Дермарэф

Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020916
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Дермарэф

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай, 15 г

Құрамы

Бір сықпаның ішінде

белсенді зат: биен - 750 мг;

қосымша заттар: қазотының эфир майы, күнбағыс майы, эмульсиялық балауыз, глицерин, глицерин моностеараты, метилпара-гидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар ашық-сары түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D11AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған тері және шырыштар арқылы іс жүзінде сіңірілмейді және жүйелі қан ағысына түспейді. Зақымданған тері және шырышты қыбықша арқылы аздаған мөлшерде сіңіріледі.

Фармакодинамикасы

Дермарэф жақпамайының әсер етуші бастамасы биен болып табылады – ол α-токоферол ацетатымен (Е витамині) тұрақтандырылған қанықпаған май қышқылдарының этил эфирлерінің кешені. Биен құрамына арахидон қышқылы (Е1 және E2простагландиндерінің ізашары) кіреді. Е1 және E2простагландиндері LTB4 лейкотриеннің (пролиферацияның, қабынудың, иммунтапшылығының және асқын сезімталдықтың негізгі индукторы) босап шығуын тежейді. Биен құрамына кіретін қанықпаған май қышқылдары - олеин, линол және линолен (F витамині) қышқылдары биологиялық жарғақшалардың маңызды компоненттері және жасушалар мен тіндер биорегуляторларының көзі болып табылады. Бұл компоненттер тері жасушалары жарғақшаларының фосфолипидті биқабатына салынады. Жақпамайдың эмульсиялық негізі жұмсартатын және гидраттайтын әсерді қамтамасыз етеді. Жақпамай гиперемияны және терінің ісінуін әлсіздендіреді, оның температурасын қалыптандырады, тері қатпарының қалыңдығын төмендетеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- атопиялық дерматит, нейродермиттің неатопикалық формасы, асқыну кезеңінен тыс созылмалы экзема, аллергиялық дерматит, қарапайым жанаспалы дерматит.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды ақырын сипалай отырып, терінің зақымданған жерлеріне жұқа қабатпен тәулігіне 2 рет жағады. Емдеу курсы – 6-10 күн. Дәрілік затты әрі қарай қолдану дәрігермен кеңескеннен кейін ғана ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларда: аздаған қышу, шымылдатып күйдіру, қалыпты гиперемия болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- биенге және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық.

- терінің қатерлі және қатерсіз жаңа түзілімдері

- сулану құбылыстары бар асқыну сатысындағы экзема

- терінің мерездік зақымдануы, тері туберкулезі, терінің вирустық аурулары, терінің микотикалық аурулары.

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дермарэф жақпамайының жүйелі әсері бар, оның ішінде аллергиялық дерматозды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттармен дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған, өйткені жақпамай іс жүзінде сіңірілмейді және қан ағысына түспейді. Дермарэф жақпамайының басқа жергілікті қолданылатын дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ; сондықтан оларды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Сыртқа қолдануға арналған басқа препараттармен бір уақытта қолданғанда күтілмеген әсері бар жаңа қосылыстар түзілуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайдың көзге түсуіне жол бермеу керек (түскен жағдайда көзді жылы сумен шаю керек). Ауру ағымы нашарлаған немесе Дермарэф жақпамайымен емдегенде туындаған жаңа симптомдар пайда болған жағдайда дәрігерге қаралған жөн.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі жоғары деп саналатын басқа да механизмдерді басқаруға ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Дәрілік затты қолдану кезінде артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г-нан алюминий сықпаларда. 1 сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

2C -ден 8C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдар қабылдайтын мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус көш, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС, 050028, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Қызыл гвардияшылар жолы 258 В

232-90-50, 285-04-00, admin@caph.kz

 

 

   

Прикрепленные файлы

450386631477976654_ru.doc 50 кб
874042711477977808_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники