Глирома (3 г)

МНН: Глицерол
Производитель: Industria Farmaceutica NOVA ARGENTIA S.p.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Глицерол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121760
Период регистрации: 10.12.2015 - 10.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Глирома

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глицерол

Дәрілік түрі

Тік ішектік ерітінді, 3г және 9г

Құрамы

1 микроклизманың құрамында

белсенді зат - 2.25 г немесе 6.75 г глицерин

қосымша заттар: түймедақ сұйық сығындысы, құлқайыр сұйық

сығындысы, бидай крахмалы, тазартылған су

Сипаттамасы

Сәл түймедақ иісі бар, бозғыл-сары түсті мөлдір тұтқыр ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізетін дәрілер. Клизмалық іш жүргізетін препараттар. Глицерол.

АТХ коды A06AG04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Оның сіңбеуі салдарынан Глицериннің ешқандай жүйелік белсенділігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Глицерин гигроскопиялық және майлағыш қасиеттері бар осмостық дегидратациялайтын зат болып табылады. Глицеринді пероральді, парентеральді және жергілікті қолдануға болады. Глицерин іш қатуды емдегенде нәжістің шығуын стимуляциялау үшін іш қатуды емдеу кезінде суппозиторийлер түрінде ректальді немесе бір реттік дозалар түрінде ертіндіні қолдануға болады. Оның әсері әдетте 10 минуттан кейін басталады және ол 15-30 минут бойы жалғасады. Ол осмостық іш жүргізетін дәрі ретінде жіктеледі, бірақ онымен қатар, жергілікті тітіркендіретін әсері, майлау әсері және нәжісті жұмсартуға бағытталған қосымша немесе баламалы әсерлерін бере алады.

Қолданылуы

- іш қатуларды қысқа мерзімді емдеуде (ішектің босауын стимуляциялау және тездету үшін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Микроклизма канюласын тік ішекке енгізер алдында, жеңілдеу енгізу үшін оны микроклизма құтысындағы ерітінді тамшысымен майлау ұсынылады. Канюланы тік ішекке енгізгеннен кейін – құтыны қысу керек.

Әр құтыны тек бір рет пайдалану керек. Пайдаланылмаған ерітіндіні

утилизациялау қажет.

12 жасқа дейінгі балаларға пайдаланар алдында дәрігермен кеңесу қажет.

2-ден 12 жасқа дейінгі балалар үшін дозасы 3 г микроклизмалар тәулігіне

бір, көп дегенде екі рет пайдаланылады.

12 жастағы жасөспірімдер мен ересектер үшін дозасы 9 г микроклизмалар

тәулігіне бір, көп дегенде екі рет пайдаланылады.

Бір ретінде екі микроклизмадан артық қолданбаңыз және тағайындалған

дозадан асырмаңыз. Дозаны емделушінің жасына және симптомдарына

сәйкес түзетуге болады.

Емдеу курсының ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті түйіліп ауыру, іштегі түйіліп ауырулар

- іш өту (сұйықтық пен электролиттерді жоғалту)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- іштің шығу тегі белгісіз жедел ауыруы

- жүрек айну немесе құсу

- ішектің бітелуі немесе стеноз

- шығу тегі белгісіз аноректальді қан кету

- геморроидальді қан кету

- организмнің қатты сусыздануы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты іш ауырғанда, жүрек айнығанда және құсқанда қолдануға болмайды. Сізде іштің қатуы тұрақты жалғасып жатса, дәрігермен кеңесіңіз. Қан кету болатын ауыратын жедел геморроймен зардап шегетін емделушілерде микроклизманы қолданудан тартыну қажет.

Іш жүргізетін дәрі мүмкіндігінше сирек және жеті күннен аспайтын кезең ішінде пайдаланылуы тиіс. Іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс пайдалану, кейіннен сұйықтық, минералдық тұздар мен басқа да қажетті заттарды жоғалта отырып, тұрақты диареяға әкелуі мүмкін. Ауыр жағдайларда жүрек немесе жүйке-бұлшықет жүйесі қызметінің бұзылуына әкелуі ықтимал сусыздану немесе гипокалиемия дамуы мүмкін.

Іш жүргізетін дәрілерді дұрыс пайдаланбау созылмалы іш қатуға және асқазан-ішек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Іш жүргізетін дәрілерді пайдаланғанда нәжістің жұмсаруына жағдай жасау үшін тәулігіне 6-8 стақан сұйықтық ішу қажет.

2 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды, 12 жасқа дейінгі балаларға дәрігердің ұсынымымен қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде пайдалануға мұқият бақыланатын зерттеулер жүргізілмегендіктен, бұл препаратты қандай болсын қарсы көрсетілімдердің болмауына қарамастан, тек қажет жағдайда және дәрігердің бақылауымен пайдалану керек.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозаланудың бір де бір жағдайы тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3г және 9г препараттан полиэтилен канюлясы және полиэтилен қақпағы бар полиэтиленнен жасалған құтыға салынады.

6 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс

тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Industria Farmaceutica NOVA ARGENTIA S.p.A., Милан, Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Industria Farmaceutica NOVA ARGENTIA S.p.A., Милан, Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медэкспорт Италия» Консорциум өкілдігі, Алматы қ., Айтеке би, 88

Телефон нөмірі: +7 727 279 99 00

Электронды поштасы: officealmaty@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

541960751477976297_ru.doc 51 кб
754220821477977544_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники