Гордокс®

МНН: Апротинин
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aprotinin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016288
Период регистрации: 30.06.2015 - 30.06.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 1 226.32 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Гордокс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Апротинин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 100000 КТБ, 10 мл ерітінді

Құрамы

10 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – апротинин, концентрацияланған ерітінді, 100 000 КТБ,

қосымша заттар: натрий хлориді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Гемостатиктер. Протеинолиз тежегіштері. Апротинин.

АТХ коды B02AB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін апротинин барлық жасушадан тыс компартментке тез таралады, ол апротининнің плазмадағы концентрациясының тез төмендеуімен қатар жүреді; жартылай шығарылу уақыты 0,3-тен 0,7 сағатқа дейінді құрайды. Кейінірек, атап айтқанда, енгізгеннен кейін 5 сағаттан соң жартылай шығарылу кезеңі 5-тен 10 сағатты құрайтын терминальді фазасы басталады.

Плацента бәлкім апротинин үшін толық емес өткізбейді, алайда пенетрация өте баяу жүретін сияқты.

Жүрегіне операция кезінде апротинин алған емделушілердегі препараттың операция кезіндегі плазмадағы орташа тепе-тең концентрациялары келесі сызбаларды пайдаланғанда:

көктамыр ішіне бастапқы доза ретінде 2 миллион КТБ; сорғыны бастапқы толтыратын ерітіндіге 2 миллион КТБ және операция бойы үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде сағатына 500000 КБТ енгізгенде 175-тен 281 КТБ/мл дейін құраған. Операция кезінде бұл дозаның жартысын енгізгеннен кейінгі препараттың плазмадағы орташа тепе-тең концентрациясы 110-нан 064 КТБ/мл-ге дейін құраған.

Денсаулығы жақсы еріктілерде, жасанды қан айналымы жағдайында операция жүргізілген кардиологиялық емделушілерде және гистерэктомия жүргізілген әйелдерде апротининді фармококинетикалық зерттеу деректері 50000 КТБ-дан 2 миллион КТБ-ға дейінгі дозалар диапазонындағы фармакокинетикалық параметрлері дозаға тәуелді сипатта болатынын растайды.

Плазма ақуыздарымен байланысуы ультрацентрифугалаудың көмегімен егеуқұйрықтардың плазмасында ex vivo зерттелген. Антифибринолитикалық белсенділіктің 20%-ға жуығы ақуызсыз қабатта байланыспаған формасына байланысты болған, ал препараттың 80% сарысу ақуыздарымен байланысқан жағдайда тұрған.

Тепе-тең фазада таралу көлемі 20 литрге жуықты құрады, ал адам организмінде жалпы клиренсі минутына 40 мл-ге жуықты құрады.

Апротинин бүйректерге және аз дәрежеде шеміршек тіндеріне жиналады.

Препараттың бүйректерге жиналуы апротининнің проксимальді өзекшелердің эпителиалды жасушалар қылшықты жиегімен байланысуының, сондай-ақ осы жасушалардың фаголизосомаларында жиналуының нәтижесі болып табылады. Шеміршекте жиналу негізгі апротининнің қышқыл протеогликандарға аффинділігімен байланысты болады.

Препараттың басқа ағзалардағы концентрациясында негізінен сарысудағы мөлшерінен айырмашылық болған жоқ. Препараттың өте төмен концентрациясы мида байқалды; апротинин іс жүзінде жұлын сұйықтығына түспеген.

Апротининнің тек аздаған мөлшері ғана плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Плацента апротинин үшін толық өткізбейтін бөгет болып есептелмейді, алайда пенетрация жылдамдығы өте төмен.

Апротининнің емшек сүтіне өтуі зерттелген жоқ. Алайда ішке қабылдағаннан кейін апротининнің сіңбейтіндігіне байланысты, емшек сүтінде болатын апротинин, оның мөлшеріне қарамастан, емшектегі нәрестеге зиянын тигізе алмайды.

Метаболизмі, элиминациясы және шығарылуы

Апротининнің молекуласы бүйректе лизосомальді ферменттердің әсерінен өте қысқа пептидтерге немесе амин қышқылдарына ыдырайды. Адамда енгізілген апротинин дозасының несеппен бірге 5%-дан азы шығарылады. Денсаулығы жақсы еріктілерге көктамыр ішіне 131I таңбасы бар апротининді енгізгеннен кейін таңбаланған заттың 25%-дан 40%-ға дейіні 48 сағат ішінде несеппен бірге метаболиттер түрінде шығарылған. Бұл метаболиттер ешқандай да фермент-тежегіш белсенділіке ие болмаған.

Препаратты бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар емделушілерге қолданылуы жөнінде деректер жоқ; алайда бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзгерулер немесе анық жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Осыған байланысты мұндай жағдайларда дозаны арнайы түзету қажет емес.

Фармакодинамикасы

Апротинин антифибринолитикалық белсенділігі бар әсер ету ауқымы кең протеаза тежегішінің молекуласы болып табылады. Қайтымды стехиометриялық фермент-тежегіш кешен түзе отырып, апротинин адамда фибринолиздің тежелуіне әкелетін плазма мен тіндердегі трипсинді, плазминді, калликреинді тежейді.

Бұдан бөлек, коагуляция мен фибринолиз көтермелену үдерістерінің қосылу факторы болып табылатын қан ұю белсендіріленуінің жанаспалы фазасын тежейді.

Апротинин қабыну реакцияларын бәсеңдететін болғандықтан жасанды қан айналу жағдайындағы операция кезінде қолданылады, бұл аллогенді қан трансфузиясының қажеттілігінің төмендеуіне және қан жоғалтудың төмендеуіне, сондай-ақ қан кетуге байланысты көкірек ортасын қайталап тексеру қажеттілігінің азаюына әкеледі.

Қолданылуы

Апротинин оқшауландырылған жүрек-қан тамырлық шунттауды (яғни басқа жүрек-қан тамыр араласулары қатар жүрмейтін коронарлық артерияларды шунттауды) жүргізгенде көлемді қан кетулер қаупі жоғары емделушілерде интраоперациялық қан жоғалтудың алдын алу және гемотрансфузия көлемін азайту үшін көрсетілімде.

Апротининді қолданар алдында «пайда/қауіп» арақатынасын және баламалы ем мүмкіндігін мұқият бағалау керек.

Қолдану тәсілдері және дозалары

Енгізуді бастаудың алдында барлық емделушілерге апротининге тән IgG атиденелерге тест жүргізу қажет.

Тест-доза

Аллергиялық (анафилактикалық) реакциялардың даму қаупі салдарынан, барлық емдеушілерге көктамыр ішіне 10000 КТБ (калликреин-тежегіш бірлік) апротининді (1 мл) бастапқы дозаны енгізуге дейін кем дегенде 10 минут бұрын енгізген жөн. Егер бастапқы 1 мл доза аллергиялық реакция тудырмаса, онда емдік дозаны енгізуге болады.

H1және H2 антагонистерін апротининмен тест жүргізуден 15 минут бұрын енгізуге болады. Анафилактикалық және аллергиялық реакцияларға стандартты шұғыл ем жүргізу үшін құрал-жабдық болуы қажет.

Ашық жүрекке (жасанды қан айналымы аппаратымен) операция жасау кезінде қан жоғалтуды және гемотрансфузияға қажеттілікті төмендетуге арналған

Дозасы

Наркозға енгізгеннен кейін (бірақ стернотомия жүргізгенге дейін) 1-ден 2 миллионға дейінгі КТБ жүктеме дозасын 20 – 30 минут көктамырішілік баяу инъекция немесе инфузия жолымен енгізу керек. Келесі 1 – 2 миллион КТБ дозаны жасанды қан айналым аппаратын қосқаннан кейін енгізген жөн. Сорғыны алғаш толтыратын ерітіндіге қосылатын апротинин мен гепариннің физикалық үйлесімсіздігін болғызбау үшін әрбір препаратты, екі препараттың да бір-бірімен араласқанынша жеткілікті сұйылтылуын қамтамасыз ету үшін, кері айналу үдерісінде сорғыны алғаш толтыратын ерітіндіге қосқан жөн. Жоғары дозадағы алғашқы болюсті инфузиядан кейін операция аяқталғанға дейін үздіксіз инфузия жолымен сағатына 250000-нан 500000-ға дейінгі КТБ енгізген жөн.

Тұтастай алғанда емдік цикл ішінде енгізілетін апротининнің жалпы мөлшері 6 миллион КТБ-ден аспауы тиіс, бұл инъекциялық ерітіндідегі бензил спиртінің мөлшерімен байланысты.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған апротининді орталық көктамырлық катетер арқылы енгізу керек, оны қандай да бір басқа дәрілік затты енгізу үшін қолданбаған жөн.

Гордокс® препаратын тек емделушілерді жатқызып енгізуге болады; енгізу баяу (ең жоғары жыламдығы – минутына 5-тен 10 мл-ге дейін) көктамырішілік инъекциялар немесе қысқа мерзімдік инфузиялар жолымен жүргізілуі тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер: осы уақытқа дейін жинақталған клиникалық тәжірибеге сәйкес дозаны түзету қажет емес.

Педиатрияда қолданылуы: емшектегі балалар, жасы кіші балалар, балалар мен жасөспірімдер: емделушілердің осы жас тобындағыларға препараттың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Егде емделушілерде қолданылуы: осы уақытта бар клиникалық тәжірибеге сәйкес егде жастағы емделушілерде дәрілік препаратқа қандай да бір айрықша реакция байқалмайды.

Жағымсыз әсерлері

Апротининді алғаш қабылдап жүрген емделушілерде аллергиялық немесе анафилактикалық реакциялардың даму ықтималдығы аз. Қайталап енгізген жағдайда аллергиялық (анафилактикалық) реакциялардың даму жиілігі 5%-ға жетуі мүмкін. Аллергиялық (анафилактикалық) реакцияларын ретроспективті талдау кезінде олардың жиілігі, егер қайталап енгізу алғаш емдегеннен кейін 6 ай ішінде орын алса, артатынын көрсеткен (6 ай бойы қайталанған экспозицияда жиілігі 5% және 6 ай өткеннен кейін қайталап экспозициялаған кезде 0,9%). Бұдан бөлек, ретроспективті талдау кезінде ауыр анафилактикалық реакциялар жиілігі 6 ай бойы апротининді екі реттен артық қабылдаған емделушілерде қосымша артатынын көрсетті. Тіпті егер емделуші апротининмен қайталап емдеуді жақсы көтерген жағдайда да, келесі енгізу ауыр аллергиялық реакцияны немесе, өте сирек жағдайларда, фатальді анафилактикалық шокты тудыруы мүмкін.

Ағзалардың жүйелерін қамтитын аллергиялық немесе анафилактикалық реакциялар келесі түрлерде көрініс береді:

- жүрек-қантамыр жүйесі: гипотензия

- ас қорыту жүйесі: жүректің айнуы

- тыныс алу жүйесі: демікпе (бронхтың түйілуі)

- тері және оның қосалқылары: қышу, есекжем, бөртпе.

Егер аллергиялық реакция инъекция немесе инфузия кезінде дамыса, онда препаратты енгізуді дереу тоқтату қажет. Жедел жәрдемнің стандартты шаралары, оның ішінде адреналин енгізу, көлемінің орнын басу және кортикостероидтар пайдалану керек.

Жиі: (> 1%-дан < 10%-ға дейін)

- миокард инфаркті

Жиі емес: (> 0,1%-дан< 1%-ға дейін)

- миокард ишемиясы, окклюзия / коронарлы артериялар тромбозы, перикардиальді жалқық,

- тромбоз

- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия

Сирек: (> 0,01%-дан< 0,1%-ға дейін)

- артериялық тромбоз (және өмір үшін маңызды ағзаларға, мысалы: бүйрекке, өкпеге, миға тән оның түрлері)

- аллергиялық реакциялар, анафилактикалық / анафилактоидты реакциялар

Өте сирек (< 0,01%)

- инъекция немесе инфузия жасаған жерде пайда болатын реакциялар венепункция жасаған жерде (тромбо-) флебит

- өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

- диссеминирленген қантамырішілік ұю (ДКҰ), коагулопатия

- анафилактикалық шок (өмірге қатер төндіретіні)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жасы

- апротининге тән IgG антиденесі бар емделушілерге, апротининмен емдеген кезде анафилаксияның жоғары қаупі байқалады

- егер емдеуді бастаудың алдында апротининге қарсы спецификалық IgG антиденелерге тестілеу жүргізу мүмкін болмаса, бірақ емделуші осының алдында 12 ай бойы апротининмен ем алған деп болжанса, апротининді енгізу қарсы көрсетілімде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Апротинин тромболитикалық препараттардың, соның ішінде стрептокиназаның, урокиназаның және альтеплазаның (р-ТАП = плазиминогеннің рекомбинантты тіндік белсенділендіргіші) әсерін тежейді, бұл орайда тежелу әсері препарат дозасына байланысты болады.

Айрықша нұсқаулар

Соңғы уақытта жүргізілген обсервациялық зерттеулер апротининмен емдеу, әсіресе бұрыннан бүйрек зақымдануы бар емделушілерде, бүйрек функциясының бұзылуымен қатар жүретіні мүмкін екендігін растайды. Қолқа-коронарлы шунттау операциясы жасалған емделушілерде жүзеге асырылған плацебо-бақыланатын зерттеулер нәтижелерінің талдамасында апротинин қабылдаған топта, қалыпты мәндегілермен салыстырғанда, сарысудағы креатинин деңгейінің 0,5 мг/дл-ға артқаны байқалатынын көрсетті. Сәйкесінше, апротининді бүйрек функциясы бұзылған немесе бүйрегінің зақымдану қаупі бар емделушілерге (мысалы, аминогликозидтермен бір мезгілде емдегенде) тағайындар алдында пайдасы мен қаупінің арақатынасына мұқият баға беру қажет.

Бұл препаратттың құрамында бензил спирті бар. Еуропалық басшылыққа алу ережесіне сәйкес, бензил спиртінің тәуліктік дозасы дене салмағының әр килограмына шаққанда 90 мг-нан аспауы тиіс. Осылайша, емдік цикл ішінде апротининнің ең жоғары дозасы 6 миллион КТБ-ден аспауы тиіс.

Апротининді қолданған кезде, әсіресе бұдан бұрын апротининді (соның ішінде құрамында апротинин бар фибринді пломбалағыш материалды) қолданған емделушілерде, пайдасы мен қаупінің арақатынасына мұқият бағалау қажет, өйткені оларда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда анафилаксия 12 ай ішінде рұқсат етілген дозаны енгізгеннен кейін дамыса да, анафилактикалық реакцияның 12 ай өткеннен кейін қайталанған экспозиция кезінде пайда болған жағдайлары туралы да жекелеген хабарламалар бар. Апротининмен ем жүргізген кезде аллергиялық және анафилактикалық реакцияларды емдеуге арналған шұғыл жәрдем құралдары болуы қажет.

Аллергиялық реакцияларға бейімділігі бар екендігіне баға беру үшін апротининмен ем қабылдап жүрген барлық емделушілерге алдымен тесттік дозаны енгізу қажет. Тесттік доза емделушіге операция бөлмесінде енгізілуі тиіс.

H1және H2 антагонистерін апротининмен тест жүргізуден 15 минут бұрын енгізуге болады.

Апротининнің тесттік дозасы барлық емделушілерде бір миллилитр (10000 КТБ) құрауы тиіс, бұдан кейін жүктеме дозаны енгізуден бұрын, емделушіні кем дегенде 10 минут бойы бақылау қажет.

Алайда асқынулардың жоқтығына қарамастан, тіпті алғашқы 1 мл дозаны енгізгеннен кейінгі кезеңде де апротининің емдік дозасы анафилактикалық реакцияны тудыруы мүмкін. Егер анафилактикалық реакция дамыса, апротининді инфузиялауды тоқтату және қажетті шұғыл шараларды қабылдау қажет.

Асқын сезімталдық реакциясының дамуы мүмкін екендігіне байланысты, Гордоксты® қолданар алдында апротининді қабылдаған әрбір емделушідегі пайдасы мен қаупінің арақатынасына мұқият бағалау қажет.

Егер емделуші апротининмен емді қабылдап қойғаны немесе қайталап ем алғаны белгілі болған жағдайда келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады. Барлық емделушілер алғашқы дозаны енгізгенге дейін кем дегенде 10 минут ішінде Гордокстың® 1 миллилитр (10000 КТБ) көлемдегі тесттік дозасын енгізгені жөн. Бұдан басқа, Гордокстың® тесттік дозасын енгізуден 15 минут бұрын H1антагонисін (мысалы, клемастинді) және H2 антагонисін (мысалы, циметидинді) енгізу керек. Қажет болғанда аллергиялық (анафилактикалық) реакцияларды емдеу үшін шұғыл жәрдемнің стандартты шараларын пайдалану керек.

Алайда, тіпті емделушіге алғашқы 1-миллилитрлік тесттік дозаны енгізген кезде, ешқандай жағымсыз белгілерді бастан кешпей, оны жақсы көтерген емделушіде емдік доза аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. Егер бұл болған болса, апротининмен инфузия жасауды дереу тоқтату және анафилактикалық реакцияларды емдеу үшін шұғыл жәрдемнің стадартты шараларын жүргізуге кірісу керек.

Гордоксты® қабылдаған емделушілерде, медициналық сыртартқысының ұқсастығымен сипатталған және терең гипотермия аясында қан айналымы тоқтаған, жасанды қан айналымы жағдайында қолқаның кеуде бөлігіне операция жасалған жасы бойынша бақылаушы топтағылармен салыстырғанда, бүйрек жеткіліксіздігінің даму жиілігінің жоғарылағаны және өлімге ұшырау байқалды. Мұндай жағдайларда Гордоксты® өте сақтықпен тағайындау керек. Гепаринмен тиісті антикоагулянтты ем жүргізу қажет.

Жасанды қан айналу жағдайларында препаратты қолдану жөнінде қосымша ескертпелер

Гордоксты® бір мезгілде қолданған кезде жасанды қан айналу аясында талапқа сай антикоагулянтты белсенділікті ұстап тұру үшін келесі әдістемелердің кез келгенін пайдалану керек:

1. ұюдың белсенділендірілген уақыты (ҰБУ): ҰБУ коагуляцияға стандартты тест ретінде қарастырылмауы мүмкін; осы тест нәтижелерінің интерпретациясы апротининнің болуына байланысты. Бұдан бөлек, тест нәтижелеріне сұйылтуға байланысты айырмашылықтар, жасанды қан айналымы жағдайында қолданылатын температура ықпал етуі мүмкін. Каолинді ҰБУ-да, диатомды топырақты (целитті) пайдаланған кездегі ҰБУ-мен салыстырғанда, аз дәрежеде білінетіні көрсетілген. Хаттамалардың алуан түрлілігіне қарамастан, апротининнің қатысуымен каолинді пайдалана отырып, гемодилюция және гипотермия дәрежесіне қарамай, 750-секундтық ҰБУ тестін немесе 480-секундтық ҰБУ тестін жүргізу керек. Гордокстың® қатысуымен талдама нәтижелерін интерпретациялауға кеңес алу үшін ҰБУ-тест реактивтерін өндірушімен хабарласу қажет.

2. гепариннің тұрақты дозасын енгізу: жүректі катетеризациялағанға дейін енгізілетін гепариннің стандартты жүктеме дозасы, сондай-ақ жасанды қан айналымы аппаратын алғаш толтыруға қажетті ерітіндіге қосылатын гепарин мөлшері 350 ХБ-/кг-дан кем емес дозаны құрауы тиіс. Гепариннің қосымша дозасы емделушінің дене салмағын және жасанды қан айналымы жағдайындағы араласудың ұзақтығын есепке ала отырып, анықталады.

3. гепарин / протаминді титрлеу: осы әдістемені қолдану нәтижесіне апротининнің болуы ықпал етпейді, сондықтан ол гепарин деңгейін өлшеу үшін ұтымды болып табылады. Гепарин дозасы мен оған жауаптың арасындағы өзара байланысты апротининді (гепариннің жүктемелі дозасын анықтау үшін) енгізер алдында протаминді титрлеу көмегімен бағалау керек.

Гепариннің қосымша мөлшерін протаминмен титрлеу көмегімен өлшенген гепарин концентрациясын есепке ала отырып, енгізуге болады. Жасанды қан айналымы жағдайындағы гепариннің концентрациясы 2,7 Б/мл (2,0 мг/кг) деңгейінен төменге немесе апротининді енгізгенге дейін гепариннің дозасына жауапқа тәуелділігін тестілеген кезде анықталған дозадан төмендемеуі тиіс.

Жасанды қан айналымын аяқтағаннан кейін, егер емделуші Гордокс® инъекциясын қабылдаған болса, гепаринді протаминді енгізу арқылы бейтараптандыру керек. Протамин мөлшерін енгізілген гепарин мөлшері бойынша анықталатын бекемделген арақатынасынан бастай отырып немесе протаминмен титрлеу көмегімен есептеу керек.

Маңызды: Гордоксты® пайдалану гепаринге қажеттіліктің төмендеуі дегенді білдірмейді.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерде талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Апротининді жүктілік кезінде, мүмкін болатын пайдасы күтілетін қаупінен басым болған жағдайды қоспағанда, пайдалануға болмайды. Ауыр жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда (анафилактикалық реакция, жүректің тоқтап қалуы т.б.) және оларды емдеген кезде қаупі мен пайдасын бағалаған кезде ұрыққа зиян келтіру қауіптілігін назарға алған жөн.

Апротининнің адамның емшек сүтімен бөлініп шығу қабілеті зерттелмеген. Бала емізу кезеңінде Гордокс® инъекциясын қолдану жөніндегі ақпарат жоқ. Ішке қабылдағанда апротининің сіңірілмейтінін ескере отырып, емшек сүтінде болатын ешбір мөлшері емшектегі балаға зиян тигізе алмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың қолдану саласын есепке алатын болсақ, бұл әсерлерді қарастыру өзекті емес.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану немесе уыттану көріністері сипатталмаған. Емдеу: спецификалық у қайтарғысы жоқ. Симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сындыратын нүктесі бар түссіз шыныдан жасалған ампулаларда 10 мл-ден. Пластикті пішінді ұяшықты қаптамаға 5 амуладан салынады.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа 5 пішінді ұяшықты қаптамадан салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тек стационарлық қолдану үшін босатылады.

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ

1103 Будапешт, Дëмрëи көшесі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекен-жайы:

ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727) 258-26-22, 8-(727) 258-26-23

Прикрепленные файлы

312850431477976400_ru.doc 91.5 кб
087644511477977650_kz.doc 93.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники