Диклофенак (капли глазные, 0,1%, 5 мл)

МНН: Диклофенак натрия
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diclofenac
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013712
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 110.3 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ДИКЛОФЕНАК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

0,1 % көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - натрий диклофенагы – 1 мг,

қосымша заттар: пропиленгликоль, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий гидрофосфат додекагидраты, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе ақшыл-сары ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препарат.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак.

АТХ коды S01BC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Диклофенак көзбұршақты қоспағанда, көздің әр түрлі тіндеріне жақсы сіңеді.

Алдыңғы камера ылғалында ең жоғары емдік концентрациясына (ТСmax) тамызғаннан кейін 30 мин соң жетеді. Емдік мәнді концентрациясында жүйелік қан айналымына енбейді.

Фармакодинамикасы

Диклофенак – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі, фенилсірке қышқылының туындысы, қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсері мен ыстықты түсіретін әсері бар. Циклооксигеназа 1 (ЦОГ1) және циклооксигеназа 2 (ЦОГ1) таңдамай бәсеңдете отырып, арахидон қышқылының метаболизмін бұзады, қабыну ошағындағы простагландиндердің (Рg) мөлшерін азайтады.

Жергілікті қолданған кезде этиологиясы жұқпалы емес қабыну үрдістерінде ісіну мен ауруды азайтады, миоз дамуын бөгейді. Бұдан басқа, диклофенак тромбоциттер агрегациясын тежейді. Ұзақ қолданғанда десенсибилизациялаушы әсер етеді.

Қолданылуы

  • катарактаға жасалған операция кезінде миозды тежеуде

  • көз алмасына хирургиялық аралсудан кейінгі қабыну үдерістерін емдеу және алдын алуда

  • катарактаға байланысты операциядан кейінгі макула кистозды ісінуінің алдын алуда

  • жұқпалы емес конъюнктивиттерді емдеу

  • жарақаттан кейінгі қабыну үдерістерін емдеу және алдын алуда (жергілікті антибактериялық емдеуге қосымша ретінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Интраоперациялық миозды тежеу үшін операцияның алдында препаратты конъюнктивальді қалтаға 30 минут аралықпен (4 рет) 2 сағат бойы тамызады.

Макуланың кистозды ісінуінің алдын алу үшін операциядан кейін 2-3 апта бойы күніне 3 рет 1 тамшыдан тамызады.

Емдік мақсатта жағдайдың ауырлығына қарай тәулігіне 3-4 рет 1 тамшыдан тағайындайды. Емдеу курсы 1 аптадан 3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Жағымсыз әсері

Жиі (>10 %)

- көздің өткінші орташа ашу сезімі

Кейде (> 1-10 %)

- көрудің айқын болмауы (бірден тамызғаннан кейін)

- мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы (ақ шел)

Сирек (> 0.001-1 %)

- ирит

- көздің қышуы, гиперемия, қызба, қалтырау, фотосенсибилизация, тері бөртпесі (негізінен эритематозды, есекжем), мультиформалық экссудативті эритема

- жиі тамызудан болатын нүктелі кератит және мөлдір қабық эпителийінің

зақымдануы

- мөлдір қабықтың ойық жарасы немесе оның жұқаруы немесе іруі (мөлдір қабық ойық жарасының пайда болуы мен оның жұқаруы қаупінің факторлары бар емделушілерде, мысалы, кортикостероидтарды қолдану кезінде немесе жұқпалы аурулар немесе ревматоидты артрит сияқты қатар жүретін ауруларда. Көптеген емделушілер ұзақ уақыт бойы емделген).

- бас айналу

- диспное

- демікпенің асқынуы

- жүрек айну, құсу

Өте сирек (< 0.001 %)

- ангионевротикалық ісіну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қан түзудің шығу тегі белгісіз бұзылуы

- сыртартқыда ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы

стероидты емес препараттарды қабылдауға аллергиялық реакциялардың болуы

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қажет болғанда басқа да, оның ішінде құрамында глюкокортикостероидтары бар көз тамшы дәрілерімен бір мезгілде қолдануға болады. Бұл ретте тамызулар арасындағы үзіліс 5 минуттан кем болмауы тиіс, бұл кейінгі дозалармен әсер ететін заттардың шайылып жетуін болдырмас үшін керек.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: ацетилсалицил қышқылы туындатқан бронх демікпесі; эпителийлік герпестік кератит (оның ішінде сыртартқыда); қан ұюдың бұзылуын туындататын аурулар (оның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетуге бейімділік); егде жас.

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда, егер күтілетін емдік әсері ықтимал жағымсыз әсерлерінің даму қаупінен асып түсетін болса ғана, қолданған жөн.

Жанаспалы линзаларды препаратты тамызғанға дейін алып тастау керек және тамызғаннан кейін 30 минут өткен соң ғана қайта салуға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тамызғаннан кейінгі айқын көрмеу орын алған кезде, қалыпқа келгенше, көлік құралын басқарудан және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан тартына тұру қажет.

Артық дозалануы

Диклофенак көз тамшы дәрісін қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығару түрі және қаптамасы

0,1 % көз тамшы дәрісі

5 мл қондырма-дозаторы және бұрандалы пластик қақпағы бар көз тамшы дәрісіне арналған құтыда.

Әрбір құтыға импорттық өндірістің өздігінен желімденетін заттаңбасы жапсырылған. Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқан соң 1 ай ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Синтез» ААҚ

Ресей Федерациясы, 640008, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7.

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: http://www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

 

Прикрепленные файлы

722296051477976749_ru.doc 53 кб
294111231477977916_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники