Дермодрин

МНН: Дифенгидрамин
Производитель: Монтавит Гес. м.б. Х
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diphenhydramine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020875
Информация о регистрации в РК: 15.10.2014 - 15.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Дермодрин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дифенгидрамин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 20 г, 50 г

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: 2,0000 г дифенгидрамин гидрохлориді,

қосымша заттар: жер жаңғақ майы, ара балауызы, цетил спирті, қатты парафин, метилпарагидроксибензоат, глицерин, алкилполигликоль, полисорбат 80, изоборнил ацетаты, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тері қышынуларын емдеуге арналған препарат (антигистамин препараттарын және анестетиктерді қоса). Жергілікті қолдануға арналған антигистаминді препараттар. Дифенгидрамин

АТХ коды D04AА32

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Теріге жаққаннан кейін емдік тиімді концентрациясы тікелей жаққан орында сақталады. Тері арқылы сіңетін дифенгидрамин мөлшері жаққан аймақ көлеміне және Дермодрин жақпамайының терісімен жанасқан кезеңге пропорциональді. Ақуыздармен байланысуы 70-85% құрайды. Дифенгидраминнің 1%-дан азы өзгермеген түрде несеппен шығарылады, төрт белсенді емес метаболиттер түрінде 50% биотрансформацияланды. Дифенгидраминнің жартылай шығарылу кезеңі 4-8 сағатты, ересектерде - 13,5 сағатқа дейінді, метаболиттер – 8,6-10,4 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Дермодрин құрамында блокатор Н1-рецепторлар дифенгидрамині бар, ол таңдаулы Н1-рецепторлар гистаминін бәсеңдетеді. Дифенгидрамин аллергия мен қышынуды қайтаратын тиімді антигистамин дәрісі болып табылады; қосымша жергілікті жансыздандыратын және ауыруды басатын әсері бар. Жәндіктер шаққаннан кейін тітіркену мен ісінуді, термиялық және күн сәулесінен болған күйікті, фотодерматозды тиімді қайтарады. Жақпамайдың негізі сулы-май эмульсиясы болып табылады, ол препараттың салқындатқыш тиімділігімен қамтамасыз етеді. Жергілікті қолданған кезде жақпамайдың әсер етуші заты теріге және теріастылық қатпарға өтеді. Қышынуға қарсы және ауыруды басатын әсері жақпамайды жаққаннан кейін тез арада әсер етеді және 2-6 сағатқа созылады.

Қолданылуы

- аллергиялық дерматитте

- жәндіктер шаққанда

- дерматитте, есекжемде, экземада, шымылдатқан жараларда және соғылуларда

- термиялық және күн сәулесінен болған I дәрежелі күйікте

- фотодерматозда (күнге аллергияда).

Қолдану тәсілі және дозалануы

Зақымданған аумақтың аймағына байланысты Дермодринді тері бетіне шиенің көлеміндей етіп (грех жаңғағының көлеміне дейін) жағу ұсынылады, ол препараттың 1-3 г-не сәйкес келеді.

Ересектер мен 2 жастан үлкен балалар: тәулігіне 3-4 рет зақымданған тері учаскесіне жұқа қабат етіп жағады және оны жайлап уқалай отырып біркелкі жағады. Препаратты 7 күннен артық қолданғанда симптоматикасы нашарлаған жағдайда немесе жағдайы жақсармаса немесе олар басылғаннан кейін бірнеше күннен соң симптомдар қайта пайда болса, Дермодринді пайдалануды тоқтатып, дәрігерге көріну керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жоғары сезімталдық реакциялары, ауыздың құрғауы, ұйқышылдық, несеп шығарудың бұзылуы

- қозу, мазасыздық, қорқу сезімі немесе құрысулар (әсіресе балаларда)

Болуы мүмкін

- жанаспалы дерматит түрінде аллергиялық тері реакциялары, қызарумен, қышынумен, күлдіреуікпен, терінің ісінуімен болатын фотосезімталдық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- ашық жараларға және шырыш қабықтарына жағуға болмайды

- кең ауқымда жұқпа жұқтырылған немесе терінің травматикалық зақымданулары (қызылша, желшешек, күлдіреуік және б.)

- 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дермодринді кең ауқымға бір мезгілде мыналармен қолданғанда:

- трициклдік антидепрессанттармен, атропинмен - дифенгидраминнің антихолинергиялық әсерін күшейтуі мүмкін,

- психотропты, ұйықтататын дәрілермен, апиынды анальгетиктермен, гипотензивті дәрілермен, алкогольмен - қолданылатын препараттардың тиімділігі екі жақты күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Дермодринді ашық жараларға немесе шырышты қабықтарға жағуға болмайды; одан басқа да Дермодрин жақпамайын жұқпа жұқтырылған немесе жарақаттанған теріге, жекелей теріде желшешегі, қызылшасы және күлдіреуіге бар емделушілерге жағуға болмайды.

Препаратты көздің шырышты қабығымен жанастырмауға тырысу керек.

Фотосенсибилизацияның болуына байланысты Дермодрин жақпамайымен өңделетін тері учаскелері, күн сәулесінің әсер етуіне ұшырамау керек.

Препаратты балаларға дәрігердің тағайындауымен қолданады.

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дермодрин жақпамайын жүктіліктің алғашқы триместрінде қолдануға болмайды, өйткені эпидемиологиялық деректерде дифенгидраминді алғашқы триместрінде қабылдаған жүкті әйелдердің шектеулі санында жарық таңдай түзілуі көп болғанын көрсетеді. Жануарларға зерттеулерде репродуктивті уыттылықты көрсетеді. Қауіпсіздігі жөнінде деректер жеткіліксіз болғандықтан, препарат жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені дифенгидрамин емшек сүтімен бөлінеді.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлердің болу мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралдарын басқару кезінде абай болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдар: артериялық қысымның төмендеуі мүмкін, құрысулар

Емі: симптоматикалық, у қайтарғы ретінде к/і дене салмағының әр кг физостигмин 0,02-0,06 мг пайдалануылуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларда препарат 20 г және 50 г-ден. 1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Бірінші ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Монтавит Гес.м.б.Х», Зальцбергштрассе 96, A-6067 Абзам, Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Монтавит Гес.м.б.Х», Зальцбергштрассе 96, A-6067 Абзам, Австрия

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы, Бектуров 104.

Тел/Факс: 8(727)262 32 33, email: sabipharm@yandex.ru

 

Прикрепленные файлы

308304251477976670_ru.doc 50.5 кб
744449721477977826_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники