Грипповир-ТК

МНН: Умифеновир
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022206
Период регистрации: 15.06.2016 - 15.06.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Грипповир-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Умифеновир

Дәрілік түрі

Капсулалар 100 мг-ден

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 100.00 мг умифеновир гидрохлориді

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (Е 172), желатин.

Сипаттамасы

Өлшемі 3, сұр түсті корпусы және ақ түсті қақпағы бар қатты желетинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісіақ немесе крем реңді ақ түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Тікелей әсер ететін вирустарға қарсы препараттар. Өзге де вирустарға қарсы препараттар.

АТХ коды J05AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Умифеновир мүшелер мен тіндерде жылдам сіңіріледі және таралады. 100 мг дозада қабылдағанда қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 1,5 с соң жетеді. Бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 17-21 с тең. 40 % жуығы өзгермеген түрде, көбіне өтпен (38,9 %) және аздаған мөлшерде бүйрекпен (0,12 %) шығарылады. Алғышқы тәулікте енгізілген дозадан 90 % шығарылады.

Фармакодинамикасы

Грипповир-ТК – вирустарға қарсы дәрі. Ауыр жедел респираторлы синдроммен (АЖРС) астасқан, коронавирус, А және В тұмауының вирустарын спецификалық түрде бәсеңдетеді. Вирустарға қарсы әсер етуінің механизмі бойынша бірігу тежегіштеріне (фузияға) жатады, гемагглютининді вируспен өзара байланысады және липидтік вирусы қабығына және жасушалық жарғақшаға бірігуіне кедегі болады. Елеулі иммунитетті модуляциялайтын әсері бар. Интерферониндуцирлейтін белсенділікке ие, гуморальді және иммунитеттің жасушалық реакциясын, макрофагтардың фагоцитарлы функциясын көтермелейді, вирустық инфекцияларға ағзалардың төзімділігін жоғарылатады. Вирустық инфекциялармен, сондай-ақ созылмалы бактериялық аурулардың асқынуларымен байланысты өрбудің даму жиілігін төмендетеді.

Вирустық инфекция кезінде емнің тиімділігі жалпы уыттсыздану және клиникалық құбылыстар айқындылығы төмендегенде, ауру ұзақтығы қысқарғанда байқалады.

Уыттылығы аз препаратқа (LD50 >4 г/кг) жатады. Ұсынылған дозада пероральді қолданған кезде адам ағзасына қандай да бір жағымсыз әсер бермейді.

Қолданылуы

  • А және В тұмауында, жедел респираторлық вирусты инфекцияларда (ЖРВИ), ауыр жедел респираторлы синдромда (АЖРС), оның ішінде асқынған бронхит, пневмония – ересектердегі профилактикасы және емдеу

  • екіншілік иммунитет тапшылығы жағдайында

  • созылмалы бронхит, пневмония, қайталанған герпестік инфекциялар (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Спецификалық емес профилактика үшін

  • 10-14 күн бойы күніне бір рет 200 мг.

Емдеу үшін

Тұмау, басқа да ЖРВИ асқынбаған

  • 5 тәулік бойына тәулігіне 200 мг 4 рет (әрбір 6 сағатта).

Тұмау, басқа да ЖРВИ, асқынған бронхит, пневмония

  • 5 тәулік бойына тәулігіне 200 мг 4 рет (әрбір 6 сағатта), одан кейін 4 апта ішінде аптасына бір реттік дозада 1 рет.

Ауыр жедел респираторлы синдром (АЖРС)

  • 8-10 тәулік бойына тәулігіне 200 мг 2 рет.

Созылмалы бронхит, пневмония, қайталанатын герпестік инфекциялар (кешенді ем құрамында)

  • 5-7 тәулік бойына тәулігіне 200 мг 4 рет (әрбір 6 сағатта), одан кейін 4 апта ішінде аптасына бір реттік дозада 2 рет.

Ротавирусты этиологияда жедел ішектік инфекциялар (кешенді ем құрамында)

  • 5 тәулік бойына тәулігіне 200 мг 4 рет (әрбір 6 сағатта).

Ең жоғарғы бір реттік доза – 200 мг.

Ең жоғарғы тәуліктік доза – 800 мг.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен тағайындағанда жағымсыз әсерлер байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Грипповир-ТК бүйрек және бауыр, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары қатар жүретін науқастарға абайлап тағайындау керек

Орталықтық нейротроптық белсенділік байқатпайды және медициналық тәжірибеде мамандығы әртүрлі, оның ішінде жоғары назар және қозғалыс (көлік жүргізушілер, операторлар және т.б.) бағдарын жұмылдыруды талап ететін дені сау тұлғаларға профилактикалу мақсатында қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Механизмдермен жұмыс жасаған және көлік жүргізген тұлғаларда препаратты емдік дозада қолданғанда қарсы көрсетілімде емес.

Артық дозалануы

Симптомы – артық дозалану жағдайы белгіленбеген.

Емі – симптоматикалық (артық дозалану жағдайы пайда болғанда).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және/немесе баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Бір немесе екі пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған қорапшаға немесе картонды қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жеде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалаунға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндірушінің атауы мен мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Новый а.о., № 467 уч-сі, телефон/факс 8(7132) 21 72 15

Тіркеу куәлігінің иесі

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Новый а.о., № 467 уч-сі, телефон/факс 8(7132)21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

636605801477976207_ru.doc 49 кб
090892661477977453_kz.doc 28.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники