Диклофенак натрия (Diclofenac)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Натрий диклофенагы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диклофенак
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 10 мг/г жақпамай
Құрамы
Бір сықпаның ішінде
белсенді зат – натрий диклофенагы (100 % затқа шаққанда) 3.0 г,
қосымша заттар: диметилсульфоксид, пропиленгликоль, макрогол 1500, макрогол 400.
Сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар.
Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак.
АТХ коды М02АА15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Тері арқылы сіңетін натрий диклофенагының мөлшері дәрілік зат жағылатын аудан өлшеміне пропорциональді және жалпы қабылданатын дозаға, сондай- ақ терінің гидратациялану дәрежесіне байланысты. Сіңу дәрежесі терінің (таблеткадағы Диклофенакпен салыстырғанда толық бүйректік элиминацияны есепке ала отырып анықталған) 500 см2 дәрілік заттың 2,5 г жергілікті қолданғаннан кейін қабылданған дозадан 6 % жуықты құрайды. 10-сағаттық окклюзия сіңірілген диклофенактың мөлшерінің үш есе жоғарылауына әкеледі.
Таралуы
Натрий диклофенагының концентрациясы жақпамайды қол мен тізе буындарына жергілікті жаққаннан кейін плазмада, синовиальді тінде және синовиальді сұйықтықта өлшенді. Плазмадағы ең жоғары концентрациясы натрий диклофенактың осындай мөлшерін ішке қабылдағаннан кейінгі концентрациясынан шамамен 100 есе төмен. Натрий диклофенагының 99,7 % сарысу ақуыздарымен, негізінен альбуминмен (99,4%) байланысады.
Метаболизмі
Натрий диклофенагының биотрансформациясы өзгермеген молекуланың глюкуронидациясын ішінара қамтиды, бірақ бір реттік немесе бірнеше рет гидроксилирлену бірнеше фенольді метаболиттердің түзілуіне әкеледі, олардың көбі глюкуронды коньюгаттарға айналады. Екі фенольді метаболит биологиялық белсенді болып табылады, бірақ олардың белсенділігі натрий диклофенагының белсенділігінен айтарлықтай төмен.
Элиминациясы
Қан плазмасынан натрий диклофенагының жалпы жүйелі клиренсі 263 ± 56 мл/мин құрайды. Плазмадан жартылай шығарылуының терминальді кезеңі 1 – 2 сағ. құрайды. Метаболиттердің төртеуі, оның ішінде екі белсенді, 1-3 сағ. құрайтын плазмадан жартылай шығарылуының қысқа кезеңін көрсетеді. Бір метаболит, 3'-гидрокси-4'-метокси-диклофенак, жартылай шығарылуының ұзақ кезеңін көрсетеді, бірақ іс жүзінде белсенді емес. Натрий диклофенагы және оның метаболиттері негізінен несеппен шығарылады.
Пациенттердің кейбір тобының фармакокинетикасы
Бүйрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін пациенттерде натрий диклофенагының және оның метаболиттерінің жинақталуы болжанбайды. Созылмалы гепатитпен немесе қалпына келтірілмеген циррозбен пациенттерде натрий диклофенагының кинетикасы мен метаболизмі бауыр аурулары жоқ пациенттердікімен бірдей.
Фармакодинамикасы
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, фенилсірке қышқылының туындылары, қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Циклооксигеназа 1 және циклооксигеназа 2 іріктеп бәсеңдетіп, арахидон қышқылының метаболизмін бұзады, оның ішінде қабыну ошағында простагландиндер мөлшерін азайтады.
Қолданылуы
- сіңірлердің, байламдардың, бұлшықет және буындардың (жүктемеде және соғылуларда созылулар салдарынан) жарақатқа байланысты қабынуында
- жұмсақ тіндердің ревматизмінің оқшауланған түрлерінде («иық-қол басы» синдромы секілді, тендовагинит, бурсит, периартропатия)
- оқшауланған ревматизм аурулары (мысалы, буындар артрозы)
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек сыртқа қолдану керек. 2 - 4 г жақпамайдан ( ол көлемі бойынша шие немесе грек жаңғағы өлшеміне сәйкес және 400-800 см2 дене беткейін өңдеуге жеткілікті) жұқа қабатпен қабыну ошағының бетіне аздап ысқылай отырып тәулігіне 2 - 3 рет жағады. Егер ол емдеу аумағы болмаса (қол саусақтарының артрозында) препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 8 г. Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және байқалған әсеріне (әсерін күшейту үшін жақпамайды диклофенактың басқа дәрілік түрлерімен бірге қолдануға болады) байланысты.
Дәрілік затпен емдеудің тиімсіздігінде ( оны 2 апта қолданғаннан кейін), сондай- ақ жағымсыз әсерлері пайда болғанда немесе күшейгенде дәрігермен кеңесу керек.
Жағымсыз әсерлері
- экзема, фотосенсибилизация, жанасплы дерматит (қышыма, гиперемия, терінің өңделген бөлігінің ісінуі, папулезді-везикулезді бөртпе, түлеу), теріні күйдіру сезімі, терінің эритематозды бөртпесі, есекжем
- ангионевротикалық ісіну, жүйелі анафилаксиялық реакциялар (шокты қоса).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жоғары сезімталдық
- "аспириндік" демікпеде
- жүктілікте (III триместрде) және лактация кезеңінде
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуында
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фотосенсибилизацияны туындататын дәрілік заттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Алдын ала белгілі гепатоуыттылыққа ие басқа дәрілік заттармен, мысалы, антибиотиктермен, эпилепсияға қарсы дәрілік заттармен сақтықпен қолдану керек.
Басқа да дәрілік заттармен мардымсыз жүйелі сіңуіне байланысты клиникалық мәнді өзара әрекеттесу мүмкіндігі аз.
Айрықша нұсқаулар
Тек сыртқа қолданылады.
Бауыр порфириясы болғанда, асқазан-ішек жолдарының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануында, бауыр мен бүйректің ауыр бұзылуында, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, егде жаста, жүктіліктің I және II триместрінде сақтықпен қолданылады.
Дәрілік затты кеуде тұсына жағуға болмайды, онымен үлкен беткейлерді өңдеуге және ұзақ уақыт қолдануға болмайды. Терінің тек зақымданбаған бөлігіне жағуға болады. Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғышты қолдануға болмайды.
Ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе терінің үлкен ауқымына жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлер қаупі артады, оның ішінде бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы байқалады. Бауыр тарапынан жағымсыз әсерлерінің мүмкін даму қаупін азайту үшін натрий диклофенагын ең төмен тиімді дозада, ең қысқа уақыт қолдану керек.
Жақпамайдың көзге, шырышты қабатқа немесе ашық жараға түсу қаупінен сақ болу керек.
Жүктілік кезінде қолдану
Препаратты жүкті әйелдерде қолдануға қатысты бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан натрий диклофенагын жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдану
Жергілікті қолданғанда препараттың емшек сүтіне өтуі туралы деректердің болмауына байланысты дәрілік зат әйелдермен лактация кезінде қолданылмауы керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жақпамайды аппликациялауда жүйелі сіңуінің төмендігіне байланысты артық дозалануы мүмкіндігі аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г препараттан алюминий сықпаларға салынған.
Әрбір сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан немесе GC-2 маркалы целлюлоза картоннан жасалған қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64,
тел/факс +375 (177) 734043
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы, 30, «МедФармИнтерСервис» ЖШС, тел. 8-701-30-66-011, 8-771-41-40-258