Девясила сироп витаминизированный

МНН: Аскорбиновая кислота, Девясила корневища и корни, Шиповника плоды
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001477
Период регистрации: 20.03.2015 - 20.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Витаминдер қосылған андыз шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

125 мл шәрбат

Құрамы

125 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: итмұрын жемісі 25,0 г

андыз тамыр сабағы мен тамыры 2,5 г

аскорбин қышқылы 1,0 г,

қосымша заттар: қант, лимон қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі, ашқылтым-тәтті дәмі бар, сарғыш-қоңырдан қоңыр түске дейінгі қоюлау сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тұмау белгілерін басуға арналған басқа да біріктірілген препараттар.

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Итмұрын жемістері құрамында C витамині — аскорбин қышқылының басымдылығы бар поливитаминді дәрі. Құрамында, сондай-ақ Р (рутин), Е, витаминдері, каротиноидтар, флавоноидтар, липидтер, тритерпенді спирттер және қанттар бар. Итмұрын жемістері цинготқа қарсы әсер етеді, организмде тотығу-қалпына келу үдерістерін күшейтеді, өт айдағыш әсері бар, ішкі ортаның қауіпті әсеріне қарсыластықты жоғарылатады.

Аскорбин қышқылы көмірсу алмасуында, қан ұюда, тіндер регенерациясында тотығу-тотықсыздану үдерісін реттеуде маңызды рөл атқарады, қылтамырлар өткізгіштігін қалпына келтіреді, организмнің қарсы тұруына ықпал етеді.

Андыздың тарам тамырлары және тамырларының құрамында лактондар, эфир майлары бар, ол қабынуға қарсы, өт айдағыш, несеп айдағыш әсерге ие.

Витаминдер қосылған андыз фитошәрбатының қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, өт айдағыш, цинготқа қарсы, несеп айдағыш әсері бар.

Қолданылуы

- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының ауруларында - ринитте, фарингитте, тонзиллитте, ларингитте, трахеитте, бронхитте, тұмауда (кешенді ем құрамында)

- асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жара зақымдануларында (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілдері және дозалары

Витаминдер қосылған андыз фитошәрбатын тамақтануға дейін 20 минут бұрын қабылдайды.

Балаларға 3 жастан бастап күніне 1/2 шай қасықтан 3 рет тағайындайды.

4-тен 7 жасқа дейінгі балаларға күніне 1 шай қасықтан асырмай 3 рет.

8-ден 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 1 десертті қасықтан 3 рет.

12 жастан асқан балаларға және ересектерге күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет. Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының ауруларында емдеу курсы 7-10 күн.

Асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жара зақымдануларында емдеу курсы 2-3 апта.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері қышымасы, бет гиперемиясы)

- қыжыл, іш ауруының күшеюі

мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балалар

- қалпына келмейтін сатыдағы жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары

- бүйрек функциясының айқын бұзылуы

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтату және емдеуші дәрігерден кеңес алу керек.

Препаратты ұзақ уақыт бойы қабылдау және емдеу курсын қайталау дәрігердің кеңесін талап етеді.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симтомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бақыланатын сақинасымен, бұралып жабылатын металды қалпақшамен тығындалған, бұрама мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 125 мл-ден.

Әрбір құтыға заттаңбалық немесе баспалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құты мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған. Нұсқаулық саны топтық қаптамаға құты саны бойынша салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекен-жайы:

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

107988911477976524_ru.doc 66.5 кб
880176101477977684_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники