Грелид® (75 мг)



Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Грелид®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клопидогрел
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 75 мг, 300 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 97.875 мг және 391.5 мг клопидогрел гидросульфаты (75 мг және 300 мг клопидогрел негізіне баламалы),
қоымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, полиэтиленгликоль 6000, желатинделген крахмал, гидрогенделген майсана майы,
қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 6000.
Сипаттамасы
Қабықпен қапталған, ақшыл-қызғылттан қызғылт түске дейінгі, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес таблеткалар (75 мг дозасы үшін).
Қабықпен қапталған, ақшыл-қызғылттан қызғылт түске дейінгі, сопақша пішінді, екі жағы дөңес, бір бетінде сызығы бар таблеткалар (300 мг дозасы үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Антикоагулянттар. Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері. Клопидогрел
АТХ коды B01AC04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Бір рет және қайталап ішу арқылы қабылдағаннан кейін клопидогрел тез сіңеді. Өзгермеген клопидогрелдің орташа ең жоғары плазмалық концентрациялары (75 мг ішу арқылы қабылдаудан кейін шамамен 2,2-2,5 нг/мл) қабылданғаннан кейін шамамен 45 минуттан соң білінген. Клопидогрел метаболиттерінің бүйректік элиминациясы бойынша анықталған сіңірілуі 50%-дан кем емес.
Таралуы
Клопидогрел және оның айналымдағы басты (белсенді емес) метаболиті адам плазмасы ақуыздарымен іn vitro жағдайда қайтымды байланысады (тиісінше, 98% және 34%). Байланысуы іn vitro жағдайларында концентрацияларының кең ауқымында жүзеге асады.
Биотрансформациясы
Клопидогрел бауырда елеулі дәрежеде метаболизмге ұшырайды. Екі негізгі жолмен метаболизденеді: бірі эстеразалар арқылы болады және карбон қышқылының белсенді емес туындысына дейін (айналымдағы метаболиттердің 85%-ы) гидролизденуге әкеледі, екіншісі көп түрлі Р450 цитохромдарымен жүзеге асады.
Бастапқыда клопидогрел 2-оксо-клопидогрел аралық метаболитіне дейін метаболизденеді. 2-оксо-клопидогрел аралық метаболитінің одан кейінгі трансформациясы белсенді метаболит, клопидогрелдің тиол туындысының түзілуіне әкеледі. Осы метаболизм жолы іn vitro жағдайда CYP3А4, CYP2С19, CYP1А2 және CYP2В6 арқылы жүреді. іn vitro жағдайларда оқшауланған белсенді тиол метаболиті тромбоциттер рецепторларымен тез және қайтымсыз байланысып, сол арқылы олардың агрегациясын тежейді.
Белсенді метаболиттің Сmax клопидогрелдің бір реттік 300 мг жүктеме дозасын қабылдаудан кейін де, 4 күн бойы 75 мг демеуші дозасын қабылдаудан кейін де 2 есе ұлғаяды. Қабылдағаннан кейін Сmax шамамен 30-60 минуттан соң байқалады.
Шығарылуы
14С таңбаланған клопидогрелді қабылдаудан соң, енгізгеннен кейін 120 сағат ішінде шамамен 50% несеппен және шамамен 46% нәжіспен бөлініп шығады. Бір реттік ішу арқылы 75 мг дозасынан соң клопидогрелдің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6 сағат құрайды. Қанда айналымдағы негізгі (белсенді емес) метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі бір реттік және қайталанатын қабылдаулардан кейін 8 сағатты құрайды.
Фармакогенетикасы
CYP2С19 белсенді метаболиттің де, 2-оксо-клопидогрел аралық метаболитінің де түзілуіне қатысады. Клопидогрел белсенді метаболитінің фармакокинетикасы мен антитромбоцитарлық әсерлері тромбоциттердің агрегациясын ex vivo зерттеулерде бағаланғандай, CYP2С19 генотипіне байланысты өзгереді.
CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері функционалдық емес болып табылған уақытта CYP2С19*1 аллель функционалдық метаболизмге толық сәйкес келеді. CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері еуропалықтарда (85%) және азиялық (99%) баяу метаболизаторларда функциясы төмендеген аллельдердің көп бөлігіне себепші болады. Жоқ немесе төмендеген метаболизммен астасқан басқа аллельдердің кездесу жиілігі аз және олар CYP2С19*4, *5, *6, *7 және *8 қамтиды. Баяу метаболизатор статусы бар пациенттерде, жоғарыда сипатталғандай, функциясын жоғалтқан екі аллель болады. Баяу метаболизатордың CYP2С19 генотиптерінің жарияланған жиілігі шамамен еуропалықтар үшін 2%, африкалық нәсіл үшін 4% және қытай тектілер үшін 14% құрайды. Пациенттің CYP2С19 генотипін айқындауға арналған тестілер бар.
Белсенді метаболиттің экспозициясы орташа метаболизаторларда 28% және баяу метаболизаторларда 72% азайды, ал бұл кезде тромбоциттер агрегациясының тежелуі (5 мкмоль АДФ), жылдам метаболизаторларда, тиісінше, 5,9% және 21,4% ТАБ айырмашылығымен төмендеді.
Орташа немесе баяу метаболизатор статусы бар пациенттердің біріккен тобында жылдам метаболизаторлармен салыстырғанда кардиоваскулярлық асқынулардың (өлім, миокард инфарктісі және инсульт) немесе стент тромбозы даму қаупіның жоғарылығы байқалды. Алайда даму қаупінің жоғарылығы жылдам метаболизаторлармен салыстырғанда тек баяу метаболизаторларда ғана байқалды деген хабарламалар бар.
Берілген талдаулардың ешқайсысы нәтижесінде баяу метаболизаторлардың айырмашылығын анықтайтындай талапқа сай түрде жүргізілмеген.
Айрықша популяциялар
Клопидогрелдің белсенді метаболиттерінің айрықша популяциялардағы фармакокинетикалық параметрлері белгісіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Тәулігіне 75 мг клопидогрелді ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар субъектілер (креатинин клиренсі 5-тен 15 мл/мин дейін) қайталап қабылдағаннан кейін, тромбоциттердің АДФ-индукцияланған агрегациясының тежелуі дені сау субъектілерге қарағанда (25%) төмен болды, алайда, қан кету уақытының ұзаруы тәулігіне 75 мг клопидогрелді қабылдағаннан кейінгі дені сау субъектілердегі осындайларға ұқсас болды. Бұған қоса, барлық субъектілерде клиникалық жақсы жағымдылығы байқалды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Тәулігіне 75 мг клопидогрелді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер 10 күн бойы қайталап қабылдағаннан кейін, тромбоциттердің АДФ-индукцияланған агрегациясының тежелуі дені сау субъектілердегі осындайларға ұқсас болды. Қан кету уақыты ұзаруының орташа мәні де екі топта ұқсас болды.
Нәсілдік айырмашылықтар
CYP2C19 орташа немесе баяу метаболизміне әкелетін CYP2C19 аллельдердің басымдығы нәсілдік-этникалық тегіне сәйкес ауытқып тұрады. Азиялық популяцияда қолдану жөніндегі әдеби деректер бұл изофермент генотипінің клиникалық нәтижеге ықпалына баға беруге шектеулі.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Клопидогрел метаболиттерінің біреуі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болатын ізашар дәрі болып табылады. Клопидогрел тромбоциттер агрегациясын бәсеңдететін белсенді метаболит түзу үшін CYP450 энзимдері арқылы метаболизмге ұшырауы тиіс. Клопидогрел белсенді метаболиті аденозиндифосфаттың (AДФ) өзінің тромбоцитарлық P2Y12 рецепторымен байланысуын және кейінгі гликопротеиндік GPIIb/IIIa кешенінің АДФ арқылы белсенділенуін іріктемелі тежеп, сол арқылы тромбоциттер агрегациясын кедергілейді. Қайтымсыз байланысу салдарынан әсерге ұшыраған тромбоциттер өз тіршілігінің бүкіл қалған мерзімінде (шамамен 7-10 күн) зақымданады, ал тромбоциттердің қалыпты функциясы тромбоцитарлық циклге сай келетін жылдамдықпен қалпына келеді. АДФ-тан ерекшеленетін агонистерден туындаған тромбоциттер агрегациясы да босап шыққан АДФ әсер етуімен жүзеге асатын тромбоциттер белсенділенуінің күшеюін бөгеу арқылы бәсеңдейді.
Белсенді метаболит кейбіреулері полиморфты болып келетін немесе өзге дәрілік қосылыстармен бәсеңдейтін CYP450 энзимдері арқылы түзілетіндіктен, науқастардың бәрінде бірдей тромбоциттердің бәсеңдеу дәрежесі жеткілікті болмайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Күніне қайталанатын 75 мг дозалары бірінші күннен-ақ АДФ туғызған тромбоциттер агрегациясының едәуір бәсеңдеуіне әкелді. Тежеу әсері үдемелі күшейіп, 3-7 күннен соң тепе-тең жағдайға жетті. Тепе-тең жағдай сатысында күніне 75 мг дозасында байқалған орташа тежеліс деңгейі 40%-дан 60%-ға дейін құрады. Тромбоциттер агрегациясы және қан кету уақыты, әдетте, емді тоқтатқаннан кейін 5 күннен соң бастапқы деңгейіне біртіндеп оралды.
Қолданылуы
Ересектердегі атеротромбоздық құбылыстардың профилактикасы:
- миокард инфарктісі (бірнеше күннен < 35 күнге дейін), ишемиялық инсульті (7 күннен < 6 айға дейін) шеткері артериялардың диагностикаланған ауруы бар ересек пациенттер
Жедел коронарлық синдромы бар ересек пациенттер:
- ST сегменті жоғарылауынсыз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), тері арқылы коронарлық интервенциядан кейін стент орнатылған пациенттерді қоса, ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп;
- дәрі-дәрмектік ем алатын және тромболитикалық ем жүргізуге сай келетін пациенттерде ST сегменті жоғарылауымен жедел коронарлық синдромда ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп.
Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық құбылыстардың профилактикасы
- клопидогрел ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде васкулярлық асқынулардың кем дегенде бір қауіп факторымен жыпылықтағыш аритмиясы бар, К дәрумені антагонистерімен (КДА) ем қолдануға болмайтын және қан кетудің даму қаупі төмен ересектерді емдеуге, инсультті қоса, атеротромбоздық тромбоэмболиялық құбылыстардың профилактикасы үшін қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және егде пациенттер
Клопидогрелді тәулігіне 1 рет 75 мг дозада қабылдау керек.
Жедел коронарлық синдромы бар пациенттер
- ST сегменті жоғарылауынсыз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емді 300 мг бір реттік жүктеме дозадан бастап, одан әрі тәулігіне бір рет 75 мг доза қабылдаумен (тәулігіне 75-325 мг дозада ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде) жалғастыру керек. Ацетилсалицил қышқылының жоғарырақ дозаларын қабылдау қан кету қаупінің жоғарылауымен астасатындықтан, ацетилсалицил қышқылын 100 мг-ден асатын дозаларда қабылдау ұсынылмайды. Емнің оңтайлы ұзақтығы анықталмаған. Клиникалық зерттеулердің деректері 12 айға дейін емдеуді қолдайды, ал емдеудің ең жоғары пайдасы 3 айдың ішінде байқалған
- ST сегменті жоғарылауымен жедел миокард инфарктісі: препарат тәулігіне 75 мг дозада (ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде) 300 мг жүктеме дозадан бастап, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) және басқа тромболитикалық дәрілермен біріктірілімде немесе оларсыз тағайындалады. 75 жастан асқан пациенттерде емдеу жүктеме дозаны пайдаланбай жүзеге асырылады. Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау және кем дегенде, 4 апта бойы жалғастыру керек. Клопидогрелдің АСҚ-мен біріктірілген емінің 4 аптадан асатын ұзақтығы аталған ауруда зерттелген жоқ.
Жыпылықтағы аритмиясы бар пациенттер клопидогрелді 75 мг дозада күніне бір рет қабылдауы керек. АСҚ-мен (тәулігіне 75-100 мг) клопидогрелді біріктірген емді бастау керек.
Дозаны өткізіп алған жағдайда:
- егер дозаны қабылдау жоспарланған сәттен 12 сағаттан аз уақыт өтсе: дозаны дереу қабылдау керек, содан соң келесі дозаны қабылдайды
- егер дозаны қабылдау жоспарланған сәттен 12 сағаттан асып кетсе: бұл дозаны өткізіп жіберіп, келесі жоспарланған дозаны уақытына сәйкес қабылдау керек, екі есе дозаны қабылдауға болмайды
Педиатриялық популяция
Препараттың қауіпсіздігі жөніндегі деректер жеткіліксіз болғандықтан, Клопидогрелді балалар қабылдамауы керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі.
Бауыр жеткіліксіздігі
Геморрагиялық диатезбен бауыр жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі.
Препарат ішу арқылы қабылдауға арналған. Препаратты тамақпен де, тамақ ішуге байланыссыз да қабылдауға болады.
Жағымсыз әсерлері
Қауіпсіздік бейінінің сипаттамасы
Клиникалық зерттеулерде де, постмаркетингтік кезеңде де ең жиі хабарланған жағымсыз реакция қан кетудің дамуы болды, мұнда қан кету туралы көбінесе емдеудің алғашқы айында хабарланды.
Жағымсыз реакциялар тізімі
Сәйкес реакциялар пайда болу жиілігі көрсеткіштерінің кему ретімен келтіріледі (өте жиі: ≥ 1/10; жиі: ≥ 1/100 - < 1/10 дейін; жиі емес: ≥ 1/1000 - < 1/100 дейін; сирек: ≥ 1/10 000 - < 1/1000 дейін; өте сирек: < 1/10 000; пайда болу жиілігі белгісіз [қолда бар деректер бойынша бағаланбайтын]).
Жүйелік жіктеу |
Жиі |
Жиі емес |
Сирек |
Өте сирек, белгісіз* |
Қантамырлар және лимфа жүйесінің бұзылыстары |
Тромбоцитопе-ния, лейкопения, эозинофилия |
Нейтропения, ауыр нейтропенияны қоса |
Тромбоздық тромбоцитопения-лық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопе-ния, жүре пайда болған А гемофилиясы, гранулоцитопе-ния, анемия |
|
Иммундық жүйенің бұзылыстары |
Сарысу құю ауруы, анафилактоидты реакциялар, тиенопиридиндер арасындағы (тиклопидин, празугрел сияқтылар) айқаспалы дәрілік аса жоғары сезімталдық |
|||
Психикалық бұзылыстар |
Елестеулер, сананың шатасуы |
|||
Неврологиялық бұзылыстар |
Бассүйекішілік қан құйылу (кей жағдайларда өліммен аяқталғаны хабарланған), бас ауыру, парестезия, бас айналу |
Дәм сезудің бұзылуы |
||
Көру бұзылыстары |
Көзге қан құйылу (конъюнктивалық, окулярлық, ретинальді) |
|||
Вестибулярлық аппараттың бұзылыстары |
Вертиго (бас айналу) |
|||
Васкулярлы бұзылыстар |
Гематома |
Ауыр геморрагиялар, операциядан кейінгі геморрагиялар, васкулит, гипотензия |
||
Респираторлық аппарат бұзылыстары |
Эпистаксис (мұрыннан қан кету) |
Респираторлық жолдан қан кету (гемофтиз, пульмональді геморрагия), бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит, эозинофильді пневмония |
||
Асқазан-ішек жолының бұзылыстары |
Асқазан-ішектен қан кету, диарея, абдоминальді ауырулар, диспепсия |
Асқазанның және ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айну, констипация (іш қату), метеоризм |
Ретроперитонеальді геморрагиялар |
Өліммен аяқталатын асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кету, панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралы немесе лимфоцитарлық), стоматит |
Гепатобилиарлық бұзылыстар |
Жедел бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауырдың функционалдық сынамаларының патологиялық көрсеткіштері |
|||
Тері жамылғысының және теріасты шелдерінің бұзылыстары |
Көгерулер |
Бөртпе, қышыну, теріге қан құйылу (пурпура) |
Буллёзді дерматит (уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез), ангионевроздық ісіну, дәрі қабылдаудан болатын жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік бөртпе, эритематозды немесе эксфолиативті бөртпе, есекжем, экзема, жалпақ теміреткі |
|
Ұрпақ өрбіту ағзаларының және сүт безінің бұзылыстары |
Гинекомастия |
|||
Қаңқа-бұлшықет аппаратының, дәнекер және сүйек тінінің бұзылыстары |
Қаңқа-бұлшықеттен қан кету (гемартроз), артрит, артралгия, миалгия |
|||
Несеп шығару жүйесінің бұзылыстары |
Гематурия |
Гломерулонефрит, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы |
||
Жалпы және енгізу орнындағы бұзылыстар |
Енгізу орнындағы қан кету |
Қызба |
||
Клиникалық бақылау |
Қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы |
*ақпарат клопидогрелге қатысты, «Белгісіз» деген даму жиілігімен
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
-
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
-
белсенді патологиялық қан кету (асқазан-ішек жолының (АІЖ) ойық жаралануы немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқтылар)
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ішуге арналған антикоагулянттар: клопидогрелді ішуге арналған антикоагулянттармен қатар тағайындау ұсынылмайды, өйткені бұл қан кету қарқындылығын арттыруы мүмкін. Клопидогрелді тәулігіне 75 мг дозада бір мезгілде қолдану S-варфариннің фармакокинетикасын немесе Халықаралық Қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) өзгертпейтініне қарамастан, варфаринмен ұзақ уақыт ем алатын пациенттерде, клопидогрелді варфаринмен бірге қолдану гемостазға тәуелсіз ықпал етуі салдарынан қан кетудің даму қаупін арттырады.
IIb/IIIa гликопротеин тежегіштері: клопидогрелді IIb/IIIa гликопротеин тежегіштерін қабылдайтын пациенттер сақтықпен қолдануы керек.
Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ): АСҚ тромбоциттер агрегациясының клопидогрел түрткі болатын тежелуін модификацияламайды, алайда, клопидогрел тромбоциттердің коллаген-индукцияланған агрегациясына АСҚ әсерін көтермелейді. Алайда, 500 мг АСҚ тәулігіне екі рет бір күн бойы қатар қолдану клопидогрелді қабылдаудан туындаған қан кету уақытын елеусіз ұзартады. Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылының арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесу қан кету уақытының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан да, қатар қолдану туралы шешімді сақтықпен қабылдау керек. Алайда, клопидогрел мен АСҚ бірге қолдануды 1 жылға дейін жалғастыруға болады.
Гепарин: дені сау субъектілерге жүргізілген клиникалық зерттеуде, клопидогрел гепариннің дозасын модификациялауды қажет еткен жоқ немесе гепариннің коагуляцияға әсерін бұзды. Гепаринді қатар тағайындау клопидогрелдің тромбоциттер агрегациясын тежеуіне ықпал еткен жоқ. Клопидогрел мен гепарин арасындағы фармакодинамикалық өзара әрекеттесу қан кету қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сол себептен, бірге қолдану туралы шешімді сақтықпен қабылдау керек.
Тромболитиктер: клопидогрелді, спецификалы тромболитикалық агенттердің фибриндерін немесе фибрин еместерін және гепаринді бірге қолданудың қауіпсіздігі жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде бағаланды. Клиникалық мәнді қан кетудің даму жиілігі АСҚ-мен бірге тромболитикалық препараттар мен гепарин қолдану кезінде байқалғанға ұқсас болды.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): дені сау еріктілердегі клиникалық зерттеулерде клопидогрел мен напроксенді бірге қолдану ішектен жасырын қан кетуді арттырды. Алайда, басқа ҚҚСП-мен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер жеткіліксіз болғандықтан, қазіргі уақытта асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауына барлық ҚҚСП-ның қатысы бар ма, жоқ па белгісіз. Сол себептен, ЦОГ-2 тежегіштерін қоса, ҚҚСП және клопидогрелді бірге қолданған кезде сақ болу керек.
СКҚІТ: СКҚІТ тромбоциттердің белсенділігіне ықпал етіп, қан кету қаупін арттыратындықтан, клопидогрелмен СКҚІТ бірге қолдану туралы шешімді сақтықпен қабылдау керек.
Басқа да қатар жүретін ем: клопидогрел ішінара CYP2C19 арқылы белсенді метаболитке дейін метаболизденетіндіктен, осы ферменттің белсенділігін тежейтін дәрілік препараттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболитінің концентрациясын азайтуы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәнділігі әлі де анық емес. Сақтану ретінде, CYP2C19 күшті және орташа тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.
CYP2C19 күшті және орташа тежегіштері болып табылатын дәрілік препараттар, мысалы, омепразол мен эзомепразолды, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, карбамазепин және эфавирензді қамтиды.
Протонды помпа тежегіштері (ППТ): бір мезгілде клопидогрелмен немесе осы екі дәрілік препаратты қабылдау арасындағы 12 сағат ішінде қабылданған тәулігіне бір рет 80 мг дозадағы омепразол белсенді метаболиттің экспозициясын 45% (жүктеме дозасы) және 40% (демеуші доза) төмендетеді. 39% (жүктеме доза) және 21%-дан (демеуші доза) төмендеуі тромбоциттер агрегациясы тежелуінің төмендеуімен астасты. Эзомепразол клопидогрелмен осыған ұқсас өзара әрекеттеседі.
Аталған фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесудің жүрек-қантамыр жүйесіне клиникалық салдарлары туралы қарама-қайшы деректер бақылау арқылы да, клиникалық зерттеулерден де алынды. Алдын ала сақтану шарасы ретінде, омепразол немесе эзомепразолды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Метаболит экспозициясының айқындығы аз төмендеуі пантопразол мен лансопразол қабылдаған кезде де байқалды.
Белсенді метаболиттің плазмалық концентрациялары тәулігіне бір рет 80 мг дозадағы пантопразолмен бірге қабылдаған кезде 20% (жүктеме доза) және 14% (демеуші доза) төмендеді. Бұл тромбоциттер агрегациясы тежелуінің орташа мәнінің, тиісінше, 15% және 11% төмендеуіне байланысты. Бұл нәтижелер клопидогрелді пантопразолмен бірге тағайындауға болатынын көрсетеді.
Н2-блокаторлар немесе антацидтер сияқты, асқазандағы қышқылдылықты төмендететін басқа дәрілік препараттардың клопидогрелдің антитромбоцитарлық белсенділігіне ықпалын айғақтайтын деректер жоқ.
Басқа дәрілік препараттар: клопидогрел мен басқа дәрілік препараттар арасындағы фармакодинамикалық және фармакокинетикалық (ФК) әлеуетті өзара әрекеттесу мүмкіндігін зерттеу мақсатында бірнеше клиникалық зерттеулер жүргізілді. Клопидогрелді атенололмен немесе нифедипинмен немесе олардың біріктірілімімен (атенолол және нифедипин) қабылдау кезінде клиникалық маңызды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалмады. Бұған қоса, фенобарбиталмен немесе эстрогенмен бірге қабылдаған кезде клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігі айтарлықтай өзгерген жоқ. Клопидогрелмен бірге қабылдау кезінде дигоксиннің немесе теофиллиннің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.
Антацидтер клопидогрелдің сіңірілуіне ықпал етпейді. CAPRIE зерттеулерінің деректері бойынша, CYP2С9 ферментімен метаболизденетін фенитоин мен толбутамидті клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдануға болады. Жоғарыда аталған спецификалы дәрілік препараттардан өзге, клопидогрелдің атеротромбоздық аурулары бар пациенттерге жиі қолданылатын кейбір препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген. Алайда, клопидогрелді клиникалық зерттеулерге қатысқан пациенттер диуретиктерді, бета-блокаторларды, АӨФ тежегіштерін, кальций антагонистерін, холестеринді төмендететін препараттарды, коронарлық вазодилататорларды, диабетке қарсы препараттарды (инсулинді қоса), эпилепсияға қарсы препараттарды және GPIIb/IIIa антагонистерін қамтитын қатар жүретін дәрілік препараттарды көп мөлшерде қабылдаған кезде клиникалық мәні бар жағымсыз реакциялар дамыған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Қан кету қаупіне және гематологиялық жағымсыз әсерлерге байланысты, емдеу барысында қан кетуді білдіретін клиникалық симптомдар пайда болған жағдайда тез арада эритроциттер мен лейкоциттерді анықтау және/немесе басқа да тиісті талдаулар жүргізу қажет. Басқа антитромбоцитарлық препараттар жағдайындағыдай, клопидогрелді жарақаттың, хирургиялық араласудың немесе басқа патологиялық жай-күйлердің салдарынан қан кету қаупі бар пациенттерде, сондай-ақ АСҚ, гепарин, IIb/IIIa гликопротеин рецепторларының тежегіштерін немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП), ЦОГ-2 тежегіштерін қоса, немесе серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін (СКҚІТ) қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Пациенттер қан кету белгілері туындаған жағдайда, әсіресе бірінші аптаның ішінде және/немесе инвазиялық кардиологиялық емшаралардан және хирургиялық араласулардан кейін мұқият бақылауға алынуы тиіс. Клопидогрелді ішуге арналған антикоагулянттармен қатар қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кету қарқындылығын арттыруы мүмкін. Егер науқас хирургиялық араласу алдында тұрса, операцияға 7 күн қалғанда Грелид® препаратын қабылдауды тоқтату керек. Кез келген операцияның және кез келген жаңа дәрілік препаратты қабылдардың алдында пациенттер клопидогрел қабылдап жүргенін дәрігерлерге және стоматологтарға ескертуі тиіс. Клопидогрел қан кету уақытын ұзартады, сондықтан оны ойық жаралы зақымданулары бар және қан кетуге бейім (атап айтқанда асқазан-ішектік және интраокулярлы) пациенттер сақтықпен қабылдауы керек.
Науқастарға клопидогрелді қабылдағанда (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктіргенде) қан кетуді тоқтату үшін көп уақыт қажет болатындығын, сондай-ақ, егер қандай да бір әдеттен тыс қан кету туындаса, (орналасуы немесе ұзақтығы бойынша) өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлау керектігін ескерту қажет.
Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)
Грелид® препаратын қолданғаннан кейін, өте сирек, ал кейде қысқа экспозициядан кейін, неврологиялық өзгерістермен, бүйрек функциясының бұзылуымен немесе қызбамен қатар жүретін тромбоцитопениямен және микроангиопатиялық гемолитикалық анемиямен сипатталатын тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура жағдайлары (ТТП) болды. ТТП өліммен аяқталуы мүмкін жай-күйге жатады, плазмаферезді қоса, дереу емдеуді қажет етеді.
Жүре пайда болған гемофилия
Клопидогрел қабылдауды бастағаннан кейін гемофилияның даму жағдайлары туралы хабарланған. Қан кетумен немесе онсыз ішінара белсенділенген тромбопластин уақытының (ІБТУ) оқшау ұзаруы расталғанда гемофилияның даму мүмкіндігін болжау керек. Жүре пайда болған гемофилия диагнозы расталған пациенттер дәрігердің қадағалауымен емделуі керек, ал клопидогрелмен емді тоқтату керек.
Жақында болған ишемиялық инсульт
Деректер жоқ болғандықтан, Грелидті® жедел ишемиялық инсульттан кейін алғашқы 7 күнде ұсынуға болмайды.
Р450 цитохромы 2С19 (CYP2C19)
Фармакогенетикасы: CYP2С19 баяу метаболизаторлары болып табылатын пациенттерде клопидогрелді қабылдау клопидогрелдің белсенді метаболиттерінің аз түзілуімен қатар жүреді және тромбоциттер агрегациясына аз ықпалын тигізеді. Қазіргі уақытта CYP2С19 генотипі бар пациенттерді анықтайтын тестілер бар.
Клопидогрел CYP2C19 арқылы белсенді метаболит түзіп метаболизденетіндіктен, ферменттің белсенділігін тежейтін дәрілік препараттарды қолдану, күткендегідей, клопидогрелдің белсенді метаболиті құрамының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Аталған өзара әрекеттесудің клиникалық мәні әлі де анық емес. Алдын ала сақтық ретінде, CYP2C19 күшті және орташа тежегіштерін қатар қолданудан аулақ болу керек.
Тиенопиридиндер арасындағы айқаспалы аса жоғары сезімталдық
Пациенттің анамнезінде тиенопиридиндерге (клопидогрел, тиклопидин, празугрел сияқты) аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоғын тексеру керек, өйткені тиенопиридиндер арасындағы айқаспалы аса жоғары сезімталдық жағдайлары туралы хабарланған.
Тиенопиридиндер бөртпе, ангионевроздық ісіну немесе тромбоцитопения және нейтропения сияқты айқаспалы гематологиялық реакциялар тәрізді жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі аллергиялық реакциялардың себебі болуы мүмкін. Тиенопиридиндердің біреуіне аллергиялық реакция және/немесе гематологиялық реакциялардың көріністері бар пациенттерде басқа тиенопиридинге дәл сондай реакцияның даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Тиепиридиндерге аллергиялық реакциясы бар пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакцияларына мониторинг жүргізу ұсынылады.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда клопидогрелді қолдану тәжірибесі шектеулі. Демек, ондай пациенттер жағдайында Грелид® сақтықпен қолданылуы тиіс.
Бауыр функциясының бұзылуы
Ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы бар, геморрагиялық диатезге бейім пациентерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі. Осыған байланысты, бұл популяцияда клопидогрел абайлап қолданылуы тиіс.
Қосымша заттар
Грелид® құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын сирек галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза/галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Препарат құрамында гидрогенизацияланған майсана майы бар, ол асқазан бұзылысын және диареяны туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде клопидогрелдің әсері туралы клиникалық деректер болмағандықтан, алдын ала сақтану шарасы ретінде жүктілік кезінде Грелидті®қолданбаған дұрыс. Жануарлардағы зерттеулер препараттың жүктілік ағымына, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама тигізетін қолайсыз әсерін көрсетпейді.
Лактация
Клопидогрелдің адамның емшек сүтіне өтуі белгісіз. Жануарлардағы зерттеулер клопидогрелдің ана сүтіне өтетінін көрсетті. Алдын ала сақтану шарасы ретінде, Грелид® препаратымен емделу кезінде бала емізуді жалғастырмау керек.
Фертильділік
Клиникаға дейінгі зерттеулерде клопидогрелдің фертильділікке ықпал етуі дәлелденбеген.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Грелид® автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді немесе елеусіз ықпал етеді.
Артық дозалануы
Клопидогрелдің артық дозалануы қан кету уақытының ұзаруына әкеліп соғып, әрі қарай асқынуы мүмкін. Қан кеткен жағдайда тиісті шаралар қабылдау қажет.
Клопидогрелдің фармакологиялық белсенділігіне спецификалы антидот жоқ. Егер қан кету уақытының ұзаруын шұғыл түзету қажет болса, клопидогрелдің әсерін қайтару үшін тромбоцитарлық масса құю керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған баспалық алюминиймен лакталған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 (300 мг дозасы үшін) немесе 3 (75 мг дозасы үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282
тел.: +7 (727) 232-44-85
Тіркеу куәлігінің иесі
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282
тел.: +7 (727) 232-44-85, электронды пошта: info@aigp.kz