Даксас

МНН: Рофлумиласт
Производитель: Такеда ГмбХ, Ораниенбург
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Roflumilast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017931
Период регистрации: 20.06.2016 - 20.06.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 388.6 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Даксас

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рофлумиласт

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 0,5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0,5 мг рофлумиласт

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон (К90), магний стеараты, тазартылған су;

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза (2910), макрогол 4000, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Бір жағында пішіні D тәрізді, «D» деген өрнегі бар, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындыратын жерінде ядросы ақ немесе ақ дерлік түсті

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүйелі пайдалану үшін тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Рофлумиласт.

АТХ коды R03DX07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Рофлумиласт фармакодинамикалық тұрғыда белсенді негізгі метаболит –рофлумиласт N-тотығын түзе отырып, организмде белсенді метаболизденеді. Рофлумиласт та, рофлумиластың N-тотығы да фосфодиэстераза 4 - ФДЭ4 белсенділігін тежеуге қатысатындықтан (in vivo), фармакокинетикалық қасиеттері ФДЭ4 белсенділігін жалпы тежеу арқылы (яғни, рофлумиласт пен рофлумиласттың N-тотығы әсерлерінің қосындысымен) негізін қалайды.

Сіңуі

Рофлумиластың абсолютті биожетімділігі 500 микрограмды ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 80% құрайды. Рофлумиластың қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына әдетте қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң (0,5-тен 2 сағатқа дейінгі аралықта) қол жеткізіледі. Рофлумиластың N-тотығының ең жоғарғы концентрациясына 8 сағаттан соң (4-тен 13 сағатқа дейінгі аралықта) қол жеткізіледі. Ас ішу ФДЭ4-тің жалпы тежеу белсенділігіне әсер етпейді, бірақ рофлумиластың ең жоғарғы концентрациясына жету уақытын (tmax) бір сағатқа кідіртеді және Cmax-ты шамамен 40%-ға азайтады. Дегенмен ас ішу рофлумиластың N-тотығының Cmax және tmax шамаларына ықпал етпейді.

Таралуы

Рофлумиластың және рофлумиластың N-тотығының плазма ақуыздарымен байланысуы шамамен тиісінше 99% және 97% құрайды. Бір реттік дозаның, рофлумиласттың 500 микрограмының таралу көлемі 2,9 л/кг-ге жуық құрайды. Рофлумиласт ағзаларға және май тінін қоса, тіндерге оңай таралады. Тіндерге айқын енумен таралатын бастапқы фазасының соңынан рофлумиластың оның N-тотығы метаболитіне анық та айқын метаболизденуінің бәрінен ықтималды нәтижесінде май тінінен айқын бөліну фазасы жалғасады. Рофлумиласттың гематоэнцефалдық кедергі арқылы өту дәрежесі төмен. Рофлумиласт пен оның метаболиттері ағзалар мен май тінінде жинақталмайды.

Биоөзгерісі

Рофлумиласт I фаза (Р450 цитохромы) және II фаза (конъюгациялануы) реакциялары арқылы белсенді метаболизденеді. Рофлумиластың метаболиті – N-тотығы адамның қан плазмасынан табылған негізгі метаболит болып табылады. Рофлумиластың N-тотығының фармакокинетикалық қисығы астындағы аудан рофлумиластың фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданнан, орташа алғанда, 10 есе үлкен. Осылайша, рофлумиластың N-тотықты метаболиті ФДЭ4-ке тежегіш әсер ететін негізгі зат болып саналады (in vivo).

Рофлумиластың өзінің белсенді N-тотығы метаболитіне метаболизденуі CYP1A2 мен 3А4-тің қатысуымен жүреді. In-vitro анықталғаны: рофлумиласт пен оның белсенді N-тотығы метаболиті қан плазмасындағы емдік концентрацияларда CYP1A2, 2А6, 2В6, 2С8, 2С19, 2D6, 2Е1, 3А4/5, 4А9/11-лерді тежемейді. Сондай-ақ, in-vitro анықталғаны: рофлумиласт пен оның белсенді метаболиті N-тотығы CYP1A2, 2А6, 2С9, 2С19, 3А4/5 индукциясын туындатпайды, және рофлумиласт CYP2В6-ға әлсіз индукциялау әсерін тигізеді.

Шығарылуы

Рофлумиластың қысқа мерзімді көктамырішілік инфузиясынан кейінгі плазмалық клиренсі 9,6 л/сағат құрайды. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін рофлумиласт пен N-тотығының жартылай шығарылу кезеңі шамамен тиісінше 17 және 30 сағат құрайды. Рофлумиласт пен N-тотығының тұрақты концентрациясына шамамен: бір реттік тәуліктік дозаны қабылдағаннан кейін рофлумиласт үшін 4 күннен соң және N-тотығы үшін 6 күннен соң жетеді. Рофлумиласты көктамыр ішіне және ішу арқылы қабылдағаннан кейін 20%-ға жуығы нәжіспен және 70%-ы несеппен белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады.

Рофлумиласт пен N-тотығының дозаға байланысты фармакокинетикасы 0,25 мг-ден 1 мг дейінгі дозалар аралығында байқалады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде пациенттерде, әйелдер мен еуропалық нәсілге жатпайтын тұлғаларда ФДЭ4 жалпы тежеу белсенділігі артты. ФДЭ4-тің жалпы тежеу белсенділігі шылым шегетіндерде аздап төмендеді. Бұл өзгерістердің бірін де клиникалық маңызды тұрғыда қарастыруға болмайды. Сондықтан пациенттердің осы топтарына қатысты дозаларға ешқандай реттеулер жүргізу ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

ФДЭ4 жалпы тежеу белсенділігі салмақты сипаттағы бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 10-30 мл/мин құрайтын) пациенттерде 9%-ға төмендеді. Дозалауды түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Күніне бір рет 250 мг қабылданатын рофлумиластың фармакокинетикасы Чайлд-Пьюдің А және В топтамаларына сәйкес әлсіз және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелді. Рофлумиласт пен N-тотығының ФДЭ4 ферментін жалпы тежеу белсенділігі Чайлд-Пью бойынша А тобына қарасты пациенттерде 20%-ға және Чайлд-Пью бойынша В тобына қарасты пациенттерде 90%-ға жоғары болды. Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді. Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В немесе С ретінде орташа және ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер рофлумиласт қабылдауына болмайды.Фармакодинамикасы

Рофлумиласт 4 фосфодиэстеразаның (ФДЭ4) тежегіші, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен (ӨСОА) байланысты жүйелі және өкпенің қабыну үдерістерін емдеуге бағытталған стероидты емес, қабынуға қарсы дәрі болып табылады. Клиникалық зерттеулерде осы препаратты тағайындаған кезде ӨСОА бар пациенттерде асқыну жиілігінің төмендеуі және өкпе функциясының жақсаруы байқалғаны анықталған.

ФДЭ4 тежелуі циклдық аденозинмонофосфаттың (цАМФ) жасушаішілік деңгейінің артуына және ӨСОА-мен байланысты лейкоциттер, тыныс алу жолдары мен өкпенің васкулярлық тегіс бұлшықеттері жасушаларының, тыныс алу жолдарының эндотелийлік жасушаларының және эпителийлік жасушаларының, сондай-ақ фибробластардың дисфункциясының әлсіреуіне әкеледі. Адам нейтрофилдерінің, моноциттерінің, макрофагтарының немесе лимфоциттерінің (in vitro) көтермеленуі рофлумиласт пен рофлумиластың N-тотығының лейкотриен В4, оттегінің белсенді түрлері, α ісік некрозының факторы, γ интерфероны және гранзим В сияқты қабыну медиаторларының босап шығуын әлсірететінін көрсетті.

ӨСОА бар пациенттерде рофлумиласт қақырықтағы нейтрофилдер деңгейін азайтады, сондай-ақ дені сау еріктілерде нейтрофилдер мен эозинофилдердің тыныс алу жолдарына көшуін төмендетеді.

Қолданылуы

- сыртартқысындағы жиі асқынумен ересек пациенттердегі созылмалы бронхитпен астасқан ауыр ағымдағы (есептелген тиісті көрсеткіштен 50% төмен бронходилатациядан кейінгі ҚДК1) өкпенің созылмалы обструкциялық ауруын (ӨСОА) емдеуде, бронходилатациялық емге қосымша демеуші ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Күніне ұсынылатын доза - 1 таблетка (0,5 мг).

Таблеткаларды сумен ішіп, ас ішуге байланыссыз күн сайын белгілі бір уақытта қабылдау қажет.

Емдік әсерге қол жеткізу үшін бірнеше апта бойына емдеу талап етіледі.

Егде жастағылар (65 жас және одан асқан)

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Чайлд-Пью А жіктемесі бойынша елеусіз бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді, дегенмен препаратты осы топ пациенттерінде сақтықпен қолдану керек.

Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В және С түріндегі орташа немесе ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге Даксас қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Қолайсыз жағымсыз реакциялар, пайда болу жиілігінің ескерілуі бойынша, келесі тәртіпте орналасқан: жиірек (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000-ға дейін); өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Жиі

- салмақтың азаюы, тәбеттің төмендеуі, диарея, жүрек айнуы, іштің ауыруы

- бас ауыруы, ұйқының бұзылуы

Жиі емес:

- аса жоғары сезімталдық, бөртпе

- мазасыздық, тремор, бас айналуы, вертиго, дімкәстану, астения, қажу

- жүрек соғуының жиілеуі

- гастрит, құсу, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, диспепсия

- бұлшықеттің түйілуі және бұлшықеттің босаңсуы, миалгия, арқаның ауыруы

Сирек

- ангионевротикалық ісіну

- гинекомастия

- депрессия, суицидтік ойлар және мінез-құлық, күйгелектік, үрейлі шабуылдар

- тыныс алу жолдарының инфекциялары (пневмонияны қоспағанда)

- қанды нәжіс, іш қату

- бауыр энзимдері деңгейінің жоғарылауы (гамма-глутамил-трансфераза, аспартат аминотрансфераза)

- қандағы креатинфосфокиназаның жоғарлауы

- есекжем

- дисгевзия (дәмнің бұзылуы)

Ауыр аллергиялық реакциялар пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату қажет және шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- рофлумиластқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

- бауыр жеткіліксіздігінің орташа немесе ауыр түрінде (Чайлда-Пью жіктемесі бойынша В немесе С)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рофлумиласт метаболизмінің негізгі сатысы CYP3A4 және CYP1A2 цитохромының көмегімен рофлумиласттың рофлумиластық N-тотыққа N-тотығуы болып табылады. Рофлумиласт та, рофлумиластың N-тотығы да ФДЭ4-тің ішкі тежеу белсенділігін иеленген. Сондықтан рофлумиласты қабылдағаннан кейінгі ФДЭ4-тің жалпы тежеу белсенділігі рофлумиластың да, рофлумиластың N-тотығының да қосынды әсері түрінде көрінеді. CYP 3A4 цитохромының тежегіштерімен, эритромицинмен және кетоконазолмен өзара әрекеттесулерінің клиникалық зерттеулері ФДЭ4 жалпы тежеу белсенділігінің 9%-ға артқанын көрсетті (яғни, рофлумиласт пен рофлумиластың N-тотығының жалпы көрінісі). CYP1A2 цитохромының тежегішімен, флувоксаминмен және CYP3A4/1A2 қосарлы тежегіштерімен, эноксацинмен және циметидинмен өзара әрекеттесулерді зерттеулер ФДЭ4 жалпы тежеу белсенділігінің тиісінше 59%, 25% және 47% ұлғайғанын көрсетті. Даксас препаратын осы белсенді заттармен біріктіріп қолдану әсердің күшеюіне және тұрақты жағымсыздыққа әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда Даксас препаратымен емдеу жөніндегі мәселені қайта қарастыру қажет.

P450 цитохромының индукторы – рифампицинді қабылдау ФДЭ4 жалпы тежеу белсенділігінің шамамен 60%-ға кемуіне әкелді. Сондықтан P450 цитохромының күшті әсер ететін индукторларын (мысалы, фенобарбиталды, карбамазепинді, фенитоинді) қолдану рофлумиласттың емдік әсерінің кемуіне әкелуі мүмкін.

Теофиллинмен бір мезгілде қабылдау ФДЭ4 жалпы тежеу белсенділігінің 8%-ға артуына әкелді. Құрамында гестоден мен этинилэстрадиол бар ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен өзара әрекеттесулерді зерттеу барысында ФДЭ4 жалпы тежеу белсенділігі 17%-ға ұлғайды.

Құрамында сальбутамол, формотерол, будесонид бар ингаляторлармен және ішке қабылданатын монтелукаст, дигоксин, варфарин, сильденафил және мидазолам препараттарымен ешқандай өзара әрекеттесу байқалған жоқ.

Антацидтік препараттармен (алюминийдің гидроксиді мен магнийдің гидроксидін біріктіру) бір мезгілде қабылдау рофлумиласттың немесе рофлумиласттың N-тотығының сіңу көрсеткіштерін немесе фармакокинетикалық қасиеттерін өзгерткен жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Барлық пациенттер Даксас препаратына байланысты қауіп туралы және осы препаратты қолданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалынатын сақтық шаралары туралы хабардар болуы тиіс. Даксас препаратын қолдануды бастар алдында әр пациент үшін пациент картасы ашылуы тиіс.

Даксас бронх түйілуінің жедел ұстамасына шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналмаған.

Салмақтың азаюы.

Дәрігерге әр қаралған кезде пациенттің дене салмағын бақылап тұру керек. Пациенттер өз дене салмағын тұрақты түрде бақылап тұруы керек. Егер препаратты қабылдаған кезде түсініксіз және күрт салмақ жоғалту байқалса (диетамен немесе жаттығулармен байланыссыз), препарат қабылдауды тоқтату керек және дене салмағының динамикасын қадағалау керек.

Айрықша клиникалық жағдайлар.

Жеткілікті тәжірибенің болмауына байланысты Даксас препаратымен емдеуді бастауға болмайды немесе күрделі сипаттағы иммунологиялық аурулары (АИТВ инфекциясы, жайылған склероз, жүйелі қызыл жегі, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия сияқты), жедел ауыр инфекция аурулары, қатерлі ісіктері (базальді-жасушалық карциномадан басқа) бар пациенттерде немесе иммуносупрессанттармен (метотрексат, азатиоприн, инфликсимаб, этанерсепт, жүйелі кортикостероидтарды қысқа мерзім қабылдауды қоспағанда, кортикостероидтарды ішу арқылы ұзақ уақыт қабылдау) ем қабылдайтын пациенттерде Даксасты қолдануды тоқтату қажет. Туберкулез, вирустық гепатиттер, қарапайым герпес вирусы және белдеуленген герпес сияқты инфекциялық аурулардың латенттік түрлерімен ауыратындарды емдеу тәжірибесі шектеулі. Даксастың ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі (NYHA жіктемесі бойынша 3 және 4 функциялық класы) қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан науқастардың осы тобында қолдану ұсынылмайды.

Психикалық бұзылыстар.

Даксас препаратын қолдану ұйқысыздық, үрейлену, күйгелектік және депрессия сияқты психикалық бұзылулар қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Клиникалық зерттеулерде суицидтік ойлары мен әрекетінің сирек жағдайлары оның ішінде аяқталған суицид байқалды. Сондықтан, егер пациенттер бұрын көрініс берген психикалық симптомдар жайында хабарласа немесе қазіргі уақытта оларда мұндай симптомдар білінсе, немесе егер психикалық бұзылулардың пайда болу ықтималдығымен байланысты басқа дәрілік заттармен қатарлас ем жоспарланса, Даксас препаратымен емдеудің басталуымен немесе жалғасуымен байланысты қатерлер мен пайданың мұқият бағалауын жүргізу керек. Пациенттерге мінез-құлқындағы, көңіл-күйіндегі кез келген өзгерістер немесе кез келген сипаттағы суицидтік ойлар пайда болғанда емді тағайындаған дәрігерге мәлімдеу қажет екені жөнінде нұсқау беру керек. Даксасты сыртартқысында суицидтік ойлары мен мінез-құлқының белгі беруімен астасқан депрессиясы болған пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Егер пациент жаңа пайда болған психикалық симптомдардан немесе олардың өршуінен зардап шегетін болса немесе суицидтік ойлары немесе өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені анықталса, рофлумиластпен емдеуді тоқтату ұсынылады.

Тұрақты жағымсыздық

Диарея, жүрек айну, iш ауруы және бас ауыруы сияқты жағымсыз реакциялар негізінен емдеудiң алғашқы апталарында пайда болады және көпшілік жағдайларда емді жалғастыру барысында басылатынына қарамастан, тұрақты жағымсыздық пайда болған кезде Даксас препаратымен емдеу туралы мәселесі қайтадан қарастырылу керек.

Тұрақты жағымсыздық ерекше популяцияларда, атап айтқанда шылым шекпейтін қара нәсілді әйелдерде немесе CYP1A2/2С19/3А4 флувоксамин тежегіштерімен және циметидинмен немесе CYP1A2/3A4 эноксацин тежегіштерімен ем алатын пациенттерде пайда болуы мүмкін.

Даксасты теофиллинмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Даксас таблеткаларының құрамында лактоза бар. Осы препаратты тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығынан, лактаза жеткіліксіздігінен немесе глюкоза-галактозаның жеткіліксіз сіңу синдромынан зардап шегетін пациенттер қабылдамауға тиіс.

Бала туу жасындағы әйелдер Бала туу жасындағы әйелдер емдеу уақытында контрацепцияның тиімді әдісі бойынша кеңес алуы тиіс. Жүктілік және лактация кезеңі

Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетті. Даксас жүкті әйелдерге және контрацептивтер пайдаланбайтын бала көтеретін жастағы әйелдердің қабылдауына ұсынылмайды, сондай-ақ препарат бала емізу кезінде қабылданбауға тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезіндегі әсер ету ерекшеліктері

Даксас көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыруы, асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылулары, вертиго, жүрек соғуының жиілеуі, бас айналуы, қолдың ылғалдануы және артериялық гипотензия.

Емі: тиісті орын басушы ем. Препарат ақуыздармен елеулі дәрежеде байланысатындықтан, гемодиализ оны шығарудың тиімді әдісі болып табылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 3 немесе 9 пішінді қаптамадан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Такеда ГмбХ, Ораниенбург, Германия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Такеда ГмбХ, Германия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) Қазақстандағы өкілдігі

Алматы қ., Шашкин к-сі 44

Телефон нөмірі: (727) 2444004

Факс нөмірі: (727) 2444005

Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com

 

9

 

Прикрепленные файлы

329568441477976203_ru.doc 96.5 кб
895792881477977448_kz.doc 120.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники