Дисоль

МНН: Натрия ацетата тригидрат
Производитель: СП ООО "REKA-MED FARM"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122154
Период регистрации: 20.04.2016 - 20.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Дисоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дисоль

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 200 мл және 400 мл ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында:

белсенді заттар: натрий ацетаты тригидраты 2 г, натрий хлориді 6 г,

қосымша зат – 1 л дейін инъекцияға арналған су.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер. Су-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер

АТХ коды В05ВВ01

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат қантамыр арнасында көп болмайды, интерстициалды кеңістікке тез өтеді. Диурезді күшейте отырып, бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Дисоль – регидратация мен уытсыздануға арналған біріктірілген тұзды ерітінді. Сусыздану кезінде организмдегі су-электролиттік теңгерімді және қышқылдық-негіздік жай-күйді қалыпқа келтіреді. Метаболизмдік ацидоздың дамуына кедергі келтіреді, диурезді арттырады. Плазма алмастырғыш, уытсыздандырғыш, регидратациялағыш әсер етеді.

Қолданылуы

- регидратацияда

- гиперкалиемияда

- сусыздану аясындағы уыттануда (тырысқақ, жедел дизентерия, тағамдық уыттану)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ерітіндіні 36-380С дейін жылытады. Препаратты нәжіспен, құсық массасымен, несеппен және термен жоғалтқан сұйықтық көлемін қалпына келтіру үшін қажетті мөлшерде көктамыр ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) енгізеді. Аурудың ауыр түрлерінде (гиповолемиялық инфекциялық-уытты шок, талапқа сай емес қылтамырлық перфузия, қалпына келмейтін метаболизмдік ацидоз, анурия) науқастың 7-10% дене салмағының шамасында 1 сағат бойы сорғалатып енгізуден бастайды, кейіннен 24-48 сағат бойы минутына 40-120 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізумен алмастырады.

Аурудың анағұрлым жеңіл түрлерінде (организмнің уыттануы және сусыздануы, метаболизмдік ацидоз, олигурия) препаратты тамшылатып енгізумен шектелуге болады.

Емдеуді гематокритті және қандағы электролиттердің концентрациясын бақылай отырып жүргізеді. Енгізілген және жоғалған сұйықтық теңгерімін әрбір 6 сағат сайын анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- ісінулер

- тахикардия

- гипергидратация

- гипокалиемия

Кейбір жағдайларда қалтыраудың туындауы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аса жоғары сезімталдық

- бүйрек және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- гипокалиемия

- гипернатриемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен араластырғанда үйлесімділігін көзбен шолып бақылау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Бүйректің бөліп шығару функциясының бұзылуы бар пациенттерге препараттың үлкен көлемі сақтықпен қолданылады. Ұзақ қолданған кезде плазмада электролиттер концентрациясын және тәуліктік диурезді бақылау қажет.

Жүктілік және лактация

Ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа немесе балаға төнетін ықтимал жағымсыз әсерлерінің даму қаупінен асып түсетін болса ғана, жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болады.

Автокөлік немесе басқа да механизмдерді басқару реакциясы жылдамдығына әсер ету қабілеті

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкалиемия, гипернатриемия.

Емі: электролиттік бұзылыстарды түзету; қандағы электролиттер деңгейін бақылау.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

200 мл немесе 400 мл-ден резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған, қанға және қан алмастырғыштарға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерде.

Шыны бөтелкелер қолдану жөніндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен көлемі 200 мл 28 бөтелкеден немесе көлемі 400 мл 15 бөтелкеден гофрланған картоннан жасалған жәшікке қапталады.

Сақтау шарттары

25 °С аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«REKA - MED FARM» БК ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы, Сырдария ауданы, С. Рахимов атын. ф/ш, М.Захидов к-сі, 36.

Тіркеу куәлігінің иесі

«REKA - MED FARM» БҚ ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МегаФармПлюс» ЖШС

ОҚО, Шымкент қ., Қызыл жар ы/а, Қара су к-сі №30

Тел./факс: (7252) 45-31-23

E-mail: megafarmplus@yandex.kz

 

Прикрепленные файлы

590624081477976214_ru.doc 46 кб
922343991477977452_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники