Дисперкам (10 мг)

МНН: Пироксикам
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Piroxicam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010613
Информация о регистрации в РК: 21.08.2013 - 21.08.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 17.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дисперкам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пироксикам

Дәрілік түрі

Ұсақталатын таблеткалар, 10 мг

Құрамы

Бір ұсақталатын таблетканың құрамында:

белсенді зат – 10 мг пироксикам

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (авицел рН – 102), магний стеараты, натрий крахмалының гликолаты, коллоидты кремний қостотығы (аэросил 200)

Сипаттамасы

Ақтан ашық сары түске дейінгі, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар. Оксикамдар. Пироксикам

АТХ коды М01АС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пироксикам асқазан-ішек жолынан тез сіңіріледі, анальгетикалық әсері 30 минуттан соң басталады. Қан плазмасында пироксикам концентрациясының жоғары шегіне 3-5 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысады, Т1/2 36-45 сағатты құрайды, бұл пироксикамның ұзақ әсер етуін және тәулігіне 1 рет қолданылу мүмкіндігін негіздейді, бауырда биоөзгеріске ұшырайды, глюкуронидтер түрінде несеппен шығарылады және тек 5 % өзгермеген күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пироксикамның әсер ету механизмі циклооксигеназа белсенділігінің тежелу салдарынан простагландиндер синтезінің бәсеңдетілуімен байланысты. Қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер етеді.

Қолданылуы

- ревматизмнің қабынулық және дегенеративті түрлерінде: ревматоидті артритте, остеоартритте, шорбуынданатын спондилитте және спондилоартритте

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препарат қолданылар алдында таблетканың толық еруіне дейін, араластырған кезде бір стақан судың төрттен бір бөлігіне ұсақталуы тиіс.

Препаратты тамақтан кейін немесе сүтпен ішкен дұрыс.

Көрсетілімдерге байланысты препарат төменде көрсетілген дозаларда қолданылады.

Ревматоидты артрит, остеоартрит, шорбуынданатын спондилит: бастапқы доза күніне - 20 мг, қажетті нәтижеге жеткеннен кейін күніне - 10-20 мг.

Жедел падагра ұстамалары: емі 4-6 күн бойы бір немесе бірнеше доза түрінде күніне 30-40 мг-нан басталады; Дисперкам созылмалы падаграны ұзақ емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ауырулар: күніне бастапқы бір реттік доза 20 мг ұсынылады, қажетіне қарай, 2 күн бойы соңынан күніне 20 мг-нан аспайтын демеуші дозамен бір немесе екі доза түрінде 40 мг.

Дисменорея: ерте белгілері пайда болған кезде бастапқы доза 40 мг 2 күн бойы күндізгі 20 мг демеуші дозамен.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы және бас ауыруы: ересектер үшін күндізгі доза - 10-20 мг.

Тіс ауыруы: күніне - 20 мг-нан.

Жағымсыз әсерлері

- асқазан-ішек жолы тарапынан: бауыр трансаминазалары белсенділігінің артуы, пептикалық ойық жараның түзілуі (ықтималды қан кетумен) және өңештің зақымдануы, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, кекіру, диарея немесе іш қату, метеоризм, эпигастрий аумағының ауыруы, қызыл иектің қанауы

- аллергиялық реакциялар: тері реакциялары, есекжем, экзема, дерматиттер, фотосезімталдық

- ОЖЖ және шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық немесе заттарды көрудің бұзылуы

- несеп шығару жүйесі тарапынан: азотемия, протеинурия, олигурия, интерстициальді нефриттер және ағзада сұйықтықтың іркілуі

- зат алмасу тарапынан: гиперкалиемия, гипер- немесе гипогликемия

- қан түзу жүйесі тарапынан: лейкопения, тромбоцитопения және гемоглабин деңгейінің төмендеуі, эозинофилия, геморрагиялар, анемия, артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия

- басқалар: Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, өте сирек- анафилактикалық реакция, бронх түйілуі, дене салмағының жоғарылауы немесе төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді немесе қайталанатын пептикалық ойық жара

- препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

- аспиринге және басқа да ҚҚСД-ға (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер) жоғары сезімталдығы бар емделушілерде бронх демікпесі, ринит, есекжем

- жүктілік және лактация кезеңі (себебі бұл кезеңде қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген)

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пироксикам мен аспиринді бірге қолдану ұсынылмайды, себебі плазмадағы пироксикам деңгейі төмендейді.

Пироксикамның тромбоциттер қызметіне әсер етуі салдарынан оны варфринмен және басқа да антикоагулянттармен қатар қолдану антикоагулянттың дозасын ұдайы тексеріп отыруды қажет етеді.

Дисперкамды төмендегілермен бір уақытта қолданғанда:

- дигоксинмен, метотрексатпен немесе циклоспоринмен – соңғыларының уыттылығы артады;

- литий препараттарымен – литиймен улану дамуымен плазмадағы оның деңгейінің артуымен литийдің бүйрекпен шығарылуы төмендейді;

- диуретиктермен – диуретиктердің тиімділігі басылуы мүмкін; калий жинақтаушы диуретиктер үшін қан сарысуында калий деңгейінің артуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емделушінің, әсіресе шылым шегетіндер мен алкогольдік ішімдіктерді қолданатындардың асқазан-ішек жолының жағдайын қан кету мен ойық жараның жоқтығына үнемі бақылап отырғанда ғана препаратты ұзақ қолдануға болады.

Бауыр қызметін, әсіресе сарысу трансаминазалары деңгейін мезгіл-мезгіл бақылап отыру қажет. Трансаминазалардың жоғары көрсеткіші болған жағдайда ұзақ уақыт бойы немесе бауыр қызметінің үдемелі нашарлауында, сонымен қатар, бауыр ауруларының симптомдары мен белгілерінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Коагулопатия мен гемофилия бар емделушілерде қан көрінісін үнемі бақылап отыру қажет.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне, сондай-ақ, жоғары зейін қоюды талап ететін басқа операцияларды орындағанда сақ болу қажет, себебі пироксикам ұйқышылдық, бас айналу және заттарды көрудің бұзылуын туындатуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің айқындылығы күшейеді

Емі: спецификалық у қайтарғылары жоқ. Демеуші және симптоматикалық іс-шаралар, соның ішінде жасанды құстыру, асқазанды шаю және белсенділендірілген көмірді қолдану көрсетілген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан қызыл сары түсті поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ., 050040, Шашкин 36-а,  1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

 

Прикрепленные файлы

047404971477976830_ru.doc 45.5 кб
636480131477977991_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники