Глюкоза 100 мл (10%)

МНН: Декстроза
Производитель: Kelun-Kazpharm (Келун-Казфарм) ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dextrose
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020671
Информация о регистрации в РК: 28.03.2017 - 28.03.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 5% және 10%, 100, 200, 250, 400 және 500 мл ерітінді

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат - 50.0 г немесе 100.0 г сусыз глюкоза

қосымша зат - инъекцияға арналған су.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Басқа ирригациялық ерітінділер. Декстроза.

АТХ коды ВО5СХ 01

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глюкозаның 5% ерітіндісі изотониялық болып табылады. Декстроза тіндерге түскенде организмнің зат алмасуының көптеген бөлігіне белсенді қосылатын глюкоза-6-фосфатқа айнала отырып фосфорланады. Глюкозаның метаболизмінде тіндерде организмнің қызмет етуіне қажетті энергияның едәуір мөлшері бөлінеді. Ерітінді қан тамырлар жүйесінен жылдам шығарылады және қан тамырлары айналымындағы сұйықтық көлемін тек уақытша ұлғайтады. Организмге толық сіңіріледі, бүйрек арқылы шығарылмайды (қанда декстрозаның артық концентрациясы кезінде препараттың бір бөлігі бүйрек арқылы бөлінеді).

10% глюкоза ерітіндісі гипертониялық болып табылады.

Фармакодинамикасы

Регидратация және уытсыздандыруға арналған дәрі. Глюкоза организмдегі тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады, организмнің энергетикалық шығындарының бір бөлігін жабады, өйткені ол жеңіл сіңетін көмірсулардың көзі болып табылады.

Гипертониялық ерітіндіні көтамырға енгізгенде қанның осмостық қысымы көтеріледі, зат алмасу үдерістері көтермеленеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясы жақсарады, диурез жоғарылайды.

Қолданылуы

- жасушалық, жасушадан тыс және жалпы дегидратация кезінде сұйықтық көлемін жылдам қалпына келтіру үшін

- токсикоинфекциялар, әртүрлі уыттанулар

- шок, коллапс (қан алмастырғыш және шокқа қарсы сұйықтықтар компоненті ретінде)

- гипогликемия

- к/і енгізуге арналған дәрілік заттардың ерітінділерін дайындау үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Изотониялық (5%) ерітіндіні көктамыр ішіне минутына 7 мл ең жоғары жылдамдықпен (1 минутта 150 тамшы немесе сағатына 400 мл) тамшылатып енгізеді. Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік дозасы - 2 л. Организмнің шұғыл сусыздану жағдайында тәулігіне 3-5 литр глюкоза ерітіндісін енгізуге болады.

Глюкозаның дозасы организмнің жеке қажеттіліктеріне байланысты.

Зат алмасуы қалыпты ересектерге енгізілетін глюкозаның тәуліктік дозасы тәулігіне 4-6 г/кг аспауы керек, яғни шамамен тәулігіне 250-450 г, мұнда енгізілетін сұйықтықтың көлемі тәулігіне 30-40 мл/кг құрайды. Зат алмасу қарқындылығы төмендеген жағдайда тәуліктік дозаны 200-300 г-ге дейін төмендетеді.

Препаратты ұзақ мерзім енгізуді глюкозаның қан сарысуындағы концентрациясын бақылай отырып жүргізу керек. Гипертониялық (l0%) ерітіндіні тек көктамыр ішіне 20-40-50 мл-ден енгізеді. Қажет болғанда тамшылатып тәулігіне 300 мл дейін енгізеді.

Глюкозаның жылдам және толық сіңуі үшін кейде бір мезгілде инсулинді (тері астына 4-5 ӘБ-ден) енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

- гипергликемия

- қызба

- жүрек айну, полидипсия

- гиперволемия

- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

- ионды теңгерімнің бұзылуы (гипокалиемия, гипофосфатемия, гипомагниемия, гипонатриемия)

- ұйқы безінің инсулярлы аппараты қорының азаюы

- енгізген жердің аздап ауыруы

- тромбофлебит

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, ангионевротикалық ісіну, анафилаксиялық шок)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қант диабеті

- гипергликемия

- гиперлактацидемия

- гиперосмолярлы кома

- циркуляторлық бұзылыстар

- ми ісінуі, өкпе ісінуі, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

- глюкоза утилизациясының операциядан кейінгі бұзылуы

- гипергидрация

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкоза натрийдің асқазан-ішек жолдарынан сіңуін жеңілдетеді. Препаратты аскорбин қышқылымен бірге тағайындауға болады. Инсулинді 4-5 г-ға 1 ӘБ есебінен бір мезгілде енгізу глюкозаның толығырақ сіңуіне ықпал етеді.

Глюкоза күшті тотықтандырғыш болуына байланысты, оны гексаметилентетраминмен қосып бір еккіште енгізуге болмайды.

Глюкозаны алкалоидтар ерітіндісімен (олардың ыдырауы жүзеге асады), жалпы анестетиктер және ұйықтатқыштармен (олардың белсенділігін төмендетеді) араластырмаған жөн.

Глюкоза сондай-ақ ауыруды басатын, адреномиметикалық заттардың әсерін әлсіретеді; стрептомициннің белсенділігін жояды, нистатиннің тиімділігін төмендетеді.

Осмолярлықты арттыру үшін глюкозаның 5% ерітіндісін натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен біріктіруге болады.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ мерзім қолдану немесе ерітіндінің көп мөлшерін жылдам инфузиялау ісінуге немесе судан уыттануға, бауырдың функциональдік жағдайының бұзылуына және ұйқы безінің инсулярлы аппараты қорының азаюына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан ісінуі, бүйрек функциясының бұзылуы, бауырдың декомпенсацияланған циррозы бар науқастарға сұйықтықтарды қабылдауды шектеу керек. Электролиттерді көп мөлшерде жоғалтатын науқастарға глюкозаның көп мөлшерін енгізу қауіпті болуы мүмкін. Гипергликемия сауығу барысына теріс әсер ететіндіктен бастан өткерген жедел ишемиялық ұстамалардан кейін глюкоза ерітіндісін тағайындауға болмайды.

Енгізген жерде инфекциялар, тромбофлебит, сондай-ақ қанталаған жағдайда тіндердің некрозы дамуы мүмкін. Мұндай реакциялар автоклавтаудан кейін пайда болатын ыдырау өнімдерінен туындауы немесе препаратты енгізу техникасы дұрыс болмағанда пайда болуы мүмкін. Көктамыр ішіне енгізу электролит алмасуының бұзылуы, оның ішінде гипокалиемия, гипомагниемия және гипофосфатемияға әкеп соқтыруы мүмкін. Пациенттерде мұндай жағымсыз әсерлер дамуының алдын алу үшін препараттың дозасын және енгізу техникасын қадағалау керек және организмнің қышқылды-сілтілі теңгерімін бақылау керек.

Сақтандырулар мен сақтық шаралары

Сұйықтығы бұлыңғыр немесе қақпағы әлсіз құтыларды пайдалануға болмайды.

Педиатриялық практикада қолданылуы

Глюкозаны көрсетілімдері бойынша пайдалануға болады.

Жүктілік және лактация

Глюкозаны ана үшін күтілетін пайдасы шарана және бала үшін зор қаупінен асатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің айқын симптомдары. Гипергликемия пайда болуы мүмкін. Глюкоза құрамы жоғарылағанда (55 ммоль/л-ден жоғары, кейде 100 ммоль/л-ге дейін және жоғары) гиперосмолярлы кома және шок туындауы мүмкін. Бұл жағдайлардың патогенезінде су және электролиттердің қан ағымына осмостық ығысуы, сондай-ақ полиурия маңызды рөл атқарады. Мұнда күрт дегидратация және жасушалық сусыздану, гемоконцентрация, қан коагуляциясы жүйесінің белсенділенуі дамиды, ол артериялар мен көктамырларда жергілікті және диссеминирленген тромб түзілуін жиі туындатады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған 5% және 10% ерітінді 100, 200, 250, 400 және 500 мл препараттан резеңке төсемесі бар полипропилен қақпақшамен тығындалған және құтыға дәнекерленген ашуға арналған үзбелі сақинасы бар қалпақшамен қамтылған, ұстатқыш-ілмегі бар полипропиленнен жасалған құтыда.

30, 40, 100, немесе 120 құтыдан санына сәйкес келетін, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге, топтық қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Алматы облысы, Карасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылы

Тiркеу куәлiгi иесiнің атауы мен елі

«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Алматы облысы, Карасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылы, тел/факс: 8 (727) 312-14-01, e-mail: kelun-kazpharm@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

307860301477976663_ru.doc 61 кб
286764231477977798_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники