Дефламол®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Дефламол®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жақпамай, 350 ХБ/400 ХБ/г, 18 г
Құрамы
1 г жақпамай құрамында
белсенді заттар: А дәруменінің концентраты (майлы түрі), синтетикалық (ретинол пальмитаты) 0,35 мг (350 ХБ), эргокальциферол (D2 дәрумені) 0,01 мг (400 ХБ).
қосымша заттар: балық майы (А типі); ақ жұмсақ парафин (ақ вазелин); қатты парафин; вазелин майы; макрогол 4000; ланолин; этилгаллат; сорбитан олеаты; полисорбат 80; полисорбат 60; метилпарагидроксибензоат; пропилпарагидроксибензоат; Перу бальзамы; тазартылған су.
Сипаттамасы
Перу бальзамының спецификалық иісімен сары-қоңыр түсті гомогенді жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Нәлім бауырының майынан жасалған препараттар.
АТХ коды D03AA
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Теріге жаққанда А дәрумені және D дәрумені эпидермистің және іргелес тіндердің терең қабаттарына соңғысының физиологиялық плазмалық концентрацияларының клиникалық тұрғыдан елеулі жоғарылауын туындатпай өтеді.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Дефламол жақпамай эпителийге айқын сергіткіш әсері бар дәрілік препарат болып табылады. Теріге жаққанда эпителий жасушаларына жұмсартатын, көтермелеуші және регенеративті әсер етеді.
Қолданылуы
- тері құрғаған және тітіркенген кезде қорғағыш және жұмсартқыш дәрі ретінде (оның ішінде дренаж, илеостомия немесе колостомия);
- дерматит және жөргектік дерматит (жөргектік бөртпе),
- күн, жылу және химиялық әсердің нәтижесінде терінің беткейлік зақымдануында;
- беткейлік жаралар мен ойықжараларда (сыдырылу, сызат, баздану).
Қолдану тәсілі және дозалары
Терінің зақымданған беткейіне, сыртқа қолдану үшін.
Дефламол жақпамайды терінің зақымданған беткейіне күніне 1-2 рет жұқа қабатпен жағады. 7 күнге дейін жақсару болмаса емді қайта қарау керек.
Жүктілік
Шаранаға жағымсыз ықпалы туралы деректер жоқ. Жүктілік кезінде қолдануға болады.
Емшек емізу
Препараттың емшек сүтімен бөлініп шығатыны туралы деректер жоқ, осының нәтижесінде Дефламол жақпамайын емшек емізу кезеңінде қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлер
Препараттың жағымдылығы өте жақсы. Дефламол жақпамайын тері бетіне жаққанда А және D гипервитаминозының және осымен байланысты асқынулардың дамуына әкелмеді.
Сирек жағымсыз әсерлер (1-ден 100 пайызға дейін қамтуы мүмкін):
- қышыну, шымылдату немесе бөртпелер
- аллергиялық реакциялар (баяу типі болуы ықтимал)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Белсенді заттарға, жержаңғаққа және сояға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жағымсыз дәрілік және басқа да өзара әрекеттесулер белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Дефламол жақпамайын көзге, шырышты қабыққа және терінің аумақты жерлеріне; терең, сулы және инфекцияланған жараларға жақпаған жөн.
Препараттың құрамында қосымша зат ретінде метил парагидроксибензоат және пропил парагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакциялар (баяу типі болуы ықтимал) туындатуы мүмкін.
Препараттың құрамына кіретін ланолин, перу бальзамы және макроголь жергілікті тері реакциясын (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дефламол жақпамай теріге қолдануға арналған дәрілік препарат болып табылады. Көлік құралдарын басқару немесе машиналармен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препаратты сыртқа қолданғанда артық дозалану туралы деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
18 г препараттан полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар ішінен зиянсыз лакпен лакталған жарғақшалы алюминий сықпадан салынады.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір жағы пигментпен жабылған картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Сықпаны ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі - 6 (алты) ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
СОФАРМА АҚ
Илиенский тас жолы к-сі, 16
1220 София, Болгария
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
СОФАРМА АҚ,
Илиенский тас жолы к-сі, 16
1220 София, Болгария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Софарма Казахстан» Алматы қ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан, 050036, «Мамыр 4» ы/а, 190 үй
Телефон номері: 7 (727) 380 01 03, 380 01 37, 380 01 42 (вн. 108)
Факс номері: 7 (727) 381 63 86
Электронды пошта: info@sopharma.kz