День и Ночь

МНН: Дифенгидрамин, Парацетамол, Фенилэфрин
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие анальгетики и антипиретики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122061
Период регистрации: 16.02.2016 - 16.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Күн мен Түн

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 5 таблетка + босатылуы ұзартылған 5 таблетка

Құрамы

белсенді заттар

Күндізгі

Түнгі

Парацетамол

Фенилэфрин гидрохлориді

Дифенгидрамин гидрохлориді

500.0

20.0

-

500.0

-

25.0

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза 2910 (15сПз), повидон К30, натрий кроскармеллозасы, эудрагит, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы.

қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910 (5 сПз, 15сПз), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, темірдің сары тотығы (Е 172), тазартылған тальк

Сипаттамасы

Сопақша, екі жағы дөңес, екі жағында сызығы бар, босатылуы ұзартылған ақ түсті таблеткалар (күндізгі таблеткалар).

Дөңгелек, екі жағы дөңес, бір жағында сызығы бар, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (түнгі таблеткалар).

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Өзге де анальгетиктер-антипиретиктер.

АТХ коды N02BG

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол асқазан-ішек жолынан жылдам және толықтай сіңеді, плазмадағы концентрациясы шыңына 0,5-2 сағат өткенде жетеді. Таралуы: парацетамолдың 25% ақуыздармен байланысады.

Метаболизмі: 90-95% жуығы бауырда метаболизденеді.

Шығарылуы: парацетамол несеппен шығарылады. Орташа жартылай шығарылу кезеңі 1-ден 4 сағатқа дейін құбылып тұрады.

Фенилэфрин асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді (шығарылу жылдамдығын қараңыз).

Қазіргі заманғы технологияны қолдану фенилэфриннің біртіндеп босап шығуын және күндізгі таблеткалардың ұзартылған әсерін қамтамасыз етеді. Фенилэфриннің метаболизмі бауырда және ішекте моноаминоксидаза энзимдері қатысуымен іске асады.

Фармакодинамикасы

Механизмі мен әсерінің өтетін жері белгісіз және ОЖЖ-де простагландиндер синтезін бәсеңдетуге байланысты.

Антипиретикалық әсері: парацетамолдың антипретикалық әсері дене температурасын реттеудің гипоталамусты орталықтарына тікелей әсер етуімен байланысты, осының салдарынан тамырдың кеңеюі мен қатты терлеу нәтижесі ретінде қоршаған ортаға жылудың бөлінуі жүреді.

Ауыруды басатын әсері: ауыруды сезіну шегінің артуымен түсіндірілуі мүмкін.

Дифенгидраминді ішу арқылы қабылдаған кезде жылдам және жақсы сіңеді, плазмадағы барынша жоғары концентрациясына 1-4 сағат өткенде жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 98–99%. Көп бөлігі бауырда метаболизденеді, азы – 24 сағатта өзгермеген күйінде несеппен шығарылады. T 1/2 1-4 сағатты құрайды. Организмде жақсы таралады.

Ана сүтімен бөлініп шығады және емшек еметін балаларға седативтік әсер туғызуы мүмкін. Барынша жоғары белсенділігі 1 сағаттан кейін дамиды, әсер ету ұзақтығы - 4-тен 6 сағатқа дейін.

Препараттың күндізгі де, түнгі де таблеткалары құрамына кіретін парацетамолдың қабынуға қарсы стероидты емес белсенді компоненті арқасында ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ауыруды басатын әсері бар. Күн мен Түн препаратының құрамына кіретін парацетамол простагландин синтезін тежейді. Күндізгі таблетканың құрамында парацетамолдан басқа, альфа-адреномиметик болып табылатын фенилэфрин болады және тамыр тарылататын әсері бар, соның нәтижесінде жоғарғы тыныс жолдары шырышты қабығының ісінуі азаяды. Түнгі таблетканың құрамында парацетамолдан басқа, Н1- гистаминді рецепторлар блокаторы болып табылатын дифенгидрамин болады, аллергияға қарсы белсенділігі бар, тыныштандыратын және ұйықтататын әсер береді.

Қолданылуы

  • дене температурасының көтерілуі, ринит құбылыстарымен қатар жүретін ЖРВИ және тұмау симптомдарын жоюда

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір ақ күндізгі таблетканы таңғы астан кейін және бір сары таблетканы түнге қарай қабылдайды. Емдеу ұзақтығы – 5 күннен аспауы керек.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыру, бас айналу

- ашушаңдық, ұйқышылдық, көрудің бұлыңғырлануы

- артериялық қысымның жоғарылауы, жүректің қағуы, аритмиялар

- жоғары дозаларда ұзақ қолданған кезде гепатоуытты әсер болуы мүмкін

- тромбоцитопения, агранулоцитоз

- асқазан-ішек бұзылыстары, ауыздың, мұрын мен тамақтың құрғауы, жүрек айну, құсу

- несептің іркілуі

- өте сирек жағдайларда – терінің қышынуы, эритема, бөртпе, есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жүктілік және лактация кезеңінде

- моноаминоксидаза тежегіштерімен бәсекелес емдеу

  • артериялық гипертензия немесе ишемиялық жүрек ауруы

  • қант диабеті

  • жабық бұрышты глаукома

  • гипертериоз

  • простата гиперплазиясы

  • феохромоцитома

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дифенгидрамин: МАО тежегіштері дифенгидраминнің холинолитикалық әсерлерін күшейтеді. Психостимуляторлармен бірге қолданғанда антагонистік өзара әрекеттесуі байқалады.

Парацетамол: Барбитураттарды, құрысуға қарсы дәрілерді, рифампицинді бір мезгілде тағайындағанда, сондай-ақ бір мезгілде алкогольді қолданғанда гепатоуытты әсерінің қаупі елеулі түрде артады.

Фенилэфрин: МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда фениэфрин әсерінің үдеуі байқалады. Фенотиазиндер, альфа-адреноблокаторлар (фентоламин), фуросемид және басқа да диуретиктер фенилэфриннің вазоконстрикторлық әсерін төмендетеді. Окситоцин, қастауыш алкалоидтары, үшциклді антидепрессанттар, фуразолидон, прокарбазин, селегилин, симпатомиметиктер прессорлық әсерді, ал соңғысы – аритмогенділікті де күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Гипертиреоидизмі, гипертензиясы, коронарлық жеткіліксіздігі, қант диабеті (д. мелитус), жабық бұрышты глаукомасы, қуық асты безінің гипертрофиясы, асқазан мен он екі елі ішектің стеноздық ойық жарасы, қуық мойнының стенозы бар адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Емдеу кезеңінде алкогольдік ішімдіктер ішуден тартына тұрған жөн.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ететін әсерлері

Түнгі таблетканың құрамына енетін дифенгидрамин жалпы әлсіздікті, шаршауды, назар шоғырландырудың төмендеуін, бас айналуын, ұйқышылдықты, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуын туғызады. Препаратты көлік құралдарының жүргізушілері мен кәсібі назар шоғырландыру жоғарылығын, түнгі уақытта психикалық және реакция жылдамдығын талап ететін адамдарға жұмыс істеу кезінде қолданбаған дұрыс.

Препарат тек көрсетілген дозаларда, белгіленген мерзімінен асырылмай және қатаң түрде көрсетілімдер бойынша қолданылуы тиіс.

Таблеткаларды (сарысын – ұйықтар алдында және ағын - таңертеңгі астан кейін) қабылдаудың көрсетілген ретін сақтау қажет етіледі, өйткені түнгі сары таблетканы күндізгі уақытта қабылдағанда бас айналуы мен ұйқышылдық орын алуы мүмкін.

Автокөлікті және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сақтық танытқан жөн

Артық дозалануы

Күн мен Түн препаратымен артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Дәрілік улану басталғанда белсенді компоненттердің әрқайсысына тән симптомдары дамуы мүмкін.

Дифенгидрамин мынадай симптомдарға түрткі болады: ауыздың құрғауы, тыныс алудың қиындауы, тұрақты мидриаз, беттің қызаруы, ОЖЖ бәсеңдеуі және қозуы (әсіресе балаларда), сананың шатасуы; балаларда – құрысудың дамуы.

Парацетамол: парацетамолдың үлкен (10–15 г көп) дозалары бауыр жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Классикалық зақымдануы үш сатыда дамиды. Дәрілерді қабылдаудан кейін бірнеше сағат өткенде жедел асқазан-ішек симптомдары пайда болады. 24-48 сағат өткенде бұл симптомдар бәсеңдейді және зақымданудың екінші жасырын сатысы басталады, ал тағы бірнеше күннен кейін бауыр сары ауруы дамиды, ол көбінесе бауыр жеткіліксіздігімен және басқа ағзалардың уытты зақымдануымен қатар жүреді.

Фенилэфрин гипертензияны, брадикардиямен жалғасатын тахикардияны, құрысуды, психозды, гипертермияны туындатады.

Емі: құстырту, асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, тыныс алу мен АҚ деңгейін мұқият бақылау аясында симптоматикалық және демеуші ем.

Парацетамолмен улану кезіндегі арнайы у қайырғысы N- ацетилцистеин болып табылады, оны дене салмағының 140 мг/кг бастапқы дозасында пероральді қолданады. Одан кейін препаратты әр 4 сағат сайын дене салмағының 70 мг/кг дозасында қолданады. Емдеудің жалпы ұзақтығы әдетте 72 сағатты құрайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сары түсті 5 таблетка мен ақ түсті 5 таблетка ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Египет.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Египет

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин к-сі 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. пошта: mupkz.al@gmail.com

Прикрепленные файлы

421976871477976277_ru.doc 53.5 кб
474065351477977461_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники