына ықпалын тигізбей, ерітетін қабілеті бар энзим болып табылады.

Фармакодинамикасы

ДИСТРЕПТАЗА® суппозиторий түрінде дербес немесе қосымша дәрілік зат ретінде қолданылады. Препарат антибиотиктердің немесе химиотерапиялық заттардың қабыну ошағына жетуін жеңілдетеді, субъективтік зардап шегуді азайтады және емделу кезеңін бірнеше мәрте қысқартады.

Қолданылуы

- қосалқылардың созылмалы қабынуы

- операциядан кейінгі инфильтративті өзгерістер

- жатыр шырышты қабығының қабынуы

- жедел және созылмалы ағымды геморройда

- периректальді абцесс және ауқымды қабыну инфильтраты бар жыланкөзде

- іріңді каудальді кисталарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийді шығарып алып, тік ішекке терең енгізу керек.

Дозасы қабыну үдерісінің түріне және қарқындылық дәрежесіне байланысты.

Ересектерде ауру барысы ауыр болғанда:

алғашқы 3 күн бойы күніне 3 рет 1 суппозиторийден;

кейінгі 3 күн бойы күніне 2 рет 1 суппозиторийден;

кейінгі 3 күн бойы күніне 1 рет 1 суппозиторийден.

Ересектерде аурудың жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде:

3 күн бойы күніне 2 рет 1 суппозиторийден;

кейінгі 4 күн бойы күніне 1 рет 1 суппозиторийден

немесе 2 күн бойы күніне 2 рет 1 суппозиторийден.

Емдеу курсына орта есеппен 8 - 18 суппозиторий қолданылады.

Емдеу курсының орташа ұзақтығы 7 - 10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Кейде

- аллергиялық реакциялар

- дене температурасының жоғарылауы

- қан кетуге бейімділік

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- кіші жамбас ағзаларына және тік ішекке операция жасағаннан кейінгі ерте кезең

- геморрагиялық диатез

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қабыну ошағына антибиотиктердің және химиотерапиялық препараттардың енуін күшейтеді.

Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданбаған жөн, өйткені жергілікті қан кетулер пайда болуы мүмкін.

Егер Сіз басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, онда оны емдеп жүрген дәрігеріңізге міндетті түрде айтыңыз!

Айрықша нұсқаулар

Әдеттен тыс қандай да болсын реакциялар пайда болған жағдайда препаратты әрі қарай қолдануды жалғастыру мүмкіндігі жөнінде дәрігерден міндетті түрде кеңес алыңыз!

Препарат жаңа жарамен немесе тігіспен жанаспауға тиіс, өйткені тігістері босап кетуі салдарынан жарадан қанның кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

ДИСТРЕПТАЗА® препаратымен емделу кезінде дәрігердің алдын ала кеңесінсіз ешқандай басқа дәрілік заттарды (оның ішінде рецептісіз босатылатын) қабылдамаңыз. Бақылаусыз жүргізілетін ем Сіздің денсаулығыңызға нұқсан келтіруі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 немесе 5 суппозиторийден сыйымдылығы 2,1 мл ұяшықтары бар поливинилхлоридті үлбірден және полиэтиленнен (ПВХ/ПЭ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 1 (№ 6 орам үшін) немесе 2 (№10 орам үшін) қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

2 oС-ден 8 oС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

„БИОМЕД-ЛЮБЛИН” Вытвурня Суровиц және Щепёнэк Спулка Акцыйна

Университет к-сі 10, 20-029 Люблин, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

„БИОМЕД-ЛЮБЛИН” Вытвурня Суровиц және Щепёнэк Спулка Акцыйна

Университет к-сі 10, 20-029 Люблин, Польша

Қаптаушы ұйым

„БИОМЕД-ЛЮБЛИН” Вытвурня Суровиц және Щепёнэк Спулка Акцыйна

Университет к-сі 10, 20-029 Люблин, Польша

Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ., Жетісу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com

 

 

Прикрепленные файлы

313829281477976401_ru.doc 59.5 кб
705025121477977606_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники