Глутаргин (0.75 г)

МНН: Аргинин
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Arginine glutamate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020310
Информация о регистрации в РК: 26.06.2019 - 26.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Глутаргин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аргинин

Дәрілік түрі

0,75 г таблетка

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 % затқа шаққанда аргинин глутаматы 0,75 г

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (МКЦ 101), кросповидон, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Сызығы бар, екі беті дөңес, сопақша пішінді, ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар. Аргинин.

АТХ коды А05ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген

Фармакодинамикасы

Глутаргин аргинин мен глутамин қышқылының қосылысы болып табылады, олар биохимиялық үдерістерді бейтараптандыруды және азотты заттар зат алмасуының жоғары уытты метаболиті – аммиактың организмнен шығарылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Препараттың гипоаммониемиялық әсерлері мочевина синтезінің орнитин циклінде аммиакты залалсыздандыруды белсендіру, аммиакты уытты емес глутаминге байланыстыру, аммиактың орталық жүйке жүйесінен шығарылуын және оны организмнен сыртқа шығаруды күшейту жолымен жүзеге асады. Нәтижесінде аммиактың жалпы уытты, оның ішінде нейроуытты әсерлері төмендейді.

Глутаргин антиоксидантты, антигипоксиялы және жарғақшаны тұрақтандыратын қасиеттерге ие бола отырып, гепатопротекторлы әсер етеді, гепатоциттерде қуатпен қамтамасыз ету процестеріне оң әсер етеді.

Алкогольден уыттанғанда Глутаргин бауырдың монооксигеназа жүйесінде алкоголь утилизациясын көтермелейді, этанол утилизациясының бас ферменті – алкогольдегидрогеназа бәсеңдеуінің алдын алады; янтарь қышқылының түзілуі және тотығуы ұлғаюының нәтижесінде этанол метаболизмінің уытты өнімдері белсенділігінің жойылуы мен шығарылуын жеделдетеді; глутамин қышқылы қоздыратын нейромедиаторлық қасиеттері есебінен алкогольдің ОЖЖ-ға бәсеңдетуші әсерін төмендетеді. Осы қасиеттерге байланысты Глутаргин уыттануға қарсы және айықтырушы әсерлер танытады.

Жүктілік патологиясында эндотелийпротекторлық әсерінің нәтижесінде Глутаргин тамырлардың бұзылған өткізгіштігі мен тромборезистенттілігін азайтады, гиперкоагуляцияның алдын алып, жайылған вазоспазмды туындататын тамыртарылтқыш агенттерге (эндотелин, ангиотензин, тромбоксан) қантамырлар сезімталдығын төмендетеді. Аргинин алдын ала азот тотығына биотрансформацияланудан кейін тамыркеңейткіш әсер беріп, қанның ұюына және айналымдағы қан элементтерінің қызметтік қасиеттеріне оң әсерін тигізеді. Глутаргиннің тамыркеңейткіш және гипоксияға қарсы әсерлерінің нәтижесінде аналық-ұрықтық гемодинамика жақсарып, жатырішілік ұрық гипоксиясы төмендейді. Жүктілік патологиясы кезінде препарат уыттылыққа қарсы және гепатоқорғаныш белсенділігін байқатып, зат алмасу үдерістерінің спецификалық емес метаболизм реттегіші ретінде де көрінеді. Глутаргиннің осы қасиеттерінің нәтижесінде жүктілік кезеңінде қанда айналатын иммундық кешендерінің деңгейі төмендейді, «метаболизмдік» уыттану синдромы мен иммунотоксикоздың айқындылығы азаяды, организмнің компенсаторлық-бейімделу реакциясы артады.

Глутаргин эмбриоуытты, гонадоуытты және мутагенді әсер етпейді, аллергиялық және иммуноуытты реакцияларды туғызбайды.

Қолданылуы

- этиологиясы әр түрлі жедел және созылмалы гепатиттерде, оның ішінде гепатотропты улармен улануда (бозғылт арамқұлақ, химиялық және дәрілік заттармен), бауыр циррозында, лептоспирозда

- гипераммониемиямен қатар жүретін бауыр энцефалопатиясында

- орташа және ауыр дәрежедегі жедел алкогольді уыттануда, уланудан кейінгі бұзылуларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге ішуге тағайындайды.

Гепатиттер, гипераммониемия. Тамақ қабылдауға байланыстырмай 15 күн бойы тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет тағайындайды. Қажет болған кезде препарат дозасын және емдеу курсын 20 күнге дейін созылуы мүмкін. Ең жоғарғы бір реттік доза 2,5 таблетканы, ең жоғарғы тәуліктік доза – 10,5 таблетканы құрайды.

Жедел алкогольдік уыттану. 1-2,5 сағаттық аралықпен күніне 1 таблеткадан 4 рет, келесі 2-3-ші күндері – тәулігіне 1 таблеткадан 2 рет тағайындайды. Ауыр дәрежеде алкогольмен уланған кезде Глутаргиннің инъекциялық препараттарымен емдеу курсынан кейін 20 күн бойы тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тағайындайды. Алкогольдік уыттанудың алдын алу үшін – алкогольді қабылдағанға дейін 60-120 минут бұрын 2,5 таблетка.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- асқазан-ішек жолы аймағында жеңіл түрдегі жайсыздықты сезіну

- жүрек айнуы

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар (есекжем, гиперемия, қышыну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амин қышқылдарына (аргининге және глутамин қышқылына) жекелей жоғары сезімталдық

- қызба

- жоғары қозғыштық

- бүйректің сүзілту (азот бөлетін) функциясының ауыр бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аминофиллинмен бір мезгілде қолданғанда Глутаргинмен индуцияланған қандағы эндогенді инсулин мөлшерінің артуы үдейді. Глутаргин антиагрегатты заттардың (дипиридамол және б.) әсерін күшейтуі мүмкін. Изониазидті қолданғанда нейроуытты құбылыстардың алдын алады және бәсеңдетеді, винбластиннің әсерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Эндокриндік бездері функциясы бұзылған емделушілерге курстық тағайындағанда препараттың инсулин мен өсу гормондары секрециясын көтермелейтіндігін ескерген жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты клиникалық қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Бала емізу кезеңінде препаратты қолдану қажеттілігінде бала емізуді тоқтату керек.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: глутамин қышқылына тән кеуде қуысының ауруы, атриовентрикулярлық блокада болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Клиникалық симптоматикасы айқындылығына байланысты – белсенділендірілген көмір қабылдау, қажет болғанда – кортикостероидтарды көктамыр ішіне енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«GOOD LOOK сауда үйі» ЖШС

080000, Тараз қ-сы, Кошеней 6-шы тұйық көшесі, 16

Тел.: +7(726)2438219

E-mail: goodlook2007@mail.ru

Прикрепленные файлы

481165561477976759_ru.doc 52.5 кб
757383451477977923_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники