Глиятон

МНН: Холина альфосцерат
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Choline alfoscerate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122079
Период регистрации: 04.03.2016 - 04.03.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Глиятон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Холин альфосцераты

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 250 мг/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 100% затқа шаққанда холин альфосцераты 250 мг,

қосымша зат: инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Парасимпатомиметиктер. Басқа парасимпатомиметиктер. Холин альфосцерат.

АТХ коды N07AX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Холин альфосцератын енгізген кезде дозаның орташа 88 % дерлік сіңіріледі. Препарат көбінесе ми (қандағы препарат концентрациясының 45 %), өкпе және бауырда жиналады. Препараттың элиминациясы негізінен өкпе арқылы көміртектің қостотығы (СО2) түрінде болады. Препараттың тек қана 15 % несеп және өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Холин альфосцераты ОЖЖ басымдылықпен әсер ететін орталық холинмиметиктер тобына жататын зат болып табылады. Холин альфосцераты холин және фосфатидилхолиннің ізашар агентті жеткізушісі түрінде биохимиялық зақымданулардың алдын алуға және түзетуге қабілетті, олардың психоорганикалық инволюциялық синдромның патогенді факторлары арасында ерекше маңызы бар, яғни төмендеген холинергиялық тонус және жүйке жасушалары қабығының өзгерген фосфолипидті құрамына әсер ете алады. Препарат құрамына метаболизмдік қорғалған холиннің 40,5 % кіреді. Метаболизмдік қорғаныс мидағы холиннің босатылуын қамтамасыз етеді. Холин альфосцераты нашарлауы мидың инволюциялық патологиясының дамуынан туындаған жады функцияларына және танымдық қабілеттеріне, сондай-ақ эмоциялық жағдай және мінез-құлық көрсеткіштеріне оң әсер етеді. Әсер ету механизмі холин альфосцераты организмге түскен кезде ферменттердің әсерінен холин және глицерофосфатқа ыдырайды: холин жүйке қозуының негізгі медиаторларының бірі ацетилхолиннің биосинтезіне қатысады; глицерофосфат нейрон жарғақшасы фосфолипидтерінің (фосфатидилхолин) ізашары болып табылады. Осылайша, холин альфосцераты холинергиялық нейрондарға жүйке импульстарының берілуін жақсартады; нейрональді жарғақшасының иілгіштігіне және рецепторлардың функциясына оң әсер етеді. Холин альфосцераты церебральді қан айналымын жақсартады, мидағы метаболизмдік үдерістерді күшейтеді, мидың ретикулярлық формациясы құрылымын белсендіреді және мидың жарақаттық зақымдалуы кезінде сананы қалпына келтіреді.

Қолданылуы

– дегенеративті-инволюциялық мидың психоорганикалық синдромдары немесе цереброваскулярлық жеткіліксіздігінің екіншілік салдары, яғни жадының бұзылуы, сананың бұлынғырлауы, бағдардан адасу, мотивацияның және бастамашылдықтың төмендеуі, ойды шоғырландыру қабілетінің төмендеуімен сипатталатын егде жастағы адамдардың ой әрекетінің біріншілік және екіншілік бұзылулары;

– егде жастағылардағы эмоциялық саласының және мінез-құлқының өзгерістері: эмоциялық тұрақсыздық, ашушаңдық, қоршаған ортаға немқұрайлық;

– егде жастағы адамдардағы жалған депрессия.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жедел жағдайларда Глиятон бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне баяу тәулігіне 1 г (1 ампула) енгізеді. Тәуліктік доза дәрігердің тағайындауымен арттырылуы мүмкін.

Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін холин альфосцератының пероральді түрлерін қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте, ұзақ уақыт қолданса да препараттың көтерімділігі жақсы.

– жүрек айну (ол, негізінен, екіншілік допаминергиялық белсенділену нәтижесі болып табылады)

– аллергиялық реакциялар

Өте сирек:

– абдоминальді ауыру

– қысқа мерзімді сананың бұлынғырлануы.

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда препаратың дозасын азайтқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препаратқа белгілі аса жоғары сезімталдық

– 18 жасқа дейінгі балалар

– жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуінің клиникалық маңызы анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Басқа дәрілік заттармен бір ыдыста қолданбаған жөн.

Педиаотрияда қолданылуы

Глиятонды балаларға қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы

Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті басқаруға және басқа механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 мл-ден сындыру сақинасы немесе сындыру нүстесі бар шыны ампулаларда.

Ампулаларға өзі жабысатын заттаңбалар жабыстырылады.

5 ампуладан полимер үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан ампулаларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаларға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 74.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, индекс 050012, Амангельды к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9-қабат.

Тел +7 (727) 267 64 63, факс +7 (727) 267 63 73, электронды поштасы: a.liadobruk@gmail.com

Прикрепленные файлы

540458311477976276_ru.doc 73.5 кб
857499801477977474_kz.doc 73.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники