Дизаверокс

МНН: Зидовудин, Ламивудин
Производитель: АО Фармасинтез
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Zidovudine and lamivudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021638
Период регистрации: 15.09.2015 - 15.09.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 175.56 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дизаверокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг/150 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Зидовудин 300,0 мг,

Ламивудин 150,0 мг

қосымша заттар:

ядросы: натрий карбоксиметилкрахмалы (натрий крахмалгликолаты), желатинделген крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил марка А-300), магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.

қабықтың құрамы: дайын суда еритін үлбірлі қабық; (гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), коповидон (кополивидон), полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), глицерил каприлокапраты, полидекстроза, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Сопақша сфералық пішінді, ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Көлденең қиындысында таблетка ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелі қолданылатын препараттар. Тікелей әсер ететін вирустарға қарсы препараттар. АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған вирустарға қарсы препараттар, біріктірілімдер. Зидовудин және ламивудин.

АТХ коды J05АR01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді (ересектерде ламивудиннің биожетімділігі-80-85%, зидовудиннің-60-70%). Препараттың екі компоненті де плазма ақуыздарымен әлсіз байланысады. Орталық жүйке жүйесіне және жұлын-ми сұйықтығына өтеді. Ламивудин организмнен негізінен бүйректермен өзгермеген күйінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 5-7 сағат құрайды. Зидовудин бауырда метаболизденеді, ол жерде глюкурон қышқылымен конъюгацияланады. Бүйректермен негізінен глюкуронид түрінде шығарылады. Зидовудиннің T1/2 1 сағатқа жуықты құрайды.

Емделушілердің айрықша топтары

Егде жастағы емделушілер: фармакокинетикасы 65 жастан асқан емделушілерде зерттелмеген.

Балалар: 5-6 айдан асқан балаларда зидовудиннің фармакокинетикалық көрсеткіштері ересектердегі көрсеткіштерімен ұқсас.Зидовудин ересектер мен балалардағы барлық зерттелген дозаларында қабылдағаннан кейін ішектен жақсы сіңеді; оның биожетімділігі 64-70 %, орташа – 65 % құрайды. Тепе-тең жағдайында ең жоғары концентрациясы 120 мг/м2 ерітінді түріндегі зидовудинді қабылдағаннан кейін 4,45 мкМ (1,19 мкг/мл) және 180 мг/ м2 дозаны қабылдағаннан кейін 7,7 мкМ (2,06 мкг/мл) құрайды. Ересектерде 200 мг тәулігіне 6 рет қабылдағандағы секілді (AUC24 10,9х мкг/мл), тәулігіне 4 рет 180 мг/ м2 дозасы балаларда осындай жүйелі экспозициясына («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан препаратты (AUC24) қабылдағаннан кейін 0-ден 24 сағатқа дейін 10,7х мкг/мл құрайды) әкеледі.

Жалпы ламивудиннің фармакокинетикасы ересек емделушілердегі фармакокинетикасына ұқсайды. Әдетте абсолютті биожетімділігі (шамамен 55-56 %) 12 жасқа толмаған балаларда төмен болған. Жүйелі клиренсі балаларда ересектерге қарағанда жоғары және жас өсуімен төмендеп, 12 жасқа қарай ересектердің мәндеріне жақындайды.

Осы айырмашылықтар негізінде ұсынылатын ламивудиннің балалардағы (3 айлықтан 12 жасқа дейінгі және салмағы 6-дан 40 кг дейінгі) дозасы күніне 8 мг/кг құрайды.

Осы дозаны қабылдағаннан кейін AUC0-12 3800-5300 нгхс/мл жетеді.

Соңғы деректер көрсеткендей, басқа жас топтарындағылармен салыстырғанда, 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардағы экспозициясы 30% төмендеуі мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілер: бүйрек клиренсінің төмендеуі салдарынан ламивудиннің шығарылуы бүйрек жеткіліксіздігінде бұзылады. Креатин клиренсі 50 мл/мин емделушілерде ламивудиннің дозасын төмендету ұсынылады. Зидовудиннің плазмадағы концентрациясы сондай-ақ ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде де жоғарылайды.

Бауыр функциясының бұзылуы: Бауыр функциясының бұзылуымен емделушілерде бауыр циррозының салдарынан глюкуронизацияның төмендеуі зидовудиннің жинақталуына әкелуі мүмкін. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде дозаны түзету талап етіледі.

Жүктілік: Жүктілік ламивудинмен зидовудиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Ламивудин мен зидовудин олар туғанда балалардың қан сарысуында анасының қансарысуындағы және туған кезде кіндік қанындағы концентрациясындағыдай анықталады, ол оның гематоплацентарлық бөгет арқылы пассивті өтуінің теориясын растайды.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген вирустарға қарсы дәрі. Ламивудин мен зидовудин АИТВ-1 и АИТВ-2 тиімділігі жоғары іріктелген тежегіштері болып табылады. Ламивудин АИТВ репликациясын бәсеңдетуге қатысты зидовудиннің синергисті болып табылады. Препараттың екі компоненті де трифосфатты туындыларға дейін жасушаішілік киназалармен бірінен кейін бірі метаболизденеді. Ламивудин трифосфаты мен зидовудин трифосфаты АИТВ кері транскриптазасы үшін субстрат және осы ферменттің бәсекелес тежегіштері болып табылады. Әйтсе де ламивудин мен зидовудиннің вирусқа қарсы белсенділігі олардың монофосфатты түрінің негізінен вирусты ДНҚ тізбегіне қосылуымен өзара байланысты, осының нәтижесінде тізбектің үзілуі жүреді. Ламивудин мен зидовудин трифосфаттары адам жасушаларының ДНҚ-полимеразаларына айтарлықтай төмен ұқсастық иеленген.

Ламивудин және зидовудинмен біріктірілген ем бұрын антиретровирусті ем қабылдамаған емделушілерде зидовудинге төзімділіктің дамуын баяулатады.

Ламивудин зидовудинмен біріктірілімде вирусты жүктемені төмендетеді және CD4+ жасушалардың санын жоғарылатады. Ламивудин және зидовудинмен біріктірілген ем аурудың өршу қаупін және өліммен аяқталуды төмендетеді.

Қолданылуы

- АИТВ-инфекциясын емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен дене салмағы 30 кг кем емес 12 жастан асқан балаларға, 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет ас қабылдауға байланыссыз, ішке қабылдау керек.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен), бауыр жеткіліксіздігінде, гемоглобиннің 9 г/дл төмен немесе 5,59 ммоль/л кем концентрациясында, 1 мың/мкл төмен нейтропенияда ламивудин мен зидовудиннің дозасын жеке таңдау үшін ламивудин мен зидовудинді жеке препараттар түрінде қабылдау керек.

Дене салмағы 30 кг төмен балалар

Ламивудин мен зидовудиннің жеке препараттарын қабылдау керек.

Егде жастағы емделушілер: Егде жастағы емделушілерде Дизаверокс препаратын қолдануға қатысты арнайы деректер жоқ. Әйтсе де егде жастағы емделушілерді емдеуде мысалы гематологиялық көрсеткіштерінің өзгеруі және бүйрек функциясының бұзылуы секілді жасына сәйкес өзгерістерді ескеріп айрықша сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Төменде сипатталған жағымсыз реакциялар АИТВ-инфекцияны ламивудинмен және и зидовудинмен монотерапия түрінде немесе осы препараттардың біріктірілімі түрінде емдегенде анықталған.

Көптеген жағымсыз реакцияларына қатысты ол АИТВ-жұқпаны емдеу үшін қолданылған ламивудинмен, зидовудинмен, басқа препараттардың кең әсерімен туындағаны немесе АИТВ-жұқпасының өзінің асқынуы болып табылатыны белгісіз.

Дизаверокс препаратының құрамына ламивудин мен зидовудин кіреді, және сондықтан ол осы компоненттердің әрқайсысына сипатты жағымсыз әсерлер туындатуы мүмкін. Қазіргі кезде ламивудин мен зидовудиннің біріктірілімі аддитивті уыттылық иеленетіні туралы деректер жоқ.

Көрініс беру жиілігіне сәйкес, жағымсыз реакцияларының келесі жіктелуі берілген: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100 немесе <1/10), жиі емес (>1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10,000 және <1/1000), өте сирек (кейбір жағдайларды қоса <1/10000).

Ламивудин

Жиі

- бас ауыру

- гиперлактатемия

- жүрек айну, құсу, іштің жоғарғы тұсындағы ауыру, диарея

- бөртпе, алопеция

- артралгия, бұлшықеттік бұзылыстар

- әлсіздік, қажу, қызба

Жиі емес

- анемия, нейтропения, тромбоцитопения

- бауыр ферменттері (АСТ, АЛТ) белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы

Сирек

- сүт қышқылды ацидоз

- шелмай қабатының қайта таралуы/жиналуы (мультифакторлы шығу тегімен, вирусқа қарсы препараттармен біріктірілген емді қоса)

- сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы, панкреатит (препарат қабылдаумен байланысы анықталмаған)

- рабдомиолиз

Өте сирек

- эритроцитарлық аплазия

- шеткергі нейропатия, парестезия (жүргізілген еммен байланысы анықталмаған)

Зидовудин

Өте жиі

- жүрек айну

- бас ауыру

Жиі

- анемия (гемотрансфузия қажет болуы мүмкін), нейтропения және лейкопения; бұл жай-күйлер зидовудиннің жоғары дозаларын (1200-1500 мг/тәулік) қолданғанда және АИТВ-инфекциясының ауыр дәрежесіндегі емделушілерде (әсіресе, ем басталғанша сүйек кемігінің қоры азайған емделушілерде), көбінесе CD4 жасушалар саны 100/мм3 төмен азайғанда дамиды; бұл жағдайларда препарат дозасын азайту немесе оны тоқтату қажет болуы мүмкін. Нейтропенияның даму жиілігі емдеудің басында сарысудағы В12 витамині мен гемоглобин мөлшерінің, нейтрофильдер санының азаюы байқалған емделушілерде арта түседі.

- гиперлактатемия

- бас айналу

- құсу, іш аумағындағы ауыру, диарея

- бауыр ферменттерінің және билирубин белсенділігінің жоғарылауы

- миалгия

- дімкәстану

Жиі емес

- тромбоцитопения, панцитопения (сүйек кемігі гипоплазиясымен)

- диспноэ

- метеоризм

- бөртпе, қышу

- миопатия

- қызба, жайылған ауырулар, астения

Сирек

- эритроцитарлық аплазия

- сүт қышқылды ацидоз

- шелмай қабатының қайта таралуы/жиналуы (мультифакторлы шығу тегімен, вирусқа қарсы препараттармен біріктірілген емді қоса)

- мазасыздық, депрессия

- ұйқысыздық, парестезиялар, ұйқышылдық, ойлау жеделдігінің төмендеуі, құрысулар

- кардиомиопатия

- жөтел

- ауыз қуысы шырышты қабығының пигментациясы, дәм сезудің бұрмалануы

- панкреатит

- стеатозы бар айқын гепатомегалия

- тырнақтардың және тері жабындарының пигментациясы

- есекжем

- қатты тершеңдік

- несептің жиі бөлінуі

- гинекомастия

- суық тию, кеуде қуысының ауыруы, тұмау тәріздес симптомдар

Өте сирек

- апластикалық анемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- зидовудинге және ламивудинге және препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- нейтропенияның (750/мкл аз) немесе анемияның (гемоглобин деңгейі 7,5 г/дл немесе 4,65 ммоль/л аз) ауыр дәрежесі

- 12 жасқа дейінгі және дене салмағы 30 кг-ден аз балаларға

- лактация кезеңі

Сақтықпен

Гепатомегалия, гепатит, бауыр циррозы, семіру, бауырдың зақымдануына әкелетін қауіп факторлары.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дизаверокс препаратының құрамында ламивудин мен зидовудин болғандықтан, ол осы компоненттерінің кез келгеніне сипатты әртүрлі өзара әрекеттесуге түседі. Ламивудинмен метаболикалық өзара әрекеттесу мүмкіндігі жоғары емес, өйткені енгізілген препараттың аздаған бөлігі ғана метаболизмге ұшырайды және плазма ақуыздарымен байланысады, ал препарат толығымен дерлік өзгермеген күйінде бүйректермен шығарылады.

Зидовудин де аздаған дәрежеде қан плазмасы ақуыздарымен байланысады, бірақ белсенді емес глюкуронидке дейін негізінен бауыр метаболизмі арқылы шығарылады.

Әсіресе глюкуронизациялану арқылы, негізінен бауырмен метаболизденетін препараттар, зидовудиннің метаболизмін күшті басуы мүмкін.

Дизаверокс препаратымен емделу аясында сақтықпен қолданылуы керек препараттар класын білдіретін кейбір дәрілік препараттар төменде берілген.

Ламивудиннің қатысуымен өзара әрекеттесулер

Ламивудин негізінен катионды тасымалдау жүйесі көмегімен шығарылады, осыған сәйкес, Дизаверокс препаратының осындай шығарылу жолын иеленген дәрілік заттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы ұмытпау керек.

Триметоприм/сульфаметоксазол: ламивудин және триметоприм мен сульфаметоксазол біріктірілімін (160 мг +800 мг, ко-тримоксазол) бір мезгілде қолдану осы препаратты емдік дозада қабылдағанда ламивудиннің плазмадағы концетрациясының 40 %-ға жоғарылауына әкеледі. Әйтсе де бүйректің қалыпты функциясымен емделушілерге ламивудиннің дозасын түзету талап етілмейді. Ламивудин триметопримнің немесе сульфаметоксазолдың фармакокинетикасына ықпал етпейді. Ко-тримоксазол мен Дизаверокс препаратын бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерге бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек. Пневмоцисті пневмония мен токсоплазмозды емдеу үшін ламивудин мен ко-тримоксазолдың жоғары дозаларын бір мезгілде қолданудың әсері зерттелген жоқ.

Залцитабин: ламивудин бір мезгілде қолданғанда залцитабиннің жасуша ішілік фосфорлануын бәсеңдете алады. Осылайша, Дизаверокс препаратын залцитабинмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды.

Зидовудиннің қатысуымен өзара әрекеттесулер

Атовахон: зидовудин атовахонның фармакокинеткасына әсер етпейді. Әйтсе де, фармакокинетикалық деректері көрсеткендей, атовахон зидовудиннің метаболизмі дәрежесін оның глюкуронидіне (тепе-тең жағдайда зидовудиннің AUC 33 %-ға жоғарылайды, плазмадағы глюкуронидтің ең жоғары концентрациясы 19%-ға төмендейді) дейін төмендетеді.

Зидовудинді тәулігіне 500-600 мг дозада тағайындағанда және жедел пневмоцисттік пневмонияны атовахонмен 3- апталық бір мезгілде емдегенде плазмалық зидовудин концентрацияларының жоғарылауымен байланысты жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына әкелу ықтималдығы аз. Осы препараттарды біріктіріп ұзақ уақыт қолдану қажеттілігінде емделушінің клиникалық жағдайын мұқият бақылау ұсынылады.

Кларитромицин: кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде қолданғанда зидовудиннің сіңуі төмендейді. Зидовудин мен кларитромицинді қолдану аралығы 2 сағаттан кем еместі құрауы керек.

Ламивудин: зидовудин мен ламивудинді бір мезгілде қолдану зидовудиннің әсер ету уақытының 13 %-ға жоғарылауына және оның плазмадағы ең жоғары концентрациясының 28 %-ға жоғарылауына әкеледі. Әйтсе де, бұл жағдайда зидовудиннің (AUC) жалпы экспозициясы айтарлықтай өзгермейді. Зидовудин ламивудиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Фенитоин: зидовудинді фенитоинмен біріктіріп қабылдаған кейбір емделушілерде фенитоинның қандағы концентрациясының төмендеуі анықталды, ал бір жағдайда фенитоин концентрациясының жоғарылауы байқалды. Бұл бақылаулар дизаверокс және фенитоин препараттарын бір мезгілде қабылдаған емделушілердің қанында фенитоинның концентрациясын бақылау қажеттігін көрсетеді.

Пробенецид: кейбір деректер бойынша пробенецид глюкуронидтің түзілуін бәсеңдету нәтижесінде зидовудиннің жартылай шығарылуының орташа кезеңін және AUC жоғарылатады. Пробенецид болған жағдайда глюкуронидтің, бәлкім зидовудиннің өзінің де бүйректік экскрекциясы төмендейді.

Рифампицин: шектелген деректер көрсеткендей, зидовудин мен рифампицинді біріктіргенде зидовудиннің AUC 48 ± 34 %-ға азаяды.

Әйтсе де, бұл өзгерістің клиникалық мәні белгісіз.

Ставудин: зидовудин оларды бір мезгілде қолданғанда ставудиннің жасуша ішілік фосфорлану процессін тежеуі мүмкін. Осылайша, ставудин мен Дизаверокс препаратын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Басқа препараттар: ацетилсалицил қышқылы, кодеин, морфин, индометацин, кетопрофен, напроксен, оксазепам, лоразепам, циметидин, клофибрат, дапсон, изоприназин зидовудиннің метаболизмін оның глюкуронидінің түзілуін бәсекелі бәсеңдету нәтижесінде өзгертуі мүмкін. Осы препараттарды Дизаверокс препаратымен біріктіріп қолданар алдында, әсіресе ұзақ уақыт емдеу үшін, болуы мүмкін дәрілік өзара әрекеттесуін бағалау керек.

Нефроуытты миелосупрессивті дәрілік заттармен (пентамидин, дапсон, пириметамин, ко-тримоксазол, амфотерицин, флуцитазин, ганцикловир, интерферон, винкристин, винбластин, доксорубицин) біріктірілімі зидовудиннің жағымсыз әсерлерінің пайда болу мүмкіндігін жоғарылатады. Дизаверокс ипрепараты мен осы препараттардың кез келгенін бір мезгілде тағайындағанда бүйрек функциясы мен гематологиялық көрсеткіштерді мұқият бақылау және қажет болғанда бір немесе бірнеше препараттардың дозасын төмендету керек.

Рибавирин зидовудиннің вирусқа қарсы белсенділігін бөгейді. Оппортунистік инфекцияның профилактикасы үшін ко-тримоксазол, пентамидин, аэрозоль түрінде пириметамин мен ацикловирді қолданады.

Клиникалық зерттеулердің шектелген деректері оны осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда зидовудиннің жағымсыз әсерлері жиілігінің айқын жоғарыламайтынын білдіреді.

Айрықша нұсқаулар

Дозаны жекелей таңдау қажет болған жағдайда ламивудин мен зидовудиннің жеке препараттарын қабылдау ұсынылады. Дәрігерлерге осы препараттарды қолдануға қатысты ақпаратты басшылыққа алу керек.

Дизаверокс препаратын немесе кез келген басқа антиретровирусты препаратты қолдануға қарамастан, емделушілерде оппортунистік инфекциялар және АИТВ-инфекциясының басқа асқынулары дамуы мүмкін. Сондықтан емделушілер АИТВ-инфекциясын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы тиіс.

Емделушілерді Дизаверокспен емделу кезінде дәрілік препараттарды дәрігердің тағайындауынсыз өздігінен қабылдаудан сақ болуы керектігін ескерту керек. Емделушілерді Дизаверокс препаратымен емдеуді қоса, қазіргі замандағы АИТВ емдеуде, жыныстық қатынас немесе қанмен жұқтыруда АИТВ берілуін қайтара алмайтынын ескерту керек, осыған байланысты сәйкес сақтық шараларын сақтау керек.

Емделушілерді оларды қатар қолданғанда Дизаверокс препаратының басқа препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы ескерту керек.

Гематологиялық бұзылулар

Зидовудин қабылдайтын емделушілерде анемия, нейтропения және лейкопения (соңғысы әдетте нейтропениядан соң болатын) дамуы мүмкін. Бұндай құбылыстар АИТВ-инфекцияның соңғы сатысындағы, емді бастағанға дейін төмендеген сүйек кемігі қорымен емделушілерге зидовудиннің жоғары дозаларын тағайындағанда (тәулігіне 1200-1500 мг) жиі байқалады. Сондықтан, Дизаверокс қабылдайтын емделушілерде гематологиялық көрсеткіштеріне мұқият бақылау жүргізу ұсынылады. Аталған гематологиялық өзгерістер әдетте емді бастағанға дейін 4-6 аптадан ерте басталмайды. Клиникалық айқын АИТВ-инфекциясының кеш сатысындағы емделушілерде қан талдауларын емнің алғашқы үш айы ішінде 2 аптаның ішінде бір реттен сиретпей, ал содан кейін — айына бір реттен сиретпей бақылау ұсынылады.

АИТВ-инфекцияның ерте сатысымен емделушілерде қан жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер сирек байқалады. Қан талдауларын емделушінің жалпы жағдайына қарай сирек жасауға болады, мысалы 1-3 айда бір рет. Дизаверокспен емдеу кезінде ауыр анемия немесе миелосупрессия даму жағдайларында, сондай-ақ алдында сүйек кемігінің бәсеңдеуімен, мысалы гемоглобиннің 9 г/дл кем (5,59 ммоль/л) концентрациясында немесе нейтрофилдер саны 1,0 х 109/л кем емделушілерде зидовудинді арнайы таңдау қажет болуы мүмкін. Дизаверокстің дозасын жеке таңдау мүмкін емес болғандықтан, ламивудин мен зидовудиннің жеке препараттарын қабылдау ұсынылады.

Панкреатит

Ламивудин мен зидовудин қабылдаған емделушілерде панкреатит даму жағдайлары сипатталған. Алайда, осы асқынудың дәрілік препараттардан немесе АИТ инфекциясының өзінен туындағаны анықталмаған.

Панкреатит дамуын айғақтайтын клиникалық симптомдар немесе зертханалық деректер (іш аумағындағы ауыру, жүрек айну, құсу немесе биохимиялық маркерлер мәндерінің жоғарылауы) байқалса, Дизаверокс препаратымен емдеуді дереу тоқтату қажет.

Остеонекроз

Остеонекроздың этиологиясы мультифакторлы болып саналғанмен (мысалы, глюкокортикостероидтарды қабылдау, алкоголь қабылдау, жедел иммуносупрессия, дене салмағының жоғары индексі аталған асқынудың дамуында маңызды роль атқарады), осындай жағдайлар туралы әсіресе, АИТВ-инфекцияның үдеуімен/немесе антиретровирусты емді ұзақ уақыт қабылдайтын емделушілерде хабарланды. Емделушілер сылбырлық, сіресушілік, буындардың ауыруы немесе қимыл қиындығы секілді симптомдар пайда болған жағдайда емдеуші дәрігерге кеңес алуға жүгінуі керек.

Лактоацидоз/ стеатозбен айқын гепатомегалия

Антиретровирусты препараттар —нуклеозидтер аналогтарын монотерапия түрінде немесе біріктірілімде, оның ішінде ламивудин мен зидовудинді қабылдаған емделушілерде, сирек, бірақ өліммен аяқталуы мүмкін, лактоацидоз бен бауырдың майлы дистрофиясымен айқын гепатомегалия жағдайлары сипатталған. Көп жағдайлар әйелдерде тіркелген.

Лактоацидоздың клиникалық симптомдары жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуы және кенеттен себепсіз салмақты жоғалту, асқазан-ішектік және тыныс алудағы бұзылыстарды (ентігу және тыныстың жиілеуі) қамтиды.

Дизавероксті бауырдың зақымдануының қауіп факторлары бар емделушілерде сақтықпен қабылдау керек. Препаратты қабылдауды лактоацидоз немесе гепатоуыттылықтың клиникалық және зертханалық симптомдарымен емделушілерде (гепатомегалия және стеатозды қоса, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы болмаған жағдайда да) тоқтату керек.

Тері асты шелмайының қайта таралуы

Біріктірілген антиретровирустық ем алатын кейбір емделушілерде орталықтан семіруді, майдың дорсоцервикальдік жиналуын («буйвол өркеші»), аяқ-қолдар мен бет аумағының жүдеуін, сүт бездерінің үлкеюін, қан саысуында липидтер мен қан сарысуының глюкозасы концентрациясының жоғарылауын қоса, май тінінің қайта таралуы/жинақталуы байқалды. Аталған симптомдар емделушілерде бірге немесе жекелей байқалуы мүмкін.

Жиі липодистрофияға жататын жалпы синдромымен байланысты жоғарыда аталған бірнеше жағымсыз әсерлерінің біреуін , протеаза тежегіштері (ПТ) мен кері транскриптаза тежегіштерінің нуклеозидтері (КТТН) класының барлық препараттары туындатуы мүмкін болғанымен, деректер жағымсыз әсерлер туындатуға қабілетті препараттардың аталған класының жекелеген өкілдерінің арасында айырмашылықтың барын білдіреді.

Липодистрофия синдромының көпфакторлы этиология иеленетініне тоқталып кету керек; мысалы, АИТВ-инфекциясының сатысы, егде жас, антиретровирусты емнің ұзақтығы маңызды, бәлкім синергиялық роль атқаруы мүмкін.

Аталған жағымсыз әсерлерінің кейіннен болатын салдарлары қазіргі таңда белгісіз.

Емделушілерді клиникалық тексерулер май тінінің қайта таралуының физикальді белгілерін бағалауды қамтуы керек. Қан сарысуында липидтер мен глюкоза концентрациясын анықтау керек.

Липидті алмасудың бұзылуын олардың клиникалық біліністерін басшылыққа ала отырып емдеу керек.

Митохондриальді дисфункция

in vitro және in vivo жағдайларында нуклеотидті және нуклеозидті аналогтарының әртүрлі дәрежеде митохондриялардың зақымдануын туындатуға қабілеті анықталған. АИТВ-негативті нуклеозидті аналогтардың әсеріне жатыр ішінде немесе туғаннан кейін дереу ұшыраған балаларда митохондриальді дисфункция туралы хабарлар бар. Митохондриальді дисфункцияның жиі қайтымды негізгі біліністері, анемия, нейтропения, гиперлактатемия және қан плазмасында липазаның белсенділігінің жоғарылауы болды. Сондай-ақ аталған бұзылыстың кешірек білінуі байқалды: бұлшықет гипертонусы, құрысулар, мінез-құлықтағы ақаулар.

Иммунитетті қалпына келтіру синдромы

Ауыр иммундық тапшылығы бар АИТВ-инфекциясымен емделушілердегі антиретровирустық емнің басында симптомсыз немесе резидуальді оппортунистік инфекция аясында қабыну процесі асқынуы мүмкін, ол жағдайының елеулі нашарлауы немесе симптоматикасының күшеюінің себебі болуы мүмкін. Әдетте осындай реакциялар антиретровирусты емді жүргізуді бастағаннан кейін алғашқы апталар немесе айлар ішінде байқалады. Маңызы жоғары мысалдар — бұл цитомегаловирусты ретинит, жайылған және/немесе фокальді микобактериялық инфекция және пневмоцисті пневмония. Қабынудың кез келген симптомдарын дереу анықтау және қажет болғанда емді бастау керек. Аутоиммунды аурулар (Грейвс ауруы секілді, полимиозит және Гийен-Барре синдромы) иммунитеттің қалпына келу аясында байқалды, әйтсе де алғашқы біліну мерзімі ауытқып тұрды және ауру емді бастағаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болуы мүмкін және әдеттегіден тыс ағым иеленеді.

Бауыр ауруларымен емделушілер

Бауырдың бұрын анықталған ауруларымен (созылмалы гепатитті қоса) емделушілерде, біріктірілген антиретровирусты емді қолданғанда бауыр функциясының бұзылу жиілігі артады. Дизаверокс препаратын науқастардың аталған санатында сақтықпен қолдану керек. Емделушілерге мұқият бақылау жүргізу керек; бауыр функциясының нашарлау белгілері пайда болғанда емді тоқтату мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру керек.

Созылмалы В немесе С гепатитімен емделушілер

Тек АИТВ-инфекциясы болған жағдаймен салыстырғанда қатар жүретін АИТВ-инфекциясы және В немесе С вирусты гепатитімен емделушілерде антиретровирусты препараттардың гепатоуытты әсерінің қаупі жоғары. Сондықтан бір мезгілде антиретровирусты препараттар қабылдайтын созылмалы В немесе С гепатитімен емделушілер, өліммен аяқталу мүмкіндігімен бауырға жағымсыз әсер етуінің жоғары қауіп тобында болады. Осындай емделушілерді клиникалық, сондай-ақ зертханалық мұқият бақылау керек.

Қатар жүретін вирустық В гепатиті

Дизаверокс препаратын бір мезгілде АИТВ және В вирусты гепатитін жұқтырған емделушілерде сақтықпен қолдану керек, өйткені ламивудинмен ем аяқталғаннан кейін гепатиттің асқынуының клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болуы мүмкін, ол өз кезегінде бауыр функциясының декомпенсациясында ауыр салдарлар иеленуі мүмкін.

Дизаверокс препаратымен ем аяқталғаннан кейін АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған емделушілерде, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштеріне және В гепатиті вирусы репликациясының маркерлеріне бақылау жүргізу керек.

Қатар жүретін вирустық С гепатиті

Осы құбылыстың даму механизмі белгісіз болғанымен, анемияның асқынуы рибавирин мен зидовудинді біріктіріп қолданғанда байқалды.

Осылайша, рибавирин мен зидовудинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, әсіресе сыртартқысында зидовудин-индукцияланған анемиямен емделушілерде. Осы жағдайларда антиретровирусты емді зидовудинді қабылдауды тоқтату мақсатында ауыстыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезеңінде қолданылуы.

Дизавероксті жүкті әйелдерге тек анасы үшін күтілген пайдасы ұрық үшін болуы мүмкін қаупінен жоғары болған жағдайда ғана тағайындауға болады. Препарат қабылдайтын әйелдерге, баланы емшекпен қоректендіруге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және техникамен жұмыс жасау қабілетіне ламивудин мен зидовудиннің әсеріне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы препараттардың фармакологиялық қасиеттері ондай әсер мүмкіндігінің төмендігін білдіреді. Емделушінің клиникалық жай-күйіне, сондай-ақ ламивудин мен зидовудиннің жағымсыз әсерлер сипатына көңіл бөлу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: «Жағымсыз әсерлер» бөлімінде аталғандардан басқа ламивудин немесе зидовудиннің жедел артық дозалануында қандай-да болмасын арнайы дозаға тәуелді симптомдары анықталған жоқ.

Емі: емделушінің жағдайын бақылау және симптоматикалық ем ұсынылады. Ламивудин диализдің көмегімен шығарылатын болғандықтан, артық дозаланғанда үздіксіз гемодиализ қолдануға болады. Гемодиализ және перитонеальді диализдің зидовудинді организмнен шығаруда тиімділігі төмен, бірақ оның метаболитінің (глюкуронидтің) шығарылуын жеделдетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3, 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25°С-ден аспайтын температурада.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармасинтез» ААҚ

664040, Иркутск, Розы Люксембург, 184

Электронды поштасы: info@pharmasyntez.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармасинтез» ААҚ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ-сы, Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

 

Прикрепленные файлы

501378441477976379_ru.doc 104.5 кб
709837501477977576_kz.doc 156.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники