Глюкоза 10 мл (400 мг/мл)

МНН: Декстроза
Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dextrose
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017636
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 28.64 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 400 мг/мл 10 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – глюкоза (сусыз затқа шаққанда) 400 мг:

қосымша заттар: натрий хлориді, сұйылтылған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз немесе сарғыштау мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық басқа да ерітінділер. Декстроза.

ATХ коды B05CX01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін глюкоза ағзалар мен тіндерге түседі, онда организмде зат алмасудың әртүрлі буындарына белсенді қосылатын глюкозо-6-фосфатқа өзгере отырып, фосфорланады. Глюкоза қоры гликоген түрінде тіндер жасушаларына жиналады.

Гликолиз үдерісіне қосылу арқылы глюкоза пируват немесе лактатқа дейін метаболизденеді, аэробты жағдайларда АТФ түрінде энергия түзумен көмірқышқыл газына және суға дейін метаболизденеді. Глюкозаның толық тотығуының ақырғы өнімдері өкпемен және бүйрекпен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Көмірсу қоректендіру дәрісі. Глюкоза энергия шығынын субстратты толтыруды қамтамасыз етеді, организмде алмасу үрдісін белсендіреді. 400 мг/мл глюкоза ерітіндісі, гипертониялық ерітінді ретінде қанның осмостық қысымын жоғарлатады, соның нәтижесінде қанға тіндерден сұйықтықтың қозғалуы күшейеді; бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады, миокард жиырылғыштығын арттырады, диурезді ұлғайтады.

Қолданылуы

  • гипогликемияда

Қолдану тәсілі және дозалары

400 мг/мл глюкоза ерітіндісін көктамыр ішіне енгізеді (өте баяу), ересектерге енгізуге – 20-40-50 мл-ден. Қажет болған жағдайда минутына 30 тамшыға дейінгі (1,5 мл/кг/сағ) жылдамдықпен, тәулігіне 300 мл дейін тамшылатып енгізу керек.

Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік доза 15 мл/кг құрайды және тәулігіне 1000 мл аспауы тиіс.

Ампуламен жұмыс істеу тәртібі.

  • Бір ампуланы блоктан бөліп алып, оны мойнынан ұстап сілку керек (1 сурет).

  • Ампуланы қолмен қысып тұрып (бұл ретте препарат ақпауы тиіс) және бас тиегін айналдыра қозғап қайырып, ажыратып алу керек (2 сурет).

  • Пайда болған саңылау арқылы еккішті ампуламен дереу қосу керек (3 сурет).

  • Ампуланы төңкеріп және оның ішіндегісін еккішке баяу тартып алады (4 сурет).

  • Инені еккішке кигізу керек.

     

    1 сурет 2 сурет 3 сурет 4 сурет

Жағымсыз әсерлері

  • енгізген орынның ауыруы, көктамырлар тітіркенуі, флебит, көктамырлық тромбоз

  • гипергликемия, гипокалиемия, гипофосфатемия, гипомагниемия, глюкозурия, ацидоз

  • полиурия

  • полидипсия, жүрек айну

  • гиперволемия

  • аллергиялық реакциялар (терінің бөртуі, дене температурасының көтерілуі, ангионевроздық ісіну, шок)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • гипогликемияға байланысты жағдайларды қоспағанда, бассүйекішілік және жұлынға субарахноидальді қан кету

  • алкогольдік делирийді қоса, ауыр дегидратация

  • анурия

  • қант диабеті және гипергликемиямен қатар жүретін басқа да жай-күйлер

  • глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы

  • мидың ісінуі және өкпенің ісінуі

  • жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік

  • гиперлактацидемия

  • гиперосмолярлық кома

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкоза ерітінділерде аминофиллинмен, еритін барбитураттармен, эритромицинмен, гидрокортизонмен, варфаринмен, канамицинмен, еритін сульфаниламидтермен, цианокоболаминмен үйлеспейді.

Гексаметилентетраминмен бір еккіште енгізбеу керек, өйткені глюкоза күшті тотықтырғыш болып табылады. Бір еккіште сілтілі ерітінділермен араластыруға болмайды: жалпы анестетиктермен және ұйықтататын дәрілермен, өйткені алкалоидтар ерітінділерімен олардың белсенділігі төмендейді; стрептомициннің белсенділігін жояды, нистатиннің тиімділігін төмендетеді.

Тиазидті диуретиктер мен фуросемидтің әсерімен глюкозаға төзімділігі төмендейді. Инсулин глюкозаның шеткергі тіндерге түсуіне ықпал етеді, гликоген түзілуін, ақуыздар мен май қышқылдары синтезін көтермелейді. Глюкоза ерітіндісі пиразинамидтің бауырға уытты әсерін азайтады. Глюкоза ерітіндісінің көп көлемін енгізу гипокалиемия дамуына ықпал етеді, бұл бір мезгілде қолданылатын оймақгүл препараттарының уыттылығын арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолданғанда қандағы қант деңгейін және су-электролиттік теңгеріміне мониторинг жүргізу қажет.

Препаратты ұзақ уақыт көктамыр ішіне қолданғанда қандағы қант деңгейін бақылау қажет.

Препаратты қан препараттарымен бір мезгілде енгізбеу керек.

Глюкоза ерітіндісін бассүйек-мидың ауыр жарақатының жедел кезеңінде, мидағы қан айналымының ауыр бұзылуы кезінде тағайындауға болмайды, өйткені препарат ми құрылымы бұзылуын ұлғайтуы және аурудың (гипогликемияны түзету жағдайларынан басқасы) барысын қиындатуы мүмкін.

Гипокалиемия кезінде глюкоза ерітіндісін енгізуді калий тапшылығын түзетумен үйлестіру қажет (гипокалиемия қаупінің күшеюіне байланысты).

Нормогликемиялық жағдайларда глюкозаның жақсы сіңуі үшін препаратты 4-5 г глюкозаға (құрғақ затқа) 1 ӘБ есебінен әсер ету мерзімі қысқа инсулинді (тері астына) тағайындаумен үйлестірген дұрыс.

Ерітіндіні тері астына және бұлшықет ішіне қолдануға болмайды.

Ампуланың ішіндегісін тек бір пациентке пайдалануға болады, ампуланың герметикалығы бұзылғаннан кейін ампула ішіндегісінің пайдаланылмаған бөлігін төгіп тастау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, гипонатриемия кезінде аса сақтық танытып, орталықтық гемодинамика көрсеткіштерін бақылау қажет етіледі.

Балалар

Балаларға тек дәрігердің тағайындауы бойынша және бақылауымен қолданады.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Нормогликемиясы бар жүкті әйелдерге препаратты қолдану ұрықтың гипергликемиясын, метаболизмдік ацидозды туындатуы мүмкін. Соңғысын әсіресе ұрықтық дистресс немесе гипоксия басқа перинатальді факторлармен байланысты болғанда ескерген маңызды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттелмеген.

Артық дозалануы

Симптомдары: гипергликемия, глюкозурия, қанның осмостық қысымының жоғарылауы (тіпті гипергликемиялық команың дамуына дейін), гипергидратация және электролитті тепе-теңдіктің бұзылуы.

Емі: препаратты тоқтатады және қандағы глюкоза деңгейі 9 ммоль/л-ге жеткенге дейін қан глюкозасының әрбір 0,45-0,9 ммоль-не 1 ӘБ есебімен инсулин тағайындайды.

Қандағы глюкоза деңгейін біртіндеп төмендету керек. Инсулинді тағайындағанда бір мезгілде теңестірілген тұз ерітіндісінің инфузиясы жүргізіледі.

Қажет болғанда симптоматикалық ем тағайындайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан полиэтилен ампулада.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге тұтынушы ыдысына арналған картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ.,

Таёжная к-сі,1-1.

Тiркеу куәлiгiнің иесi

«НИКО» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Өтегенова Б.А.» ЖК, 010000, Астана қ., Рамазан к-сі, 33/9,

тел: + 7 701 707 61 81; электронды поштасы: b.utegenova_ip@mail.ru

 

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

332767141477976315_ru.doc 167.5 кб
497097571477977558_kz.doc 175.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники