Глюкоза (400 мг/мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Глюкоза
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Вена ішіне енгізуге арналған 400 мг/мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - декстроза моногидраты (құрғақ затқа шаққанда) – 400.0 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, хлорсутек қышқылының 1 М ерітіндісі рН 3,0-4,0 дейін, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір боялған сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Басқа да ирригациялық ерітінділер. Декстроза.
АТХ коды В05СХ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Декстроза пирожүзім немесе сүт қышқылына (анаэробты гликолиз) ыдырай отырып, көміртектің қостотығына және энергия босап шығатын суға дейін метаболизденеді.
Глюкоза организмге толық сіңіріледі, бүйрекпен шығарылмайды (несепте пайда болуы патологиялық белгі болып табылады).
Фармакодинамикасы
Глюкоза организмдегі тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады, организмнің энергиялық шығындарының бір бөлігін жабады, өйткені ол жеңіл сіңірілетін көмірсулар көзі болып табылады.
Декстроза организмнің көптеген зат алмасу буындарына белсенді қосылатын глюкоза-6-фосфатына өзгере отырып, тіндерге түскенде фосфорланады.
Глюкозаның 400 мг/мл ерітіндісі гипертониялық болып табылады. Гипертониялық ерітіндіні венаға енгізгенде, қанның осмостық қысымы жоғарылайды, жүрек бұлшықеттерінің жиырылу қызметі күшейеді, тамырлар кеңейеді, бауырдың уытсыздану функциясы жақсарады, диурез ұлғаяды.
Қолданылуы
-
гипогликемияда
-
көмірсумен қоректену жеткіліксіздігінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек вена ішіне, 10-50 мл-ден бір рет сорғалатып енгізеді. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы– 250 мл.
Жағымсыз әсерлері
- иондық теңгерімнің бұзылуы
- гипергликемия
- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік
- қызба
- гипергликемиялық гиперосмолярлық кома
- су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы
- енгізу жылдамдығын арттырғанда – су, электролиттер жоғалтумен және гиперосмолярлық кома дамуымен бірге жүретін осмостық диурез
Енгізген орында – инфекцияның дамуы, кейде тромбофлебит
Ерітіндіні көп мәрте енгізген кезде бауырдың функционалдық жағдайы бұзылуы және ұйқы бездерінің инсулярлық аппаратының әлсізденуі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- гипергликемия
- гиперлактацидемия
- гипергидратация
- гиперосмолярлық кома
- мидың ісінуі
- өкпенің ісінуі
- жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік
- операциядан кейінгі глюкоза утилизациясының бұзылуы
- ми мен өкпенің ісінуіне қауіп төндіретін циркуляторлық бұзылулар
- декомпенсацияланған қант диабеті
Сақтықпен:
Декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олиго-, анурия), гипонатриемия, қант диабеті
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен біріктіргенде фармацевтикалық үйлесімділігін, соның ішінде көзбен көріп бақылау қажет.
Натрий хлоридінің ерітіндісімен біріктіріп қолданғанда, ерітіндінің осмолярлығына қатысты аддитивті әсер береді.
Глюкоза күшті тотықтырғыш болғандықтан, оны гексаметилентетраминмен бір шприцте енгізуге болмайды.
Глюкозаның ерітіндісін жалпы анестетиктермен және ұйықтататын дәрілермен (олардың белсенділігі төмендейді), алкалоидтар ерітінділерімен (олардың ыдырауы жүреді) бір шприцте араластыруға болмайды.
Глюкоза аналгетиктердің, адреномиметиктердің әсерін әлсіретеді, стрептомициннің белсенділігін жояды, нистатиннің тиімділігін төмендетеді.
Гликемияның қалыпты жағдайларында глюкозаның жақсы сіңуі үшін препаратты енгізуді қысқа әсер ететін 4-8 ӘБ инсулинмен үйлестіріп тағайындаған дұрыс.
Айрықша нұсқаулар
Глюкоза ерітіндісін тез немесе ұзақ уақыт енгізуге болмайды. Егер инфузия барысында қалтырау туындаса, енгізуді дереу тоқтату керек. Тромбофлебиттің алдын алу үшін, ірі веналар арқылы баяу енгізу керек.
Декстрозаның толығырақ және тез сіңірілуі үшін, 4-5 г декстрозаға қысқа әсер ететін 1 ӘБ инсулин есебінен, инсулиннің т/а 4-5 ӘБ енгізуге болады.
Пациентті бақылағанда оның ішіне қандағы глюкоза концентрациясына, су теңгеріміне, плазмадағы электролиттер – атап айтқанда калийдің концентрациясына және қышқылды-сілтілі теңгеріміне ұдайы мониторинг кіруі тиіс.
Глюкоза ерітіндісін ауыр бассүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде, ми қанайналымының жедел бұзылуында тағайындау ұсынылмайды, өйткені препарат ми құрылымының зақымдалуын ұлғайтуы және ауру ағымын нашарлатуы мүмкін (гипогликемияның түзелген жағдайынан басқа).
Гипокалиемия кезінде глюкоза ерітіндісін енгізуді бір мезгілде калий тапшылығын түзетумен үйлестіру (гипокалиемияның күшею қаупіне байланысты) қажет.
Гипотониялық дегидратацияда – препаратты гипертониялық тұзды ерітінділерді енгізумен бір мезгілде қолдану көрсетілген.
Диабетпен науқастарға декстрозаны қан мен несептегі қант құрамын бақылай отырып, енгізеді.
Бүйрек жеткіліксіздігінде, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігінде, гипонатриемияда глюкозаны тағайындағанда аса сақ болып, орталық гемодинамика көрсеткіштерін бақылау қажет.
Педиатрияда пайдалану
Жаңа туған сәбилер мен шала туған нәрестелерде глюкозаның 40 % ерітіндісін дене салмағына 1 мл/кг-ден артық дозаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені, гипертониялық ерітіндіні енгізуден туындайтын энцефалопатияның даму қаупі жоғары.
Жүктілік және лактация
Бала емізу кезінде ана үшін күтілетін пайданың бала үшін ықтимал қауіптен асып түсуін ескере отырып, электролиттік теңгерім мен сұйықтық теңгерімі бақыланған және физиологиялық шегінде болған жағдайда ғана, қолданады. Қажет болған жағдайда глюкозаға төзімділігі төмен жүкті әйелдерде сақтықпен, қандағы глюкоза деңгейін бақылай отырып, қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне, сондай-ақ жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: гипергликемия, глюкозурия, гипергликемиялық гиперосмолярлық кома, гипергидратация, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы, СО2 өнімі жоғарылауымен липонеогенездің күшеюі, бұл минуттық тыныс алу көлемінің күрт өсуіне, және тыныс алу жиілігінің салдары ретінде; бауырдың майлы инфильтрациясына алып келеді.
Емі: глюкозаны енгізуді тоқтатып, қысқа әсерлі инсулин енгізу, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Вена ішіне енгізуге арналған 400 мг/мл ерітінді.
10 мл-ден бейтарап шыны ампулада.
10 ампуладан картон қорапқа салынады. Әр қорапқа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулық пен ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынады.
5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 (10 ампуладан) немесе 2 (5 ампуладан) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатормен картон қорапшаға салынады.
Сындыру сақинасы немесе бүгу нүктесі бар ампулалар қапталғанда, ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.
Сақтау шарттары
5 ºС-ден 30 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
6 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Новосибхимфарм» ААҚ
630028, Ресей, Новосібір қ., Декабристер к-сі, 275
тел. (383) 363-32-44,
факс (383) 363-32-55
Тіркеу куәлігінің иесі
«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Валента Азия» ЖШС, Алматы қ., Абай д-лы, Радостовец к-сі қиылысы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы №1102 кеңсе
Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com