Дисоль (200 мл)

МНН: Натрия ацетата тригидрат, Натрия хлорид
Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013505
Период регистрации: 19.01.2015 - 19.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Дисоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді

Құрамы

1 литр ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: натрий ацетаты тригидраты – 2 г,

натрий хлориді – 6 г,

қосымша зат - инъекцияға арналған су – 1 л-ге дейін

Теориялық осмолярлығы -234,72 мосм/л

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер. Су-электролиттік теңгерімге әсер етуші ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат тамыр ағымында көп болмайды, интерстициальді кеңістікке тез өтеді. Диурезді күшейте отырып, бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Дисоль - регидратация мен уытсыздануға арналған біріктірілген тұзды ерітінді. Сусыздану кезінде ағзадағы су-электролиттік теңгерімді және қышқылдық-негіздік жай-күйді қалыпқа келтіреді. Метаболизмдік ацидоздың дамуына кедергі келтіреді, диурезді арттырады. Плазма алмастырғыш, уытсыздандырғыш, регидратациялағыш әсер етеді.

Қолданылуы

- регидратацияда

- гиперкалиемияда

- жедел дизентерияда

- тағамдық токсикоинфекцияда

- тырысқақта

Қолдану тәсілі және дозалары

Зертханалық көрсеткіштерді бақылаумен (гематокрит пен қан электролиттері концентрациясы) көктамыр ішіне (сорғалатып және тамшылатып). Енгізілген сұйықтық пен диурез арақатынасын әр 6 сағ. сайын анықтайды.

Енгізер алдында ерітіндіні 36-38 °С-ге дейін қыздырады. Ерітіндіні ішті босату, құсық массалары, несеппен және термен шығарылған сұйықтық көлемін қалпына келтіруге қажетті мөлшерде енгізеді. Аурудың ауыр түрлерінде (гиповолемиялық жұқпалы-уытты шок, декомпенсацияланған метаболизмдік ацидоз) препаратты сорғалатып енгізуден бастайды, кейін тамшылатып енгізуге көшеді. 1 сағат бойы ерітіндіні сорғалатып енгізеді, содан соң тамшылатуға көшеді, 24-48 сағат бойы 40-120 тамшы/мин жылдамдықпен. Аурудың жеңілдеу түрлерінде (ағзаның уытсыздануы және сусыздануы, метаболизмдік ацидоз, олигурия) препаратты тамшылатып енгузімен шектелуге болады.

Гиперкалиемияны емдегеннен кейін ары қарайғы су-тұзды емдеу "Трисоль", "Ацесоль" немесе "Хлосоль" ерітінділерімен жүргізіледі.

Жағымсыз әсерлері

- ісінулер

- тахикардия

Кейбір жағдайларда қалтырау туындауы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек жеткіліксіздігі

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- гипернатриемиямен қатар жүретін жағдайлар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Деректер жоқ

Айрықша нұсқаулар

Қолданар алдында ерітіндіні +36-38° С-ге дейін қыздырады.

Бүйректің бөліп шығару функциясының бұзылуы, декомпенсацияланған жүрек ақауы бар науқастарда, бауыр циррозы бар науқастардағы ісіну-асциттік синдромда сақтықпен енгізеді.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және бала емізу кезінде егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық немесе бала үшін ықтималды жағымсыз әсерлердің даму қаупінен артатын болса ғана қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозаланғанда препаратты енгізуді тоқтату керек.

Емі симптоматикалық, қажет болғанда диуретиктер тағайындайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыйымдылығы 250 мл немесе 450 мл тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған 200 мл немесе 400 мл инфузиялық және трансфузиялық препараттарға қанға арналған шыны бөтелкелерде.

Сыйымдылығы 250 мл 28 бөтелкеден немесе сыйымдылығы 450 мл 15 бөтелкеден бөтелке санына сәйкес мөлшерде медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон жәшіктерде.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ., Васенко к-сі, 15 А

Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігінің иесі

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 258 В

Тел.: (7272) 32-90-50, 385-04-00 Е-mail: register@caph.kz

Прикрепленные файлы

830676141477976588_ru.doc 49 кб
534328741477977742_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники