Дермодрин экстра
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Дермодрин экстра
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жақпамай 15 г, 30 г
Құрамы
100 г препараттың құрамында
Белсенді зат: дифенгидрамин гидрохлориді 1,500 г,
дексаметазон 0,100 г
Қосымша заттар: макрогол 600, Gelot 64 (глицерин және полиэтиленгликоль қоспасы), бензил спирті, сусыз лимон қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Ақ түсті жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген белсенділігі орташа глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген дексаметазон. АТХ коды D 07XB05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Теріге жаққаннан кейін емдік тиімді концентрациясы тікелей жағылған орында сақталады. Тері арқылы сіңірілетін дифенгидраминнің мөлшері, жағылатын тұстың өлшеміне және препарат жақпамайының терімен жанасу кезеңіне тікелей пропорционалды.
Дексаметазон. Дексаметазонның тек 1%-ы ғана тері арқылы сіңіріледі. Зақымданған тері жағдайында мөлшері 80 %-ға дейін артуы мүмкін. Қолданылатын орынға байланысты дексаметазонның тері арқылы сіңірілуі 1%-дан 36%-ға дейін. Ақуыздарымен байланысуы 70-85%. Дифенгидраминнің 4%-ы несеппен өзгермеген түрде шығарылады, 50%-ы төрт белсенді емес метаболитке биотрансформацияланады. Дифенгидраминнің жартылай шығарылу кезеңі 6 сағат, егде адамдарда - 13,5 сағатқа дейін, метаболиттердікі – 8,6-10,4 сағат.
Дексаметазон жергілікті қолданғанда теріде метаболизденеді. Дексаметазон бауырда белсенді метаболиттерге жүйелі ыдырайды. Дексаметазонды бірнеше апта ішінде < 4 мг/кг қабылдағаннан кейін бастапқы компонент несепте анықталмаған. Дексаметазонның жартылай шығарылу кезеңі 3.5 сағатты құрайды, дозаның 65%-ға дейіні несеппен 24 сағат ішінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Дермодрин экстраның құрамында глюкокортикоид дексаметазон және Н1-рецепторларының блокаторы дифенгидрамин бар.
Дексаметазон аллергияға қарсы, қабынуға қарсы және қышынуға қарсы жылдам әсер етуші, сондай-ақ иммуносупрессивті әсері бар.
Дифенгидрамин гидрохлориді Н1-рецепторлармен селективті байланысады. Ол қышынуға қарсы әсері айқын тиімді антигистаминді және аллергияға қарсы дәрі болып табылады; қосымша ауыруды жергілікті бастатын жергілікті жансыздандыру әсері бар. Өтуінің төмендеуі есебінен ісінуді және тітіркенуді тиімді басады. Дексаметазон мен дифенгидраминді бірге қолданудың синергиялық әсері бар. Ол антигистаминді әсері және глюкокортикоидтердің әсерін күшейтеді.
Бензил спирті бұл концентрацияда бактерицидті дәрі ретінде, атап айтқанда грамоң бактерияларға, зеңдерге және ашытқыларға әсер етеді.
Жақпамайдың негізі препараттың салқындатушы әсерін туғызатын сулы-майлы эмульсия болып табылады. Дермодрин экстра теріге жеңіл жағылады, белсенді компоненттері тегіс таралады.
Қолданылуы
Глюкокортикоидтермен жергілікті терапияға сезімтал тері ауруларында, аллергиялық экземада (жанаспалы экзема, кәсіби экзема), атопиялық дерматитте (нейродермит), қышынуда, жәндіктер шаққанда, бірінші дәрежелі күюлерде (күннен күюлерді қоса) және терінің радиациялық зақымдануында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Дермодрин экстра жақпамайын терінің зақымданған жерлеріне жұқа етіп жағу керек. Зақымдану алаңының шамасына байланысты күніне 3-4 рет жақпамайды 5-11 см (бұл 25-50 мг дифенгидрамин және 1,5-3,3 мг дексаметазонға сәйкес) етіп жағу керек. Дифенгидраминнің 300 мг ең жоғары тәуліктік дозадан асырмау керек, ол Дермодрин экстра жақпамайының 20 г сәйкес.
6-12 жастағы балалар: 2,5-5 см жақпамайды (бұл 13-25 мг дифенгидрамин және 0,75-1,5 мг дексаметазонға сәйкес) күніне 3-4 рет жағу керек. Дифенгидраминнің 150 мг ең жоғары тәуліктік дозасыдан асырмау керек, ол Дермодрин экстра жақпамайының 10 г сәйкес.
6 жастан кіші балалар: 1,5 см жақпамайды (бұл 6,25 мг дифенгидрамин және 0,44 мг дексаметазонға сәйкес) күніне 3-4 рет жағу керек. Дифенгидраминнің 37,5 мг ең жоғары тәуліктік дозасыдан асырмау керек, ол Дермодрин экстра жақпамайының 2-2,5 г сәйкес.
Глюкокортикоидтерді кіші дозаларда және қажетті терапиялық әсерге қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде пайдалану керек.
Пайдаланудың ұзақтығы аурудың ауырлығына сәйкес болуы тиіс. Емдеу мүмкіндігінше қысқамерзімді болуы тиіс.
Балаларға 2-3 апта пайдаланғаннан кейін тері регенерациялануы үшін емдеуді кемінде 2 аптаға тоқтату керек.
Қауіп тобының пациенттеріне ұсыныстар
Егде және әлсіреген науқастарда және бауырдың немесе бүйректің ауыр бұзылыстары бар науқастарға дозалауды клиникалық көрініске сәйкес түзету қажет («Айрықша нұсқаулар» қараңыз).
Жағымсыз әсерлер
Жағымсыз әсерлерді бағалау мына деректерге негізделген: өте жиі 1/10), жиі 1/100, <1/10), жиі емес 1 / 1,000, <1/100), сирек 1 / 1,000, <1/1000), өте сирек (<1 / 10,000), белгісіз: жиілігі бағалана алмайды.
Енгізу орнындағы жалпы реакциялар және симптомдар, тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылыстар
Сирек жағдайларда өнімнің компоненттеріне жоғары сезімталдыққа орай тері реакциялары пайда болуы мүмкін. Сирек – бірақ жиі бұдан ұзақ қолданғанда, және әсіресе окклюзиялық таңумен - аллергиялық тері реакциялары, жанаспалы дерматит және терінің фотосезімталдығы (тікелей күн сәулелерінің әсерінен қорғану керек!), сондай-ақ тері атрофиясы, телеангиоэктазия, стриялар, стероидты безеулер, гипертрихоз, тері пигментациясының бұзылуы және периоральді дерматит.
Жүйке жүйесінің аурулары
Сирек жағдайларда ауыздың құрғауы, бас ауыруы, қажу, әсіресе балалардың арасында, дифенгидраминнің теріден шамадан тыс сіңірілуінен кейін ажитация орын алуы мүмкін.
Ұзақ дозаларда немесе үлкен алаңдарда ұзақ қолданумен байланысты глюкокортикоидтердың жүйелі әсері болуы мүмкін.
Бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары
Өте сирек: дифенгидраминнен туындаған несеп шығарудың бұзылуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді және қосмыша компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- жүктілік және лактация кезеңінде
- ашық жараларға, шырышты қабықтарға, ауқымды алаңдарға жағуға болмайды
- вирустық инфекциялардан (қызылша, желшешек, күлдіреулер және т.б.) және вакциналардан кейінгі тері зақымдануында
- пероральді дерматитте, қызылшада
- тері туберкулезі, терінің создың зақымдануында
- 2 жасқа дейінгі балаларда.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесулерді зерттеу жүргізілмеген. Дермодрин экстра жақмайының көмегімен емделгеннен кейін басқа фармацевтикалық препараттармен өзара әрекеттесуі байқалмаған.
Дермодрин экстра жақпамайының құрамында дифенгидрамин немесе глюкокортикоидтар бар басқа фармацевтикалық препараттармен бірге қолдануға болмайды.
Дермодрин экстраны бірмезгілде үлкен алаңға қолданғанда:
- трициклді антидепрессанттармен, атропинмен – дифенгидраминнің антихолинергиялық әсерін күшейтуі мүмкін,
- психотропты, ұйықтатын дәрілермен, апиынды анальгетиктермен, гипотензивті заттармен, алкогольмен – қолданылатын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін
- жүйелі сіңірілетін глюкокортикоидтер мынадай дәрілік заттармен бірмезгілде қолданғанда өзара әрекеттесуге әкеп соғуы мүмкін:
Антихолинэргиктер: |
Көзішілік қысымның жоғарлауы |
Жүрек гликозидтері: |
гликозидті әсердің артуы/азаюы |
Салуретиктер және іш жүргізетін заттар: |
Калий шығарылуының артуы |
Диабетке қарсы заттар: |
Қандағы қант деңгейінің төмендеуі |
Пероральді антикоагулянттар: |
Антикоагулянттар әсерінің азаюы |
АӨФ тежегіштері: |
Қан құрамының өзгеруінің жоғары қаупі |
Фермент- Р-450 цитохромы үшін, тежегіш агенттері мысалы, барбитураттар, рифампицин: |
Кортикоидты әсердің азаюы |
Стероидты емес, қабынуға қарсы заттар, ревматизмге қарсы препараттар және салицилаттары: |
асқазан-ішектен қан кетулер және ойық жаралардың даму қаупі |
Хлорохин, гидроксихлорохин, мефлохинмен: |
миопатияның, кардиомиопатияның жоғары қаупі. |
Айрықша нұсқаулар
Дермодрин экстраны ашық жараларға немесе шырышты қабықтарға жағуға болмайды; одан басқа, Дермодрин жақпамайын инфекцияланған немесе жарақаттанған теріге, атап айтқанда желшешегі, қызылшасы және терісінде күлдіреулері бар пациенттерге жағуға болмайды.
Препаратты көздің шырышты қабығына тигізуге болмайды.
Дермодрин экстра жақпамайымен өңделген тері учаскелерінде фотосенсибилизация болуы мүмкіндігіне орай, күннің сәулесі астында жүрмеуі керек.
Ұйқы апноэсын емдеу үшін H1-рецепторларының антагонистерін емдеуде қолдану кезінде айрықша сақтық шаралары қажет.
Егде, әлсіреген немесе ауырып тұрған пациенттерді емдегенде сақтық шаралары қажет.
Ұзақ уақыт емдеу кезінде, әсіресе таңғыш астына жағылғанда, сондай-ақ кішкене балаларда және егде адамдарда сіңірілуі артуы мүмкін. Бұл жағдайларда дексаметазонның жүйелі әсері болуына байланысты, глюкокортикоидтермен жүйелі емдеуге болмайды.
Терінің зеңді инфекция жағдайында Дермодрин экстра жақпамайын зеңге қарсы заттармен бірге немесе тиісті шаралардың көмегі арқылы инфекцияны бақылағаннан кейін қолданған жөн.
Балаларға препаратты дәрігердің ұсынысы бойынша қолданады.
Жүктілік және лактация кезеңінде
Дермодрин жақпамайы жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға болмайды, өйткені дифенгидраминді бірінші триместрде қабылдаған жүкті әйелдердің шектеулі мөлшерінің эпидемиологиялық деректерінен, қасқыр жегісі пайда болуының жоғары екендігін көрсетеді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылықты көрсетеді. Қауіпсіздік бойынша деректер жеткіліксіз болуына байланысты, препаратты жүктілік кезінде қолданылмауы керек. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені дифенгидрамин ана сүтімен бөлініп шығады.
Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлер болуы мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралдарын басқарғанда сақ болған жөн.
Артық дозалануы
Жергілікті қолданғанда артық дозалануы шамалы. Ауқымды алаңда ұзақ қолданғаннан кейін ғана жергілікті және жүйелі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін. Уытты реакциялар дифенгидраминнің 600 нг/мл аса плазмалық концентрациясында ғана өршиді. Глюкокортикоидтермен артық дозалануы өте сирек.
Симптомдары: артериялық қысым төмендеуі мүмкін, құрысулар.
Емдеу: жасанды тыныс алу және сұйықтықты венаға енгізу сияқты симптоматикалық, демеуші шаралармен. Қан қысымы төмен болған жағдайда норадреналин және фенилэфрин сияқты вазопрессорларды енгізеді, адреналинді қолдануға болмайды, өйткені қан қысымы төмендейтін болады. Түйілулерді вена ішіне диазепаммен бақылауға болады. Стимуляторларды енгізуге болмайды!
Антидот ретінде антихолинергиялық симптомдар әлсіреген жағдайда дене салмағының әр килограмына вена ішіне 0,02-0,06 мг физостигминді қолдануға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г немесе 30 г препарат алюминий сықпада. 1 сықпа мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
18 ай
Құтыны алғаш ашқаннан кейін қолдану мерзімі 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Монтавит Гес.м.б.Х», Абзам, Австрия
Тіркеу куәлігінің иесі
«Монтавит Гес.м.б.Х», Абзам, Австрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19, блок 1Б, кеңсе 202, тел/Факс: 8(727)31105-91, email: sabipharm@yandex.ru
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19, блок 1Б, кеңсе 202, тел/Факс: 8(727)31105-91, email: sabipharm@yandex.ru