Глюкоза (5%, Инфузия)

МНН: Глюкоза
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dextrose
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024317
Информация о регистрации в РК: 01.10.2019 - 01.10.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 5%, 200 мл, 400 мл

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - глюкоза (сусыз глюкозаға шаққанда) 5,0 г,

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Қан және қан түзу ағзалары. Қан алмастырғыштар және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Басқа да ирригациялық ерітінділер. Глюкоза.

АТХ коды В05С Х01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глюкоза пирожүзімді немесе сүт қышқылы арқылы энергия бөлумен көмірқышқыл газына және суға дейін метаболизденеді. Енгізгеннен кейін организм тіндерінде жылдам таралады. Бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

5 % глюкоза ерітіндісі қан плазмасына қатысты изотониялы болады және оны вена ішіне енгізгенде айналымдағы қан көлемін толтырады, ол жойылған жағдайда құнарлық материалдың көзі болып табылады, сондай-ақ токсиндердің организмнен шығарылуына ықпал етеді. Глюкоза энергозатраттардың субстратпен толтырылуын қамтамасыз етеді. Венаішілік инъекцияларда метаболизмдік үлерістерді іске қосады, бауырдың уыттылыққа қарсы функциясын жақсартады, миокардтың жиырылу белсенділігін күшейтеді, тамырларды кеңейтеді, диурезді ұлғайтады.

Қолданылуы

Глюкоза 5% көмірсу және сұйықтық таусылуын емдеуде қолданылады.

Глюкоза 5% сондай-ақ үйлесімді парентеральді дәрілік препараттарды еріту және сұйылту үшін қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер, егде адамдар және балалар:

Вена ішіне енгізуге арналған глюкоза ерітіндісінің концентрациясы мен дозасы пациенттің жасын, салмағын және клиникалық жағдайын қоса, бірнеше факторлармен анықталады. Қан плазмасындағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау керек болуы мүмкін.

Ұсынылған емдік дозалар:

- ересектер үшін: тәулігіне 500 мл-ден 3000 мл-ге дейін

- балалар үшін, нәрестелерді қоса:

- дене салмағы 0-10 кг: тәулігіне 100 мл/кг.

- дене салмағы 10-20 кг: 1000 мл + қосымша дене салмағы 10 кг-ден жоғары тәулігіне 50 мл/кг.

- дене салмағы >20 кг: 1500 мл + қосымша дене салмағы 20 кг-ден жоғары тәулігіне 20 мл/кг.

Инфузия жылдамдығы пациенттің клиникалық жағдайына байланысты.

Гипергликемияға жол бермеу үшін инфузия жылдамдығы пациенттің глюкозаны утилизациялауға қабілетінен аспауы тиіс. Сондықтан ең жоғарғы доза жасқа және дене салмағына байланысты ересектер үшін 5 мг/кг/мин-нан нәрестелер мен балалар үшін 10-18 мг/кг/мин-ға дейін ауытқиды.

Басқа парентеральді препараттарды сұйылту үшін 5% глюкоза ерітіндісін пайдалану кезіндегі ұсынылған доза дәрілік заттың бір дозасына 50-ден 250 мл-ге дейін. Басқа препаратты сұйылтуға арналған 5% глюкоза ерітіндісін пайдалану кезінде алынған ерітіндінің дозасы және енгізу жылдамдығы сұйылтылған дәрілік препараттың қасиеттерімен және дозалау режимімен анықталады.

Балалар

Инфузияның жылдамдығы және көлемі пациенттің жасына, салмағына, клиникалық, метаболизмдік жағдайына және қатарлас емге байланысты және балаларды венаішілік инфузиялық емдеу тәжірибесі бар консультант дәрігер анықтауы тиіс.

Қолдану тәсілі:

Ерітінді вена ішіне (шеткері немесе орталық вена) енгізуге арналған.

Басқа препараттарды сұйылтуға және енгізуге арналған 5% глюкоза ерітіндісін вена ішіне инфузия арқылы пайдалану кезінде қосымша дәрілік затты тағайындау мақсаты енгізу үшін тиісті көлемін анықтайтын болады.

5% глюкоза ерітіндісі изотониялық болады.

Дәрілік затты енгізу алдындағы сақтандыру шаралары

Парентеральді енгізуге арналған дәрілерді бөгде заттардың болуына және ерітінді мен қаптама мүмкіндік берген кезде бояудың өзгеруіне қатысты көзбен қарап тексеру қажет. Препаратты ерітінді таза, көрінетін бөлшексіз болған жағдайда және оның қаптамасы бүлінбеген болса ғана пайдалануға болады. Инфузиялық жүйеге қосқаннан кейін бірден пайдаланады.

Ерітіндіні асептика ережелерін сақтаумен стерильді құралмен енгізу керек. Инфузиялық жүйе тамыр арнасына ауа кіргізіп алмау үшін алдын ала ерітіндімен толтырылуы тиіс.

Электролит қоспаларын пациенттің клиникалық қажеттіліктеріне сәйкес пайдалануға болады. Қоспалар инъекция орны арқылы инфузия уақытында немесе оған дейін енгізілуі мүмкін. Қоспаларды пайдаланғанда ерітіндінің соңғы осмолярлығын тексеру қажет. Гиперосмолярлық ерітінділерді енгізу веналардың тітіркенуін және флебит туындатуы мүмкін. Кез келген қоспаларды абайлап және мұқият асептикалық араластыру қажет. Қоспалары бар ерітінділерді дереу пайдалану керек және сақтамайды.

Ауа эмболиясының қаупі туралы ақпаратты «Айрықша нұсқаулар» бөлімінен қараңыз.

Жағымсыз әсерлер

Иммундық жүйе тарапынан: анафилаксия*, аса жоғары сезімталдық*.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан: электролиттік жайсыздық, гипокалиемия, гипомагниемия, гипофосфатемия, гипергликемия, дегидратация, гиперволемия.

Тері мен тері асты шелмайы тарапынан: бөртпе.

Тамырлық бұзылыстар: веналық тромбоз, флебит.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан: полиурия.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылыстар: қалтырау*, гипертермия*, инфузия орнындағы инфекция, инфузия орнындағы тітіркену (мысалы, эритема), экстравазация, жергілікті реакция, жергілікті ауыру.

* Жүгеріге және жүгері өнімдеріне аллергиясы бар пациенттерде потенциалды көрініс табуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гипергликемия, қант диабеті

- гиперлактацидемия

- гипергидратация

- глюкоза утилизациясының операциядан кейінгі бұзылу

- ми және өкпе ісінуіне қауіп төндіретін циркуляторлық бұзылуы

- ми ісінуі, өкпе ісінуі

- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксізік

- гиперосмолярлық кома

- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

5% глюкозаның гликемиялық әсерлерін де, сондай-ақ оның су-электролиттік теңгеріміне ықпалын да қандағы глюкоза деңгейіне немесе су-электролиттік теңгерімге ықпал ететін басқа препараттар қабылдайтын пациенттерде 5% глюкоза пайдаланғанда ескеру керек.

Катехоламиндер мен стероидтарды бір уақытта енгізу глюкозаның сіңірілуін баяулатады.

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеді.

Үйлесімсіздігі

Басқа да парентеральді ерітінділер сияқты басқа дәрілік затты қосу алдында препараттардың үйлесімділігі тексерілуі тиіс.

Дәрігер түсінің өзгеруі, шөгіндіге айналу, ерімейтін кешендер немесе кристалдар түзілуі ықтималдығын тексере отырып, қосылатын препараттың 5% глюкоза ерітіндімен үйлесімділігін бағалауы тиіс. Қосылатын дәріні қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу қажет.

Дәрілік затты қосу алдында глюкоза ерітіндісінің pH 5% болғанда суда еритініне және тұрақтылығына көз жеткізіңіз.

Препаратқа үйлесімді дәрілік затты қосқаннан кейін алынған ерітіндіні тезірек енгізу керек.

Белгілі үйлеспейтін препараттарды пайдалануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Дилюция қан электролиттеріне ықпалы

Инфузия көлеміне және жылдамдығына байланысты және пациенттің бастапқы клиникалық жағдайына және глюкозаны сіңіру қабілетіне байланысты глюкозаны вена ішіне енгізу мыналарды туындатуы мүмкін:

гиперосмолярлылық, осмостық диурез және сусыздану;

гипоосмолярлылық;

электролиттік теңгерімсіздік:

- гипонатриемия;

- гипокалиемия;

- гипофосфатемия;

- гипомагниемия;

- гипергидратация немесе гиперволемия және, мысалы, өкпедегі іркілу құбылыстары мен ісінуді қоса, іркілу құбылыстары.

Жоғарыда аталған әсерлер құрамында электролиттер жоқ сұйықтықтарды енгізуден ғана емес, сондай-ақ глюкоза енгізудің нәтижесі болып табылады.

Гипонатриемия бас ауыруы, жүрек айнуы, құрысу, летаргия, кома, ми ісінуі және өлім тән болатын жедел гипонатриемиялық энцефалопатияға өсуі мүмкін. Балалар, егде адамдар, әйелдер, операциядан шыққан пациенттер, гипоксиясы бар пациенттер, ОЖЖ аурулары немесе психогенді полидипсиясы бар науқастар осы асқынуға аса бейім.

Ұзақ парентеральді емдеу кезінде немесе пациенттің жағдайы немесе енгізу жылдамдығы осындай бағалауды талап ететін жағдайларда су-электролиттік және қышқылдық-сілтілік теңгерімді бақылау үшін клиникалық бағалау және мезгіл-мезгіл зертханалық зерттеулер керек болуы мүмкін.

Жағдайлары денеде су көп болғанда, гипергликемия кезінде нашарлауы мүмкін немесе инсулин енгізу қажет болатын жағдайларда су-электролиттік теңгерімсіздік қаупі жоғары пациенттерге қатысты аса сақ болу керек.

Гипергликемия

Глюкоза ерітіндісін жылдам енгізу едәуір гипергликемия және гиперосмолярлық синдром туындатуы мүмкін. Гипергликемия туындағанда инфузия жылдамдығын түзету және/немесе инсулин енгізу керек. Қажет болса калийдің парентеральді қоспаларын қамтамасыз етеді.

5% глюкозаны вена ішіне енгізуді мыналарға сақтықпен тағайындау керек:

- глюкозаға толеранттылығы бұзылған пациенттерге (мысалы, қант диабетінде, бүйрек жеткіліксіздігінде немесе сепсис, жарақат немесе шок болғанда);

- қатты жүдегенде (тамақтанудың қалпына келу синдромының даму қаупі);

- тиамин тапшылығында, мысалы, созылмалы алкоголизмі бар пациенттерде (пируваттың тотығу метаболизмінің бұзылуына байланысты ауыр лактатацидоз қаупі);

- ишемиялық инсульті немесе ауыр бассүйек-ми жарақаты бар пациенттер. Бас жарақатынан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде инфузиядан аулақ болу қажет. Қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет, өйткені ерте гипергликемия ауыр бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде жаман аяқталумен астасады;

- нәрестелерге.

Инсулин секрециясына ықпалы

Глюкозаны ұзақ вена ішіне енгізу және онымен байланысты гипергликемия инсулин секрециясының глюкоза көтермелейтін жылдамдығын төмендетуі мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Анафилаксиялық/анафилактоидты реакцияларды қоса, глюкоза ерітінділерімен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды («Жағымсыз әсерлер» қар.). Сондықтан, бұл жалпы жүгері немесе жүгері өнімдеріне аллергиясы белгілі пациенттерде қажет болса, құрамында глюкоза бар ерітінділерді пайдаланғанда сақ болу керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» қар.).

Егер аса жоғары сезімталдық реакцияларының қандай да бір белгілері немесе симптомдары пайда болса инфузия дереу тоқтатылуы тиіс. Тиісті емдік қарсы шаралар клиникалық көрсетілімдерге сәйкес орындалуы тиіс.

Қоректендірудің қалпына келу синдромы

Қатты жүдеген пациенттерді қоректендіруді бастау тамақтанудың қалпына келу синдромына әкелуі мүмкін, ол пациентте анаболизмнің іске қосылуы аясында калийдің, фосфордың және магнийдің жасушаішілік кеңістікке ығысуымен сипатталады. Сондай-ақ тиамин тапшылығы және сұйықтық іркілуі дамуы мүмкін. Мұқият мониторинг және енгізілетін қоректік заттар мөлшерін баяу ұлғайту бұл асқынулардың алдын алуы мүмкін, бұл ретте шамадан тыс қоректендіруден аулақ болу керек.

Балалар

Инфузия жылдамдығы және көлемі пациенттің жасына, салмағына, клиникалық, метаболизмдік жағдайына және қатарлас емге байланысты және бұл педиатриялық инфузиялық емдеуде тәжірибеге ие емдеуші дәрігер анықтауы тиіс.

Нәрестеге венаішілік сұйықтықпен потенциалды фатальді шамадан тыс инфузияның алдын алу үшін енгізу тәсіліне аса назар аударылуы тиіс.

Инфузиялық сорғыны пайдаланғанда жүйені сорғыдан алып тастаудан немесе оны сөндіруден бұрын вена ішіне енгізуге арналған жүйедегі барлық қысқыштар жабық болуы тиіс. Бұл жүйеде сұйықтықтың еркін ағуына кедергі жасайтын құрылғының болуына байланысты.

Венаішілік инфузияға арналған құрылғыны және енгізуге арналған өзге де құралдарды тұрақты бақылап отыру керек.

Балалар гликемиясына байланысты проблемалар

Нәрестелер, әсіресе уақытынан бұрын және аз салмақпен туғандар гипо- немесе гипергликемияның жоғарғы даму қаупіне бейім, демек, потенциальді ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін гликемияны адекватты бақылау мақсатында вена ішіне енізуге арналған глюкоза ерітінділерімен емдеу уақытында мұқият қадағалауды керек етеді. Нәрестедегі гипогликемия ұзақ мерзімді құрысу, кома және мидың зақымдануын туындатуы мүмкін. Гипергликемия қарыншаішілік қан құйылумен, кеш бактериялық және зеңдік инфекциямен, мерзімінен бұрын туған балалар ретинопатиясымен, некроздық энтероколитпен, бронх-өкпе дисплазиясымен, стационарда ұзақ болумен және өліммен байланысты.

Балалар гипонатриемиясымен байланысты проблемалар

Балалар (нәрестелер мен үлкен балаларды қоса) гипоосмостық гипонатриемияның жоғарғы даму қаупіне, сондай-ақ гипонатриемиялық энцефалопатия дамуына бейім.

Балалардағы қан электролиттерінің деңгейі мұқият бақылануы тиіс.

Гипоосмостық гипонатриемияны жылдам түзету аса қауіпті (күрделі неврологиялық асқынулар қаупі).

Дозалануын, жылдамдығын және қабылдау ұзақтығын балалардағы венаішілік инфузиялық емдеуде тәжірибесі бар дәрігер анықтау тиіс.

Гериатриялық пайдалану

Гериатриялық пациенттер үшін инфузиялық ерітіндінің типін және инфузия көлемін/жылдамдығын таңдағанда бұл пациенттер, әдетте, жиі жүрек, бүйрек, бауыр және басқа аурулардан зардап шегетінін немесе қатарлас дәрілік ем алатынын ескеру керек.

Қан

5% глюкозаны (құрамында электролиттер жоқ, сулы ерітінді) бір уақытта, сондай-ақ бір ғана инфузиялық құрал арқылы енгізуге дейін немесе одан кейін енгізбеген жөн, өйткені гемолиз және псевдоагглютинация орын алуы мүмкін.

Ерітіндіге басқа дәрілік заттарды қосу немесе енгізу техникасын бұзу организмге пирогендер түсуі ықтималдығы салдарынан қызба туындатуы мүмкін. Жағымсыз реакциялар дамығанда инфузияны дереу тоқтату керек.

Ауа эмболиясы қаупі

Контейнерлерді тізбекпен жалғамаңыз. Осылай пайдалану қалған ауа сұйықтық енгізу аяқталғанға дейін бастапқы контейнерден екіншілік контейнерге өтетініне байланысты ауа эмболиясына әкелуі мүмкін.

Егер енгізу алдында контейнердегі қалдық ауа толық шығып кетпесе, ағын жылдамдығын ұлғайту мақсатында жоғары қысыммен жұмсақ пластик контейнерлердегі венаішілік ерітінділерді беру ауа эмболиясына әкелуі мүмкін.

Вена ішіне енгізуге арналған жүйені газ шығарғышпен пайдалану ауа эмболиясына әкелуі мүмкін. Жұмсақ пластик контейнерлерді мұндай жүйелермен пайдаланбаған жөн.

Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану.

Глюкоза ерітіндісін жүктілік кезінде пайдалануға болады. Алайда, босану уақытында ерітіндіні пайдаланғанда сақтық таныту керек. Глюкозаны босану кезінде пайдалану шаранада инсулин өндірілуіне әкелуі мүмкін және шаранада гипергликемияның даму қаупімен және метаболизмдік ацидозбен, сондай-ақ артынша нәрестенің гипогликемиясымен байланысты.

Глюкоза ерітіндісін лактация кезеңінде пайдалану туралы адекватты деректер жоқ. Алайда лактацияға ешқандай ықпалы күтілмейді. 5% глюкозаны емшек емізу кезінде пайдалануға болады.

Басқа дәрілік заттарды сұйылту кезінде қосылатын заттың қасиеттері мен жүктілікке және бала емізуге ықпалы жеке-жеке қаралады.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препаратты ерекше стационар жағдайларында қолдануға байланысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

5% глюкозаның үлкен көлемдерін ұзақ қолдану немесе жылдам енгізу гиперосмолярлылық және гипонатриемия, дегидратация, гипергликемия, глюкозурия, осмостық диурез (гипергликемия салдарынан), сумен уыттану және ісіну туындатуы мүмкін. Ауыр гипергликемия және гипонатриемия фатальді болуы мүмкін.

Артық дозалануға күдік болғанда 5% глюкозамен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс. Артық дозаланудың емі тиісінше мониторингілеумен симптоматикалық және демеуші.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл, 400 мл ерітіндіден резеңке тығындармен тұмшаланып тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған шыны бөтелкелерде (градуировкасыз аузы тар және кең).

Бөтелкелерге өздігінен жабысатын заттаңба (градуировкамен) жапсырады.

20 бөтелкеден (сыйымдылығы 200 мл және 250 мл) немесе 12 бөтелкеден (сыйымдылығы 450 мл) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен термошөгімді полиэтилен үлбірге немесе 2 қаптамадан жәшіктерге немесе 40 бөтелкеден (сыйымдылығы 200 мл және 250 мл) және 24 бөтелкеден (сыйымдылығы 450 мл) гофрланған картоннан жасалған картон бөлгіштері бар жәшіктерге қапталады. Тұтынушымен келісім бойынша топтық қаптамадағы бөтелкелер санын өзгертуге жол беріледі.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Инфузия» жеке акционерлік қоғамы

Украина, 23219, Винницкая обл., Винницкий ауданы, Винницкие Хутора ауылы,

Немировское шоссе к-сі, 84А үй,

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Инфузия» жеке акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

ЖК «Медрегис Алматы»

Қазақстан, Алматы қ-сы, Достық д-лы, 33 үй, 48 пәтер

Тел: +7 701 571 80 29

Электронды пошта: medregisalmaty@gmail.com.

Прикрепленные файлы

ИМП_Глюкоза_19.08_итог_.docx 0.04 кб
глюкоза_108781.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту