Диклофенак (гель 1%)

МНН: Диклофенак
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diclofenac
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011687
Информация о регистрации в РК: 29.11.2011 - 29.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Диклофенак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

1% гель, 30 г

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді зат – 0, 01г натрий диклофенагы,

қосымша заттар: карбомер, макрогол (полиэтиленоксид 400),

пропиленгликоль, жалбыз майы, натрий бензоаты, этил спирті 96%, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән жалбыз майының иісі бар, біркелкі консистенциядағы түссіз мөлдір гель.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

АТЖ коды М02АА15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері арқылы сіңуі кезінде плазмадағы ең жоғары концентрациясы, парентеральді қабылдауға қарағанда 1% аз.

Гельді тізе буындары мен қол буындары терісіне жаққан кезде диклофенак плазмадағыға қарағанда синовиалды сұйықтық пен тіндерде көп дәрежеде шоғырланады, диклофенактың 99,7% плазма ақуыздарымен байланысады.

Диклофенактың бір бөлігі интактілі молекуланың глюкорондалуы жолымен биоөзгеріске ұшырайды, бірақ көп бөлігі бірнеше туындылар түзе отырып, гидроксилдену жолымен биоөзгеріске ұшырайды, бұл метаболиттердің екеуі биологиялық тұрғыдан белсенді, дегенмен диклофенакқа қарағанда айтарлықтай аз дәрежеде.

Диклофенак пен оның метаболиттері, негізінен глюкоронидтер түріндегілері көбінесе несеппен шығарылады. Диклофенактың жалпы жүйелік плазмалық клиренсі орташа есеппен 263мл/мин, ал ақырғы шығару кезеңі 1-2 сағатты құрайды.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Диклофенактың плазмалық клиренсі бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігіне тәуелді емес, бірақ метаболиттер клиренсі бұл жағдайда төмендеуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Диклофенак –ауыруды басатын айқын әсері бар қабынуға қарсы препарат.

Негізгі әсер ететін зат – натрий диклофенагы – арахидон қышқылы метаболизмінің негізгі ферменті болып табылатын циклооксигеназа белсенділігін бәсеңдетеді, мұнымен қоса простагландиндер (ПГ), кининдер мен қабынудың басқа да медиаторлары синтезін азайтады. Ревматикалық ауруларда буындардың ауыруын, сондай-ақ таңертең болатын сіреспені басады, қозғалыс көлемінің ұлғаюына ықпал етеді.

Қолданылуы

  • кешенді ем құрамындағы ревматоидты артритте, шорбуынданатын спондилоартритте

  • кешенді ем құрамындағы подагралық, жұқпалық, псориаздық артритте

  • остеоартрозда

  • бурсит, тендовагинитте

  • миозитте

  • невралгиялар, миалгиялар және басқадай қабыну мен ауыру синдромдары байқалатын тірек-қимыл аппараты ауруларында

  • тері жабынының тұтастығы бұзылмаған сіңір, байлам, бұлшықет пен буындар жарақаттануынан (созылу, шығып кету, соғылу) болған зақымдануларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Ересектер тәулігіне 2-4 рет 1,0-2,0г (гельдің 1см мөлшерінде) гельді теріге 1-2 минут жеңіл уқалап жағу керек.

Орташа тәуліктік дозасы гельдің 4,0г тең.

Емдеу ұзақтығы көрсетілімі мен әсер ету тиімділігіне байланысты.

Емдеу курсының орташа ұзақтығы – 10-14 күн.

Препаратты 2 апта бойы қолданғаннан кейін дәрігерге көрінген жөн.

Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялары

- қышу, гиперемия, қызу сезімі, препарат жаққан жердегі күйдіру сезімі

- аллергиялық бөртпе

Жүйелік реакциялар болуы мүмкін

- бронх түйілулері, шокты қоса алғандағы жүйелі анафилактикалық реакциялар

- тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, метеоризм, эпигастральді аумақтағы ауыру сезімдері

- инфильтрат, абсцесс, майлы тін некрозының түзілуі

- бас айналу, бас ауыруы, құлақтың шуылдауы

- қозу, ұйқысыздық немесе ұйқышылдық, тітіркенгіштік, шаршау сезімі, психикалық бұзылулар, депрессия

- парестезиялар

- көрудің бұзылуы

- құрысулар, тремор

- анемия, лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз

- фотосенсибилизация

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта (оның ішінде басқа да стероидты емес қабынуға қарсы заттарға)

- ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) қолдану түрткі болған бронх демікпесі, есекжем немесе ринит

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

- этиологиясы белгісіз қан түзуі бұзылулары

- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуында

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы дәрілік түріндегі препаратты қолдану кезінде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Алайда, әсіресе гель мен натрий диклофенагі таблеткаларын (әрі соңғысының тәуліктік дозасы 50 мг аспау керек) бір мезгілде қолдану мүмкіндігінен шыға отырып, соңғысы кортикостероидтардың өзіне тән тиімділіктері мен ульцерогенді әсерін көтермелеуі, дигоксиннің қандағы концентрациясын жоғарылатуы, тиазидті несеп айдайтын дәрілер мен фуросемидтің әсер етуін саябырлатуы мүмкін екендігін ескеру қажет.

Калийді сақтайтын диуретиктермен біріктіре қолдану гиперкалиемияға әкеледі. Емдік нәтижелілігі салицилаттармен қолданған кезде төмендейді, бұл орайда асқазанның шырышты қабығына ульцерогенді әсері артады.

Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда қанның ұю жүйесін бақылап отыру қажет.

Айрықша нұсқаулар

Гель тек сыртқа қолдануға арналған.

Гельді зақымданған аумақ пен ашық жараға тигізбестен тек қана зақымданбаған теріге жағу ұсынылады. Препаратты шырышты қабыққа (ауыз, көз және басқалар) түсірмеу керек.

Дәрігер кеңесінсіз емдеу курсының ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылуларында, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және егде жаста препаратты тек қана дәрігермен кеңескеннен кейін қолданған дұрыс.

Препаратты қолдану бауыр порфириясы өршуін қоздыруы мүмкін, сондықтан мұндай топтағы емделушілерге оны қолдану сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Тікелей күн сәулесі әсерінен аулақ болу қажет.

Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғыш тағуға болмайды. .

Препаратты терінің үлкен беткейіне ұзақ уақыт бойы жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлерінің даму қаупі артады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Қолдану тәсілі ескеріліп, дозалану тәртібі сақталар болса, гельмен артық дозалану мүмкін емес. Препаратты үлкен дозада қолданғанда немесе тері жабындары үлкен аумағына жаққан кезде артық дозаланудың дамуы мүмкіндігі артады.

Симптомдары: бас айналуы, бас ауыруы, балалардағы миоклониялық құрысулар, анорексия, жүрек айну, құсу, эпигастральді ауданының ауыруы және жағымсыз сезінулер, асқазан-ішек жолынан қан кетулер.

Емдеу: терінің зақымданған аумағынан немесе буыннан гельдің қалғанын сүртіп немесе жуып тастау керек. Қажеттілігіне қарай симптоматикалық ем жүргізіледі. Қарқынды диурез бен гемодиализдің әсері аз. Арнайы уқайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Медициналық жақпамайларға арналған бушондары бар ішкі жағы лакпен жабылған алюминий сықпаларға 30г-ден.

Бір сықпадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препарат жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданылмауы тиіс

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов көш., б/н, т/ф: 561342

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов көш., б/н, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта standart@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

270856631477977179_ru.doc 44.5 кб
711234861477978337_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники