Дексаметазон-Аджио

МНН: Дексаметазона натрия фосфат (эквивалентно дексаметазона фосфату)
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexamethasone
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023520
Информация о регистрации в РК: 23.12.2021 - 23.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Дексаметазон-Аджио

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дексаметазон

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 4 мг/мл, 1 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамы:

белсенді зат

Дексаметазон натрий фосфаты (дексаметазон фосфатына баламалы) 4 мг

қосымша заттар: метилгидроксибензоат 1,5 мг,

пропилгидроксибензоат 0,2 мг, динатрий эдетаты 0,5 мг, натрий метабисульфиті 2 мг, натрий цитраты 10 мг, натрий гидроксиді (пеллеттер), инъекцияға арналған су 1 мл дейін

Сипаттамасы

Түссізден ақшыл сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған гормональді препараттар. Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар. Глюкокортикостероидтар. Дексаметазон.

АТХ коды H02AB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инъекцияға арналған дексаметазон ерітіндісін енгізгеннен кейін дексаметазон натрий фосфаты дексаметазонға дейін жылдам гидролизденеді. 20 мг дексаметазонның IV дозасынан кейін плазмадағы деңгейі 5 минуттың ішінде шыңына жетеді. Дексаметазон плазма ақуыздарымен, негізінен альбуминмен байланысқан (77%-ға дейін). Дексаметазонның бауыр, бүйрек және бүйрекүсті бездеріне сіңуі жоғары болады. Бауырдағы метаболизмі баяу, және экскрециясы ең алдымен несепте, негізінен конъюгацияланбаған стероидтар түрінде жүреді. Плазмада жартылай ыдырау кезеңі 3,5 - 4,5 сағатты құрайды, бірақ әсерлері стероидтардың плазмадағы елеулі концентрацияларының шегінен асқан сайын, плазмада жартылай ыдырау кезеңінің мәні азаяды, және биологиялық жартылай ыдырау кезеңін қолдану қолайлырақ болады. Дексаметазонның биологиялық жартылай ыдырау кезеңі 36 - 54 сағатты құрайды; Осы себептен дексаметазон үздіксіз глюкокортикоидтық әсер ету жағдайларында әсіресе қолайлы.

Фармакодинамикасы

Дексаметазон қабынуға қарсы белсенділігі преднизолонға қарағанда шамамен 7 есе жоғары, және гидрокортизонға қарағанда 30 есе артық синтетикалық адренокортикоид болып табылады. Адренокортикоидтар плазмалық жарғақшада спецификалық рецепторлардағы ГПА әсер етеді. Басқа тіндерге адренокортикоидтар жасушалық жарғақшалар арқылы таралады және спецификалы цитоплазмалық рецепторлармен бірігеді, олар жасуша ядросына кіреді және ақуыз синтезін стимуляциялайды. Адренокортикоидтар аллергияға қарсы, уыттылыққа қарсы, шокқа қарсы, ыстық түсіретін және иммуносупрессиялық қасиеттерге ие. Дексаметазонның елеусіз минералокортикоидтық белсенділігі ғана бар және сондықтан су мен натрийдің кідіріп қалуын тудырмайды.

Қолданылуы

- глюкокортикоидтарды вена ішіне енгізу өмір үшін қажет болуы мүмкін барлық жедел жай-күйлерде инъекцияға арналған дексаметазон ерітіндісін жергілікті және жүйелі ем үшін пайдалануға болады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Ескертпе: Осы бөлімде келтірілген доазалау туралы барлық ұсыныстар дексаметазон базасында мг түрінде берілген.

Жалпы алғанда глюкокортикоидтардың дозалануы пациенттің жай-күйінің ауырлығына және реакциясына байланысты. Белгілі бір жағдайларда, мысалы стрессте, қосымша дозалар қажет болуы мүмкін. Егер бірнеше күннің ішінде жағымды реакция байқалмаса, глюкокортикоидтармен емді тоқтату керек.

Ересектер және егде пациенттер

Ауру бақылауға алынғаннан кейін, пациентті ұдайы бақылай отырып дозаны азайту немесе ең аз қажетті деңгейге дейін төмендету керек.

Жедел, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда (мысалы, анафилаксияда, жедел ауыр демікпеде) едәуір жоғары дозалар қажет болуы мүмкін. Мидың ісінуі (ересектерде): бастапқы доза в/і 8-16 мг, содан соң қанағаттанарлық нәтиже алынғанға дейін әр 6 сағат сайын в/і немесе б/і 5 мг құрайды. Ми хирургиясында бұл дозалар операциядан кейін бірнеше күн бойы қажет болуы мүмкін. Осыдан кейін дозаны бірте-бірте азайту қажет.

Ми ісіктерімен байланысты бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, үздіксіз емдеу арқылы бақылауға болады.

Жергілікті емдеу үшін мынадай дозалар ұсынылуы мүмкін:

буын ішіне: 1.6 - 3 мг ірі буындар

0.6 - 0.8 мг кіші буындар

интрабурсальді: 1.6 - 3 мг;

сіңір қабықтарына 0.3 - 0.8 мг

Инъекция жиілігі әр 3-5 күннен әр 2-3 аптаға дейін ауытқуы мүмкін. Ойық жаралы колит жағдайындағы тамшылы клизмада: 120 мл физиологиялық ерітіндіде 4 мг сұйылтады.

Балалар үшін ұсынылатын дозалар

Дозалауға қойылатын талаптар өзгермелі болады және жеке қажеттіліктерге сәйкес өзгертілуі мүмкін. Әдеттегі доза дене салмағына күніне 0,2 мг/кг-ден 0,4 мг/кг дейінді құрайды.

Қолдану тәсілі

Инъекцияға арналған дексаметазон ерітіндісін вена ішіне, тері астына, бұлшықет ішіне, жергілікті инъекция жолымен немесе тамшылы клизма түрінде енгізуге болады. Вена ішіне құю жолымен енгізу үшін: инфузиялық сұйықтықтармен үйлесімділігі туралы бөлімді қараңыз. Вена ішіне енгізген кезде плазмадағы жоғары деңгейлеріне тез жетуге болады.

Глюкокортикоидтардың үлкен дозаларымен вена ішіне жылдам инъекция жасау кейде жүрек-қантамыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, сондықтан инъекцияны бірнеше минут бойы баяу енгізу керек.

Буынішілік инъекцияларды қатаң асептикалық жағдайларда тағайындау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті жағымсыз реакциялар инъекциядан кейін туындайтын қабынуды және әсіресе қайталанған буынішілік инъекцияда, Шарко артропатиясына ұқсайтын буындардың бұзылысын қамтиды.

Болжамды жағымсыз әсерлердің жиілігі, гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі бәсеңдеуін қоса, препараттың салыстырмалы тиімділігімен, дозалануымен, енгізу уақытымен және емдеу ұзақтығымен байланысты болады. Сіңірдің үзілу жағдайлары туралы хабарламалар бар.

Глюкокортикоидтардың жергілікті инъекциясы жүйелі әсерлерге әкелуі мүмкін.

Эндокриндік / метаболизмдік жүйе

- гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуі, эпифиздің мезгілінен бұрын жабылуы, сәбилік, балалық және жасөспірімдік жаста өсудің бәсеңдеуі, етеккір циклінің бұзылуы және аменорея, Кушинг синдромы, гирсутизм, салмақ қосу, диабетке қарсы емге қажеттіліктің артуымен көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы, ақуыз және кальций теңгерімінің бұзылуы, тәбеттің жоғарылауы

Қабынуға қарсы және иммуносупрессиялық әсері

- сезімталдықтың жоғарылауы және клиникалық симптомдар мен белгілердің бәсеңдеуімен инфекцияның ауырлығы, лимфоидтық тіннің және иммундық әсердің азаюы, оппортунистік инфекциялар, туберкулездің қайталануы және вакцинацияға және тері сынақтарына сезімталдықтың төмендеуі.

Тірек-қимыл аппараты

- остеопороз, омыртқалар мен ұзын сүйектердің сынулары, тамырлық емес остеонекроз, сіңірдің үзілуі

-проксимальді миопатия

Сұйықтық пен электролиттер теңгерімінің бұзылуы

- натрий мен су бөгелісі, гипертония, калий жоғалту, гипокалиемиялық алкалоз

Нейропсихиатриялық

- психиатриялық реакциялардың кең ауқымы, аффективті бұзылыстарды (ашушаң, эйфориялық, салғырт немесе лабильді көңіл күй, суицидтік ойлар сияқтылар) қоса, психоздық реакциялар (манияны, сандырақтауды, елестеулерді және шизофренияның өршуін қоса), мінез-құлық бұзылыстары, ашушаңдық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы және когнитивті дисфункция, сананың шатасуы мен амнезияны қоса. Реакциялар ортақ болып табылады және ересектерде де, балаларда да туындауы мүмкін. Ересектерде ауыр реакциялардың жиілігі 5-6% деп бағаланады. Кортикостероидтарды тоқтатқаннан кейін психологиялық салдарлар туралы хабарланған; Жиілігі белгісіз.

- балаларда папиллоэдемамен бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (pseudotumour cerebri), әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін, эпилепсияның нашарлауы, психологиялық тәуелділік.

Офтальмологиялық

-көзішіілк қысымның жоғарылауы, глаукома, папиллоэдема, артқы субкапсулярлық катаракта, қасаң қабықтың немесе склераның жұқаруы, офтальмологиялық вирустық немесе зеңдік аурулардың өршуі.

Асқазан-ішек жолы

-диспепсия, тесілумен және қан кетумен пептикалық ойық, жедел панкреатит, кандидоз.

Дерматологиялық

-жараның жазылуының бұзылуы, тері атрофиясы, көгерулер, телеангиэктазия, стрий, қатты терлеу, безеулі бөртпенің пайда болуы.

Жалпы

- анафилаксияны қоса жоғары сезімталдық туралы хабарламалар бар. Лейкоцитоз. Тромбоэмболия.

- кортикостероидтық фосфаттардың үлкен дозаларын вена ішіне енгізгеннен кейін бұтаралық аймақта қысқа мерзімдік күйдіру немесе шаншу.

-емді тоқтатқаннан кейінгі симптомдар мен белгілер

-ұзақ емдеуден кейін кортикостероидтардың дозаларының өте жылдам төмендеуі жедел бүйрекүсті безі жеткіліксіздігіне, гипотонияға және өлімге әкеліп соғуы мүмкін.

- қызбаны, миалгияны, артралгияны, ринитті, конъюнктивитті, терінің ауырғыш қышитын конкрецияларын және салмақтың азаюын қоса, «тоқтату синдромының» да пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайла р

  • Жүйелі инфекция, егер инфекцияға қарсы спецификалы ем қолданылмаса.

  • Кез келген ингредиентіне аса жоғары сезімталдық.

  • Бактериемияда және жүйелі зеңдік инфекцияларда, тұрақсыз буындарда, инъекция орнындағы инфекцияда, мысалы, создан немесе туберкулезден туындаған сепсистік артритте глюкокортикоидпен жергілікті инъекция жасау қарсы көрсетілімді.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рифампицин, рифабутин, эфедрин, карбамазепин, фенилбутазон, фенобарбитал, фенитоин, примидон және аминоглютетимид кортикостероидтардың метаболизмін күшейтеді, соның нәтижесінде олардың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Дексаметазон CYP 3A4 орташа индукторы болып табылады. Дексаметазонды CYP 3A4 көмегімен метаболизденетін басқа дәрілік заттармен (мысалы, индинавир, эритромицин) бірге енгізу олардың клиренсін арттыруы мүмкін, бұл плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкеледі.

Миастения кезінде антихолинэстеразалардың әсерлеріне кортикостероидтар антагонистік көрсетеді.

Гипогликемиялық агенттердің (инсулинді қоса), антигипертензияның, жүрек гликозидтерінің және диуретиктердің күтілетін әсерлеріне кортикостероидтар антагонистік көрсетеді, ал ацетазоламидтің, ілмекті диуретиктердің, тиазидтік диуретиктердің және карбеноксолонның гипокалиемиялық әсерлері күшейеді.

Кумариндік антикоагулянттардың тиімділігі кортикостероидтармен бір мезгілде емдегенде жоғарылауы мүмкін, және кенет қан кетудің алдын алу үшін INR немесе протромбиндік уақытқа мұқият мониторинг қажет.

Салицилаттардың бүйректік клиренсін кортикостероидтар жоғарылатады, және стероидтарды пайдалануды тоқтату салицилаттан улануға әкелуі мүмкін. Гипопротромбинемиясы бар пациенттерде салицилаттармен өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде дексаметазонды жеке немесе басқа химиятерапиялық агенттермен біріктіріп қолданудан кейін ісік лизисі синдромын (TLS) өте сирек көрсетті. TLS қаупі жоғары пациенттерді мұқият бақылау және олар үшін тиісті сақтық шараларын қабылдау керек.

Әлеуетті ауыр психиатриялық жағымсыз реакциялар жүйелі стероидтарды енгізген кезде пайда болуы мүмкін екенін пациенттерге және/немесе қамқоршыларға ескерту керек. Симптомдар әдетте емдеуді бастағаннан кейін бірнеше күн немесе аптадан кейін пайда болады. Қауіптер жоғары дозаларда/жүйелі әсер етуде жоғары болуы мүмкін, әйтсе де доза деңгейлері реакцияның басталуын, ауырлығын немесе ұзақтығын болжауға мүмкіндік бермейді. Реакциялардың басым бөлігі дозаны азайтқаннан кейін немесе енгізуді тоқтатқаннан кейін басылады, дегенмен арнайы емдеу қажет болуы мүмкін. Пациенттер/қамқоршылар, егер оларда психологиялық симптомдар, әсіресе депрессия немесе суицидтік ойлар пайда болса медициналық көмекке жүгінуі керек. Пациенттер/қамқоршылар сонымен қатар ықтимал психикалық бұзылыстарға жіті назар аударуы керек, олар дозаны азайту/жүйелі стероидтарды тоқтату кезінде немесе одан кейін дереу пайда болуы мүмкін, дегенмен мұндай реакциялар сирек тіркеледі.

Жүйелі кортикостероидтарды өзінде немесе бірінші желідегі туыстарында ауыр аффективті бұзылыстары бар немесе бұрын болған пациенттерде пайдалану мәселесін қарастыру ерекше сақтықты талап етеді. Оларға депрессивті немесе маниакальді-депрессивті психоз және алдыңғы стероидтық психоз жатады.

Ең аз уақыт кезеңі ішінде ең төмен тиімді дозаны пайдаланып және тәуліктік қажеттілікті бір реттік таңғы доза түрінде немесе, мүмкін болса, баламалы күндерде бір реттік таңғы доза түрінде енгізу арқылы жағымсыз құбылыстарды барынша азайтуға болады. Аурудың белсенділігіне қарсы дозаны тиісінше титрлеу үшін пациентті жиі тексеру қажет.

Глюкокортикоидтарды парентеральді енгізуден кейін, әсіресе аллергиясы бар пациенттерде, кейде көмейдің ісінуі, есекжем және бронх түйілуі сияқты күрделі анафилактоидты реакциялар байқалады. Егер осындай анафилактоидты реакция пайда болса, пациентті адреналинмен және ағынды-сорғылы желдетумен емдейді.

Кортикостероидтарды бас жарақаттарын немесе инсультті емдеуге пайдалануға болмайды, өйткені олар пайдадан гөрі зиянын тигізуі мүмкін.

Зерттеу нәтижелері егер метилпреднизолонмен ем ересектердің жедел респираторлық дистресс-синдромы (ЕРДС) басталғаннан кейін екі аптадан астам уақыт өткен соң басталса, өлімнің артатынын көрсетеді. Осылайша, ЕРДС кортикостероидтармен емдеу ЕРДС басталғаннан кейінгі алғашқы екі аптаның ішінде басталуы тиіс.

Шала туған нәрестелер

Қолда бар деректер өкпенің созылмалы аурулары бар шала туған нәрестелерді күніне екі рет 0,25 мг/кг бастапқы дозаларда ерте емдеуден кейін (<96 сағат) жүйке жүйесіндегі ұзақ мерзімдік жағымсыз құбылыстарды айғақтайды.

Дексаметазонды тоқтату

Бүйрекүсті безі қыртысының атрофиясы ұзақ ем барысында дамиды және емдеуді тоқтатқаннан кейін көптеген жылдар бойы сақталуы мүмкін. Сондықтан жедел бүйрекүсті безі жеткіліксіздігін болдырмау үшін ұзақ емнен кейін кортикостероидтарды әрқашанда бірте-бірте тоқтату керек, және дозаға және емдеу ұзақтығына байланысты бірнеше апта немесе айлар бойы азайтылуы тиіс.

Физиологиялық дозалардан жоғары жүйелі кортикостероидтарды (шамамен 1 мг дексаметазонды) 3 аптадан астам уақыт бойы қабылдаған пациенттер үшін, күрт тоқтату болмауы тиіс. Дозаны төмендетуді қалай жүзеге асыру керектігі көбінесе жүйелі кортикостероидтардың дозасы азайтылған кезде ауру қайталануы мүмкін бе, соған байланысты. Тоқтату кезінде аурудың белсенділігіне клиникалық баға беру қажет болуы мүмкін. Егер жүйелі кортикостероидтарды тоқтатқаннан кейін аурудың қайталану ықтималдығы аз болса, бірақ HPA бәсеңдеуіне қатысты дүдәмалдық бар болса, жүйелі кортикостероидтың дозасын физиологиялық дозаларға дейін жылдам азайтуға болады. 1 мг дексаметазонның тәуліктік дозасына жеткеннен кейін гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі осін қалпына келтіруге мүмкіндік болу үшін дозаның азайтылуы баяуырақ болуы тиіс.

Егер аурудың қайталану ықтималдығы аз деп санасла, кортикостероидтармен 3 аптаға дейін созылған жүйелі емдеуді күрт тоқтату мақсатқа сай болмайды. Дексаметазонның дозаларын күніне 6 мг дейін 3 апта ішінде күрт төмендету көптеген пациенттерде гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі осінің клиникалық мәні бар бәсеңдеуіне әкеле қоймайды.

Пациенттердің келесі топтарында кортикостероидтармен жүйелі емнен бірте-бірте шығуды тіпті 3 аптаға немесе одан аз уақытқа созылған курстардан кейін де ескеру керек:

Жүйелі кортикостероидтардың қайталанған курстарынан өткен пациенттер, әсіресе 3 аптадан артық енгізген кезде.

Егер ұзақ емді тоқтатқаннан кейін бір жыл (айлар немесе жылдар) ішінде қысқа курс тағайындалған болса.

Бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігінің кортикостероидтармен экзогендік емнен басқа себептері болуы мүмкін пациенттер.

Жүйелі кортикостероидтың күніне 6 мг-ден асатын дексаметазон дозаларын алатын пациенттер.

Кешкі дозаларды бірнеше рет қабылдаған пациенттер.

Ұзақ ем кезінде кез келген интеркуррентті ауру, жарақат немесе хирургиялық араласу дозаны уақытша арттыруды қажет етеді; егер кортикостероидтарды енгізу ұзақ емнен кейін тоқтатылған болса, оларды уақытша қайта енгізу керек болуы мүмкін.

Пациенттерде «стероидтық емдеу» картасы болуы тиіс, онда қауіпті барынша азайту үшін көңіл бөлуді қажет ететін сақтық шараларына қатысты нақты нұсқаулар беріледі, және олар тағайындалған препарат, дозасы және емдеу ұзақтығы туралы жан-жақты ақпарат ұсынады.

Қабынуға қарсы/иммуносупрессиялық әсері және инфекциялар

Қабыну жауабының және иммундық функцияның бәсеңдеуі инфекцияларға сезімталдықты және олардың күрделілігін жоғарылатады. Клиникалық көрініс көбінесе типтік емес болуы мүмкін, және септицемия және туберкулёз сияқты күрделі инфекциялар бүркемеленуі және оларды анықтағанға дейін кеш сатыға жетуі мүмкін.

Қажет болғанда микробқа қарсы тиісті ем глюкокортикоидтармен емдеумен қатар жүруі тиіс, мысалы, туберкулёзде, сондай-ақ көздің вирустық және зеңдік инфекцияларында.

Желшешек ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені бұл әдеттегі елеусіз ауру иммунитеті әлсіреген пациенттер үшін фатальді болуы мүмкін. Бұрын желшешекпен ауырғаны анықталмаған пациенттерге (немесе балалардың ата-аналарына) желшешекпен немесе белдемелік герпеспен ауырғандарға тікелей тығыз жанасудан аулақ болуға кеңес беру керек, және егер олар ондай әсерге ұшыраса, шұғыл медициналық көмекке жүгінулері қажет. Желшешектің серотерапиясы (VZIG) үшін иммуноглобулинмен пассивті иммунизация жүйелі кортикостероидтарды алатын немесе оларды алдыңғы 3 айдың ішінде пайдаланған иммунитеті әлсіреген пациенттерге қажет; оны желшешектің әсерінен кейін 10 күн ішінде жүргізу керек. Егер желшешек диагнозы расталса, ауру арнайы көмекті және шұғыл емдеуді қажет етеді. Кортикостероидтарды енгізуді тоқтатпау керек, ал дозаны арттыру қажет болуы мүмкін.

Қызылша. Қызылшаның әсерін болдырмау үшін пациенттерге ерекше сақ болуды және қызылшамен жанасқан жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгінуді ұсыну керек; қалыпты иммуноглобинді бұлшықет ішіне енгізу жолымен профилактика қажет болуы мүмкін.

Тірі вакциналарды иммундық реакциясы әлсіреген тұлғаларға тағайындамау керек. Антиденелердің басқа вакциналарға реакциясы төмендеуі мүмкін.

Ерекше сақтық шаралары

Жүйелі кортикостероидтарды мынадай жай-күйлері бар пациенттерде пайдалану мәселесін қарастырған кезде ерекше сақтық және жиі мониторинг талап етіледі:

a. Остеопороз (әсіресе постклимактериялық кезеңдегі әйелдер бейім);

b. Гипертония немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі;

c. Қазір бар немесе бұдан бұрын болған ауыр аффективті бұзылыстар (әсіресе алдыңғы стероидтық психоз);

d. Қант диабеті (немесе отбасылық тарихтағы диабет);

e. Бұрын болған туберкулёз, өйткені глюкокортикоидтар реактивацияны тудыруы мүмкін;

f. Глаукома (немесе отбасылық тарихтағы глаукома);

g. Кортикостероидтрдан туындаған алдыңғы миопатия;

h.Бауыр жеткіліксіздігі;

i. Бүйрек жеткіліксіздігі;

J. Эпилепсия;

k. Асқазан-ішектің ойық жаралануы;

l. Бас сақинасы;

m. Кейбір паразиттік инвазиялар, атап айтқанда, амебиаз;

n. Толық емес табиғи өсу, өйткені глюкокортикоидтар ұзақ қабылдаған кезде эпифиздік жабылуды жылдамдатуы мүмкін;

o. Кушинг синдромы бар пациенттер;

Тендинит немесе тендовагинит сияқты жай-күйлерді емдегенде, сіңір қынабы мен сіңір арасындағы кеңістікке енгізген кезде сақтық шараларын қолдану керек, өйткені сіңірдің үзілу жағдайлары хабарланған.

Балаларда қолдану

Кортикостероидтар дозамен байланысты өсудің кідіруін туындатады, сәбилік, балалық және жастық кезеңде қайтымсыз болуы мүмкін.

Дексаметазон шала туған нәрестелердегі өкпенің созылмалы ауруларын емдеуге және профилактикасына пайдаланылады. Клиникалық сынақтар ӨЖЖ тәуелділікті төмендетуде қысқа мерзімдік пайдасын көрсетті, бірақ жазылып шығу уақытын қысқартуда, өкпенің созылмалы ауруларының таралуын және өлімді азайтуда ұзақ мерзімдік басымдылық берген жоқ. Таяудағы зерттеулер дексаметазонды шала туған балаларда пайдалану мен церебральді салданудың дамуы арасындағы байланысты көрсетті. Осыны ескере отырып, пайда-қаупі әркімге жеке негізде бағалануы тиіс.

Егде адамдарда пайдалану

Жүйелі кортикостероидтардың жалпы жағымсыз құбылыстары егде жаста біршама күрделі салдарлармен, әсіресе остеопорозбен, гипертониямен, гипокалиемиямен, диабетпен, инфекцияға сезімталдықпен және терінің жұқаруымен байланысты болуы мүмкін. Өмірге қауіпті реакцияларды болдырмау үшін мұқият клиникалық қадағалау қажет.

Жүктілік

Кортикостероидтардың плацента арқылы өту қабілеті жеке препараттар арасында әртүрлі, алайда дексаметазон плацентаға оңай өтеді.

Кортикостероидтарды жүктілерге енгізу таңдай жырығын, жатырішілік өсудің кідіруін және мидың өсуі мен дамуына ықпалын қоса, шарана дамуында бұзылыстар тудыруы мүмкін. Кортикостероидтар адамның таңдай/ерін жырығы сияқты туа біткен ауытқуларының санын арттыратынына ешқандай дәлелдер жоқ. Алайда препаратты жүктілік кезінде ұзақ уақыт бойы немесе көп рет пайдаланған кезде кортикостероидтар жатырішілік дамудың кідіру қаупін арттыруы мүмкін. Гипоадренализм жаңа туғандарда кортикостероидтардың жатырішілік әсерінен кейін теориялық тұрғыда туындауы мүмкін, бірақ әдетте ол туғаннан кейін өздігінен жоғалады және клиникалық мәні сирек болады. Басқа да препараттар сияқты, кортикостероидтар ана мен бала үшін артықшылығы жағымсыз әсерлердің туындау қаупінен асып түсетін жағдайда ғана тағайындалуы тиіс. Алайда, кортикостероидтар қажет болған жағдайда, жүктілігі қалыпты пациенттерді басқа пациенттер сияқты емдеуге болады.

Лактация

Кортикостероидтар емшек сүтіне өтуі мүмкін, дегенмен дексаметазон бойынша мәліметтер жоқ. Аналары жүйелі кортикостероидтардың жоғары дозаларын ұзақ уақыт бойы қабылдаған нәрестелерде бүйрекүсті бездерінің бәсеңдеуі туындауы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Маңызы жоқ.

Артық дозалану

Кортикостероидтың шектен тыс дозасын анықтау қиын, өйткені емдік доза пациенттің көрсетілімдері мен қажеттіліктеріне байланысты ауытқып отырады. Төтенше жағдайларда импульс ретінде енгізілетін IV кортикостероидтардың жоғары дозасы, сірә, жағымсыз әсерлер тудыра қоймайды.

Кортикостероидтармен байланысты жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі қажеттілігіне қарай симптомсыз және демеуші ем болуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл препараттан янтарь түстес шыны ампулаларға құйылады.

5 ампуладан қырлы тұғырға салынады. 1 тұғырдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

5 қорапшадан картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалз Лтд, Үндістан

H.O.: A-38, Nandjyot Industrial Estate, Kurla - Andheri Road, Safedpool,

Mumbai – 400 072

Тіркеу куәлігінің иесі

Аджио Фармацевтикалз Лтд, Мумбай, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

Аджио Фармацевтикалз Лимитед компаниясының ҚР өкілдігі

050000 Алматы қ-сы,

Достық к-сі, 43, 414 кеңсе

телефон: +7727-339-01-05

koulvishwaagiokazak@gmail.com

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«СonsultAsia» ЖШС

Шевченко к-сі 165 Б

E-mail: registration@consultingasia.kz

pv@consultingasia.kz

Тел/факс: +7727-379-42-58

+77051708825

Прикрепленные файлы

Дексаметазон-Аджио_каз.docx 0.05 кб
Дексаметазон-Аджио_рус.doc 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники