Депантол® (Суппозитории вагинальные)

МНН: Декспантенол, Хлоргексидин
Производитель: АО "Нижфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015807
Информация о регистрации в РК: 24.01.2020 - 24.01.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Депантол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: декспантенол – 100 мг

хлоргексидин биглюконаты (20 % ерітінді хлоргексидин биглюконаты түрінде) –16 мг,

қосымша заттар: макроголдар қоспасы (макрогол – 400,

макрогол 1500) – 2814.8.

Сипаттамасы

Торпеда пішінді, құйғы тәрізді оймасы бар, ақ немесе сұрғылт немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер. Мәрмәрлануына жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімін қоспағанда). Басқа да антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар

АТХ коды G01AX

Фармакологиялық қасиеттері

Депантол® - регенерациялық, антисептикалық және метаболизмдік әсер ететін жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат.

Препараттың құрамына кіретін хлоргексидин грамоң және грамтеріс бактериялар: Treponema pallidum, Chlamidia spp., Ureaplasma spp., Neisseria gonorrhoeae, Gardnerella vaginalis, Bacteroides fragilis, E.coli, Staphylococcus spp., Streptococcus spp.; ашытқылар, дерматофиттер, қарапайымдыларға (Trichomonas vaginalis) қатысты белсенді. Pseudomonas spp., Proteus spp. кейбір штаммдарының препаратқа сезімталдығы аз, сондай-ақ бактериялардың қышқылға төзімді түрлері, бактериялар споралары төзімді.

Препараттың құрамына кіретін декспантенол шырышты қабықтардың регенерациясын көтермелейді, жасушалық метаболизмді қалыпты етеді, митозды жылдамдатады және коллагенді талшықтардың беріктігін арттырады.

Депантол® лактобациллалардың функционалдық белсенділігін бұзбайды. Қанда, ірің болғанда (біршама төмен болса да) белсенділігін сақтайды.

Қолданылуы

  • жедел және созылмалы вагиниттерді, эндо/экзоцервициттерді, оның ішінде жатыр мойнының асқынған эктопиясын емдеуде

  • жатыр мойнының этиологиясы спецификалық айқын эрозиясын (кешенді ем құрамында) емдеуде

  • операциядан кейінгі, босанғаннан кейінгі кезеңде емдеудің деструкциялайтын әдістерінен кейін (диатермокоагуляциялар, криодеструкциялар, лазеродеструкциялар) қынап және жатыр мойнының шырышты қабығы регенерациясын жақсарту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынап ішіне қолданады. Суппозиторийді қолданар алдында пішінді қаптамадан шығару керек.

Ерсектерге: 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет 7-10 күн бойы. Қажет болған кезде емдеу курсын 20 күнге дейін жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

  • препаратты тоқтатқаннан кейінгі қайтатын аллергиялық реакциялар, қышыну, ашыту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Депантол®, егер олар қынап ішіне енгізетін болса, құрамында анион тобы бар (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) детергенттермен және сабынмен үйлеспейді.

Йодпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрия

Балалар тәжірибесінде қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Көрсетілімдер бойынша қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru/

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» АҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

727617951477976536_ru.doc 57.5 кб
161570231477977692_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники