Глутаргин алкоклин (таблетки, 1 г)

МНН: Аргинин
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Arginine glutamate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020299
Информация о регистрации в РК: 20.01.2014 - 20.01.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Глутаргин алкоклин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аргинин

Дәрілік түрі

1 г таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 % затқа шаққанда аргинин глутаматы 1,0 г

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (МКЦ 101), кросповидон, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Сызығы бар, екі беті дөңес, сопақша пішінді, ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар. Аргинин.

АТХ коды А05ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Зерттелмеген

Фармакодинамикасы

Глутаргин бейтараптандырудың биохимиялық үдерістерінің және азотты заттар зат алмасуының жоғары уытты метаболиті – аммиактың организмнен шығарылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын аргинин мен глутамин қышқылының қосылысы болып табылады. Препараттың гипоаммониемиялық әсерлері мочевина синтезінің орнитин циклінде аммиакты залалсыздандыруды белсенділендіру, аммиакты уытты емес глутаминге байланыстыру, аммиактың орталық жүйке жүйесінен шығарылуын және оны организмнен сыртқа шығаруды күшейту жолымен жүзеге асады. Нәтижесінде аммиактың жалпы уытты, оның ішінде нейроуытты әсерлері төмендейді.

Глутаргин алкоклин антиоксидантты, антигипоксиялы және жарғақшаны тұрақтандыратын қасиеттерге ие бола отырып, гепатопротекторлы әсер етеді, гепатоциттерде қуатпен қамтамасыз ету процестеріне оң әсер етеді.

Алкогольден уыттанғанда Глутаргин алкоклин бауырдың монооксигеназа жүйесінде алкоголь утилизациясын көтермелейді, этанол утилизациясының бас ферменті – алкогольдегидрогеназаның бәсеңдеуінің алдын алады; янтарь қышқылының түзілуі және тотығуы ұлғаюының нәтижесінде этанол метаболизмінің уытты өнімдері белсенділігінің жойылуы мен шығарылуын жеделдетеді; глутамин қышқылы қоздыратын нейромедиаторлық қасиеттері есебінен алкогольдің ОЖЖ-ға бәсеңдетуші әсерін төмендетеді. Осы қасиеттерге байланысты Глутаргин алкоклин уыттануға қарсы және айықтырушы әсерлер танытады.

Глутаргин алкоклин эмбриоуытты, гонадоуытты және мутагенді әсер етпейді, аллергиялық және иммуноуытты реакцияларды туғызбайды.

Қолданылуы

- масаюдың және алкогольдің гепатоуытты әсер етуінің алдын алуда

- жеңіл және орташа ауырлықтағы жедел алкогольдік уыттануда

- ауыр дәрежелі жедел алкогольдік уланудан кейін уыттанудан кейінгі бұзылуларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге ішуге тағайындайды.

Масаюдың және алкогольдің гепатоуытты әсер етуінің алдын алу үшін алкогольді қабылдағанға дейін 1-2 сағат бұрын 2 г (2 таблетка) немесе алкогольді қабылдағанға дейін 1 сағат бұрын 1 г (1 таблетка) және алкогольді қабылдағаннан кейін 0,5 сағат ішінде 1 г (1 таблетка) тағайындайды.

  • Жеңіл және орташа ауырлықтағы жедел алкогольдік уыттануды емдеу үшін 1-2,5 сағаттық аралықпен күніне 1 г-ден (1 таблетка) 4 рет, келесі 2-3-ші күндері тәулігіне 1 г-ден (1 таблетка) 2 рет тағайындайды.

  • Алкогольмен ауыр дәрежеде уыттанған кезде Глутаргиннің инъекциялық препаратымен курстық емінен кейін кешенді ем құрамында 20 күн бойы тәулігіне 1 г-ден (1 таблетка) 2 рет тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- асқазан-ішек жолы аймағында жеңіл түрдегі жайсыздықты сезіну

- жүрек айнуы

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар (есекжем, гиперемия, қышыну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амин қышқылдарына (аргининге және глутамин қышқылына) жекелей жоғары сезімталдық

- қызба

- жоғары қозғыштық

- бүйректің сүзілту (азот бөлетін) функциясының ауыр бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аминофиллинмен бір мезгілде қолданғанда Глутаргин алкоклинмен индуцияланған қандағы эндогенді инсулин мөлшерінің артуы үдейді. Глутаргин алкоклин антиагрегатты заттардың (дипиридамол және б.) әсерін күшейтуі мүмкін. Изониазидті қолданғанда нейроуытты құбылыстардың алдын алады және бәсеңдетеді, винбластиннің әсерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Эндокриндік бездер функциясы бұзылған емделушілерге курстық тағайындағанда препараттың инсулин мен өсу гормондары секрециясын көтермелейтіндігін ескерген жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану қауіпсіздігі осы көрсеткіш бойынша зерттелмеген.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, cұйық нәжіс, аллергиялық реакциялар, қалтырау, қысқа мерзімдік гипертермия және/немесе гипотония, орталық жүйк жүйесінің қозуы, ұйқысыздық, кеуде қуысы аймағының ауыруы, атриовентрикулярлық блокада.

Емі: Симптоматикалық ем. Клиникалық симптоматикасы айқындылығына байланысты – белсенділендірілген көмір қабылдау, қажет болғанда – гистаминге қарсы ем, кортикостероидтарды көктамыр ішіне енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 таблеткадан немесе 10 таблеткадан салады.

1 таблеткадан 2 пішінді ұяшықты қаптама немесе 10 таблеткадан 1 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«GOOD LOOK сауда үйі» ЖШС

080000, Тараз қ-сы, Көшеней 6-шы тұйық көшесі, 16

Тел.: +7(726)2438219

E-mail: goodlook2007@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

655375371477976790_ru.doc 50.5 кб
275640421477977945_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники