Дексафлокс
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Дексафлокс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көзге арналған суспензия, 5 мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 1,0 мг дексаметазон, 3.0 мг офлоксацин
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, сусыз натрий сульфаты, тилоксалпол, гидроксипропилметилцеллюлоза, күкірт қышқылының 5М ерітіндісі немесе натрий гидроксидінің 1М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Көзге көрінетін бөлшектерден бос, біртекті, сәл сарғыш түсті суспензия.
Фармакотерапиялық тобы
Микробқа қарсы препараттармен біріктірілген глюкокортикостероидтар.
АТЖ коды S0lСA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дексаметазон жергілікті қолданылып, қасаң қабық арқылы камералық ылғалға сіңеді. Әсер етуші заттың конъюнктива қалтасынан қан айналымның жалпы жүйесіне сіңуінің сонша үлкен еместігі сол, фармакокинетикасы мен жүйелі әсер етуінің елеулі мәні жоқ.
Офлоксацин жергілікті қолданылғанда препараттың емдік концентрациясына көз тіндерінде 30-60 минуттан соң жетеді. Шығарылу кезеңі – 6-7 сағат. Жүйелі сіңірілуі төмен.
Фармакодинамикасы
Дексафлокс - бактерияға қарсы, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер иеленген біріктірілген препарат.
Дексаметазон синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады, қабыну үдерісінің барлық фазаларына әсер етеді. Қан тамырларының өткізгіштігін төмендетеді, лейкоциттер көшуін, фагоцитозды, кининдердің босап шығуын және антиденелердің өндірілуін бәсеңдетеді.
Офлоксациннің бактерицидті әсері бактериялық жасушаларда ДНҚ- гираза ферментін бөгеумен байланысты. Грамтеріс микроорганизмдердің көпшілігіне қатысты белсенділігі жоғары: Esherichia coli, Salmonella spp., Proteus spp., Morganella morganii, Shigella spp., Klebsiella spp., Enterobacter spp., Serratia spp., Citrobacter spp., Yersinia spp., Providencia spp., Legionella pneumophilla, Acinetobacter spp., Chlamydia spp.
Кейбір грамоң микроорганизмдерге қатысты белсенді, ішінара Staphylococcus spp., Streptococcus spp.
Офлоксацинге Enterococcus faecalis, Streptococcus pheumoniae, Pseudomonas spp. орташа сезімтал.
Офлоксацин бета-лактамазаны өндіретін микроорганизмдерге сезімтал. Препаратқа анаэробтық бактериялар (B. Urealiticus-тен басқа) сезімтал емес.
Қолданылуы
- көз алмасының жедел және созылмалы аллергиялық және жұқпалы емес қабыну үдерістерінде
- көздің алдыңғы жағының жұқпалы-қабыну ауруларында
(блефарит, теріскен, конъюнктивит, дакриоцистит, кератит (эпителийдің зақымдалуынсыз), қасаң қабықтың ойық жарасы, көздің хламидиялық жұқпасы)
- көз жарақаттарынан және хирургиялық араласулардан кейін бактериялық жұқпаның алдын алу және емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жедел қабыну ахуалдарында конъюнктива қалтасына 2 күн бойы
тәулігіне 4-5 рет 1-2 тамшыдан, сонан соң 4-6 күн бойы тәулігіне 3-4 рет
1-2 тамшыдан тамызады.
Созылмалы қабыну ахуалдарында 14 күннен аспайтын уақыт бойы тәулігіне 2 рет 1-2 тамшыдан тамызады (дәрігердің қадағалауымен).
Операциялар мен жарақаттанулардан кейін, қабыну белгілерінің қарқындылық дәрежесіне қарай 14 күннен асырмай тәулігіне 2-4 рет 1-2 тамшыдан (дәрігердің қадағалауымен).
Қолданар алдында сілку керек. Құты ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш ұштығының ұшын кез келген беткейге жанастырмаған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Препаратты тамызғаннан кейін бірден пайда болуы мүмкін:
-
өтпелі жайсыздық, болымсыз ашыту сезімі, қышыну, шаншу
-
қарқындылығы онша емес конъюнктива гиперемиясы, сондай-ақ көзден жас ағу
-
көзде бөгде денені сезіну
Бұл белгілер 5-15 секундтан соң жоғалады және препаратты қолдануды тоқтату үшін көрсетілім болып табылмайды.
Өте сирек
-
қабақтардың немесе конъюнктивалардың ісінуі немесе тітіркенуі
-
қасаң қабықтың жұқаруы немесе көз алмасының тесілуі (көру бұзылыстары, көзден жас ағу)
-
әріқарай глаукоманың дамуына ұласатын көзішілік қысымның артуы
-
көру жүйкесінің зақымдалуы
-
артқы субкапсулярлы катаракта
-
көру жітілігінің бұзылыстары және көру аясының тарылуы (анық көре алмау, көз алмасының ауыруы)
-
көздің салдарлы жұқпалары, қасаң қабықтың зеңді зақымдануы
-
глаукома (кортикостероидтарды ұзақ уақыт пайдаланғанда)
-
көру жүйкесінің зақымдалуы
-
конъюнктиваның қабынуы (фотофобияны қоса)
-
бас ауыруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
дексаметазонға және препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
-
Herpes simplex және басқа вирустар туғызған қасаң қабықтың және конъюнктивалық қабықтардың вирустық ауруларында
-
көздің зеңді ауруларында
-
көз туберкулезінде
-
желшешекте
-
көздің емделмеген іріңді жұқпаларында
-
жұмсақ жанаспалы линзаларды қолданғанда
-
қалпына келмейтін көзішілік қысымды глаукомада
-
лактация кезеңінде
-
8 жасқа дейінгі балалық кезеңде
Қасаң қабықтан бөгде денені асқындырмай алып тастағаннан кейін және кез келген басқа жұқпаларда немесе қасаң қабықтың эпителий беткейінің зақымдалуларында ұсынылмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Глаукомада қолданылатын дәрілік заттармен, әсіресе ұзақ уақыт және үлкен дозаларда қосуға болмайды, өйткені көзішілік қысым көтерілуі мүмкін.
Холинергияға қарсы препараттарды, әсіресе атропинді және оның аналогтарын Дексафлокспен қосылымды ұзақ уақыт қолдану көзішілік қысымның арту қаупін төндіреді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты қолданар алдында жұмсақ жанаспалы линзаларды шешу керек. Препаратты тамызған сәттен 30 минут өткенде оларды қайта тағып алуға болады. Жанаспалы линзалар мен Дексафлокс қолданылған жағдайда қасаң қабық ойық жарасының даму қаупі артады.
Көздің қызару себебі анықталмаған жағдайда кортикостероидтарды қолдануға болмайды. Ұсынылған мерзімнен едәуір асып кететін Дексафлоксты ұзақ уақыт қолдану зеңдер, бактериялар мен вирустар туғызған салдарлы жұқпаның даму қаупін жоғарылатады; сондай-ақ катарактаның пайда болуына немесе дамуының жеделдеуіне, көзішілік қысымның көтерілуіне және бұрыннан бейім тұлғалардағы глаукомаға әкелуі мүмкін, бұл аурулардың пайда болу қаупіне қант диабетіне шалдыққан емделушілер көбірек ұшырайды.
Дексафлокспен ұзақ уақыт емдеу кезінде қасаң қабықтың жай-күйін флюоресцеин тестісімен тексеру, сондай-ақ көзішілік қысымды өлшеу ұсынылады. Флюоресцеин тестісінің нәтижесі оң болса немесе көзішілік қысым көтерілсе, препаратты қолдануды тоқтатқан дұрыс.
Жергілікті қолданылатын стероидтар көз алмасы бактериялық жұқпасының белгілерін бүркемелеуі мүмкін, бұл жағдайларда антибиотиктерді бір мезгілде жергілікті тағайындау керек.
Дексафлоксты қолданған кезде қасаң қабықтың жұқаруына немесе склераға әкелетін ауруларды бұрын өткерген тұлғаларда сақтық шараларын қадағалау қажет, өйткені мұндай емделушілерде қасаң қабықтың тесілуі немесе склера болуы мүмкін.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде жергілікті қолданылатын кортикостероидтардың клиникалық сынақтары жөнінде деректер жоқ, сондықтан препаратты жүктілік кезінде ана үшін болжанатын пайда ұрыққа төнетін зор қатерден артық болған жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты тамызғаннан кейін көзден жас ағуы және оның тұмандануы мүмкін екенін назарға ала отырып, оны тікелей көлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу алдында қолданбаған дұрыс.
Артық дозаланғанда
Суспензияның асқазан-ішек жолына кездейсоқ түсіп кетуі ауыр жағымсыз зардаптарға әкелмейді. Препаратты ұзақ уақыт қолдану Дексафлокстың жүйелі әсер етуіне әкелуі мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
нзалкония хлорид 5 мл препараттан қақпағы бұралатын және алғашқы ашылуы бақыланатын пластмасса құтыларға құяды.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құты ашылғаннан кейін препараттың сақтау мерзімі 28 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd», Сауд Арабиясы
Жауапты Салман Хусейн
Сауд Арабиясы,
Жедах қ., Индустриялық алаң, 5 фаза,
тел./факс: +966 2 6081111 / +966 2 6081222
e-mail: www.jamjoompharma.com, salmanhussain@jamjoompharma.co
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Jamjoom Pharmaceuticals Co. Ltd», Сауд Арабиясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл Фараби д-лы, 15
«Нұрлы тау» ӨҚО, блок 4"В", №18 кеңсе.
Телефон нөмірі: 8 701 712 36 27
Электрондық пошта: pharmacovigilance@jamjoompharma.com