Дисперкам (гель, 0.5%)

МНН: Пироксикам
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Piroxicam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010614
Информация о регистрации в РК: 21.08.2013 - 21.08.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Дисперкам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пироксикам

Дәрілік түрі

0.5 % гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында:

белсенді зат – 5 мг пироксикам

қосымша заттар: 96 % этил спирті, пропиленгликоль, цинеол, карбомер 940, бензил спирті, динатрий эдетаты дигидраты, калий дигидрофосфаты, натрий гидроксиді, триэтаноламин, тазартылған су

Сипаттамасы

Эвкалипт майының иісі бар мөлдір гель.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған стероидты емес қабынуға қарсы препараттар. Пироксикам

АТХ коды М02АА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсенді зат тері астына, теріасты тіндеріне, сіңірлерге, буын қалтасына және синовиальді сұйықтыққа жеңіл өтеді. Сарысуға жағылатын пироксикамның шамамен 3%-ы түседі, бұл жағымсыз әсерлердің даму қаупін азайтады. Плазма ақуыздарымен 99 % байланысады. Гельді қайталап жаққан кезде плазмадағы концентрациясы тепе-теңдік жағдайында 300-400 нг/мл жетеді, бұл күніне 20 мг ішке қабылдайтын емделушілердегі концентрацияға сәйкес келеді, жартылай шығарылу кезеңі - 50-80 сағат. Тепе-теңдік концентрациясына 11 күннен кейін жетеді.

Фармакодинамикасы

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрі.

Әсер ету механизмі циклооксигеназа белсенділігінің тежелу салдарынан простагландиндер синтезінің бәсеңдетілуімен байланысты. Қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер етеді. Әсері препаратты жаққаннан кейін 10-15 минуттан соң дамиды.

Қолданылуы

- артриттерде: ревматоидты артрит (соның ішінде юнивиальді), остеоартрит, қабыну полиартропатиясы, анықталмаған полиартрит, моноартрит

- омыртқа ауыруында (шорбуынданатын спондилит, радикулопатиясы бар спондилоартрит)

- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ауыртатын қабынуларда және жұмсақ тіндердің, тірек-қимыл аппаратының ісінулерінде

- аяқ-қол және дене жарақаттарында, соғылуларда, байлам мен бұлшықет созылуларында

- тенденит және тендовагинитте

Қолдану тәсілі мен дозалары

Дисперкам гель тек сыртқа қолдануға арналған.

Гель күніне екі рет ауыру шоғырланған бөліктерге жұқа қабатпен жұмсақ қозғалыспен ысқылап жағылады, мұнымен бірге таңғыш салынбайды.

Жағымсыз әсерлері

- тері реакциялары- қабыну, гиперемия, қабыршақтану, гель жағылған жерде тері дерматиті болуы мүмкін

- қышыну

- жергілікті терінің қызаруы

- аса жоғары сезімталдығы бар емделушілердегі аллергиялық реакциялар (ринит, бронх түйілуі, ангионевротикалық ісіну, есекжем)

- беттің, еріннің немесе жұту немесе тыныс алудың қиындатуын тудыруы мүмкін тілдің ісінуі

- жүрек айнуы, асқазан ауыруы

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты тоқтату және симптоматикалық ем қолдану қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

- аспирин мен басқа ҚҚСД-ға (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер) жоғары сезімталдығы бар емделушілердегі бронх демікпесі, ангионевротикалық ісіну, ринит және есекжем симптомдары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 14 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дисперкам гель препаратының дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың терінің зақымдалған бөліктеріне, көзге түсуінен және шырышты қабықтармен жанасуынан аулақ болу керек.

Терінің жергілікті тітіркену белгілері пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:

Әсер етпейді

Артық дозалану

Белгіленбеген

Шығарылу түрі мен қаптамасы

15 г препараттан ішкі лакталған жабыны бар алюминий сықпаларға салынады. Сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ., 050040, Шашкин 36-а,  1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

 

Прикрепленные файлы

960323581477976834_ru.doc 40 кб
691469011477977995_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники