Глицерин (жидкость, 25 г, Фармация 2010 ТОО)

МНН: Глицерол
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты со смягчающим и протекторным действием
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013165
Период регистрации: 03.11.2014 - 03.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Глицерин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глицерол

Дәрілік түрі

Сұйықтық 25 г

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат - глицерин 1000 г,

қосымша зат - тазартылған су - тығыздығы 1,223-1,233 г/см3-ке жеткенге дейін

Сипаттамасы

Шәрбат тәрізді, ұстағанда майлылығы білінетін, түссіз немесе дерлік түссіз, мөлдір сұйықтық. Өте гигроскопиялы келеді.

Фармакотерапиялық тобы

Дермапротекторлар. Басқа да дерматопротекторлар.

АТХ коды D02AX

Фармакологиялық қасиеттері

Глицерин теріге жұмсартатын әсер береді.

Қолданылуы

- тері мен шырышты қабықтардың құрғақтығында (сыртқа қолдану үшін)

- жақпамай және линименттер үшін негіз ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тері құрғап, жарылған кезде аппликация түрінде сыртқа қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

- тітіркену (ұзақ қолданған кезде)

- аллергиялық реакциялар - қышу, гиперемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа деген жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қолдануға болады.

Балаларға

Препаратты қолдануға болады.

Препараттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан шыныдан жасалған құтыларда немесе полиэтилен қақпақпен тығындалып-бұралған винтті мойны бар полимер құтыларда.

Құтыларға өздігінен желімделетін немесе заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылған.

Құтыларды тиісті мөлшерде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтармен бірге орайтын қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

25 ˚С-ден аспайтын температурада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардан сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы, Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында өнім сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы, Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

e-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

913216821477976667_ru.doc 38 кб
405196201477977829_kz.doc 39 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники