Дермазол™ (шампунь, 2%)

МНН: Кетоконазол
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketoconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014266
Информация о регистрации в РК: 15.07.2014 - 15.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Дермазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетоконазол

Дәрілік түрі

2 сусабын

Құрамы

1 мл сусабын құрамында:

белсенді зат 20 мг кетоконазол,

қосымша заттар: натрий лаурил эфир сульфаты, кокодиэтаноламид, пропиленгликоль, динатрий монолаурил эфир сульфосукцинаты, макрогол 120 метилглюкоза диолеаты, концентрацияланған хлорлы сутек қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді, бутилгидрокситолуол, имидомочевина, Понсо 4R (Е124), СК 00923 хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар қызғылт түсті мөлдір, тұтқыр сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар.

Имидазол туындылары. Кетоконазол.

АТХ коды D01А С08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кетоконазолды сыртқа қолданғанда тері арқылы аздап сіңеді. Препараттың жүйелік әсері жоқ. Ұзақ уақыт қолдану шаш кератинінде кетоконазолдың орташа жинақталып қалуына әкеледі.

Фармакодинамикасы

ДермазолTM cусабыны – сыртқа қолдануға арналған зеңге қарсы дәрі, имидазолдиоксолан туындысы. Зеңге қарсы айқын әсері бар, зеңдік эргостеролдардың синтезін арнайы бөгейді. Trichophyton spp., Microsporum spp., Epidermophyton floccosum дерматофиттеріне және Candida spp., Malassezia furfur (Pityrosporum ovale) сияқты ашытқыларға да қатысты белсенді.

Фармакологиялық қасиеттерін зеңдік жарғақшалардың негізгі құрылымы болып саналатын ланостеролдың эргостеролға айналуын катализдейтін тәуелді Р450 цитохромға тәуелді 14α‑деметилазаны тежеу арқылы зеңдердің жасушалық жарғақшаларын зақымдай отырып іске асырады.

Қолданылуы

- бастың шашты бөлігіндегі терінің зең ауруларын (қайызғақты, себореялық дерматитті) емдеуге және алдын алуға

- кебек тәрізді теміреткіде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сусабынды бастың шашты бөлігіне жағып, 3-5 минтутқа қалдырады, содан кейін сумен жуып-шаяды. Себореялық дерматитті емдеу үшін сусабынды 2-4 апта бойы тәулігіне 2 рет қолданады. Кебек тәрізді теміреткіде сусабынды тәулігіне 1 рет қолданады, емдеу курсы 5 күнді құрайды.

Кебек тәрізді теміреткіні алдын алу үшін сусабынды 3 күн бойы тәулігіне 1 рет (жаз айының басында бір курс) қолданады; себореялық дерматитте және қайызғақта – 2 аптада 1 рет.

Жағымсыз әсерлері

сирек:

  • терінің тітіркенуі, қышу, есекжем, шымылдату сезімі, шаштың майлылығының немесе құрғақтығының артуы, шаштың қатты түсуі.

жекелеген жағдайларда

  • шаш түсінің өзгеруі химиялық зақымданған немесе шашы ағарған емделушілерде.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғарғы сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат сыртқа қолдануға арналған, іс жүзінде жүйелік сіңуге ұшырамайды, басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Айрықша нұсқаулар

Дермазол тек сыртқа қолдануға арналған. Препарат жергілікті тері реакцияларын (жанаспалы дерматиттер) туындатуы, көзді және шырышты қабықтарды тітіркендіруі мүмкін. Сусабынды көзге тигізіп алмаған жөн. Көзге тиген жағдайда, сумен жуу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат мүлдем сіңбейтіндіктен, ДермазолTM сусабыны дәрігердің нұсқауымен балалардағы себореялық дерматитті, атопиялық дерматитті емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат мүлдем сіңбейтіндіктен, ДермазолTM сусабыны бала емізу және жүктілік кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған, артық дозалану симптомдарының пайда болу ықтималдылығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленнен және алюминий фольгадан жасалған саше-пакеттерге 8 мл-ден құйылған.

20 саше-пакет медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Бұралатын полипропилен қақпағы бар пропилен құтыларда препарат 50 мл-ден немесе 100 мл-ден құйылған.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Үндістан серіктестігі өкілдігі,

Алматы қ-сы, Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО 

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54) , Факс: 295-26-55 

Электронды поштасы: Office@kusumhealthcare.kz

 

Прикрепленные файлы

840221571477976652_ru.doc 46 кб
029928001477977789_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники