Дазел Кит

МНН: Азитромицин, Секнидазол, Флуконазол
Производитель: Аджанта Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний (исключая комбинации с кортикостероидами)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010226
Информация о регистрации в РК: 04.02.2014 - 04.02.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Дазел Кит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар жинағы

Құрамы

Әрбір жинақтың құрамында (4 таблетка) :

А) 150 мг Флуконазол таблеткасы (1 таблетка)

Б) Үлбірлі қабықпен қапталған, 1 г Азитромицин таблеткасы (1таблетка)

В) Үлбірлі қабықпен қапталған, 1 г Секнидазол таблеткалары (2 таблетка)

Азитромицин

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат –1048,00 мг азитромицин дигидраты,

қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, повидон (PVPK-30), натрий кроскармеллозасы, кросповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған тальк, магний стеараты, инстакоут Sol IC-S-223 ақ (гипромеллоза, полиэтиленгликоль, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е 171)).

Секнидазол

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 1000,00 мг секнидазол,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон (PVPK-30), натрий крахмалының гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, винкоут WT-1540 сары (гипромеллоза, диэтилфталат, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172)).

Флуконазол

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 150, 00 мг флуконазол,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, бояғыш қан қызыл 4R Супра, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, бояғыш қан қызыл 4R Супра, магний стеараты.

Сипаттамасы

Азитромицин

Капсула пішінді, ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка. Таблетканың ұзындығы 21.9-дан 22.3 мм-ге дейін, ені - 10.9-дан 11.3 мм-ге дейін.

Секнидазол

Капсула пішінді, сарғылт түсті, бір жақ бетінде сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Таблеткалардың ұзындығы 20.9-дан 21.4 мм–ге дейін, ені - 9.9-дан 10.4 мм–ге дейін.

Флуконазол

Қабықсыз қызғылт түсті, дөңгелек пішінді, жоғары беті жалпақ, бір жақ бетінде сызығы бар таблетка. Таблетканың диаметрі 8.9-дан 9.3 мм–ге дейін.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар

АТХ коды G01А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Азитромицин: ішке қабылдаған кезде препарат асқазан-ішек жолында (АІЖ) тез сіңеді және организмге кең таралады, биожетімділігі шамамен 37%-ға тең. Қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmах) препаратты қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу көрсеткіштері препараттың қан плазмасындағы концентрация деңгейіне байланысты болады және 0.02 мкг/мл концентрация деңгейінде 51-ды және 2 мкг/мл концентрация деңгейінде 7-ды құрайды. Препарат элиминациясының негізгі жолы – билиарлық. Азитромициннің аса жоғары концентрациясы адам өтінде анықталған. Препарат өтпен өзгермеген күйінде шығарылады. Сондай-ақ өтте 10 метаболит анықталған, олар N- және 0- деметилденудің, дезозамип және агликон сақиналарының гидроксилденуі және конъюгат кладинозасы ыдырауының көмегімен түзілген. Сұйықтық хроматографиясы және микробиологиялық талдаулар нәтижелерін салыстыру азитромицин метаболиттерінің микробиологиялық тұрғыдан белсенді емес екендігін көрсетті. Азитромицинді апта бойы қабылдағаннан кейін, қабылданған дозаның 6-ға жуығы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарыла бастайды.

Секнидазол: 500 мг-лік таблетка түріндегі 2 г секнидазолға тең бір реттік дозаны ішке қабылдағаннан кейін баяу және толық сіңеді, сарысудағы ең жоғарғы концентрациясы 3 сағаттан соң алынған, оның әсер етуінің орташа мерзімі шамамен 17-ден 29 сағатқа дейінді құрайды; амебиазға және жиардиазға шалдыққан емделушілерде емге жауап ретіндегі реакция бір күнде 2 г дозаны қолданғанда байқалады; бауыр амебиазына шалдыққан емделушілерге 5 күннен 7 күнге дейінгі ем жасау талап етіледі. Ол плазмалық протеиндермен 15 ғана байланысады. Секнидазол организмге түгел жақсы таралады, оның таралу уақыты шамамен 10 минутты құрайды, плацентарлық тіндерде үлкен концентрацияда табылған жоқ. Баяу сіңуіне байланысты, ол ішекте ұзағырақ болуы мүмкін және ішекте жиардия және амеба сияқты паразиттерге қарсы in situ күреседі. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 25 сағатқа жуықты құрайды. Шығарылуы баяу жүреді, негізінен несеппен (қабылданған дозасының 50%-ға жуығы) шығарылады.

Флуконазол: ішке қабылдаған кезде препараттың биожетімділігі - 90 құрайды. Ас ішу флуконазолдың сіңуіне әсер етпейді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрация деңгейіне ішке қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттың ішінде жетеді. Тұрақты концентрациясына 50-400 мг дозасын күніне бір рет қабылдағаннан кейін 5-10 күн ішінде жетеді. 2 тәуліктік дозасынан тұратын жүктемелік дозасын (1 күн) енгізу екінші күні плазмадағы стационарлық мәндеріне жақын концентрацияларына алып келді. Флуконазолдың таралуының болжалды көлемі шамамен дене сұйықтығының жалпы көлеміне тең. Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен (11-12%). Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) – 30 сағатқа жуықты құрайды. Флуконазол негізінен несеппен бірге шығарылады, қабылданған дозаның шамамен 80-ы өзгермеген күйінде, 11-ға жуығы метаболиттер түрінде шығарылады. Флуконазол фармакокинетикасына бүйрек қызметінің төмендеуі едәуір ықпал етеді. Жартылай шығарылу кезеңі мен креатинин клиренсі арасында кері байланыс бар. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда флуконазолдың дозасын азайту қажет болуы мүмкін. 3 сағаттық гемодиализ сеансы плазмадағы концентрациясын шамамен 50%-ға төмендетеді.

Фармакодинамикасы

Азитромицин макролидтік антибиотиктер класы тармағының азалидтер ретінде белгілі және химиялық құрылымы жағынан эритромициннен ерекшеленетін алғашқы өкілі болып табылады Азитромициннің әсер ету механизмі рибосомалардың 50S-суббірлігімен байланысудың және, пептидтердің транслокациясын болдырмауының есебінен, бактериялық ақуыз синтезін тежеуден тұрады. Neisseria gonorrhoea және Chlamydia trachomatis-ке антибактериялық әсер етеді.

Секнидазол Нитроимидазолдың синтетикалық туындысы болып табылады, протозойға қарсы және микробқа қарсы әсер береді. Оның негізінен нитротобының есебінен анаэробты микроорганизмдерге селективті уыттылығы бар. ДНҚ-мен өзара әрекеттеседі, шиыршықты құрылымның бұзылуын, жіпшелердің үзілуін, нуклеин қышқылдары синтезінің бәсеңдеуін және жасушалардың қырылуын тудырады. Trichomonas vaginalis және бактериялық вагиниттерді тудыратын микроорганизмдерге (Gardnerella vaginalis және анаэробтар) қатысты тиімді.

Флуконазол – ол синтетикалық триазольдік зеңге қарсы дәрілер класының алғашқы өкілі, зең ферменті 14-а-деметилазаның бауырдың Р450 цитохромына тәуелді күшті селективті тежегіші болып табылады. Флуконазолдың фунгистатикалық әсері ланостеролдың эргостеролға ауысуына кедергі келтіруіне негізделеді. Ары қарай зең жасушасындағы қалыпты стериндердің жоғалуы зеңдерде 14-а-метилстериндердің жинақталуымен және олардың көбеюінің тоқтауымен өзара байланысады. Сүт қоректілер жасушаларындағы деметилдену үдерісінің Candida albicans-ке қатысты тиімді флуконазолға сезімталдығы әлдеқайда төмен.

Қолданылуы

  • препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған бактериалды вагинитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Азитромицин: 1 таблетканы ас қабылдаудан 1-2 сағат бұрын.

Секнидазол: 2 таблетканы ас қабылдау кезінде.

Флуконазол: 1 таблетканы ас қабылдауға дейін немесе кейін.

Бұл жинақ барлық компоненттерді бір күнде бір рет қабылдауға арналған. Қайталап емдеу қажеттілігін дәрігер әр адамға жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық сынақтар кезінде азитромицинде төмендегі жағымсыз құбылыстар анықталған: қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар, құлақ және құлақ иірімінің аурулары, асқазан-ішек жолының, гепатобилиарлық жүйенің, тері және теріасты тіндердің бұзылыстары, бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, құрысулар, тромбоцитопения, озбырлық, қозу, мазасыздық, күйгелектік, ұйқысыздық, парестезиялар, астения, тахикардия, қарыншалық тахикардиясы бар аритмия, QT аралығының ұзаруы, тіл түсінің өзгеруі, іш қату, жалған жарғақшалы колит, бауыр аминотрансферазасы, билирубин деңгейлерінің транзиторлы көтерілуі, холестатикалық сарғаю, гепатит, аса жоғары сезімталдық реакциялары (қызару, тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну, фотосезімталдық), мультиформалы эритема, артралгия.

Флуконазол әдетте жақсы көтерімді. Кейбір науқастарда флуконазолмен емдеу кезінде бүйрек және бауыр қызметінің бұзылулары білінген, белгілі бір қауіп факторлары жоқ емделушілерде бауыр қызметі флуконазолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін бастапқы деңгейіне қайтып келген. Бауыр реакцияларының ауқымы өтпелі жағдайдағы жеңіл дәрежеден клиникалық гепататиттер, холестаздар және өліммен аяқталған жағдайларды қоса кенеттен болатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін ауытқып тұрады. Өлімге соқтырған бауыр реакциялары жағдайлары негізінен қатарлас ауыр аурулары бар (негізінен ЖИТС немесе ісіктер) емделушілерде және көбінесе бірнеше препаратты бір мезгілде қабылдағанда білінген. Сарысу трансаминазаларының белсенділігі клиникалық сынақтар кезінде флуконазолды қабылдаған емделушілердің 1%-ында жоғарғы шегімен салыстырғанда 8 еседен көп жоғарылаған. Бұл жоғарылаулар ауыр аулары бар, көбінесе ЖИТС немесе қатерлі жаңа түзілімдері бар емделушілерде анықталған, олардың көпшілігі бірнеше қатарлас, соның ішінде гепатоуытты препараттарды қабылдаған. Трансаминазалар белсенділігінің аномальді жоғарылаған жағдайлары флуконазолды мына препараттардың: рифампицин, фенитоин, изониазид, вальпрой қышқылы немесе сульфонилмочевинаның гипогликемиялық препараттарының біреуімен немесе бірнешеуімен бір мезгілде қабылдаған емделушілерде болған. Флуконазолдың 150 мг тең бір реттік дозасын қабылдаған емделушілерде вагинитті емдеумен байланысты анағұрлым көп таралған жағымсыз құбылыстар: бас ауыруы (13%), жүрек айнуы (7%) және іштің ауыруы (6%) болды. Жиілігі 1%-ға тең немесе жоғары басқа жағымсыз әсерлеріне диарея (3%), диспепсия (1%), бас айналуы (1%) және дәм сезудің бұрмалануы (1%) жатады. Жағымсыз әсерлерінің көпшілігінің ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа болған. Өте сирек жағдайларда - Квинке ісінуі және анафилактикалық реакциялар болған.

Секнидазолдың асқорыту бұзылуларын, жүрек айнуын, гастралгияны, дәм сезудің бұзылуын (ауыздың металл татуы), глоссит, стоматит; бөртпе, есекжем; емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалатын орташа лейкопенияны анағұрлым жиі; жекелеген жағдайларда бас айналуын, қимыл-қозғалыс үйлесімі мен атаксияны, парестезияны, сенсорлық-моторлық полиневритті тудыратыны анықталған.

Дазел Кит жинағының препараттарымен емдеу кезіндегі жағымсыз әсерлер:

- бас ауыруы, бас айналуы

- жүректің айнуы, құсу, абдоминальді ауырулар, ауызда жағымсыз дәм болуы, диарея, метеоризм

- бауыр ауруы бар емделушілерде гепатоуыттылықтың ауыр біліністері, холестатикалық сарғаю

- тері бөртпелері, уытты эпидермальді некроз, Стивенс-Джонсон синдромы, анафилактоидты реакциялар, ангионевротикалық ісіну

- лейкопения, агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения

- бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы

- қимыл үйлесімінің бұзылуы, атаксия, парестезия, полиневропатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • азитромицинге, эритромицинге немесе макролидтер тобының кез келген антибиотигіне аса жоғары сезімталдық

  • флуконазолға немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • нитроимидазол туындыларына аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары

  • бауыр және бүйрек қызметтерінің ауыр бұзылулары

  • шеткергі қан көрінісінің патологиялық өзгерістері (оның ішінде сыртартқысында)

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Азитромицин

Азитромицинді қастауыш препараттарымен бір мезгілде қолданғанда эрготизм дамуы мүмкін, сондықтан азитромицинді қастауыш алкалоидтарымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда азитромицин соңғысының метаболизміне кедергі келтіреді, циклоспориннің Сmах және AUC мәндерінің артуын туғызады. Соған орай циклоспорин тудыратын жағымсыз және уытты реакциялардың даму қаупі артады. Сондықтан бұл препараттарды бірге тағайындағанда сақ болу керек. Егер бір мезгілде қолдану қажет болса, циклоспориннің концентрацияларына мониторинг жүргізу және сәйкесінше дозасын түзету қажет.

Антацидтерді азитромицинмен бір мезгілде қабылдау жалпы биожетімділігіне әсер етпейді, азитромициннің сарысудағы Сmax шамамен 25%-ға төмендейді. Азитромицинді қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын циметидинді қолданғанда азитромицин фармакокинетикасында өзгерістер болмаған. Цетиризинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттескен жағдайлары, сондай-ақ QT аралығында ешқандай елеулі өзгерістер анықталған жоқ.

Плацебомен салыстырғанда, АИВ-оң науқастардағы стационарлық жағдайдағы диданозин фармакокинетикасына әсер етпейді. Азитромицинді эфавирензбен немесе индинавирмен бір мезгілде қолдану қандай-да бір маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу тудырмаған.

Азитромицинді немесе басқа азалидпен байланысқан антибиотикті және дигоксинді бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде дигоксин деңгейі артуы мүмкін. 1000 мг дозада бір рет және 1200 мг немесе 600 мг дозада бірнеше рет қабылданған азитромицин зидовудин мен оның метаболиті глюкуронидтың фармакокинетикасына немесе несеппен шығарылуына елеусіз әсер береді. Дегенмен, азитромицинді қабылдау шеткергі қанның мононуклеарлық жасушаларындағы клиникалық белсенді метаболит фосфорилденген зидовудиннің концентрациясын арттырады. Бұл жаңалықтың клининикалық мәні айқын емес, бірақ ол АИВ-ке шалдыққан емделушілер үшін пайдалы болып шығуы мүмкін.

Аторвастатин мен азитромицинді бір мезгілде қолдану (күніне 500 мг) аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрацияларының өзгеруін тудырған жоқ. Азитромицинді бір мезгілде қолданған емделушілерде карбамазепин мен оның белсенді метаболитінің қан плазмасындағы концентрацияларына нақты әсері жоқ.

Азитромицин дені сау еріктілер қабылдаған варфариннің антикоагуляциялық әсеріне ықпал еткен жоқ. Азитромицин мен кумарин типті ішілетін антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғаннан кейін антикоагуляциялық әсерінің әлеуеттенгені туралы хабарламалар алынған. Себеп-салдарлық байланысы анықталмаса да, азитромицинді кумарин типті ішілетін антикоагулянттарды қабылдаған емделушілерге тағайындағанда протромбиндік уақытқа жиі мониторинг жүргізу қажеттігін ескеру керек.

Азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейді.

Азитромицинді бір мезгілде қолдану флуконазол фармакокинетикасының өзгеруіне алып келмейді. Алайда азитромициннің Сmах төмендегені байқалған, оның клиникалық маңызы жоқ.

Секнидазол

Секнидазолды антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда соңғысының әсері күшеюі мүмкін. Антикоагулянттық әсерінің артуы мен ішу арқылы қабылдағандағы қаупі бауырдағы катаболизмінің төмендеуінен туындаған. Секнидазолмен емдеу кезінде және секнидазолды тоқтатқаннан кейін 8 күн протромбин деңгейіне жиірек бақылау жүргізу және МНО мониторингі, ішілетін антикоагулянттардың дозасын түзету қажет.

Секнидазолды дисульфираммен бір мезгілде қолданғанда паранойяльді реакциялар және психоз дамуы мүмкін; этанолмен бір мезгілде қолданғанда – дисульфирамның әсеріне ұқсас әсерлер немесе антабус әсері (температура жоғарылауы, қызару, құсу, тахикардия) дамуы мүмкін. Алкоголь қабылдаудан, сондай-ақ құрамында спирт бар дәрілерді қабылдаудан аулақ болу қажет.

Деполяризацияламайтын миорелаксанттармен (векуроний бромиді) біріктіру ұсынылмайды. Литий препараттарымен бір мезгілде қолданғанда секнидазол оның қан плазмасындағы концентрациясын арттырады. Амоксициллинмен біріктіргенде Helicobacter pylori-ге қатысты белсенділігі артады.

Флуконазол

Кумариндік антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда протромбиндік уақыттың ұзарғаны білінеді. Тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде флуконазолды варфаринмен бір мезгілде қабылдаған емделушілерде протромбиндік уақыттың артуымен байланысты қан кетулер (гематомалардың түзілуі, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кетулер, гематурия және мелена) туралы хабарламалар болған. Кумариндік қатардың антикоагулянттарын қолданып жүрген науқастарда протромбиндік уақытты үнемі бақылап отыру қажет. Варфариннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қант диабетімен науқастарға флуконазол мен ішілетін гипогликемиялық дәрілерді бірге қолдануға жол беріледі, алайда дәрігер гипогликемияның дамуы мүмкіндігін ескеруі тиіс. Флуконазол толбутамидтің, глибуридтің және глипизидтің метаболизмін төмендетеді және бұл препараттардың плазмадағы концентрацияларын арттырады. Флуконазолды сульфонилмочевина туындыларының сол немесе басқа ішілетін препараттарымен қолданғанда, қандағы қант деңгейін қадағалау және қажет болса сульфонилмочевина препараттарының дозасын түзету қажет.

Рифампицинмен бір мезгілде қолданғанда флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің қысқарғаны білінеді. Оларды бір мезгілде пайдаланғанда флуконазолдың дозасын сәйкесінше арттыру қажет.

Флуконазол фенитоин концентрациясын арттырады. Флуконазол мен фенитоинді бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде фенитоин деңгейіне мониторинг жүргізу қажет.

Циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда флуконазол бүйрек трансплантациясын басынан өткерген және бүйрек жеткіліксіздігі жоқ емделушілерде циклоспориннің концентрациясын айтарлықтай арттыруы мүмкін. Флуконазол мен циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда қандағы циклоспорин концентрациясын анықтап алу ұсынылады.

Флуконазол плазмадағы теофиллиннің концентрациясын арттырады. Осыған байланысты теофиллин мен флуконазолды бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде теофиллин концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозада терфенадинмен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді. Терфенадинмен бірге тәулігіне 400 мг-ден төмен дозада флуконазолмен емдеуді дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізу қажет.

Мидазоламды ішке тағайындағанда флуконазолды қолдану біріншісінің концентрациясының едәуір жоғарылауына және психомоторлық реакциялардың туындауына алып келеді. Мидазоламның бұл әсері көктамыр ішіне енгізілген флуконазолмен салыстырғанда капсулалардағы флуконазолды қабылдағанда анағұрлым айқын білінген. Егер флуконазолмен емделіп жүрген емделушіге Р450 цитохромы жүйесімен метаболизденетін бензодиазепинді тағайындау қажет болса, соңғысының дозасын төмендету, ал емделушінің жағдайын тұрақты түрде қадағалау қажет. Флюконазол триазоламның AUC (бір реттік доза) шамамен 50%-ға, Сmах 20-32%-ға, және триазолам метаболизмін тежеудің есебінен Т1/2 25-50 %-ға арттырады. Триазоламның дозасы түзетілуі мүмкін.

Флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5 - нортриптилин және/немесе S-амитриптилинді біріктірілген емнің басында немесе бір аптадан кейін өлшеуге болады. Егер қажет болса, амитриптилиннің/ нортриптилиннің дозасын түзетуге болады.

Флуконазол мен фентанилдің өзара әрекеттсуінің мүмкіндігіне байланысты бір өлім жағдайы орын алған. Флуконазол фентанилдің шығарылуын едәуір кідіртеді. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныстың тарылуына алып келуі мүмкін.

Миопатия мен рабдомиолиздың даму қаупі флуконазолды аторвастатин және симвастатин сияқты CYP3A4 немесе флувастатин сияқты CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бірге қолданғанда арта түседі. Егер қатарлас ем қажет болса, емделуші дәрігерде миопатия, рабдомиолиз және креатининкиназаның жоғарылауы симптомдарының бар-жоқтығына қадағалауда болуы тиіс. Егер креатининкиназаның жоғарылағаны білінсе немесе миопатия / рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе соған күдік болса, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Азитромицин: бауыр қызметі бұзылған және жүрек аритмиясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындаған жөн. Макролидтер тобының антибиотиктерін қабылдағанда төмендегі жағымсыз әсерлері туралы хабарланған: қарыншалық аритмия, QT аралығы ұзарған емделушілерде қарыншалық тахикардияны және жыпылықтап-дірілдеуін (қарыншалардың) қоса. Азитромицинмен емдеу аясында аса сирек жағдайларда жыпылықтап-дірілдеу (қарыншалардың) және сыртартқысында аритмиясы бар адамдарда ары қарай миокард инфарктісі болуы мүмкін. Азитромицинді бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге қолданғаны жөнінде деректер жоқ, сондықтан мұндай емделушілерге препаратты сақтықпен тағайындаған жөн.

Секнидазол: емдеу кезеңінде міндетті түрде алкогольді қолданудан сақ болу керек.

Флуконазол: препаратты бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған кезде сақтықпен тағайындаған жөн. Препараттың дозасы бүйрек қызметі бұзылған емделушілер үшін азайтылуға тиіс. Бүйрек қызметінің жеңіл және орташа ауырлықтағы жеткіліксіздігінде - әдеттегі дозаның ½-і.

Педиатрияда қолданылуы

Дазел Кит таблеткалары педиатрия тәжірбиесінде қолданылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жинақпен емдеу кезінде автокөлік жүргізуден және қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тарту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 таблеткадан (флуконазолдың 1 таблеткасы, үлбірлі қабықпен қапталған азитромициннің 1 таблеткасы және үлбірлі қабықпен қапталған секнидазолдың 2 таблеткасы) поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Аджанта Фарма Лимитед», Үндістан

Аджанта Хаус, Чаркоп, Кандивли (3) Мумбай, 400067

Тел.: 91-22-66061000, e-mail: Shailesh.singh@ajantapharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Аджанта Фарма Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ.,

Аносов к., 54/28 (Төле би қиылысы )

тел/факс: + 7(727) 241-45-73, 277-51-46.

E-mail: aplkazak@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

171154761477976784_ru.doc 84.5 кб
043396331477977940_kz.doc 107 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники