Дапорин (60 мг)

МНН: Дапоксетина гидрохлорид
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дапоксетин
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023306
Информация о регистрации в РК: 17.03.2023 - 17.03.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Дапорин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дапоксетин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 30 мг; 60 мг

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетканың құрамында

белсенді зат: 33.581 мг дапоксетин гидрохлориді (30.000 мг дапоксетинге баламалы) және 67.162 мг (60.000 мг дапоксетинге баламалы), сәйкесінше, 30 және 60 мг дозалар үшін,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабық Opadry® grey II 32K275005: гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, темірдің (III) қара тотығы (Е 172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (III) сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Ашық-сұр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ беті дөңес, басқа жақ беті жазық, таблетканың дөңес жақ бетіндегі үш бұрыштың ішінде “30” өрнегі бар дөңгелек пішінді таблеткалар (30 мг доза үшін).

Ашық-сұр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ беті дөңес, басқа жақ беті жазық, таблетканың дөңес жақ бетіндегі үш бұрыштың ішінде “60” өрнегі бар дөңгелек пішінді таблеткалар (60 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар, спазмолитиктерді қоса. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Дапоксетин.

АТХ Коды G04BX14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Дапоксетин IC50 1,12 нM болатын серотонинді кері қармап қалатын күшті селективті тежегіш (СКҚСТ) болып табылады, ал оның адам организміндегі негізгі метаболиттері - десметилдапоксетин (IC50 < 1,0 нM) және дидесметилдапоксетин (IC50 < 2,0 нM) – тепе-тең немесе азырақ күшті (дапоксетин-N-oксид (IC50 = 282 нM)) болып табылады.

Адамдағы эякуляция, ең алдымен, симпатикалық жүйке жүйесімен реттеледі. Эякуляция ми діңінің қатысуымен спинальді рефлекторлы орталық арқылы реттеледі, оған бірқатар ми ядросының (медиальді преоптикалық және паравентрикулярлы ядро) бастапқы ықпалы әсерін тигізеді.

Мезгілінен ерте болатын эякуляцияда дапоксетиннің әсер ету механизмі болжаммен алғанда серотонинді нейрондармен кері қармап қалудың тежелуімен және кейіннен нейромедиаторлардың пре- және постсинапстық рецепторларға әсер етуінің күшеюімен байланысты.

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Дапоксетин тез сіңеді және препаратты қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmах) жетеді. Абсолюттік биожетімділігі 42%-ға тең (диапазон 15-76%). Дапоксетинді ашқарынға 30 мг және 60 мг дозаларда бір реттік пероральді түрде қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы заттың ең жоғары концентрациясы, сәйкесінше, 297 нг/мл (1,01 сағаттан соң) және 498 нг/мл (1,27 сағаттан соң) құрайды.

Майлы тағамды қабылдау дапоксетиннің Сmах (10%-ға) орташа азайтады және AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданды) және қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жету уақытын 12%-ға арттырады. Алайда дапоксетиннің сіңу дәрежесі мұндайда өзгермейді. Бұл өзгерулер клиникалық тұрғыдан маңызды емес. Дапорин препаратын тамақ ішуге қарамай қабылдай беруге болады.

Таралуы

Дапоксетиннің 99%-дан көбі плазма ақуыздарымен in vitro байланысады. Белсенді метаболит - дезметилдапоксетин – қан плазмасы ақуыздарымен 98,5%-ға байланысады. Дапоксетин организмде орташа тепе-тең 162 л көлемде тез таралады.

Метаболизмі

Болжаммен, дапоксетин бауырдың және бүйректің көптеген, әсіресе CYP2D6, CYP3A4 ферменттерімен және бүйректің құрамында флавин бар монооксигеназасымен (ФМ01) метаболизденеді. Пероральді түрде қабылданғаннан кейін дапоксетин негізінен N-тотығу, N-деметилдену, нафтотоптың гидроксилденуі, глюкуронизациялану және сульфотоптың қосылуы жолымен белсенді түрде метаболизденеді. Пероральді түрде қабылдаудан кейін бауырда жүйеалды метаболизм белгілері бар. Қан плазмасында айналымда болатын негізгі компоненттер интактілі дапоксетин және дапоксетин-N-тотығы болып табылады. Дапоксетин- N-тотығы белсенді емес. Бұдан басқа, айналымдағы дапоксетин метаболиттерінің жалпы мөлшерінің 3%-дан аз мөлшерінде дезметилдапоксетин және дидезметилдапоксетин табылады. Дезметилдапоксетин белсенділігі бойынша дапоксетинге ұқсас, ал дидезметилдапоксетин, дипоксетинге қарағанда, шамамен 2 есе азырақ белсенді. Байланыспаған дезметилдапоксетиннің экспозициясы (AUC және Сmах) байланыспаған дипоксетиннің 50%-ын және 23%-ын құрайды.

Шығарылуы

Дапоксетиннің метаболиттері негізінен несеппен бірге конъюгаттар түрінде шығарылады. Несептен өзгермеген белсенді зат табылмайды. Дапоксетин тез шығарылады, мұны дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң қан плазмасындағы заттың төмен концентрациясы (ең жоғарыдан 5% азырақ) айғақтайды. Күн сайын қабылдағанда заттың организмде жинақталуы барынша өте төмен. Пероральді түрде қабылдағанда ақырғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 19 сағатты құрайды.

Пациенттердің ерекше санаттарындағы фармакокинетикасы

Нәсілі

Дапоксетинді 60 мг дозада бір реттік қабылдау еуропалықтарда, қара нәсілді адамдарда, латынамерикалықтарда және азиялық нәсілді адамдарда статистикалық тұрғыдан айқын айырмашылықтар байқалған жоқ. Еуропалықтар мен жапондықтардағы дапоксетиннің фармакокинетикасы, соңғыларында дене салмағы (10-20%-ға) аз болғандықтан, Сmах және AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) мәндерінің өте жоғары болатындығын көрсетеді. Жүйелік әсерінің өте жоғары деңгейі клиникалық әсерінде маңызды айырмашылықтарды туындатуы неғайбыл.

Егде жастағы пациенттер (65 жастағы және одан үлкендер)

Дапоксетинді 60 мг дозада бір реттік қабылдағанда дені сау егде жастағы еркектердің және жасырақ еркектердің фармакокинетика көрсеткіштерінде (Сmах, AUCinf («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан), Тmах) елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ.

Дапоксетиннің AUCinf орташа мәндері және ақырғы жартылай шығарылу кезеңі, егде жастағы еркектерде, жасырақ еркектермен салыстырғанда, сәйкесінше, 12%-ға және 46%-ға жоғары.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Дапоксетинді 60 мг дозада бір реттік қабылдау бүйрек функциясының әлсіз (креатинин клиренсі минутына 50-ден 80 мл-ге дейін), орташа айқын (креатинин клиренсі минутына 30-дан 50 мл-ге дейін) және ауыр (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден азырақ) бұзылулары бар пациенттерде дапоксетиннің креатинин клиренсі мен Сmах немесе AUCinf арасында тәуелділік байқалған жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда, дапоксетиннің AUC шамамен 2 есе жоғары. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолдану жөнінде деректер шектеулі. Гемодиализді керек ететін пациенттерде дапоксетиннің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының әлсіз бұзылуы бар пациенттерде дапоксетиннің және дезметилдапоксетиннің фармакокинетикасы өзгермейді. Бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі (Чайлд-Пью бойынша В класы) пациенттерде байланыспаған дапоксетиннің Сmах және AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан), сәйкесінше, 55%-ға және 120%-ға артады. Дапоксетиннің байланыспаған белсенді фракциясының Сmах өзгермейді, ал AUC 2 есе артады.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде байланыспаған дапоксетиннің Сmах өзгермейді, ал байланыспаған дапоксетиннің AUC 3 еседен астамға артады. Белсенді фракцияның AUC мәні де бірнеше есеге артады.

CYP2D6 полиморфизмі

Препаратты 60 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін қан плазмасындағы дапоксетиннің концентрациясы CYP2D6 белсенділігі төмен пациенттерде, CYP2D6 белсенділігі жоғары пациенттермен салыстырғанда, жоғары mах шамамен 31%-ға, AUCinf - шамамен 36%-ға). Осыған ұқсас, CYP2D6 белсенділігі төмен пациенттерде дезметилдапоксетиннің Сmах 98%-ға, ал AUCinf 161%-ға артады. Дапоксетиннің орташа ақырғы жартылай шығарылу кезеңі CYP2D6 изоферментінің белсенділігі төмен пациенттерде, CYP2D6 изоферментінің белсенділігі жоғары пациенттермен салыстырғанда, 2,4 сағатқа артады. Дапоксетиннің белсенді фракциясының Сmах 46%-ға, AUC 90%-ға жоғарылайды. Бұл арту дозаға тәуелді жағымсыз құбылыстардың жоғары жиілігімен және ауырлығымен қатар жүруі мүмкін. Препаратты CYP2D6 белсенділігі төмен пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі дапоксетиннің метаболизмін тежеуге қабілетті басқа препараттарды, атап айтқанда, белсенді және орташа белсенді CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдаған кезде күмән тудырауы мүмкін.

CYP2D6 белсенділігі шамадан тыс жоғары болатын пациенттерде қан плазмасындағы дапоксетиннің және дезметилдапоксетиннің концентрациялары төмендейтін болады деп күтіледі.

Қолданылуы

Дапорин 18-ден 64 жасқа дейінгі ересек еркектерде мезгілінен ерте болатын эякуляцияны (МЭ) емдеу үшін қолданылады.

Дапоринді келесі критерийлерге сәйкес келетін пациенттерге ғана тағайындаған жөн:

- интравагинальді эякуляцияның жасырын уақыты (IELT) екі минуттан азырақты құрайтын

- жыныстық мүшені енгізер алдында, енгізу кезінде немесе енгізуден кейін көп ұзамай, және пациенттің қалаған уақытынан ерте басталатын персистирленетін немесе қайталанатын эякуляцияда

- өзара қатынастарда МЭ салдары ретінде туындайтын айқын күйзелісте немесе қиындықта

- эякуляцияның басталуын бақылау жеткіліксіз болғанда

- соңғы 6 айда жыныстық қатынасты жүзеге асырудың көбісінде эякуляция мезгілінен ерте басталғанда.

Дапоринді, қажет болғанда, тек ем ретінде болжамды жыныстық қатынас алдында қабылдаған жөн. Дапоринді МЭ диагнозы қойылмаған еркектерде эякуляцияны кідірту үшін тағайындауға болмайды.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке қабылдайды. Таблетканы, ең кемінде, толық бір стакан сумен ішіп, тұтастай жұтқан жөн. Препаратты тамақ ішуге қарамай қабылдай беруге болады.

18-ден 64 жасқа дейінгі ересек еркектер

Барлық еркектер үшін ұсынылатын бастапқы доза 30 мг құрайды; бұл дозаны болжамды жыныстық қатынастан 1-3 сағат бұрын қабылдайды. 30 мг дозаның әсері жеткіліксіз болғанда және жағымдылығы жақсы болғанда оны 60 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны қабылдаудың ең жоғары ұсынылатын жиілігі24 сағатта 1 рет.

Мезгілінен ерте болатын эякуляцияны емдеу үшін Дапорин препаратын тағайындайтын дәрігер емдеуден кейін алғашқы 4 аптадан соң немесе 6 дозаны қабылдағаннан соң препаратты қолданудың қаупі мен пайдасына баға беруі керек және Дапорин препаратымен әрі қарай емдеудің мақсатқа сай екендігі жөнінде шешім қабылдауы үшін қаупі-пайдасы арақатынасын анықтауы тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының әлсіз немесе орташа бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес, бірақ сақтық таныту ұсынылады. Препарат бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар науқастардың қабылдауына ұсынылмайды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясының әлсіз бұзылуы бар науқастар үшін дозаны түзету қажет емес. Препаратты бауыр функциясының орташа айқын және ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және С класы) бар пациенттерге қолдануға болмайды.

CYP2D6 белсенділігі төмен пациенттер, CYP2D6 белсенді тежегіштерімен бір мезгілде қолдану

CYP2D6 белсенділігі төмен адамдарда немесе Дапорин препаратымен бір мезгілде белсенді CYP2D6 тежегіштерін қабылдап жүрген науқастарда Дапорин препаратының дозасын 60 мг-ге дейін арттырғанда сақтық танытқан жөн.

Белсенді немесе орташа белсенді CYP3A4 тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттер

Белсенді CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдауға болмайды. Дапорин препаратын орташа белсенді CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда препарат дозасы 30 мг-ге дейін төмендетілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі байқалған және дозаға байланысты болған келесі жағымсыз әсерлер тіркелген: жүректің айнуы (11,0% және 22,2%, сәйкесінше, 30 мг және 60 мг дапоксетин қабылдағанда), бас айналу (5,8% және 10,9%), бас ауыру (5,6% және 8,8%), диарея (3,5% және 6,9%), ұйқысыздық (2,1% және 3,9%), шаршау (2,0% және 4,1%).Емдеуді тоқтатуды қажет ететін ең жиі құбылыстар жүректің айнуы (науқастардың 2,2%-да) және бас айналу (1,2%) болды.

Жағымсыз әсерлердің төменде пайдаланылған параметрлері былайша белгіленген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000).

Психикалық бұзылулар:

Жиіүрейлену, ажитация, мазасыздық, ұйқысыздық, әдеттен тыс түс көрулер, либидоның төмендеуі;

Жиі емес - депрессия, депрессиялық көңіл-күй, эйфория жағдайы, көңіл-күйдің құбылуы, күйгелектік, немқұрайлылық, апатия, сананың шатасуы, бағдардан адасу, патологиялық ойлар, соматосенсорлы амплификация, ұйқының бұзылуы, бастапқы ұйқысыздық, аралық ұйқысыздық, түнгі ққрқыныштар, бруксизм, либидоның жоғалуы, аногразмия.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан:

Өте жиібас айналуы, бас ауыру;

Жиіұйқысыздық, зейінді қоюдың бұзылуы, тремор, парестезия;

Жиі емес – естен тану, соның ішінде вазовагальді естен тану, постуральді бас айналу, акатизия, дәмнің бұзылуы, шамадан тыс ұйқышылдық, летаргия, седативтік күй, сананың бәсеңдеуі;

Сирекдене жүктемесі кезінде бас айналу, кенеттен ұйықтап кету.

Көру мүшелері тарапынан:

Жиікөрудің жіті болмауы;

Жиі емес – мидриаз, көз аймағының ауыруы, көрудің бұзылуы.

Есту мүшелері тарапынан:

Жиіқұлақтың шуылдауы;

Жиі емес – вертиго.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:

Жиі – қан «кернеулері»;

Жиі емес – синустық түйін белсенділігінің тоқтауы, синустық брадикардия, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі, систолалық гипертензия, ыстық «кернеулер».

Тыныс алу жүйесі тарапынан:

Жиімұрынның бітелуі, есінеу.

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

Өте жиіжүректің айнуы;

Жиі – диарея, құсу, іш тұсының ауыруы, іштің жоғарғы жақ бөлігінің ауыруы, диспепсия, метеоризм, асқазан тұсында жайсыздық, іштің кебуі, ауыздың кеберсуі;

Жиі емесіш тұсында жайсыздық, эпигастрияда жайсыздық;

Сирекдефекацияға императивті күшену.

Тері және теріасты тіндері тарапынан:

Жиі – гипергидроз;

Жиі емесқышыну, суық тер.

Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан:

Жиі – эректильді дисфункция;

Жиі емес – эякуляцияның болмауы, еркектерде оргазм бұзылысы, еркектердің жыныс мүшелерінің парестезиясы.

Жалпы:

Жиіәлсіздік, ашушаңдық;

Жиі емес – астения, қызу сезімі, үрейлену сезімі, дімкәстік сезімі, мас болу сезімі.

Зертханалық көрсеткіштердің өзгерулері:

Жиі – артериялық қысымның жоғарылауы;

Жиі емесжүректің жиырылу жиілігінің артуы, диастолалық артериялық қысымның артуы, ортостаздық артериялық қысымның артуы.

Жекелеген жағымсыз әсерлердің сипаттамасы

Сананың жоғалуымен, брадикардиямен немесе синустық түйіннің тоқтап қалуымен бірге естен танулар пациенттерде холтерлік мониторингтеу жүргізу аясында байқалуы мүмкін. Көптеген жағдайлар қабылдаудан кейінгі алғашқы 3 ай ішінде, оны алғаш қабылдаудан кейін орын алады немесе клиника жағдайында зерттеуге жататын емшаралар (қан алу немесе ортостаздық манипуляциялар, сондай-ақ артериялық қысымды өлшеу) жүргізумен байланысты. Естен танудан бұрын продромальді симптомдар жиі болады.

Естен танулардың және ықтимал продромальді симптомдардың пайда болуы, мүмкін, дозаға байланысты, бұл препаратты ұсынылғаннан жоғары дозаларда қабылдаған пациенттер арасында олардың туындау жиілігінің өте жоғары болуымен көріністеледі.

Тоқтату синдромы

Созылмалы депрессиялық бұзылуларда емдеу үшін ұдайы қабылданатын СКҚСТ күрт тоқтату келесі симптомдардың дамуына әкеп соғуы мүмкін: дисфория, ашушаңдық, қозу, бас айналу, сенсорлы бұзылулар (мысалы, электрошок типі бойынша парестезиялар), қорқыныш, сананың шатасуы, бас ауыру, летаргия, эмоциональді құбылмалылық, ұйқысыздық және гипомания.

Препаратты тоқтатқан кезде жеңіл немесе орташа ұйқысыздық және бас айналу сияқты симптомдардың пайда болу жиілігі 62 күн күнделікті қабылдаудан кейін плацебоға ауыстырылған адамдарда аздап жоғары болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгенінен жоғары сезімталдық;

- жүрек тарапынан айқын патология: жүрек функциясының жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV класс), АВ-блокада немесе синустық түйін әлсіздігі синдромы сияқты өткізгіштіктің бұзылулары, жүректің айқын ишемиялық ауруы, айқын қақпақшалық кемістік, анамнезде естен танудың болуы;

- анамнезде манияның немесе ауыр депрессияның болуы;

- моноаминооксидаза тежегіштерін (МАО тежегіштерін) бір мезгілде қабылдау, немесе егер оларды қабылдау тоқтатылғаннан кейін 14 күннен аз уақыт өтсе, МАО тежегіштерін Дапорин қабылдауды аяқтағаннан кейін 7 күн бойы қабылдамаған жөн;

- тиоридазинді бір мезгілде қабылдау, немесе тиоридазинді қабылдағаннан кейін 14 күн бойы. Тиоридазинді Дапорин қабылдауды аяқтағаннан кейін 7 күн бойы қабылдамаған жөн;

- серотонинді кері қармап қалатын тежегіштерді (серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер (СКҚСТ)), серотонин-норадреналинді кері қармап қалатын селективті тежегіштерді НКҚСТ), трициклді антидепрессанттарды (ТЦА)) немесе басқа да дәрілік препараттарды/ серотонинергиялық әсері бар өсімдік текті препараттарды (мысалы, Lтриптофан, триптандар, трамадол, линезолид, литий, шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum)) немесе осы дәрілік препараттарды/өсімдік текті препараттарды тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы бір мезгілде қабылдау. Осы дәрілік препараттарды/ өсімдік текті препараттарды Дапорин қабылдауды аяқтағаннан кейін 7 күн бойы қабылдамаған жөн;

- күшті әсер ететін, мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, нефазадон, атазанавир және т.б.сияқты CYP3А4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдау;

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр дәрежеде бұзылуы;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;

- 65 жастағы және одан үлкен еркектер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

МАО тежегіштерімен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде СКҚСТ және моноаминоксидаза тежегішін қабылдаған пациенттерде күрделі, кейде өлімге әкеп соғатын реакциялар, соның ішінде гипертермия, сіреспе, миоклонус, өмірлік функция көрсеткіштерінің ықтимал тез ауытқуымен вегетативтік жүйенің тұрақсыздығы, сондай-ақ психикалық жағдайдың өзгеруі, соның ішінде делирийге және комаға дейін өршитін күшті қозу болуы мүмкін. Бұл реакциялар да СКҚСТ жуық арада тоқтатқан және МАО-Т емін бастаған науқастарда байқалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда симптомдар қатерлі нейролептикалық синдромды еске түсіреді. Болжаммен алғанда, бұл препараттар артериялық қысымды синергиялық түрде жоғарылатуы және мінез-құлықтық қозуды туындатуы мүмкін. Сондықтан Дапорин препаратын МАО-Т бір мезгілде және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы қабылдауға болмайды. Осыған ұқсас, Дапорин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн бойы МАО-Т қабылдауға болмайды.

Тиоридазинмен өзара әрекеттесуі

Тиоридазин QTc аралығын ұзартады, бұл қарыншалық аритмиямен қатар жүреді. CYP2D6 ферментін бәсеңдететін Дапорин типті препараттар, мүмкін, тиоридазиннің метаболизмін тежейді. Осыдан туындаған тиоридазин деңгейінің жоғарылауы QTc аралығының ұзаруын күшейтеді деп күтіледі. Дапорин препаратын тиоридазинмен бір мезгілде және оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы қабылдауға болмайды. Осыған ұқсас, Дапорин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн бойы тиоридазин қабылдауға болмайды.

Серотонинергиялық әсері бар препараттар

Дапорин препаратын серотонинергиялық препараттармен (МАО-Т, L-триптофан, триптандар, трамадол, линезолид, СКҚСТ, серотонинді және норадреналинді қармайтын тежегіштер, литий және шайқурай (Hypericum perforatum) препараттары) бір мезгілде қабылдау серотонинергиялық жағымсыз әсерлердің жиілігін арттыруы мүмкін. Дапорин препаратын басқа СКҚСТ, МАО-Т және басқа да серотонинергиялық препараттармен бір мезгілде және осы препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы қабылдауға болмайды. Осыған ұқсас, Дапорин препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн бойы осы препараттарды қабылдауға болмайды.

ОЖЖ-ге әсер ететін препараттар

Дапорин препаратын орталық жүйке жүйесіне ықпалын тигізетін препараттармен (эпилепсияға қарсы препараттар, антидепрессанттар, психозға қарсы препараттар, анксиолитиктер, седативтік әсері бар ұйықтататын препараттар) бір мезгілде қабылдау мезгілінен ерте болатын эякуляциясы бар пациенттерде зерттелген жоқ. Осы препараттарды бір мезгілде қабылдау қажет болғанда сақтық таныту ұсынылады.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері

Басқа препараттардыңа дапоксетин гидрохлоридіне ықпалы

Дапоксетин ең алдымен CYP2D6, CYP3A4 және флавинмонооксигеназа 1 (FMO1) метаболизденеді. Демек, осы ферменттердің тежегіштері дапоксетиннің клиренсін төмендетуі мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері

Күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштері.

Кетоконазолды (7 күн бойы тәулігіне екі рет 200 мг) қабылдау дапоксетиннің (бір реттік 60 мг доза) Cmax және ҚААinf, сәйкесінше, 35%-ға және 99%-ға арттырады. Бос дапоксетиннің де, сонымен қатар десметилдапоксетиннің де таралуына қатысты айтар болсақ, күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштерін қабылдаған кезде белсенді фракцияның Cmax шамамен 25%-ға артуы, ал ҚАА белсенді фракциясы екі есе артуы мүмкін.

Белсенді фракцияның Cmax және ҚАА жоғарылауы CYP2D6 функциональді ферменті жеткіліксіз популяция бөлігінде, мысалы, CYP2D6 әлсіз метаболизаторларында, немесе күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштерімен біріктіргенде едәуір артуы мүмкін.

Сондықтан Дапоринді және күшті әсер ететін - кетоконазол, итраконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, нефазадон, нелфинавир және атазанавир сияқты – CYP3А4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштері.

Дапоринді және орташа әсер ететін CYP3А4 тежегіштерін (мысалы, эритромицин, клоритромицин, флуконазол, ампренавир, фосампренавир, апрепитант, верапамил, дилтиазем) бір мезгілде қабылдау сондай-ақ CYP2D6 әлсіз метаболизаторларында дапоксетин және десметилдапоксетин экспозициясының айқын жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осы препараттардың кез келгенімен бірге қабылдағанда дапоксетиннің ең жоғары дозасы 30 мг құрауы тиіс.

Күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштері

Флуоксетиннің қатысуымен (7 күн бойы тәулігіне 60 мг) дапоксетиннің (бір реттік 60 мг доза) Cmax және ҚААinf, сәйкесінше, 50%-ға және 88%-ға артады. Бос дапоксетиннің де, сонымен қатар десметилдапоксетиннің де таралуына қатысты айтар болсақ, күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштерін бірге қабылдағанда белсенді фракцияның Cmax шамамен 50%-ға артуы, ал ҚАА белсенді фракциясы екі есе артуы мүмкін. Белсенді фракцияның Cmax және ҚАА осы жоғарылауы CYP2D6 әлсіз метаболизаторларында күтілгенге ұқсас және дозаға байланысты жағымсыз әсерлер жиілігінің және ауырлығының жоғарылауын қамтуы мүмкін.

PDE5 тежегіштері

PDE5 тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттер ортостаздық толеранттылықтың ықтимал төмендеуімен байланысты, Дапоринді қабылдамағаны жөн. Препараттың бір реттік дозада қабылдауға айқаспалы зерттеуде тадалафилмен (20 мг) және силденафилмен (100 мг) біріктіргенде дапоксетиннің (60 мг) фармакокинетикасына баға беру жүргізілді. Тадалафил дапоксетиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ. Силденафил дапоксетиннің фармакокинетикасында жеңіл өзгеруді туындатты (ҚААinf 22%-ға жоғарылады және Cmax 4%-ға жоғарылады), олар, сірә, клиникалық тұрғыдан маңызды емес.

Дапоринді және PDE5 тежегіштерін бірге қабылдау ортостаздық гипотензияны туындатуы мүмкін. Дапоринді және PDE5 тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген, мезгілінен ерте эякуляциясы және эректильді дисфункциясы бар пациенттерде Дапориннің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Дапоксетин гидрохлоридінің бір мезгілде қабылданатын препараттардың фармакокинетикасына ықпалы

Тамсулозин

Тамсулозинді тәуліктік дозада қабылдап жүрген пациенттердің 30 мг немесе 60 мг дапоксетинді бір реттік дозада немесе көп реттік дозаларда бір мезгілде қабылдауы соңғысының фармакокинетикасында өзгерулерді туындатпайды. Дапоксетинді және тамсулозинді бір мезгілде қабылдау, тамсулозинді 30 немесе 60 мг доза дапоксетинмен қабылдаумен және тек тамсулозинді ғана қабылдаумен салыстырғанда, ортостаздық бейіннің өзгерулерін және ортостаздық әсерлердің өзгеруін туындатпайды. Алайда Дапоринді альфа-адренорецепторлардың антагонистерін қабылдап жүрген пациенттерге тағайындағанда, ортостаздық толеранттылықтың ықтимал төмендеуімен байланысты, сақтық танытқан жөн.

CYP2D6 метаболизденетін препараттар

Дапоксетинді көп реттік дозаларда (6 күн бойы тәулігіне 60 мг) қабылдап, кейіннен 50 мг дезипраминді бір реттік қабылдау, тек жалғыз ғана дезипраминді қабылдаумен салыстырғанда, дезипраминнің орташа Cmax және ҚААinf, сәйкесінше, 11%-ға және 19%-ға артуына әкелді. Дапоксетин CYP2D6 арқылы метаболизденетін басқа препараттардың плазмадағы концентрациясының ұқсас жоғарылауын туындатуы мүмкін. Сірә, мұның маңызды клиникалық мәні жоқ.

CYP3A метаболизденетін препараттар

Дапоксетинді (6 күн бойы тәулігіне 60 мг) көп реттік дозаларда қабылдау мидазоламның (бір реттік 8 мг доза) ҚААinf шамамен 20%-ға (диапазон – 60-тан +18% дейін) артуына әкелді. Сірә, көптеген пациенттер үшін мидазоламға қатысты осы әсердің маңызды клиникалық мәні жоқ. CYP3A белсенділігінің жоғарылауының көбіне CYP3A арқылы метаболизденетін және емдік әсер ету ауқымы тар дәрілік препаратты бір мезгілде қабылдап жүрген кейбір пациенттерде клиникалық маңызы болуы мүмкін.

CYP2C19 метаболизденетін препараттар

Дапоксетинді (6 күн бойы тәулігіне 60 мг) көп реттік дозаларда қабылдау 40 мг омепразолды бір мезгілде қабылдағанда метаболизмінің тежелуіне әкеп соққан жоқ. Дапоксетин CYP2C19 басқа субстраттарының фармакокинетикасына ықпалын тигізбеуі мүмкін.

CYP2C9 метаболизденетін препараттар

Дапоксетинді (6 күн бойы тәулігіне 60 мг) көп реттік дозаларда қабылдау 5 мг глибуридті бір реттік қабылдағанда фармакокинетикасына немесе фармакодинамикасына ықпалын тигізген жоқ. Дапоксетин CYP2C9 басқа субстраттарының фармакокинетикасына ықпалын тигізбеуі мүмкін.

Этанол

Этанолды бір реттік 0,5 г/кг дозада (шамамен 2 алкогольді сусын) бір мезгілде қабылдау дапоксетиннің (60 мг препаратты бір реттік қабылдағанда) фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ; алайда, дапоксетиннің осы этанолмен біріктірілімі ұйқышылдықты күшейтеді және қырағылықты едәуір бәсеңдетеді. Когнитивтік функцияның бұзылуларын фармакодинамикалық өлшеу (сандық жылдамдығына тест, сандық символдарын алмастыруға тест) дапоксетинді және этанолды бірге қабылдағанда аддитивтік әсерінің бар екенін де анықтады. Алкогольді және дапоксетинді бір мезгілде қабылдау бас айналу, ұйқышылдық, рефлекстер жылдамдығының баяулауы, немесе жағдайды дұрыс бағалай білудің бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлердің дамуы ықтималдылығын немесе ауырлығын арттырады. Алкогольді және дапоксетинді біріктіру алкогольді қабылдаумен байланысты осы әсерлерді күшейтуі мүмкін, сондай-ақ естен тану сияқты нейрокардиогендік жағымсыз құбылыстардың дамуы ықтималдылығын арттырып, осылайша, кездейсоқ жарақат алу қаупін ұлғайтады; сондықтан пациенттерге Дапоринді алкогольмен бірге қабылдамауға кеңес берілуі тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы

Препарат мезгілінен ерте эякуляциясы диагностикаланған еркектерге ғана арналған. Препаратты мезгілінен ерте эякуляциясы жоқ еркектерге қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ, эякуляцияның кідіруі жөнінде деректер жоқ.

Жыныстық дисфункцияның басқа түрлері

Эректильді дисфункцияны қоса, жыныстық дисфункцияның басқа түрлері бар пациенттер емделу алдында мұқият тексерілуі тиіс. Дапоринді ФДЭ-5 тежегіштерін қабылдап жүрген, эректильді дисфункциясы бар еркектер қабылдамауы тиіс.

Ортостаздық гипотензия

Емдеуді бастар алдында дәрігер ортостаздық бұзылуларға қатысты анамнез жинауды қоса, мұқият тексеру жүргізуі тиіс. Емдеуді бастар алдында ортостаздық тест (түрегеліп тұрған кезде және жатқан кезде артериялық қысымды және тамырдың соғу жиілігін өлшеу) жүргізу қажет. Анамнезінде құжатталған ортостаздық реакция бар болғанда немесе оған күдіктенгенде Дапорин препаратымен емдеуді жүргізбеген жөн.

Ортостаздық гипотензияның дамуы жөнінде мәлімдемелер бар. Препаратты тағайындаған дәрігер пациентке жатқан күйден түрегелген күйге көшкенде бас айналу сияқты ықтимал продромальді симптомдар дамыған кезде басты төмен қаратып дереу жату, немесе басты екі тізенің арасында төмен жіберіп, симптомдар жойылғанша отыру қажет екендігін алдын ала ескертуі тиіс. Препаратты тағайындаған дәрігер сондай-ақ пациентке ұзақ уақыт жатқаннан кейін немесе отырғаннан кейін бірден тез түрегелуге болмайтындығын да мәлімдеуі тиіс.

Өзін-өзі өлтіру/өзін-өзі өлтіру ойлары

СКҚСТ қоса, антидепрессанттар үлкен депрессиялық бұзылыстары және басқа да психикалық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерде суицидтік ойлар мен суицидтіктің туындау қаупін (плацебомен салыстырғанда) ұлғайтады. Антидепрессанттарды қабылдағанда, плацебомен салыстырғанда, 24 жастан асқан ересектерде суицидтік қаупінің ұлғайғаны байқалған жоқ.

Естен тану

Пациенттерге естен танулар немесе бас айналу немесе олардың естен тану алдындағы жай-күй сияқты продромальді симптомдары пайда болғанда, автомобильді жүргізу немесе қауіпті механизмдермен қызмет көрсетуді қоса, жарақаттануға әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеу қажеттілігі жөнінде алдын ала ескертілуі тиіс.

Жүректің айнуы, бас айналу, естен тану алдындағы жай-күй, жүректің қағуы, әлсіздік, сананың шатасуы және профузды терлеу сияқты ықтимал продромальді симптомдар әдетте препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы 3 сағат ішінде дамиды, және естен танудың алдында жиі болады. Пациенттерге дапоксетинмен емдеу барысында кез келген сәтте продромальді симптомдармен немесе онсыз естен тану пайда болуы мүмкін екендігі алдын ала ескертілуі тиіс. Препаратты тағайындайтын дәрігер пациентке гидратацияның адекватты деңгейін сақтауға нұсқау беруі және есінен айырылу салдарынан құлап қалумен байланысты ауыр жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін продромальді құбылыстарды және симптомдарды алдын ала танып білуге қатысты кеңес беруі тиіс. Пациентте ықтимал продромальді симптомдар пайда болған кезде, симптомдар сақталып тұрғанда, оны басын төмен қарата дереу жатқызған, немесе басын тізелерінің ортасына төмент қарап отырғызған жөн. Пациентке естен танулар немесе ОЖЖ тарапынан басқа да реакциялар пайда болғанда, автомобильді жүргізу немесе қауіпті механизмдермен қызмет көрсетуді қоса, жарақаттануға әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеу қажеттілігі жөнінде алдын ала ескертілуі тиіс.

Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі бар пациенттер

Естен танумен (жүректен естен тану немесе шығу тегі басқа естен тану) байланысты жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз жағдайлардың даму қаупі жүрек-қантамыр жүйесінің негізгі органикалық аурулары бар (мысалы, қан ағыны жолының құжатталған обструкциясы, жүректің қақпақшалық ақауы, ұйқы артерияларының стенозы және коронарлы артериялардың патологиясы) бар пациенттерде жоғары болады. Жүрек-қантамыр жүйесінің аялық аурулары бар пациенттерде вазовагальді естен танудың пайда болуының жоғары қаупінің бар-жоқтығын анықтау үшін деректер жеткіліксіз.

Есірткілік заттармен бірге қабылдау

Пациенттерге Дапоринді есірткілік заттармен бірге қабылдамау керектігіне нұсқау берілуі тиіс.

Серотонинергиялық әсері бар, мысалы, кетамин, метилендиоксиметамфетамин (МДМА) және лизергин қышқылының диэтиламиді (ЛҚД) сияқты рекреациялық есірткілер Дапоринмен бірге қабылдаған кезде потенциалды түрде күрделі реакцияларға әкелуге қабілетті. Осы реакциялар аритмияны, гипертермияны, серотониндік синдромды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Дапоринді седативтік қасиеттері бар, мысалы есірткілік заттар және бензодиазепиндер сияқты рекреациялық есірткілермен бірге қабылдау әрі қарай ұйқышылдықты және бас айналуды күшейтуі мүмкін.

Этанол

Пациенттерге Дапоринді алкогольмен бірге қабылдамау керектігіне кеңес берілуі тиіс.

Алкоголь мен дапоксетиннің бірігуі алкогольді қабылдаумен байланысты нейрокогнитивті әсерлерді күшейтуі, сондай-ақ естен тану сияқты нейрокардиогенді жағымсыз құбылыстардың күшеюіне әкеліп, осылайша, кездейсоқ жарақат алу қаупін арттыруы мүмкін; сондықтан пациенттерге дапоксетинді алкогольмен бірге қабылдауға кеңес берілуі тиіс.

Қантамырлардың кеңейтетін препараттар

Дапоринді, ортостаздық толеранттылықтың ықтимал төмендеуімен байланысты, қантамырларды кеңейтетін қасиеттері бар дәрілік препараттарды (мысалы, альфа-адренорецепторлардың антагонистері және нитраттар сияқты) қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.

Орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштері

Препаратты орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштерді қабылдап жүрген пациенттерге тағайындағанда сақтық танытқан жөн; доза 30 мг-ден аспауы тиіс.

Күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштері

Күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде препарат дозасын 60 мг-ге дейін арттырғанда немесе CYP2D6 әлсіз метаболизаторының генотипі бар пациенттерде дозаны 60 мг-ге дейін арттырғанда сақтық танытқан жөн, өйткені бұл экспозиция деңгейін арттыруы мүмкін, ол өзіне дозаға байланысты жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігінің және ауырлығының жоғарылауын қамтуы мүмкін.

Мания

Дапорин анамнезінде мания/гипомания немесе биполярлы бұзылыстары бар пациенттерде қолданылмауы тиіс; оны қабылдауды кез келген пациентте осы аурулардың симптомдары дамыған кезде тоқтату қажет.

Құрысулар

СКҚСТ қабілетімен байланысты құрысу дамыған кез келген пациентте құрысуға дайындық шегін төмендету қабілетіне байланысты, Дапоринді қабылдау тоқтатылуы тиіс. Тұрақсыз эпилепсиясы бар пациенттер Дапоринді қабылдамағандары жөн. Эпилепсиясы бақыланатын пациенттерге мұқият мониторинг қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Дапорин препаратын 18 жасқа толмаған пациенттерге қолдануға болмайды.

Депрессия және/немесе психикалық аурулар

Дапорин препаратымен емдеуді бастар алдында депрессия белгілері мен симптомдары бар еркектерге диагностикаланған депрессиялық бұзылулардың бар-жоқтығын анықтау үшін тексеру жүргізген жөн. Дапоксетинді және, СКҚСТ және СНКҚСТ қоса, антидепрессанттарды бірге қабылдауға болмайды. МЭ емдеу үшін Дапорин қабылдауды бастау үшін бұрыннан бар депрессияны немесе фобияны емдеуді тоқтату ұсынылмайды. Дапоринді қабылдау психикалық бұзылуларда қолданылмайды және шизофрения сияқты аурулары бар еркектерге, немесе қатар жүрген депрессиясы бар пациенттерге пайдаланылмауы тиіс, өйткені депрессиямен байланысты симптомдардың өршуін жоққа шығаруға болмайды. Бұл негізгі психикалық бұзылыстардың салдары немесе дәрілік препаратты қабылдаудың салдары болуы мүмкін. Дәрігер пациенттерге кез келген уақытта депрессиялық ойлар немесе сезімдер жөнінде мәлімдеуі, және егер депрессия құбылыстары мен симптомдары емдеу кезінде пайда болса, Дапорин қабылдауды тоқтатқаны жөн екендігіне кеңес беруі тиіс.

Қан кету

СКҚСТ қолданған кезде қан кету жағдайлары жөнінде сипатталды. Дапорин препаратын тромбоциттер функциясына ықпалын тигізетін препараттармен (мысалы, атипиялық психозға қарсы препараттар және фенотиазиндер, ацетилсалицил қышқылы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар [ҚҚСП], антиагреганттар) бір мезгілде қабылдағанда, сондай-ақ қан кетулер және қан ұюдың бұзылуы анамнезінде бар науқастарда сақтық таныту ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Дапорин препаратын бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттердің қабылдамағандары жөн, ал бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге оны қабылдағанда сақтық таныту ұсынылады.

Тоқтату синдромы

Созылмалы депрессиялық бұзылуларды емдеу үшін ұдайы қабылданатын СКҚСТ күрт тоқтату келесі симптомдардың: дисфорияның, ашушаңдықтың, қозудың, бас айналудың, сенсорлы бұзылулардың (мысалы, электрошок түріндегі парестезия), қорқудың, сананың шатасуының, бас ауыруының, ұйқышылдықтың, эмоциональді құбылмалылықтың, ұйқысыздықтың және гипоманияның дамуына әкелгені жөнінде мәлімдемелер бар.

МЭ бар адамдар препаратты қабылдағанда, препаратты күн сайын қабылдаудан кейін плацебоға көшірілген адамдарда тоқтату синдромының ұйқысыздық жиілігі аздап жоғарылайтын жеңіл симптомдарын және бас айналуды туындатуы мүмкін.

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Дапоксетинді қабылдаған кезде көру мүшелері тарапынан мидриаз және көздің ауыруы сияқты көру мүшелері тарапынан бұзылулар орын алады. Көзішілік қысымы жоғарылаған пациенттер, сондай-ақ жабықбұрышты глаукоманың туындау қаупі бар топтағы пациенттер Дапоринді қабылдаған кезде сақтық танытқандары жөн.

Лактозаның жақпаушылығы

Препаратты лактоза жақпаушылығымен, Lapp-лактазаның туа біткен жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактозаның сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Дапоксетинді қабылдағанда бас айналу, зейіннің бұзылулары, естен тану, көрудің жіті болмауы, ұйқышылдық жағдайларының болғаны сипатталған. Пациентке автомобильді жүргізуді және қауіпті механизмдерді басқаруды қоса, жарақат алуы мүмкін жағдайларға жол бермеу қажеттілігі жөнінде алдын ала ескерткен жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары жөнінде мәлімделген жоқ.

Препаратты 240 мг дейінгі (3 сағат аралықпен 120 мг 2 доза) дозада қабылдау көзге көрінерліктей жағымсыз құбылыстарды туындатқан жоқ. Жалпы алғанда, СКҚСТ артық дозалану симптомдары серотонинергиялық реакцияларды, соның ішінде ұйқышылдықты, асқазан-ішектік бұзылыстарды (жүректің айнуы, құсу), тахикардияны, треморды, қозуды және бас айналуды қамтиды.

Артық дозаланған кезде, қажет болған жағдайда, стандартты демеуші ем жүргізу керек. Препараттың қан плазмасы ақуыздарымен едәуір байланысуына және дапоксетин гидрохлоридінің таралу көлемінің үлкен болуына байланысты, қарқындатылған диурездің, диализдің, гемоперфузияның және қан құюдың тиімді болуы екіталай. Спецификалық антидоты белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасыПоливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 3 таблеткадан салынған.Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25C-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.

Багджилар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул, Турция

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

РОТАФАРМ ИЛАЧЛАРЫ ЛИМИТЕД ШИРКЕТИ

Стамбул, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғылы 222-б

тел: 8+7 727 251 99 35, +7 727 251 99 45 факс: 8+7 727 252 90 90

+7 701 786 33 98 (24 сағат қолжетімді)

pvpharma@worldmedicine.kz.

Прикрепленные файлы

Дапорин_каз.doc 0.19 кб
Дапорин.doc 0.13 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту