Демотон-Б12

МНН: Пиридоксин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: DEMO S.A. Pharmaceutical Industry
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004008
Информация о регистрации в РК: 04.04.2017 - 04.04.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Демотон-Б12

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5 мл ерітінді

Құрамы

5 мл ерітінді құрамында

белсенді заттар: 250 мг тиамин гидрохлориді

250 мг пиридоксин гидрохлориді

1,5 мг цианокобаламин,

қосымша заттар: бензил спирті, натрий гидрокарбонаты, этаноламид гентизин қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қызыл түсті спецификалық иісі бар ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. В1 витамині және оның В6 , В12 витаминдерімен біріктірілімдері

АТЖ коды А11DB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат компоненттері суда еритін витаминдер болып табылады, бұл олардың организмде жинақталуын болдырмайды.

Тиамин бауырда метаболизденеді, метаболиттер несеппен шығарылады. Тиамин гематоэнцефалдық және плацентарлық кедергі арқылы өтеді және ана сүтінен табылады. Тиаминді артық дозалаған жағдайда, препарат несеппен және термен өзгермеген түрде шығарылады.

Бұлшықет ішіне инъекция жасалғаннан кейін пиридоксин гидрохлориді қан арнасына жылдам сіңеді және организмге таралады. Витаминнің 80% жуығы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады. Пиридоксин бүкіл организмге таралады, плацента арқылы өтеді және ана сүтінен табылады, бауырда жиналады. Несеппен шығарылады.

Цианокобаламин плазма ақуыздарымен байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6 сағатты құрайды. Қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына препаратты енгізгеннен кейін бір сағаттан соң жетеді. Препарат бауырда метаболизденеді және өтпен шығарылады. Цианокобаламиннің артылған бөлігі өзгермеген түрде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Демотон-В12 – В1, В6 және В12 нейротропты витаминдерінің біріктірілімі. Бұл витаминдерді жеке-жеке қабылдағаннан гөрі препарат ретінде алудың фармакологиялық әсері жоғарырақ.

В тобының нейротропты витаминдері қозғалыс аппаратының және жүйке жүйесінің қабыну және дегенеративті ауруларына жағымды әсер етеді, жоғары дозаларда анальгетиктік қасиеттерге ие, қан ағысының күшеюіне ықпал етеді, жүйке жүйесінің жұмысын және қан түзілу үдерісін қалыпты етеді.

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) адам организмінде фосфорилдену үдерісі нәтижесінде көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылатын кокарбоксилазға айналады.

В1 витамині синапстарда жүйке импульсі өтуіне әсер етеді.

В6 витаминінің (пиридоксин) зат алмасуында маңызды рөлі бар және орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.

В12 витамині (цианокобаламин) трансметилдеу үдерісіне, сутегі тасымалына, метионин, нуклеин қышқылдары, холин, креатин түзілуіне қатысады.

В12 витамині жүйке жүйесінің қызметіне жағымды әсер етеді, ми жұмысын жақсартады, миелинді тіндердегі липопротеид өнімі үшін қажетті фермент түзілуіне қатысады.

Қолданылуы

  • В1, В6, В12 гипо- және авитаминоздарында.

  • генезі әртүрлі жүйке жүйесі ауруларын симптоматикалық емдеуде: шеткергі невриттер және полиневриттер, невралгиялар, оның ішінде үшкіл жүйкенің, қабыртқааралық, радикулиттер, люмбаго, плекситтер, шеткергі парездер және салданулар, бет жүйкесі парезі, бүйірлі амиотрофикалық склероз, балалардағы церебральді салдану, шеткергі жүйке жарақаттары
  • энцефалопатияда (диабеттік, маскүнемдік және т.б. с.с.)

  • атеросклероз, гепатит, қант диабеті (біріктірілген ем құрамында)

  • В12-тапшылығы күйінен және уытты заттар мен дәрілік препараттар салдарынан болатын анемияда

  • изониазидты қатардың туберкулезге қарсы препараттарын қолданғанда

  • артрит, остеоартроз, ревматизм, ревматоидты артритте

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек бұлшықет ішіне енгізуге!

Ұсынылатын дозалар:

3-тен 6 жасқа дейінгі - 1 мл препараттан;

6 -дан 12 жасқа дейінгі – 2 мл препараттан;

12 -ден 16 жасқа дейінгі – 5 мл препараттан әрбір 2-3 күн сайын;

16 жас және одан үлкендерге – ауыр жағдайда 5мл препараттан күн сайын, жеңілірек күйде 5мл препараттан әрбір 2-3 күн сайын.

Емдеу курсының ұзақтығы емделушінің клиникалық статусын бағалауға байланысты.

Ұсынылатын емдеу курсы екі апта бойы жүргізіледі.

Қажет болғанда емдеу курсы үш аптадан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Сирек

- тершеңдік

- тахикардия

- безеу бөртпелері, қышыну түріндегі тері реакциялары, есекжем,

анафилактикалық шок болуы

-бас айналуы, аритмия, құрысулар (препаратты жылдам енгізгенде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың жекелеген компоненттеріне асқын сезімталдық

  • қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылулары

  • 3 жасқа дейінгі балалық жаста

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиамин құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толығымен ыдырайды.

Лидокаинді парентеральді қолданғанда, норадреналинді қосымша пайдаланған жағдайда, жүрекке жағымсыз әсері күшеюі мүмкін. Антацидтер В1 витаминінің сіңуін төмендетеді.

Тиамин тотықтыратын және редукциялайтын заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, темір- аммоний-цитратпен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, бензил-пенициллинмен, глюкоза және метабисульфитпен үйлесімсіз.

Мыс тиамин ыдырауын жеделдетеді;бұдан басқа, рН (рН >3) мәні ұлғаюында тиамин өз әсерін жоғалтады.

Пиридоксин фенобарбитал мен фенитоиннің емдік әсерін 50% төмендетеді.

Леводопа В6 витамині дозаларының емдік әсерін төмендетеді. Сондай-ақ В6 витаминінің пиридоксин әсерін төмендетуі мүмкін циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, эпинефринмен, норэпинефринмен, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі мүмкін.

В12 витамині (цианокобаламин) ауыр металл тұздарымен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты өте жылдам енгізген жағдайда жүйелік реакциялар (бас айналуы, аритмия, құрысулар) туындауы мүмкін, оның артық дозалану нәтижесі болуы да мүмкін.

Жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану

Препарат құрамында 250 мг В6 витамині бар, сондықтан жүктілік уақытында және бала емізу кезінде қолдануға ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозаланғанда

Симптомдары - дәрілік заттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін.Емдеу - симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ашылуына белгісі бар мөлдір күңгірт шыныдан жасалған ампулаға 5 мл препараттан құйылған. Ампулаға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. 5 ампуладан пластик контейнерге салынған.

1 пластик контейнерден медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

18 ай

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

DEMO S.A. Pharmaceutical Industry,

21 Km National Road Athens-Lamia,

14568 Афины. Греция,

тел.: + 30 210 8161802

факс: + 30 210 8161802

Тіркеу куәлігінің иесі

«DEMO S.A. Pharmaceutical Industry», Греция,

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КФК Медсервис Плюс» ЖШС

ҚР, Алматы қ., Мәметова к., 54

тел.: +7 (727) 233 41 54

 

Прикрепленные файлы

965206691477977102_ru.doc 58.5 кб
999691721477978265_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники