Девясил

МНН: Корни и корневища девясила
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023018
Информация о регистрации в РБ: 06.06.2017 - 06.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Андыз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тамырсабақтары мен тамырлары

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат – андыз тамырсабақтары мен тамырлары 50 г, 100 г

Сипаттамасы

Тамырсабақтар мен тамырлардың сұрғылт-қоңыр, сарғыш-ақ немесе сарғыш-сұр түсті, диаметрі 8 мм саңылауы бар елек арқылы өтетін әртүрлі пішінді түйірлері.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар

АТХ коды R05CA

Фармакологиялық қасиеттері

Тамырлары мен тамырсабақтарында эфир майы, лактондар, инулин полисахариді, шайырлар, сапониндер, ащы және шырышты заттар табылған. Биік андыз дәрілік өсімдігінің тамырында болатын белсенді заттардың алуан түрлілігі оны өте кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Андыздың қақырық түсіретін қасиеттерін оның шырышты заттары береді. Зеңге қарсы және вирусқа қарсы дәрі ретінде пайдалануға ондағы алантолактонның болуы мүмкіндік береді. Андыз өсімдігі несеп айдайтын, іш өтуге қарсы, өт айдайтын, қабынуға қарсы, антисептикалық және ішекқұрттарына қарсы қасиеттері бар. Биік андыз дәрілік өсімдік ретінде тыныс алу жолдарының созылмалы немесе жедел аурулары кезінде бронх секрециясын төмендетуге пайдаланады. Өсімдік тұнбасының әсерімен секреторлық белсенділігі мен ішек перистальтикасын төмендетеді. Өсімдіктің дәрілік тұнбасы өт бөлінуін күшейтеді, сондықтан ол өт шығару жолдары ауруларын емдеген кезде көмектеседі. Андыз препараттарының микробқа қарсы және жеңіл несеп айдайтын әсері бар. Андыз қайнатпасын зеңге қарсы дәрі ретінде сыртқа қолданады. Сонымен қоса, қайнатпамен жазылуы нашар жараларды жуып-шаяды, қабыну кезінде тамақты және ауыз қуысын шайқайды.

Қолданылуы

Кешенді емде:

- қою, тұтқыр қақырық шығаратын қатты жөтелмен бірге жүретін тыныс алу мүшелерінің жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында;

- холециститте;

- гастроэнтеритте, шығу тегі инфекциялық емес іш өтуде;

- ішекқұрттарын шығаратын дәрі ретінде аскаридозда.

Сыртқатез жазыла қоймайтын, бірақ суланбайтын жараларда, тері қышынуындағы тері бөртпелерінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

16 г (1 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпақпен жабады және қайнап тұрған су моншасында жиі араластырып 30 мин қыздырады, бөлме температурасында 10 мин бойы салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған қайнатпаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Жылы күйінде ¼ стақаннан күніне 3 – 4 рет ас ішуден 1 сағат бұрын қабылдайды.

Қолданар алдында тұнбаны шайқау керек.

Қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды.

Емдеу курсын дәрігер әр науқасқа жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- аллергиялық реакциялар

- қыжыл

- іш ауруының күшеюі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- бүйрек аурулары

- жүрек аурулары

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Айқындалмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропилен немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтилен пакетте 50 г, 100 г препараттан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі қысқаша аннотация жазылған картон қорапшаға салынған.

Қорапшаны полипропилен немесе полиэтилен үлбірмен қаптайды, содан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына орналастырады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1, тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27, е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, 160019

Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1., тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27, е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Прикрепленные файлы

Девясил_КАЗ.doc 0.05 кб
Девясил_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту