Годекс®

МНН: Аденин, Антитоксическая фракция экстракта печени, Бифенилдиметилдикарбоксилат, Карнитина оротат, Пиридоксин, Рибофлавин, Цианокобаламин
Производитель: Целтрион Фарм Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015678
Период регистрации: 20.03.2015 - 20.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Годекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: 150 мг карнитин оротаты (соның ішінде 73,8 мг орот қышқылы және 76,2 мг карнитин), 12,5 мг бауыр сығындысының уыттылыққа қарсы фракциясы (соның ішінде 0,125 мг цианокобаламин), 25 мг пиридоксин гидрохлориді, 0,125 мг цианокобаламин, 2,5 мг аденин гидрохлориді, 0,5 мг рибофлавин, 25 мг бифенил диметил дикарбоксилат,

қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

капсуланың құрамы:

корпусы: желатин, аэросил (кремнийдің қостотығы), титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (Е 172), хинолинді сары (Е104), понсо 4R (Е124)

қақпағы: желатин, аэросил (кремнийдің қостотығы), титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (Е 172), хинолинді сары (Е104), понсо 4R (Е124).

Сипаттамасы

Корпусы мен қақпағы қызыл-қоңыр түсті, «GODEX» және «CELLTRION» таңбасы бар қатты желатинді капсулалар; капсуланың ішіндегісі − сары-қоңыр түйіршікті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін белсенді заттардың кешені он екі елі ішекте босап шығады. Суда еритін В тобының витаминдері (цианокобаламин, рибофлавин, пиридоксин), карнитин оротаты, бауырдың уытқа қарсы фракциясы, аденин гидрохлориді, бифенилдиметил дикарбоксилаты бүкіл жіңішке ішекті бойлай сіңеді. Цианокобаламин бүйректерде, ішек қабырғасында, көбіне бауырда жиналады, бауырдан өтпен бірге ішекке шығарылады, онда қайтадан сіңеді. Рибофлавиннің организмде таралуы біркелкі емес: миокардта, бауырда, бүйректерде көп мөлшерде табылады. Пиридоксин бауырда метаболизденіп, фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболиттер (пиридоксальфосфат, пиридоксаминофосфат) түзеді, бұлшықеттерге, бауырға, орталық жүйке жүйесіне таралады. Шығарылуы көбіне бүйрек арқылы жүзеге асады.

Годекс® препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Барлық компоненттері бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің жәрдемімен бақылануы мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Годекс® – бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препарат. Майлардың метаболизмін – гепатоциттердің митохондрияларында бос май қышқылдарының -тотығу үдерісі компоненттерінің, биосинтетикалық үдерісті стимуляциялайды, гепатоциттердің некрозын болдырмайды, гепатоциттердің пролиферациясы үдерісін, бауыр-энзим жүйесін қалыпты етеді және бауырдың қалыпты функциясын орнына келтіреді.

Карнитин оротаты (DAN-221) – құрамында карнитин және орот қышқылы бар белсенді органикалық қосылыс.

Карнитин ұзын тізбекті май қышқылдарының ыдырауына және көмірсудың май қышқылы метаболизмдік шунтының орнын басуға мүмкіндік береді, ас қорыту ферменттерінің секрециясын және белсенділігін арттырады, астың қорытылуын жақсартады.

Карнитин оротатының негізгі функциялары: гепатоциттер некрозын болдырмау, жасушалық регенерацияны және гепатоциттердің пролиферациясын күшейту, майлардың метаболизмін стимуляциялау, ақуыздар мен липопротеидтер биосинтезін қалпына келтіру және стимуляциялау.

Бифенилдиметилдикарбоксилат – қытай сермене жемісінен алынатын компоненттердің бірі С схизандриннің синтетикалық аналогы.

Р450 2В цитохромы синтезін арттыру есебінен бауырды емдеуде және қорғауда тиімді, бұл уытты заттардың метаболизмін жеделдетіп, әрі қарай биотрансформациялануы және олардың организмнен шығарылуы есебінен, бауырдың уытсыздандырғыш функциясының күшеюіне әкеледі. Фармакологиялық белсенділігі кең ауқымды: орталық жүйке жүйесін стимуляциялайды, қабынуға қарсы, антиоксиданттық, микробтарға қарсы, зеңге қарсы және ісікке қарсы әсер етеді.

Бауыр сығындысының уыттылыққа қарсы фракциясы – ірі қара мал бауырынан алынған уыттануға қарсы тазартылған сығынды, ол уыттармен байланысу және олардың шығару үдерістеріне қатысатын және уытсыздандырғыш әсер беретін амин қышқылдарының кешені болып табылады.

Коэнзимдердің, нуклеин қышқылдарының компоненті болып табылатын аденин гидрохлоридінің болуы қан түзу үдерістерінің реттелуін қамтамасыз етеді.

В тобының витаминдері (цианокобаламин, рибофлавин, пиридоксин) - тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейді, ақуыз, май және көмірсу алмасуларына қатысады, триптофанның, метиониннің, цистеиннің, глутамин қышқылының және басқа да амин қышқылдарының алмасуына қатысады.

Пиридоксин липидтік алмасудың қалыпқа келуіне мүмкіндік береді.

Цианокобаламин трансметилдену, сутегінің тасымалдану, метиониннің, нуклеин қышқылының, холиннің, креатининнің түзілу үдерісіне қатысады.

Рибофлавин тіндік тыныс алу үдерістеріне, көптеген биохимиялық реакцияларға және ақуыз биосинтезін реттеуге тікелей қатысады.

Годекс® препараты асқазанның секреторлы функциясын арттырады, өттің бөлініп шығуын жақсартады, жіңішке ішекте көмірсулардың сіңуін жеңілдетеді, ішектің қалыпты микрофлорасын сақтау үшін қажет. Бауырдың гликогенді бекітуші, синтетикалық, уытқа қарсы функцияларының жақсаруына мүмкіндік береді, бауыр жасушаларының инсулиннің әсеріне сезімталдығын арттырады, инсулин инкрециясына мүмкіндік жасайды.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • жедел, созылмалы гепатиттерде

  • бауыр циррозында

  • бауырдың майлы дистрофиясында

  • бауырдың дәрілік ауруында

  • бауырдың алкогольдік ауруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Годекс, тамақтануға қарамай-ақ, ересектерге күніне 2-3 рет 2 капсуладан ішуге тағайындалады.

Ең жоғары бір реттік доза 2 капсула, ең жоғары тәуліктік доза 6 капсуланы құрайды.

Емдеу ұзақтығы негізгі ауруды емдеу барысына байланысты, және әрбір жағдайда әр пациентке жекелей белгіленеді.

Жағымсыз әсерлері

  • тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі

  • іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қату, өткінші сарғаю

  • бас ауыру, бас айналу, психикалық қозу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жақпаушылық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • нефролитиаз

  • эритремия, эритроцитоз, тромбоэмболия

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В6 витамині леводопаның әсерін баяулатады, изониазидті және туберкулезге қарсы басқа да препараттарды қолданған кезде байқалатын уытты біліністерді болдырмайды немесе азайтады.

ПАСК, циметидин, кальций препараттары, этанол В12 витаминінің сіңуін төмендетеді.

Рибофлавин стрептомицинмен үйлеспейді және бактерияларға қарсы препараттардың (окситетрациклиннің, доксициклиннің, эритромициннің, тетрациклиннің және линкомициннің) тиімділігін төмендетеді.

Үшциклді антидепрессанттар, имипримин және амитриптилин, әсіресе жүрек тіндерінде рибофлавиннің метаболизмін тежейді.

Айрықша нұсқаулар

Гепатиттің созылмалы ауыр түрінде, бауыр циррозының ауыр түрінде айрықша сақтық шараларын қолданған жөн.

Сарғаю пайда болған жағдайда препарат қабылдауды біршама уақытқа тоқтата тұрған жөн, қосымша ем қажет болуы мүмкін.

Годекс® препаратын қабылдау кезінде құрамында В витамині тобы бар поливитаминді кешенді тағайындауға болмайды.

Препаратты қабылдау Эрлих реагентін пайдалана отырып жүргізілетін уробилиногенге жалғаноң тесттің алынуына әкелуі мүмкін.

Годекс® препаратымен емделу кезінде алкоголь қабылдауға болмайды.

Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы анамнезінде бар, жүрек пен бүйректің ауыр сырқаттарында, жаңа түзілімдер пайда болған науқастарға сақтықпен пайдаланған жөн. Тері бөртпесі, қышыну немесе терінің қызаруы сирек пайда болуы ықтимал, мұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтату қажет, антигистаминдік ем қажет болуы мүмкін.

Препараттың құрамында қосымша зат ретінде лактоза бар болғандықтан, оны лактаза жеткіліксіздігі, галактоземиясы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолданбаған жөн.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралын және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болады, өйткені препарат зейінділік қабілетін нашарлатпайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, жағымсыз әсерлерінің күшеюі. Үлкен дозаларда ұзақ қабылдағанда шеткері нейропатия дамуы мүмкін.

Емі: белсенділендірілген көмір, гиперосмостық іш жүргізуші дәрілер қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспаланған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Пішінді ұяшықты 3, 5 немесе 10 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткен препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Celltrion Pharm. Inc.», Корея.

588-2, Sakok-ri, Eewol-myun, Chinchun-gun, Chungcheongbuk-do, Korea.

Қаптаушы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

955321521477976535_ru.doc 60.5 кб
381380651477977695_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники