Дентамет

МНН: Метронидазол, Хлоргексидин
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013918
Информация о регистрации в РК: 25.05.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дентамет

Халыаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Стоматологиялық гель, 25 г

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: метронидазол - 1,00 г

хлоргексидин (хлоргексидин биглюконатының 20 % ерітіндісі) - 0,50 г

қосымша заттар: левоментол (L-ментол), глицерол (дистилденген глицерин), пропиленгликоль, троламин (термотұрақты триэтаноламин), карбомер (ареспол), натрий сахаринаты дигидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

 

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға қарсы препараттар, ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған. Басқалары.

АТХ коды А01АВ11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда Дентамет гелі іс жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Препараттың тиімділігі оның құрамында бактерияға қарсы екі компоненттердің барына байланысты:

Метронидазол пародонта ауруын туындататын анаэробты бактерияларға қарсы бактерияға қарсы әсер иеленген: Porphyromonas gingivalis, Prevotella intermedia, Fusobacterium fusiformis, Wolinella recta, Eikenella corrodens, Borellia vincenti, Bacteroides melaninogenicus, Selenomonas spp. Аэробты бактерияларға қатысты белсенді емес.

Әсер ету механизмі анаэробты микроорганизмдер мен қарапайымдылардың жасушаішілік тасымалданатын протеиндерімен метронидазолдың 5-нитротобының биохимиялық қалпына келуі болып табылады. Метронидазолдың қалпына келтірілген 5-нитротобы олардың нуклеин қышқылдарының синтезін тежеп, микроорганизмдердің ДНҚ жасушаларымен өзара әрекеттеседі, ол бактериялардың қырылуына әкеледі.

Хлоргексидин зарасыздандыратын дәрі, грамтеріс және грамоң микроорганизмдердің, ашытқылардың, дерматофиттер мен липофильді вирустардың вегетативті түрлерінің кең ауқымына қатысты белсенді. Бактериялар спорына тек жоғары температурада әсер етеді.

Бактерицидті әсері бактериялық жасушалардың және экстрамикробтық кешендердің тегіс зарядты қабырғаларымен катиондардың байланысуына байланысты (физиологиялық ортада хлоргексидин тұзының диссоциациясы нәтижесінде). Төмен концентрацияларда, бактериялық жасушалардың осмотикалық тепе теңдігін және олардан калий және фосфор иондарының шығуын бұзып, бактериостатикалық әсер көрсетеді;

жоғары концентрацияларда бактериялық жасушалардың цитоплазматикалық құрамы шөгеді, бұл ақырында бактериялардың қырылуына әкеледі.

Қолданылуы

Пародонтаның және ауыз қуысының шырышты қабатының жұқпалы қабыну аурулары:

– жедел және созылмалы гингивит

– жедел ойық-жаралы-некроздық Венсан гингивиті

– жедел және созылмалы пародонтит

– жасөспірімдік пародонтит

–гингивитпен асқынған пародонтоз

– афтозды стоматит

– хейлит

– протез тағуда ауыз қуысы шырышты қабатының қабынуы

– постэкстракциялық альвеолит

– периодонтит, периодонтальді абсцесс (кешенді ем құрамында )

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, стоматологиялық қолдану үшін.

Қызыл иектің қабынуында 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерде (гингивит).

Дентамет ауыз қуысының шырышты қабатының зақымданған аймағына күніне 2 рет жағылады. Емдеу курсының ұзақтығы орташа 7-10 күнді құрайды. Гельді шайып тастауға болмайды. Гельді жаққаннан кейін 30 минут ішінде ас қабылдауға және ішуге болмайды.

Созылмалы гингивит пен пародонтиттің өршуінің алдын алу үшін Дентамет гелі 7-10 күн бойы қызыл иек аймағына күніне 2 рет жағылады.

Алдын алу үшін емдеу курсы жылына 2-3 рет жүргізіледі.

Тісті жұлғаннан кейін постэкстракциялық альвеолиттің алдын алу үшін тістің орнын Дентамет гелімен өңдейді, содан кейін гельді күніне 2-3 рет 7-10 күн бойы амбулаторлық қолданады.

Жағымсыз әсерлері

Дентамет гелін жергілікті қолданғанда жүйелі жағымсыз құбылыстардың даму қаупі төмен, әйтсе де кейде байқалуы мүмкін: ауызда «металл» дәмін сезіну, бас ауыруы

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем).

Егер нұсқаулықта берілген жағымсыз әсерлерінің кез келгені асқынса немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлерін байқасаңыз, ол туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-метронидазолды, хлоргексидинді, сондай-ақ нитроимидазол туындыларын жекелей көтере алмаушылық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұсынылған дозаларда жергілікті қолданғанда Дентамет гелінің басқа дәрілік заттармен жүйелі өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Дентамет гелін қолдану тісті гигиеникалық тазалаудың орнын баса алмайды, сондықтан препаратпен емдеу курсы кезінде тісті тазалауды жалғастыру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда препараттың артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан алюминий сықпаға салынған. Әрбір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-943

Факс: (3854) 327-640, 327-153

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-943, факс: (3854) 327-640

Прикрепленные файлы

833030381477976622_ru.doc 47 кб
590612231477977767_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники