Глицин Озон

МНН: Глицин
Производитель: Озон ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017651
Период регистрации: 16.09.2016 - 16.09.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Глицин Озон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глицин

Дәрілік түрі

Тіл астына салатын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 мг глицин;

қосымша заттар: повидон (коллидон 25), магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.

Сипаттамасы

Бір жағында сызығы және екі жағында ойығы бар ақ түсті таблеткалар. Мәрмәрлігінің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Басқа да психостимуляторлар және ноотроптар.

АТХ коды N06BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетика

Организмнің көптеген биологиялық сұйықтықтары мен тіндеріне, соның ішінде миға оңай өтеді, жинақталмайды. Су мен көмірқышқыл газға дейін бауырда глициноксидазамен тез бұзылады.

Фармакодинамикасы

Алмастырылатын амин қышқылы, тежегіш типтік әсер көрсететін орталық нейромедиатор. Ми тіндерінде метаболизмдік үдерістерді жақсартады, депрессияға қарсы және седативті әсер көрсетеді. ГАМК-ергиялық, альфа1-адренобөгегіш, антиоксиданттық және уыттануға қарсы әсері бар; глутаматтық (NMDA) рецепторлар қызметін реттейді, соның есебінен психоэмоциялық ширығуды, озбырлықты және ашушаңдықты төмендетеді; әлеуметтік бейімделуді және көңіл-күйді жақсартады; ұйықтауды жеңілдетеді және ұйқыны қалпына келтіреді; ақыл-оймен жұмысқа қабілеттілікті жақсартады; вегетативтік-қантамыр бұзылулар айқындылығын (соның ішінде климактерийлік кезеңде) және ишемиялық инсульт пен бассүйек-ми жарақатында жалпы ми бұзылыстарын төмендетеді. Этанолдың орталық жүйке жүйесіне уытты әсерін төмендетеді.

Қолданылуы

- стресс жағдайларында - стресс жағдайларындағы психоэмоциялық ширығу (соның ішінде экзамендер, кикілжің жағдайлар), ақыл-оймен жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінде

- балалар мен жасөспірімдер мінез-құлқының девиантты түрлерінде

- кешенді ем құрамында: жоғары қозумен, эмоционалдық тұрақсыздықпен, ақыл-оймен жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен және ұйқының бұзылуымен қатар жүретін жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық ауруларында (вегетативтьік дистония синдромы, невроздар, невроз тәрізді жай-күйлер, нейроинфекциялық және бассүйек-ми жарақаттарының салдарлары, перинатальді және басқа да энцефалопатия түрлерінде (соның ішінде шығу тегі алкогольдік))

- ишемиялық инсульт (кешенді ем құрамында)

- наркологияда – энцефалопатия құбылыстары кезінде ремиссия кезеңінде, орталық және шеткері жүйке жүйесінің органикалық зақымдануларында ақыл-оймен жұмысқа қабілеттілікті арттыратын және психоэмоциялық ширығуды төмендететін дәрілік зат ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сублингвальді немесе трансбуккальді түрде 100 мг-ден (таблетка түрінде немесе таблетканы ұнтақтағаннан кейін ұнтақ түрінде). Дәрілік затты 6 жасқа дейінгі балаларға тілдің астына салу және трансбуккальді қолдану ұсынылмайды. 6 жасқа дейінгі балаларға препаратты ұнтақ түрінде ұсақтау және бөлме температурасындағы бір шәй қасық қайнаған суда еріту қажет.

Балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге психоэмоциялық ширығуда, жадының, зейін қоюдың, ақыл-оймен жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінде, мінез-құлықтың девианттық түрінде глицин 14-30 күн бойы күніне 2-3 рет 100 мг-ден тағайындалады.

Жоғары қозумен, эмоционалдық тұрақсыздықпен және ұйқының бұзылуымен қатар жүретін жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық зақымдануында: 3 жасқа дейінгі балаларға 7-14 күн бойы күніне 2-3 рет 50 мг-ден, әрі қарай 7-10 күн бойы күніне 1 рет 50 мг-ден тағайындайды. Тәуліктік доза - 100-150 мг, курстық - 2-2,6 г.

3 жастан асқан балаларға және ересектерге күніне 2-3 рет 100 мг-ден тағайындайды, емдеу курсы - 7-14 күн, оны 30 күнге дейін арттыруға болады, қажет болғанда курсты 30 күннен кейін қайталайды. Ұйқының бұзылуында ұйықтағанға дейін 20 минут бұрын немесе тікелей ұйықтар алдында 50-100 мг-ден тағайындайды (жасына байланысты).

Ишемиялық инсультте инсульт дамуынан кейін алғашқы 3-6 сағат ішінде 1 г (10 таблетка) трансбуккальді немесе сублингвальді түрде 1 шәй қасық сумен тағайындайды, әрі қарай 1-5 күн бойы тәулігіне 1 г-ден, содан соң кейінгі 30 тәулік бойы тәулігіне 3 рет 100-200 мг-ден тағайындайды.

Наркологияда – 14-30 күн бойы күніне 2-3 рет 100 мг-ден. Қажет болғанда курстарды жылына 4-6 рет қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар: ринит, конъюнктивит, бөртпе, қышыну, есекжем, тамақтың жыбырлауы

- жүрек айнуы

- ұйқышылдық (жоғары дозаларда қабылдағанда)

Бірлі-жарым жағдайларда

- зейін шоғырландырудың нашарлауы, бас ауыруы, ширығу, күйгелектік

Жағымсыз реакциялар, соның ішінде нұсқаулықта көрсетілмеген реакциялар туындаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глицинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Психозға қарсы дәрілер (нейролептиктер), анксиолитиктер, антидепрессанттар, ұйықтататын және құрысуға қарсы дәрілер әсерінің айқындылығын бәсеңдетеді

Препаратты қабылдауды алкогольді қолданумен үйлестіруге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Артериялық гипотензияға бейім пациенттерде Глицин Озон төмен дозада және артериялық қысымды бақылай отырып қабылданады, ол дағдылы деңгейден төмендеген кезде препаратты қабылдау тоқтатылады.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға тек нақты көрсетілімдер болғанда тағайындалады. Емі тағайындалған сызба бойынша және дәрігердің бақылауымен қатаң түрде жүргізіледі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жеткілікті мөлшерде деректер болмағандықтан, препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Глицин Озон препаратын қабылдаған кезде жағымсыз әсерлер бейінін ескере отырып көлік құралын басқарғанда және жоғары зейін шоғырландыруды, психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жөніндегі деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тіл астына салатын 100 мг таблеткалар

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 50 таблеткадан.

1 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға (қорапшаға) салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Озон» ЖШҚ

Заңды мекенжайы: 445351, Ресей, Самара обл., Жигулевск қ., Песочная к-сі, 11 үй.

Өндірістің орналасқан мекенжайы: 445351, Ресей, Самара обл., Жигулевск қ., Гидростроитель к-сі, 6 үй, тел./факс: (84862) 3-41-09.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Озон» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы: «Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, тел./факс (727) 2796659, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.

 

Прикрепленные файлы

143887011477976122_ru.doc 51.5 кб
588444571477977450_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники