Глицерин

МНН: Глицерин
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты со смягчающим и протекторным действием
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025736
Информация о регистрации в РК: 14.04.2022 - 14.04.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Глицерин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Дерматопротекторлар. Жұмсартатын және қорғайтын әсері бар препараттар. Басқа да дерматопротекторлар.

АТХ коды D02AX

Қолданылуы

  • тері және шырышты қабықтың құрғауында (сыртқа қолдануға арналған)

  • жақпамай және линименттер үшін негіз ретінде

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затқа аса жоғары сезімталдық

  • тері зақымдануының болуы (ашық жаралар)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препаратты 6 жастан бастап қолдануға болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты қолдануға болады

Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Құрғақ жарылған тері жағдайында аппликация түрінде сыртқа қолданылады.

Енгізу тәсілі және жолы

Сыртқа.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Анықталмаған

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жиілігі белгісіз

  • тітіркену (ұзақ қолданған кезде)

  • аллергиялық реакциялар: қышыну, гиперемия

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: глицерин – 85.0 г

қосымша зат: тазартылған су – 100.0 мл дейін

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Шәрбат тәрізді, ұстағанда майлы, түссіз немесе түссіз дерлік, мөлдір сұйықтық. Өте гигроскопиялы.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған шыны құтыларға немесе алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы бар тамшылатқыш тығынмен тығындалған пластикалық құтыларда.

Әрбір құтыға заттаңба немесе жазу қағазынан жасалған немесе өзі жабысатын заттаңба жапсырылады. Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан жасалған топтық қорапқа салады

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд., Чаплыгин к-сі, 3 ү.

тел./факс: +7 (727) 253 03 88

е-mail: dosfarm@dosfarm.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Житофарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050035, Алматы қ., Әуезов ауд., 10 ы-ауданы, 23 үй, 35 пәтер

тел./факс: +7 (727) 387 06 06

е-mail: Jf_apteka@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ., Жетісу ауд. Чаплыгин к-сі, 3 үй

тел./факс: +7(727) 253 03 88

е-mail: dosfarm@dosfarm.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Глицерин_Final.docx 0.03 кб
ИМП_Глицерин_kz_05.04_.22_.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники