Глюкоза pharmadel® (5 %)

МНН: Декстроза
Производитель: АНХУЙ ДОУБЛ-КРАН ФАРМАСЬЮТИКАЛ Ко., Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dextrose
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021392
Период регистрации: 22.05.2015 - 22.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза pharmadel®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 5%, 10%, 200, 250, 400 және 500 мл

Құрамы

1 л ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 50,0 г немесе 100,0 г глюкоза моногидраты (сусыз затқа шаққанда),

қосымша зат - инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе аздап сарғыш сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Басқа ирригациялық ерітінділер. Декстроза.

АТХ коды ВО5СХ 01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глюкозаның 5% ерітіндісі изотониялық болып табылады. Глюкозаның метаболизмінде тіндерде организмнің қызмет етуіне қажетті энергияның едәуір мөлшері бөлінеді. Ерітінді қан тамырлар жүйесінен жылдам шығарылады және айналымдағы қан көлемін тек уақытша ұлғайтады.

Глюкозаның 10% ерітіндісі гипертониялық болып табылады. Гипертониялық ерітіндіні көктамырға енгізгенде қанның осмотикалық қысымы жоғарылайды, сұйықтықтың тіннен қанға ағып баруы күшейеді, заттар алмасу үдерісі көтермеленеді, жүрек бұлшықетінің жиырылу қызметі күшейеді, қантамырлар кеңейеді, бауырдың детоксикациялық функциясы жақсарады, диурез ұлғаяды.

Толығымен сіңіріледі, бүйрекпен шығарылмайды (несепте пайда болуы патологиялық белгі болып табылады).

Фармакодинамикасы

Организмде глюкоза маңызды моносахарид болып табылады және организмнің энергетикалық шығындарының бір бөлігін жабады, өйткені жеңіл сіңетін көмірсулардың көзі болып табылады. Оның калориялығы 4 ккал/г құрайды. Барлық жасушалар жасушалық организм үшін энергияның негізгі көзі болып табылатын глюкозаны тотықтандыруға қабілетті. Заттар алмасуының түрлі үдерістеріне қатысатындықтан глюкоза сан алуан әсер көрсетеді: тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады. Глюкозаны енгізгеннен кейін протеиндер мен азот тапшылығы төмендейді, гликоген жинақталуы жылдамдайды. Глюкоза ерітіндісін құю су тапшылығын ішінара толықтырады. Глюкозаның изотониялық 5 % ерітіндісі дезинтоксикациялық, метаболиялық әсер көрсетеді, жеңіл сіңетін құнды нәрлі зат болып табылады. Глюкозаның гипертониялық 10 % ерітіндісін көктамырға енгізгенде қанның осмотикалық қысымы артады, сұйықтықтың тіннен қанға ағып баруы күшейеді, зат алмасу үдерістері көтермеленеді, детоксикациялық функциясы жақсарады, диурез жоғарылайды.

Қолданылуы

5 % глюкоза ерітіндісі

- жасушалық, жасушадан тыс және жалпы дегидратация кезіндегі сұйықтық көлемін тез толтыру

- шок, коллапс (қан алмастырушы және шокқа қарсы сұйықтықтардың компоненті ретінде)

10 % глюкоза ерітіндісі

- түрлі дәрілерден және улардан улану (есірткі, цианид, көміртегі оксиді, анилин, фосген, мышьяк тәрізді сутегі және т.б.)

- көктамыр ішіне енгізуге арналған дәрілік препарат ерітінділерін дайындау (5 % және 10 % глюкоза ерітінділері)

- гипогликемия, көмірсумен қоректенудің жеткіліксіздігі, гепатит, дистрофия және бауыр атрофиясы, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі, геморрагиялық диатез, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және жүректің септикалық аурулары, токсикоинфекция, жұқпалы аурулар

- дегидратация (құсу, диарея, операциядан кейінгі кезең)

Қолдану тәсілі және дозалары

Егер әдеттегі тағам қабылдау тәсілі мүмкін болмаса 10% глюкоза ерітіндісінің көктамыр ішіне инъекциясы бір уақытта организмдегі сұйықтықты толтырады. Доза энергияға қажеттілікке қарай есептеледі.

Изотониялық 5% ерітіндіні көктамыр ішіне минутына 7 мл ең жоғары жылдамдықпен (1 минутта 150 тамшы немесе сағатына 400 мл) тамшылатып енгізеді.

Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік доза – 2 л. Сондай-ақ тері астына және клизмамен (300-500 мл) қолданады.

Гипертониялық 10 % ерітіндіні тек көктамыр ішіне бір енгізгенде 20-40-50 мл енгізеді. Қажет жағдайда 1 минутына 60 тамшыдан тамшылатып енгізеді (3 мл/ мин). Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік доза – 1 л.

Глюкозаның дозасы организмнің жеке қажеттіліктеріне байланысты. Зат алмасуы қалыпты ересектерге енгізілетін глюкозаның тәуліктік дозасы тәулігіне 4-6 г/кг аспауы керек, яғни шамамен тәулігіне 250-450 г, мұнда енгізілетін сұйықтықтың көлемі тәулігіне 30-40 мл/кг құрайды. Зат алмасу қарқындылығы төмендеген жағдайда тәуліктік дозаны 200-300 г-ге дейін төмендетеді.

Препаратты ұзақ мерзім енгізуді глюкозаның қан сарысуындағы концентрациясын бақылай отырып жүргізу керек.

Глюкозаның жылдам және толық сіңуі үшін кейде бір мезгілде инсулинді (тері астына 4-5 ӘБ-ден) енгізеді.

Балалар тәжірибесінде қолдану. Балаларға майлармен және амин қышқылдарымен бірге парентеральді қоректендіру үшін бірінші күні 6 г глюкоза/кг/тәул енгізеді, келесіде – 15 г/кг/тәул дейін. 5 және 10% ерітінділерді енгізгендегі глюкоза дозасын есептегенде енгізілетін сұйықтықтың мүмкін болатын көлемін назарда ұстау керек: 2 – 10кг массалы балалар үшін – 100 – 165мл/кг/тәул 10 – 40кг массалы балалар үшін – 45 – 100мл/кг/тәул.

Электролиттік балансты қадағалаңыз!

Жағымсыз әсерлері

- гипертензия, жүрек ритмінің жоғарылауы, кеуденің қысылуы, ентігу, жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік

- флебит

- реактивтік гипогликемия (инсулинмен енгізгенде)

- гипергликемия, гипергликемиялық неацидотикалық кома

- электролиттік бұзылыстар, гипокалиемия, гипонатриемия және гипофосфатемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ми және өкпе ісінуі

- жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі

- қан плазмасындағы ақуыз деңгейінің төмендеуі

- диабеттік кетоацидоз

- гипертониялық сусыздану, гипергидратация

- неацидотикалық гиперосмолярлық гипергликемия жағдайы

- гипергликемия, гипергидратация

Сақтықпен:

- егде жастағылар мен балалар (дозаны және енгізу жылдамдығын бақылау қажет), қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, бауыр циррозы, асцит.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкоза ерітіндісін алкалоидтармен (олардың ыдырауы жүзеге асады), жалпы анестетиктермен (белсенділігін төмендетеді) араластырмаған жөн. Глюкоза ауыруды басатын, адреномиметикалық заттардың әсерін әлсіретеді.

Басқа дәрілік заттармен біріктіргенде үйлесімділікті визуалды бақылау қажет (көрінбейтін химиялық немесе терапиялық үйлесімділік болуы мүмкін).

Глюкоза ерітінді түрінде аминофилинмен, еритін барбитураттармен, гидрокортизонмен, канамицинмен, еритін сульфаниламидтермен, цианокобаламинмен үйлесімсіз.

Осыған байланысты, глюкоза жеткілікті түрде күшті тотықтырғыш болғандықтан оны гексаметилентетраминмен бір еккіште енгізбеген жөн.

Тиазидті диуретиктермен және фуросемидпен бір мезгілде қолданғанда олардың қан сарысуындағы глюкоза деңгейіне ықпал ету қабілетін ескеру керек.

Инсулин глюкозаның шеткергі тіндерге түсуіне ықпал етеді.

Глюкоза ерітіндісі пиразинамидтің бауырға уытты ықпалын төмендетеді. Глюкоза ерітіндісін үлкен көлемде енгізу гипокалиемияның даму қаупіне ықпал етеді, бұл бір мезгілде қабылданған оймақгүл препараттарының уыттылығын жоғарылатады.

Глюкоза ерітіндісі келесі комбинациялармен үйлеспейді:

- бевацизумаб

- бенфотиамин + пиридоксин

- кладрибин (кладрибин деградациясының күшеюін туындатады)

- пиридоксин + тиамин + цианокобаламин + [лидокаин]

- тиокт қышқылы

Темір (III)-гидроксидінің декстран ерітіндісін 5% декстроза ерітіндісімен араластыруға болады.

Линезолид инфузияға арналған ерітінді түрінде 5% декстроза ерітіндісімен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Глюкозаның толық және жылдам сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ инсулин есебінен қысқа әсерлі 4-5 ӘБ инсулинді тері астына енгізуге болады.

Глюкоза ерітіндісін енгізгенде электролиттік балансты, қандағы және несептегі глюкоза мөлшерін бақылау қажет. Глюкозаны ауыр бассүйек-ми жарақатының (тек гипогликемияны түзету үшін) өткір кезеңінде енгізу ұсынылмайды.

Ерітіндіні көп рет енгізгенде бауырдың функциональдік жағдайының бұзылуына және ұйқы безінің инсулярлы аппараты қорының азаюына әкеп соқтыруы мүмкін.

Диабетпен ауыратындарға глюкозаны қандағы және несептегі қант мөлшерін бақылай отырып, сақтықпен енгізеді.

Осмолярлілікті ұлғайту үшін 5 % глюкоза ерітіндісін 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісімен біріктіруге болады.

Жүктілік және лактация

Препаратты ана үшін күтілетін пайдасы ұрық және бала үшін әлеуетті қаупінен асатын жағдайда ғана қолдануға болады (баламалы және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ).

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Преапарат көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гипернатриемия, гипергликемия, глюкозурия, гипокалиемия және бикарбонаттардың жойылуы, гипергидратация

Емі: глюкозаны енгізуді тоқтату, қысқа әсерлі инсулин енгізу, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған 5%, 10% ерітінді

Препараттың 5% және 10% ерітіндісін 200, 250, 400 және 500 мл-ден резеңкеден жасалған резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қапсырылған полипропилен құтыларға құяды.

40 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті мөлшерімен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған (200 мл, 250 мл үшін).

30 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті мөлшерімен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған (400 мл, 500 мл үшін).

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Anhui Double-Crane Pharmaceutical Co., Ltd., Қытай

Тiркеу куәлiгi иесiнің атауы мен елі

Anhui Double-Crane Pharmaceutical Co., Ltd., Қытай

Қазақстан Рсепубликасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Аделина фирмасы» ЖШС

Шымкент к-сі, Север ы/а, 2 үй, 11 пәтер

тел. +7 (725)2373656, +7 (725)2373623

adelina@adelina.kz

Прикрепленные файлы

110442421477976491_ru.doc 75 кб
778820121477977660_kz.doc 72 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники