Диазолин (драже, 100 мг, Валента Фармацевтика ОАО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Диазолин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мебгидролин
Дәрілік түрі
50мг және 100мг драже
Құрамы
Бір драженің құрамында
белсенді зат – мебгидролин – 50мг, 100мг
қосымша заттар: сахароза (қант), крахмал сірнесі, повидон (Коллидон 25), тазартылған иіссіздендірілген күнбағыс майы, тальк, балауыз
Сипаттамасы
Ақ немесе сары реңді ақ түсті драже. Драженің ішкі жағы ақ немесе жеңіл крем түстес немесе сәл жасыл реңді ақ түсте.
Фармакотерапиялық тобы
Гистаминге қарсы жүйелі әсер ететін басқа да препараттар. Мебгидролин.
АТХ коды R06AX15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Емдік әсері қабылдағаннан соң 15-30 минут өткеннен кейін дамиды, ең жоғары әсер етуі 1-2 сағаттан кейін байқалады. Әсері 2 тәулікке жетуі мүмкін.
Асқазан-ішек жолынан жылдам сіңіп, ағзаның барлық тініне енеді. Биожетімділігі 40-60% шамасында өзгеріп тұрады. Плазмадан жартылай шығу кезеңі 4 сағатқа жуық. Препарат гематоэнцефалдық бөгет арқылы мүлдем дерлік өтпейді. Метилдену арқылы бауырда метаболизденеді, бауырдың микросомальді ферменттерін индукциялайды, бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Н1-гистаминді рецепторлар блокаторы. Аллергияға қарсы әсер етеді, шырышты қабықтың ісінуін азайтады. Диазолин бронх, жатыр және ішектің тегіс бұлшықеттеріне гистаминнің әсер етуін бәсеңдетіп, артериялық қысымның төмендеуі мен қантамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы айқындығын азайтады. Орталық жүйке жүйесіне елеусіз ене отырып, бірінші буын гистаминге қарсы препараттарынан айырмашылығы, айқын көрінетін тыныштандыратын және ұйықтататын әсер бермейді. Әлсіз көрініс беретін М-холинергиялық және анестезиялық қасиеттері бар.
Қолданылуы
- аллергиялық ринитте, поллинозда
- есекжемде
- Квинке ісігінде
- тері қышынуымен қатар жүретін (экзема, нейродермит) аллергодерматозда
- аллергиялық коньюктивитте
- жәндік шаққанға тері реакциясы болғанда
Қолдану тәсілі және дозалары
Дражені тамақтану кезінде немесе одан кейін бірден, шайнамай, ішке қабылдаған жөн.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 100 мг-ден күніне 1-3 рет.
Ересектер үшін ең жоғары доза: бір реттік – 300мг, тәуліктік – 600мг.
Емдеу ұзақтығы аурудың сипатына және емнің қол жеткізілген әсеріне қарай анықталады.
6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға - 50 мг-ден күніне 2-3 рет, 10-нан 12 жасқа дейін – 50 мг-ден күніне 2-4 рет.
Жағымсыз әсерлері
Асқазан-ішек жолы тарапынан: асқазан-ішек жолы шырышты қабығына диспепсиялық құбылыстармен байқалатын (қыжыл, жүрек айну, эпигастрий аумағының ауыруы) тітіркендіру әсерін береді
Жүйке жүйесі тарапынан: бас айналу, парестезия, тремор, қатты қажу, ұйқышылдық, үрейлену (түнде), психомоторлық реакция жылдамдығының баяулауы.
Басқалары: ауыздың құрғауы, несеп іркілісі, аллергиялық реакциялар, гранулоцитопения және агранулоцитоз.
Балаларда – парадоксальді реакциялар: жоғары қозғыштық, ашушаңдық, тремор, ұйқының бұзылуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аса жоғары сезімталдық
- қуық асты безі гиперплазиясы
- жабық бұрышты глаукома
- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы
- асқазан-ішек жолының қабыну аурулары
- пилоростеноз
- эпилепсия
- жүрек ырғағының бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
- сахароза/изомальтоза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында сахароза болуымен байланысты)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Этанолдың, тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (дозаны және қабылдайтын уақыт аралығын түзету қажет болуы мүмкін) бар емделушілерде, қант диабеті бар емделушілерде (препарат құрамында сахароза болуымен байланысты) сақтықпен қолдану керек.
Бронх демікпесі мен анафилактиялық шок кезінде тиімділігі аз.
Қант диабеті бар емделушілер препарат құрамындағы қант мөлшеріне қөңіл аударғандары жөн. 1 драженің құрамында 50мг дражеде 187,680мг сахароза немесе 100мг дражеде 224,715мг сахароза бар, бұл 0,02 нан бірлігіне (ХЕ) сәйкес келеді.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде көлік құралдарын кезінде және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: сананың шатасуы, ұйқышылдық, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы. Мұнан әрі, қабылданған препараттың сіңу шамасына қарай, орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) функцияларының бәсеңдеу симптомдары кома басталып кетуіне шейін күшеюі мүмкін. Артық дозалану, сондай-ақ ОЖЖ көтермелейтін әсерге (көбіне балаларда байқалады) әкелуі ықтимал. Сонымен қатар, антихолинергиялық әсерлерінің көріністері дамуы мүмкін: ауыздың құрғауы, қарашықтың кеңеюі, кеуденің жоғары бөлігіне қан тебулер, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (жүрек айну, эпигастрийдің ауыруы, құсу).
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, қажет болғанда – симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50мг және 100мг драже
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 дражеден салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы
141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричный к-сі, 2
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы
141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричный к-сі, 2
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Валента Фармацевтика» ААҚ ҚР өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Абай д-лы, Радостовец көш. бұр., 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 1102 кеңсе
Телефон/факс 8 (727) 334-15-52
Электронды поштасы: asia@valentapharm.com