Деквадол

МНН: Деквалиния хлорид, Цинхокаина гидрохлорид (дибукаина гидрохлорид)
Производитель: Киевский витаминный завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024818
Информация о регистрации в РК: 17.11.2020 - 17.11.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Деквадол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таңқурай дәмі бар соруға арналған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AA20

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жедел қабыну ауруларын жергілікті емдеуде:

- катаральді баспа және лакунарлы баспа (қосымша дәрі ретінде)

- Симановский-Плаут-Венсан ойық жаралы үлбірлі баспасы (қосымша дәрі ретінде)

- фарингит, ларингит, тонзиллит

- афтозды-ойық жаралы стоматит, гингивит

- ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидомикозы (қосымша дәрі ретінде )

- тонзиллоэктомиядан, тіс экстракциясынан кейінгі жай-күй

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- деквалиний хлоридіне, дибукаин гидрохлоридіне немесе препарат компоненттерінің кез келген басқасына жоғары сезімталдық

- төрттік аммоний негіздеріне (мысалы, бензалконий хлориді) белгілі аллергиялық реакциялар

- 4 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препараттың құрамында сорбит бар, сондықтан оны, мысалы, фруктоза жақпаушылығы синдромы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Деквадолдың құрамында қант жоқ екенін ескере отырып, оны қант диабеті бар пациенттерге қолдануға болады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Антибактериялық әсері анионды детергенттермен (мысалы, тіс пастасымен) бірге қолданғанда азаяды.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.

Дәрілік затты қолдануды холинэстераза тежегіштерін қабылдаумен біріктіруге болмайды.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препаратты 4 жасқа дейінгі балаларда қолдану туралы деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ана үшін күтілетін әсері шарана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әр 2 сағат сайын 1 таблеткадан, қабыну симптомдары азайғаннан кейін - әр 4 сағат сайын 1 таблеткадан тағайындалады.

4 жастан асқан балаларға әр 3 сағат сайын 1 таблеткадан, симптомдар азайғаннан кейін - әр 6 сағат сайын 1 таблеткадан тағайындайды.

Аурудың жедел кезеңінде ең жоғары тәуліктік доза 10-12 таблетка және содан кейін 6 таблеткадан қабыну симптомдары жоғалғанға дейін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы қабыну симптомдарының жойылуына байланысты және 5 күннен аспайды.

Егер дәрілік затпен 5 күн емдегеннен кейін симптомдар жойылмаса немесе күшейіп кетсе, пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.

Емдеу әдісі және жолы

Таблеткаларды тістемей, баяу сору керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Артық дозалануға қатысты деректер жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Кейде

- жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, бөртпе, ашытуды сезіну, ауыз қуысы мен тамақ шырышты қабығының тітіркенуі).

Сирек жағдайларда, атап айтқанда, дұрыс пайдаланбаған кезде ойық жаралар мен некроз пайда болуы мүмкін. Кез келген ерекше реакциялар туындаған жағдайда дәрілік затты қолдануды тоқтату және одан әрі емдеуге қатысты міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - деквалиний хлориді 0.25 мг, цинхокаин гидрохлориді (дибукаин гидрохлориді) 0.03 мг,

қосымша заттар: сорбит (Е 420), тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, «Бүлдірген» тағамдық хош иістендіргіші (сұйық), ұнтақ тектес тағамдық хош иістендіргіш (таңқурай).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы және сызығымен, таңқурай дәмі мен иісі бар таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

6 таблеткадан поливинилиденхлорид (ПВдХ) қабаты бар поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

6 таблеткадан полихлортрифторэтилен (Aclar®) қабаты бар поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

04073, Киев қ., Копыловская к-сі, 38

Тел.: (044) 461-03-08, факс: (044) 461-03-01;

Web-сайт: www.vitamin.com.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Өкілдігі: «КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ

Мекенжайы: 050008, Қазақстан Республикасы: Алматы қ.,

Абай даңғылы 109 В, 16А кеңсе

Тел.: +7 (727) 356 88 50; е-mail: ossadchiy@mail.ru

Прикрепленные файлы

121373_КАЗ_Деквадол_(малина)_ЛВ_АГМ_(правки)_08.10_.20_.docx 0.03 кб
п.10_ИМП_Деквадол_(малина)_(правки)_08_.10_.20_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники